Эпидемиологиясы: Таралу жолы – көбiнесе су арқылы, HEV-нi water born hepatitis virus деп атайды. Ер адамдар жиiрек ауырады.
Патогенезі: Адам ауруды жұқтырғаннан кейін вирустар ішектен қанға өтіп, вирусемия туғызады, аурудың алғашқы кезінде ол интоксикация белгілерімен көрінеді. Содан кейін, вирус бауырға түсіп, сол жерде вирустың репликациясы басталады. Бауырдағы вирустар гепатоциттерге тікелей цитолитикалық әсер етіп, бауыр бөліктерінің қабыну және некробиотикалық процесстерін туғызады.
Е гепатитiнiң басқа гепатиттерден ерекше, жүкті әйелдерде ауыр ағымы және өлiм қаупі жоғары.
3. Болжама диагнозды негіздеңіз.
Вирусты гепатит Е, сарғаю кезеңі
4. Зерттеу жоспарын тағайындаңыз.
Жалпы қан анализі;
Биохимиялық анализ;
ИФА;
Коагулограмма;
ПЦР.
5. Емдеу жоспары.
Төсектік режим;
Диетотерапия: №5-емдәм үстелі;
Витаминотерапия;
Симптоматикалық ем.
6. Алдын алуы.
А гепатитімен ауырушылдықты төмендетуге бағытталған гигиеналық шаралар (соның iшiнде, түрғындарды сумен қамтамасыз етудi жақсарту), Е гепатиті кезiнде де эффективтi болып табылады. Қазiргi кезде вакцина өнделген емес.