ойлауын жақсы дамытады. Миға шабуыл стратегиясының
қағидасы қиын емес. Мұғалім топ құрады да, қандай да бір
проблеманың шешімін табуды өтінесіз (айтасыз). Барлық
оқушылар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп,
өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды. Іс –тәжірибеден
байқағанда бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер яғни
шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес,
ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады. Қағидасы:
- Ұсынылған пікір бағаланбайды, сыналмайды. - Жұмыс пікірдің
сапасына емес санына бағытталған (неғұрлым пікір көп болса,
соғұрлым нақты шешім қабылдауға таңдау болады). – Барлық
пікірлер «бір ауыз сөзбен» жазылып отырғаны жақсы. –
Белгіленген уақыт сақталуы тиіс.
ДЖИК СО немесе Бедерлі пышқы стратегиясы - ұжымдық
оқыту әдісі. Мақсаты: жалпы мәселені алдымен жұпта сосын
ұжымда талқылау. Қолданылуы: Алдымен сынып 4 топқа бөлініп
отырады – бұл жұмыс немесе бастапқы топтар деп аталады. Мәтін
немесе тапсырма 4 бөлікке бөлініп дайындалады. Бірдей мәтін
бөлігін алған оқушылар енді эксперт немесе жанұя топтарын
құрады, яғни эксперт топтар басқа топ құрады, мәтіннің бірдей
бөліктерін талдайды. Төрт логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1
– бөлігін бірлер, 2 - бөлігін екілер, 3 - бөлігін үшіншілер, 4, 5-
бөліктерін - бесінші және төртінші топқа бөлінетін оқушылар
алады. Бастамас бұрын бастапқы топтардағы мәтінді мұқият
меңгеру қажет себебі жанұя топтарға түсіндіруге жауапты екенін
түсіну керек. Келесі кезекте бастапқы топтар қайта табысып,
үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салады. Осылайша
ұжым мүшелері бірін – бірі оқытуға, сол арқылы ойлануға
Достарыңызбен бөлісу: |