Л1 Инклюзивті білім беру пәні және мақсат-міндеттері


Л11 Білім алуда ерекшеқажеттілігі бар балаларды жалпы білім беретін мектептің оқутәрбие процесіне кіргізу кезеңдері



бет8/9
Дата06.03.2023
өлшемі44,63 Kb.
#171252
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
лекция

Л11 Білім алуда ерекшеқажеттілігі бар балаларды жалпы білім беретін мектептің оқутәрбие процесіне кіргізу кезеңдері
1-кезең – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда (ПМПК) жүзеге асырылатын мүмкіндігі шектеулі балаларды анықтау және білім беру ұйымдарына жолдау.
2-кезең – мүмкіндігі шектеулі баланы оқыту үшін ата-аналардың білім беру ұйымын таңдауы. ПМПК мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеуге арналған неғұрлым ыңғайлы және оңтайлы жағдайларды ұсынады, алайда «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49 бабы «Ата-ананың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері» негізінде бұл жағдайларды таңдау ата-аналарға берілген.
3-кезең – мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру ұйымдарына орналастыру. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың және олардың атааналарының мүмкіндіктерін есепке ала отырып білім алудың вариативті жағдайын жасау үшін оқыту келесідей ұйымдастырылады: 1) арнайы мектепке дейінгі және мектептегі білім беру ұйымдарында; 2) жалпы білім беретін мектепте (бала бақшада) ашылу мүмкіндігі бар: а) мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру процесіне әлеуметтік кіріктіруді жүзеге асыратын арнайы сыныптары, сонымен бірге сыныптар қажеттіліктердің түріне қарай толымдалуы және оқыту арнайы оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылуы тиіс; б) мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру процесіне кірістіруді толығымен жүзеге асыратын инклюзивті білім беру сыныптары.
Арнайы сыныптар және инклюзивті білім беру сыныптары белгілі мектептерде білім басқармасының жергілікті органдарымен келісімі бойынша құрылады және төмендегі іс-шаралармен: - түрлі категориядағы мүмкіндігі шектеулі балалардың инклюзивті білім алу қажеттілігі туралы ПМПК статистикалық деректеріне; - мүмкіндігі шектеулі балалардың жекелеген санаттарына білім алуда бірдей мүмкіндіктер мен қолайлы жағдай жасау мақсатында жалпы білім беретін мектептердің мамандануына негізделеді. Бұл жағдайларға келесілер жатады: - балаларды мектепке көлікпен жеткізуді қоса алғанда, балалардың кірігуі үшін кедергісіз қолжетімді орта құру; - мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың көмекші және теңгеруші техникалық құралдармен қамтамасыз ету; - білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.
4-кезең – мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ұйымдарда оқытудың білім беру және түзету-дамытушылық процесін ұйымдастыру. Аталған кезеңде маңызды қызметті психологиялық-педагогикалық консилиум жүзеге асырады және ол келесі міндеттерді қамтиды: – инкюзивті білім беретін сыныптарды толымдау; – мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету; – мүмкіндігі шектеулі балалардың даму мен оқу жетістіктерінің психологиялық-педагогикалық мониторингісін жасау.
5-кезең – мүмкіндігі шектеулі балалардың инклюзивті білім беру ұйымдарында білім алу және түзету-дамытушылық процесі. Мүмкіндігі шектеулі балалардың инклюзивті білім беру ұйымдарында білім алу және түзету-дамытушылық процесінің жүзеге асырылуы: – Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес үлгілік оқу бағдарламалары және үлгілік оқу жоспарлары (инвариантты және түзету компоненттері). Сонымен қатар тәжірибеде баланың ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленген жеке (арнайы) оқу бағдарламаларының да қолданылатыны туралы атап өту қажет. Жеке оқу бағдарламалары ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың ерекшеліктерін есепке ала отырып үлгілік оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді; – мүмкіндігі шектеулі балаларды түзету-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын мектептің психологиялық-педагогикалық консилиумның мамандары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (ППТК) базасындағы ресурстық орталықтардың, ресурстық орталық (РО) және арнайы (түзету) мектептері мен бала бақшаларының мамандары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет