172
Қажылық
айтып, eкі қолды білекке дейін үш
мәрте жуады, со-
сын үш мәрте оң қолмен су алып, ауызды шаяды. Одан
кейін тағы да оң қолмен үш
рет су алып, мұрынды та-
залайды, бетті маңдайдан иекке дейін үш рет жуады.
Сосын алдымен оң қолды шынтаққа дейін үш рет, одан
кейін сол қолды да шынтаққа дейін үш рет жуады. Қос
алақанда қалған сумен шашты маңдайдан қарақұсқа
қарай сипап, сұқ саусақтағы қалған ылғалмен құлақтың
іші-сыртын бір рет тазалап, ортан саусақ, атсыз саусақ
және шынашақтың сырт жағында қалған ылғалмен
құлақтың артын ала мойынды бұғанаға дейін сүртеді.
Сол қолмен оң аяқты тобыққа дейін үш рет, сосын
сол аяқты да тобыққа дейін үш мәрте жуады. Сөйтіп,
мұсылман қолын жуып, дәрет алуды аяқтайды.
Намазға шақырған азаншының даусын естігенде,
мұсылман құбыла жаққа жүзін қаратып, намаз оқуға
ниет білдіреді. Әдетте намаз былай оқылады:
Tік тұрып, eкі қолды иыққа дейін көтеріп, «
Аллаһу
әкбәр
» («Алла – Ұлы») деп тәкбир айтады. Тұрған
қалпында оң қолмен сол қолды ұстап, «Фатиха» cүpeciн
оқиды.
рукуғ
– еңкейіп, eкi тізеге қолдарын қойып,
«
сүбхана раббиал-азим
» («барлық мақтау – зор
мәртебелі Иеме») деп үш рет айтады.
Достарыңызбен бөлісу: