Л. Н. Нұрланова Қазақ Әдебиеті


Өмірі мен шығармашылык жолы



бет36/67
Дата04.05.2023
өлшемі1,59 Mb.
#176067
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   67
Байланысты:
қә 11 1-1

Өмірі мен шығармашылык жолы. Ғабит Мүсірепов 1902 жылы 22 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданында кедей шаруа отбасында дүниеге келді. Ауыл молдасынан оқып, хат таныған Ғабит 1917 жылы Қостанай уезінің Обаған болысындағы екі сыныптық орыс мектебіне оқуға түседі. Болашак жазушының көркем әдебиетке деген құштарлығын оятуға осы мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берген ақын әрi көрнекті педагог Бекет Өтетілеуовтің ықпалы күшті болды. "Бекет менiң қиссаға кұмарлығымды бiлгеннен кейін, менi әдебиетке тура тарта бастады. Әуелі "Жиған-терген" деген өзі шығарған өленді берді... Содан соң ол маған бiр жетіге "Шаһмаран" қиссасын берiп, кейін ертегi ретiнде түгел айтқызып шықты" деп еске алады Ғ.Мүсірепов өзiнiң "Автобиографиялық әңгімесінде". Б.Өтетілеуовтің көмегімен Ғ.Мүсірепов бұдан кейiн Пресногорьковтегі жоғары бастауыш училищеге қабылданады. Училищеде оқып жүрген кезiнде ол А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, А.М.Горький, В.Г.Короленко, Дж.Лондон секілді ақын, жазушылардың кітаптарын оқиды, көркем әдебиет әлемінің сырларына қанығады. Ғ.Мүсірепов училищені 1921 жылы тамамдайды. Ғабит 1923 жылы Орынбор қаласындағы жұмысшылар факультетіне (рабфак) оқуға алынады. Бұл тұста ол орыс әдебиетінен бiлiмiн байыта түседі, орыс классиктерінің (Л.Толстой, А.Чехов, Н.Гоголь, М.Горький) шығармаларын айрықша қызығып оқиды; "Едiге" деген қысқа әңгiмесiн 1925 жылы "Еңбекші қазақ" газетінде жариялайды. "Рабфакты бiтiрер кезде жазу талабы менде де ояна бастады, - дейді жазушы өмiрбаяндық әңгімесінде. - Қабырға газетiне бiрiншi рет ұзак әнгіме жаздым. Кейін ол «Тулаған толқында» деген повеске айналып, менiң бiрiншi басылып шыққан әңгiмем болды... Ол бiр болған оқиғаның төңірегінен туған әңгiме едi!"
Ғ.Мүсірепов рабфакты бітіргеннен кейiн бiр жыл Омскiдегi ауыл шаруашылығы академиясында оқиды. Осы кезде ол "Әмiрқан бидайығы" деген аударма кітап шығарады; 1927-1928 жылдары Щучинск қаласындағы орман шаруашылығы техникумында сабақ береді. Бұдан былайғы жылдарда ол кеңес, партия, баспасөз орындарында қызмет iстей жүрiп, қаламгерлiкпен де айналысады.
30-жылдарда Ғабит Мүсірепов "Қазақстан" баспасының бас редакторы, Қазақ АКСР Оқу халық комиссариаты өнер секторының меңгерушісі, "Қазақ әдебиеті", "Социалистік Қазақстан" газеттерінің бас редакторы (1934-1935), 1936 жылы ВКП(б) Қазақ өлкелік комитеті баспасөз бөлiмi меңгерушісінің орынбасары, 1937 жылы Қазақстан Ком партиясы Орталық комитетi саяси-ағарту бөлімінің меңгерушiсi болады.
1937-1938 жылдарда қара дауылдай соғып өткен сталиндiк репрессия қазақ халқының ең бiлiмдi, ең саналы зиялыларын баудай түсiрдi; қазақ әдебиетінің негізін қалаған С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров бастаған көптеген ақын, жазушылар нақақ жаланың, зорлықтың кұрбаны болды. Жалған айып тағылып, өлім жазасына ұшыраған көрнекті ақын, жазушылардың қатар қыр қылып кетуi қазақ мәдениетiн орны толмас шығасыға душар етті. Дәл осы кезенде өз басына қауiп-қатер төніп тұрғанына қарамастан, азаматтық келбетін жоғалтпай, адал бағытынан таймарандардың бiрi - Ғ.Мүсірепов еді. Оның жазушы Бейімбет Майлиндi қаралаушылар дүрмегiне қосылмай, "Бейімбет халық жауы болса, мен де халық жауымын", деп белсенділердің бетін қайтарып сөйлегені бүкіл елге мәлiм болган.
Ғ.Мүсіреповтің ел басына түскен ауыр оқиғаларды барлық ақиқатымен айта алатыны оның “Бұл Шұғылада болған едi" деген әңгіме-очеркінен анық көрінеді. 1930-1933 жылдарда қазақ халқы ашаршылықтан қырылып, тiрi қалғандары күн көрерлік жер iздеп, бет-бетiмен босып кеткені мәлім. Мәскеу билеушiлерiнiң Қазақстанды басқаруға жіберген адамы - Ф.Голощекин жергiлiктi халықтын тұрмыс-салтымен, дәстүрiмен, шаруашылық, кәсіп ерекшелiгiмен санаспай, елдi ашаршылыққа ұшыратып, тоздырып жiберген кезеңнiң шындығын батыл жазуға тәуекел еткен жазушылардың бiрi де - Ғабит Мусірепов. "Бұл Шұғылада болған едi" деген очеркінде ол қазақ халқына жасалған голощекиндік геноцидтiн сұмдық көріністерін, иен далада иесiз қалған мекендер мен аштықтан опат болған адамдардың тау-тау болып үйілген, кемусiз қалған сүйектерін көріп, жан шошырлык қырғынның қорқынышты суреттерiн қаз қалпында көрсетті. Жазушының туралық үшін күрестерi ақырында оның өзіне де соққы болып тиді, ол партия қатарынан шығарылып, қызметiнен босатылды. Ғ.Мүсіреповтің 1938 жылдан 1955 жылға дейiн "бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысуының" түпкі себебі осындай.
1955-1966 жылдарда Ғ.Мүсірепов Қазақстан Компартиясы Орталык комитетiнiн органы "Ара-Шмель" сатиралык журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының бiрiншi хатшысы қызметін атқарды. Бұл кезеңде ол қоғам қайраткері ретінде де көрнектi жұмыстар iстедi. Ол 1962 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Ғ.Мүсірепов Азия, Африка елдерi достық қоғамының мүшесі болды; Жапония, Мысыр, Алжир, Италия елдерін аралады. Әдебиет саласындағы қызметі ескерiлiп, ол Қазақ КСР Ғылым академиясының толық мүшесі болып сайланды. Қазақ әдебиетін дамытудағы көрнекті еңбегі үшін оған Социалистік Еңбек Ері атағы (1974) берiлдi.
Ғ.Мүсіреповтің шығармашылық жолын үш кезеңге бөліп қарауға болады. Бiрiншi кезеңдегi (1928-1932) шығармалары - "Тулаған толқында", "Өмір ертегiсi", "Көк үйдегі көршілер", т.б. суреткердің сенімді аяқ алысын байқатқан едi. Екiншi кезеңде (1932-1938) өзiндiк қалам қайратын, шеберлік келбетін көрсетіп, қазақ әдебиетін байытарлық туындылар жаратты. Олар: "Талпақ танау", "Шұғыла", ана туралы новеллалар, "Қыз Жiбек" драмасы, Б.Майлинмен бiрге жазған "Амангелді" пьесасы. 1939 жылы жарияланған "Қозы Көрпеш Баян сұлу" трагедиясынан Ғ.Мүсірепов шығармашылығының үшінші кезеңi басталады. Осы кезеңде суреткердiң дарыны кемеліне келдi, өзiндiк мәнерi, стилін қалыптастырды, проза мен драматургияның татымды үлгiлерiн тудырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет