Коагуляция фазасы Ретракция фазасы
Лимфоциттер — қанның ақ торшаларының кішірек
(6— 10 мкм), дөңгелек түрі.
Цитоплазмасы жіңішке жиек тәрізді, хроматинге бай, жедел жылжи алады. Иммунитетте басты роль атқарады. Екі топқа бөлінеді: В- және Т- лимфоциттер. В- лимфоциттер сүйек майынан шығады, қан иммунитетінің сақталу және дамуын қадағалайды. Т- лимфоциттер тимустан шығады, торша иммунитетін қадағалайды. Лимфоциттердің бірнеше түрлі
аралас өсінділері де болады:
1) жетілген лимфоциттер— болашақ реципиенттің сенсибильденген эритроциттерін қолданып алынады;
2) жетілмеген лимфоциттер — антигенмен кездесіп иммунокомпетенттік алған кіші лимфоциттер, иммунологиялық жетілмеген лимфоциттерден шығады.
3) кіші лимфоциттер — иммунологиялық күші жоқ лимфоциттер
Жасушалық иммунитет жүйесіне (Т-жүйесіне) ізашар Т-лимфоциттердің негізгі дамитын орны – тимус, иммундық жүйенің шеткі мүшелерінде басымырақ түрде Т-лимфоциттер орналасатын аймақтар (Т-тәуелді ай-лимфоциттердің әртүрлі функционалды субпопуляциялары (Т-хелперлер, киллерлер, мақтар), Тсупрессорлар), сонымен қатар осы жасушалармен өндірілетін цитокиндер (лимфокиндер) кіреді.
Тимуста Т-лимфоциттердің негізгі субпопуляцияларының клондары түзіледі. Шеткі мүшелерде Т-лимфоциттер антигендермен кездеседі және басқа иммунды хабарлы жасушалармен кооперация кезінде иммунды жауаптың қалыптасуына, реттелуіне және оның жүзеге асуына қатысады.
Т-лимфоциттер рециркуляция үрдісінде белсене қатысады, осы үрдістің арқасында иммунды бақылау қызметі нәтижесінде иммундық жүйесінің біртұтас қызметі жүзеге асады.
В-лимфоциттер (В-лимфоциты); (грек, bursa — қапшық, яғни қапшық лимфоциттері) - тимусқа (айырша безге) тәуелсіз лимфоциттер.
В-лимфоциттер — сүйектің қызыл кемігі майынан тимусқа соқпай, оның ықпалына түспей қан арқылы тікелей шеткі қан жасау мүшелеріне (лимфа түйіндеріне, көкбауырға, лимфа түйіншелеріне) барып көбейіп, пісіп - жетіліп, белгілі бір антигендерге байланысты маманданып, әсерлі (эффекторлы) плазмоциттерге айналады.
Плазмоциттер организмнің ішкі сұйық ортасына (қанға, лимфаға, ұлпа сүйығына) антиденелер бөліп, адам мен жануарлар денелеріндегі сұйықтық (гуморальдық) иммунитетті қалыптастырады.
В-лимфоциттер — құстардағы клоака (Фабриций) қапшығы лимфоциттері іспеттес. Адам мен жануарлар денелерінде аталған қапшықтын болмауына байланысты, клоака қапшығының сүйек кемігі майынан келген лимфоциттердің мамандануына ықпал ету қызметін ащы ішектің, оның ішінде мықын ішектің кілегейлі қабығындағы лимфа түйіншелері атқарады деген болжам бар.
В-лимфоциттер организмдегі гуморальдық иммунитетке жауапты.
Қорытынды
Макроағзаның иммунды қорғанысының бағытталып жүретінінің себебінің бірі иммундық жүйе (ИЖ) жасушаларының сыртқы мембранасында спецификалық антигендік рецепторларsның болуы. Қабылдау механизміне сәйкес олар тікелей және жанама әсерліге бөлінеді. Тікелей әсерінің нәтижесінде олар антигендермен тура байланысады. Лимфоциттердің бірталай субтүрлері міндетін осындай жолмен атқарады. Жанама әсер етушілер антиген мен иммундыглобулиндердің Fc – бөлігі арқылы міндетін атқарады. Бірақ, бұл жолмен жүретін процестің нәтижесі Fc- бөлігінің қасиеттеріне байланысты. Айтылған жолмен макрофагтар, табиғи киллерлер, эпителиялық дендриттік жасушалар жұмыс атқарады.
Пайдаланған әдебиеттер
Р.Ұ. Бейсембаева. Медициналық және ветеринарлық биотехнология. Оқу құралы. - Алматы, 2009. 200 бет
Әлеуметтік желі;
http://yaneuch.ru/cat_46/eknshlkt-immundy-tapshyly/213968.2092639.page1.html
Достарыңызбен бөлісу: |