Жұмыстың орындалу тәртібі 1 - т а п с ы р м а. Реохордтың жылжығышы В нүктесіне жақын қойылған жағдайда қосылатын шектеуші кедергінің шамасын есептеңіздер; табылған кедергіні Вестон элементіне қосып, 36-сурет бойынша схема құрыңыздар.
2-тапсырма. Құрылған схема бойынша сіздерге берілген ток көздерінің ЭҚК-ін өлшеңіздер де, өлшеу дәлдігін бағалаңыздар (қатесін есептеңіздер).
3 - т а п с ы р м а. 38-сурет бойынша схема құрып, R кедергідегі кернеуді өлшеңіздер де өлшеу дәлдігін бағалаңыздар.
СОЗЖ үшін тапсырма. 38-сурет бойынша құрылған схемадағы R кедергінің орнына кедергілер магазинін қосып, кернеудің 10 мәнін он түрлі кедергілер үшін өлшеңіздер де, тізбектегі кернеулердің оның кедергілеріне тәуелділік графигін құрыңыздар.