алып біріншісіне 5 тамшы
1%-тік жұмыртқа белогының ерітіндісін, екіншісіне
5 тамшы 1%-тік бидай белогының ерітіндісін құяды. Әрбір пробиркаға 2 тамшыдан 5%-тік
қорғасын ацетатының ерітіндісін қосып араластырады да, 5 тамшыдан 30%-тік NaOH ерітіндісін
қосады. Біраз уақыт қыздырғанда сұйық алдымен сұрланып, содан соң қараяды. Себебі, қорғасын
(ΙΙ) сульфидінің (PbS) тұнбасы түзіледі. Қорытынды жасаңыз.
Миллон реакциясы.
Реактивтер:
1%-тік жұмыртқа белогы, 1%-тік бидай белогы және Миллон ерітіндісі.
Екі пробирка
алып біріншісіне 5 тамшы
1%-тік жұмыртқа белогының ерітіндісін, екіншісіне
5 тамшы 1%-тік бидай белогының ерітіндісін құяды. Содан соң әрбір пробиркаға 2-3 тамшыдан
Миллон ерітіндісін қосып қайнатады, 1-2 минуттан кейін ерітіндінің түсі қызғылт артынан қызыл-
қошқыл түске ауысады. Пробиркалардағы ерітінділердің түстерін салыстыра отырып қорытынды
жасаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |