Лабораториялық жұмыс №6
Резисторларды параллель жалғағандағы кедергілерін зерттеу
Жұмыстың мақсаты: резисторларды параллель жалғаған кездегі электр тізбегі заңдылықтарын тәжірибе жүзінде дәлелдеу.
Қысқаша теориялық баяндама
Резисторларды параллель қосу деп, қорек көзінің бір ұшын резистордың бас жағына қосып, ал қорек көзінің екінші ұшын резистордың соңына жалғауды айтамыз (1-сурет).
1-сурет
Резисторларды параллель қосқандағы жалпы кедергіні төмендегі формула бойынша есептейміз:
Параллель қосылған тізбектегі резисторлардың жалпы кедергісінің мәні, сол тізбекте орналасқан шамасы ең кіші резистордың мәнінен әрдайым аз болып келеді.
Жоғарыда келтірілген 1-суреттегі резисторлардың жалпы кедергісі 10 Ом-нан аз болатынына бірден көзіміз жетеді.
Бірінші жағдай
Егер параллеь қосылған екі резистор болса онда олардың жалпы кедергісін төмендегі формула бойынша есептей аламыз:
Екінші жағдай.
Егер параллель қосылған резисторлар саны екіден көп болып және олардың шамалары біркелкі болса, онда олардың жалпы кедергісін тапқанда резистордың шамасына сол тізбектегі резисторлардың санына қатынасымен есептейміз:
Параллель тармақталған тізбектердегі ток пен кернеудің мәні (2-сурет).
2-сурет
Барлық резисторлардың бастамалары бір нүктенің бойынан бастау алып, сәйкесінше резисторлардың шығысы бір нүктенің бойында қосылғандықтан, әрқайсы тармақтағы потенциалдар айырмасы параллель орналасқан тармақтардағы потенциалдар айырымына тең.
Осылайша, параллель қосылған резисторлардағы кернеудің мәні бір-біріне тең.
Егер, электр сұлбасының тармақтары қосылған нүктелері, яғни түйіндері сәйкесінше ток көзінің кірісі мен шығысымен тікелей байланыста болса, онда тармақтардағы кернеу ток көзінің кернеуіне тең болады.
Параллель қосылған тізбектегі токтың мәні сол тізбек бойында орналасқан кедергінің мәніне кері пропорционалды таралады. Яғни, тізбектегі кедергінің мәні неғұрлым көп болса соғұрлым ток та аз болады.
А түйінін қарастыратын болсақ, оған сыртқы қорек көзінен І тогы келіп түседі, ал І1, І2, І3 токтары осы түйіннен тармақтарға бөлініп шығады. Өйткені, қозғалыстағы электр зарядтары нүктенің бойында сақталып тұрмай тармақтарға бөлініп кетеді және тармақтардағы токтардың қосындысы, сырттан келетін қорек көзінің мәніне тең болады.
Достарыңызбен бөлісу: |