Қажетті оқу-лабораториялық құрылғылары:
-
Қысқаша теориялық мәлімет
Интерфейстер сапасын талдау үшін сандық және эвристикалық әдістердің көпшілігі қолданылады. Интерфейстер модельдерін сандық талдауға деген ең үздік қадамдардың бірі болып классикалық модель GOMS (goals, objects, methods and selection rules) есептеледі.
GOMS моделін пайдалануға негізделген әдіс Қолданушының барлық әрекет - өадамдарын жеке жеке құраушыларға бөлуге негізделген. Олардың әрқайсысы үшін мұқият жүргізілетін лабораториялық зерттеулермен оларды орындау үшін қажетті уақыттық интервалдар қатары алынған. 2.1 кестеде элементарлы әрекеттер номенклатурасы келтірілген және оларға сәйкес уақыттық интервалдар бар.
Кесте 2.1 – Элементарлы әрекеттер номенклатурасы және сәйкес уақыттық интервалдар
Клавиатура тетігін басу, Alt, Ctrl, Shift тетіктерін қоса
|
0,28 с
|
К
|
Тышқан тетігін басу
|
0,1 с
|
М
|
Нұсқау – тышқан курсорын жылжыту, яғни монитор экранында қандай да бір позицияны көрсету
|
1,1 с
|
П
|
Ауыстыру – Қолданушының қолын клавиатурадан тышқанға ауыстыру немесе керісінше
|
0,4 с
|
В
|
Ментальды дайындық - Қолданушымен өзінің келесі элементарлық әрекетін ойша таңдау
|
1,2
|
Д
|
Жауап – Қолданушының элементарлы әрекеттеріне жүйенің реакциясы
|
-
|
Р
|
Әрбір көрсетілген шаралардың кең өзгергіштігі не үшін бұл модель дәлдіктің жоғары дәрежесімен абсолютті уақыттық мәндерді алу үшін пайдалана алмайтындығын түсіндіреді. Бірақ бұл әдіс интерфейстің қандай да бір екі модулін олардың пайдалану тиімділігіне байланысты салысытырып бағалау үшін қолдануға толықтай жарамды.
Қандай да бір әрекетті орындау үшін қажетті уақыт есептері оларды элементарлы әрекеттерге бөлуден басталады, олар 2.1 кестеде келтірілген номенклатураға сәйкес келеді. Ең қарапайымы К. М, П, В қозғалыстарын бөлген болып табылады. Мұндағы негізгі қиыншылықты Қолданушы ойлай мүмкін емес ментальды операцияларды орындау үшін тоқтиауы қажет мезеттерді анықтау тудырады. Осы мезеттерді анықтау бойынша негізгі қағидаларды қарастырайық (кесте 2.2).
Кесте 2.2 – Негізгі қағидалар
Достарыңызбен бөлісу: |