Л. Н. Нұрланова Қазақ Әдебиеті



бет8/67
Дата04.05.2023
өлшемі1,59 Mb.
#176067
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   67
Байланысты:
қә 11 1-1

(1948-2001)
Жарасқан Әбдірашев 1948 жылы Қызылорда облысы Арал ауданының Ақшатау ауылында дүниеге келген. Жарасқанның әкесі колхоз бас- қармасының төрағасы болғандықтан, үйлеріне жиі-жиі келетін қонақтардың арасында өлең- жырдың тиегін ағытатын өнерлілері де болған. Кішкентай Жарасқан солардың бәрін көкірегінде түйіп өскендіктен, бала кезінен қаламын ұштай бастайды: аудандық, облыстық газеттерде өлеңдері, мақалалары, әңгімелері жарияланады.
Ақын 1954-1960 жылдары Ақшатау бөлімшесіндегі бастауыш, Арал қаласындағы орта мектепте оқыған. 1963 жылы Жақсықылыш жұмысшылар кентіндегі орта мектептің тоғызыншы сыныбын тамамдап, Қазалы ауылшаруашылық техникумының механика факультетіне қабылданды. 1965-1969 жылдары қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетіне түсіп, одан соң осы оқу орнының аспирантурасында сырттай оқыды.
Жарасқан Әбдірашев еңбек жолын 1969 жылы сол кездегі беделді басылымның бірі - «Лениншіл жас» газетінің әдебиет пен өнер бөлімінен бастайды. 1969-1970 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің сын бөлімін, 1970-1974 жылдары «Жалын» альманахының сын және поэзия бөлімін басқарған. 1974-1985 жылдары «Жұлдыз» журналының сын және библиография бөлімінің меңгерушісі, 1989—1992 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы Көркем аударма және әлемдік әдебиеттер байланысы бас редакциясы Төрағасының орынбасары, 1992-1997 жылдары «Тамаша» сатиралық телехабарының Бас редакторы қызметтерін атқарған. Одан кейінгі өмірін шығармашылық демалысқа арнайды.


Зерделіой
Әдебиетке, оның ішінде поэзияға келген топтың, шоғырдың ең бір жарығы, ең бір сәулелісі, ең бір жұлдыздысы - Әбдіраштың Жарасқаны. Ол - алғашқы өлеңдерінен бастап-ақ, өзінің ақын екенін, ақын болғанда да, жақсы ақын екенін танытқан жігіт. Жалпы білімі, ақындық күш-қуаты бір елдің поэзиясының ту ұстаушысы болатындай мүмкіндігі әбден бар жігіт.
Тұманбай Молдағалиев
Жарасқан - шығармашылығы сан қырлы (лирик, сатирик, сыншы, аудармашы) ақын. Ол қазақ әдебиетіндегі әзіл-оспақ, эпиграмма, сондай-ақ эпитафия (грек. ерііарһіоз - қабір үстіндегі) жанрын жаңа деңгейге шығарды. Ақын өлеңдерінің тақырыбы - рухани құндылық, туған жер, адамгершілік, еліміз- дің тарихы. Ж.Әбдірашевтің «Жаңа жылға - жаңа жыр», «Отан», «Кірмеші жиі түсіме», «Мәңгі көктем» және т.б. өлеңдеріне әндер жазылды.
Ақынның «Тұңғыш кітап» деп аталатын тырнақалды кітабы 1969 жылы жарық көрді. Бұдан соң «Ақ қайран» (1970 ж.), «Найзағайлы жаз» (1971 ж.), «Саяхат» (1972 ж.), «Парасат пен парыз» (1973 ж.), «Дала, сенің ұлыңмын» (1975 ж.), «Соғыстан соң туғандар» (1977 ж.), «Перзент парызы» (1980 ж.), «Сана соқпағы» (1988 ж.), «Әзілің жарасса» (1989 ж.), 3 томдық таңдамалы жырлар жинағы: «Сана соқпағы», «Көңіл көкпары», «Шежірелі шаңырақ» (1998 ж.) шықты. Ал эпитафия жанрында жазылған «Құлпытас» жинағы ақын қайтыс болған соң, 2 айдан кейін ғана жарық көрген.
Ақын аударма саласына да еңбек сіңіріп, орыс жазушысы М.Зощенконың, үнді ақыны Р.Тагордың (1969 ж.), француз ақыны П.Элюардың (1972 ж.), беларусь ақыны Я.Купаланың (1982 ж.) таңдамалы өлеңдер жинағын, балалар ақындары К.Чуковскийдің «Дәрігер Айболит», А.Бартоның «Ойыншықтар», «Өсіп келем» сияқты туындыларын, сондай-ақ А.С.Пушкиннің, А.Блоктың, Г.Гейненің таңдамалы өлең кітаптарын, Б.Окуджаваның, Е.Евтушенконың, Р.Рождественскийдің және басқалардың шығармаларын тәржімелеген. Ақынның өз шығармалары да орыс, неміс, венгр, украин, өзбек, тәжік, әзірбайжан, түрікмен, қырғыз, саха тілдеріне аударылған.
Ж.Әбдірашев М.Жұмабаев атындағы әдеби сыйлықтың иегері, Қарабура атындағы мүшәйраның бас жүлдегері болды.
Ж.Әбдірашевтің қазақ әдебиетіне сіңірген зор еңбегі ескеріліп, ақынның Алматыдағы соңғы жылдары тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды. 2001 жылдан бері Алматы қаласында Ж.Әбдірашев көшесі бар. Туған жері Арал қаласында да көше мен мектепке Ж.Әбдірашевтің есімі берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет