1- тапсырма 25 жастағы ер адам ауруханаға ауруының 8 күні терісінің қышуына, сарғаюға, аздаған әлсіздікке шағымданып келген. Ауырғанына бір апта болған, әлсіздік дамып, біртіндеп тәбеті төмендеген, жүрегі айнып, 4-5 рет құсқан, дене температурасы 380С дейін көтерілген, ауруының 6 күні зәрі қоңырланған, ал ауруының 8 күні нәжісі түссізденген, кеше сарғайғанын байқаған, бірақ дене температурасы қалыпқа түсіп, жүрегі айнуы басылған, ал бүгін тәбеті ашылып, сарғаюы үдеген, терісі қыши бастаған. Ауруханада қанның биохимиялық анализдері тағайындалған.