7
جحلا كسانم
Сонымен, ихрам хал-күйіне түсердің алдында
мұсылман қажылыққа баруға ниет қылады, сақал-
мұртын күзеп, не қырып, қолтық, шат жүндерін,
тырнақтарын алып, денесін бастан-аяқ толық жуады.
Осы шарттарды орындап болғасын қажы:
«Ләббәйкә
аллаһумма хажжән» (
«Я, Алла! Міне, мен Сенің
алдыңда қажымын»), – дейді.
Сосын ихрамды жалаңаш денесіне киеді: изар-
ды беліне орайды, ал риданы сол иықтан асырып,
кеудесі мен арқасын жабады. Ихрамды кигесін қажы
екі рәкаттан тұратын «Сүннет әл-ихрам» намазын не
мезгіл намазды оқиды.
Ихрам хал-күйі кезінде қажы адам мына
қағидаларды қатал ұстайды:
Ихрамнан басқа киім кимейді.
•
Аяққа тобықты жаппайтын ашық аяқ киім
•
киеді.
Достарыңызбен бөлісу: