Құлаққаптар – сұлулыққа құмарлық па, әлде денсаулықтан айрылу ма? Орындаған: Бәйтерек Шұғыла Жетекшісі:: Ораздыбаев Ильяс Калдыбекович


Құлаққапты қолдануға қатысты кеңестер



бет5/5
Дата08.12.2022
өлшемі7,01 Mb.
#161851
1   2   3   4   5
Байланысты:
ҚҰЛАҚҚАП ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ

Құлаққапты қолдануға қатысты кеңестер:
Отоларинголог дәрігерлер барлық жастарды қарапайым төмендегідей ережелерді ұстануға шақырады:
- Әуен тыңдарда тамшы пішінді құлаққаптан бас тартыңыз. Олардың дыбысы үлкен құлаққаптардан қаттырақ шығады яғни зияны көп.
- Дыбыстың ең жоғарғы шегі ретінде 80 децибелл белгіленген. Одан қатты шығып тұрған дыбыс есту қабілетіне кері әсер етеді.
- Өзіңіз үшін әуенді 60 децибелден асырмай тыңдауға тырысыңыз.
- Егер бір сағат көлемінде тыңдайтын болсаңыз құлаққа ауыстырып салу керек;
- Күніге ұзақ тыңдайтын болсаңыз арасында 15 минут, жарты сағат құлақты демалдырыңыз;
- құлаққаптың шнурын мойынға қатты орап алмаңыз;
- шнурды киімнің астынан жібермеңіз: олардан радиосәулелену жүреді де, ағзаға зиянды әсер етеді;
- Күніне 1-2 сағат көлемінде ғана әуенді құлаққаппен тыңдаңыз. Егер де «құлақ ауруына» шалдық­са­ңыз, оның мынадай белгілері бар:
- құлақ үнемі шыңылдап тұрады;
- қатты шудың өзі жай естіледі;
- бәсең ды­быс­тар қатты естіледі;
- өзіңізге сөй­леп жатқан адамды бір шақырымда тұр­ғандай әзер естисіз.
Қорытынды
Өз жұмысымда мен құлаққаптардың адамның есту қабілетіне әсерін талдап-түсіндіруге тырыстым. Және оларды тиімсіз пайдалану айықпайтын ауру тудыратынын көпшілікке кеңінен насихаттауды жөн көрдім. Біздің әрқайсысымыз сақтықтың қарапайым ережелерін сақтауы керек.
Жеке басыма келсек, қазіргі уақыттыағы сәнді құлаққаптардың көптігіне қарамастан, олардан толықтай бас тарта алмаймын, бірақ есту қабілетіне келтіретін әсері туралы ережелерді толықтай сақтайтын боламын. Сол себепті де осы жұмысты дайындап отырмын.
Жалпы, құлаққапты күніне бір сағаттан артық қолдануға, соның өзінде де оның дыбысын шамадан тыс қатты қоюға болмайды.
Ұсыныстар:
Құлаққаптың адам ағзасына әсері туралы буклеттер таратылса;
Құлаққаптың пайдасы мен зияны туралы арнайы қазақ тілінде кітапшалар жасалынса.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет