Іргелес жатқан территориялық табиғат кешендерінің сан және сапа көрсеткіштерінің өзгерістері байқалатын кеңістікті шекара дейді. Сондықтан бұлар жөнінде ғалымдар арасындағы пікір таласы толастар емсс. Н.А.Солицев бастаған ғалымдар тобы жас территориялық табиғат кешендерінің шекаралары уақыт өткен сайын өзгеріп отырады деген пікірді қостайды. Кандай да территориялық табиғат кешені болып өзінің пайда болған күнінен бастап ақ зат, энергия және басқалардың алмасу процесінде іргелес жатқан кешендермен әрекеттесіп отырады демек, олардың межелес бөліктерінде айырма белгілеріне қарағанда ортақ қасиепері басым боп келеді деп тұжырымдайды. С.В.Калсесник, Д.Л.Арманд бастаған ғалымдар төменгі сатыдағы территориялық табиғат кешендері сызықты, әрі өтпелі, ал жоғары сатыдағылары, әсіресе географиялық зоналар, көбіне өтпелі шекарамен межеленеді деген пікірді уағыздан келеді. Соңғылары климаттық белгілер бойынша шектелуі жиі байқалады деген қорытынды жасайды. Көпжылдық ғылыми зерттеулер территориялық табиғат кешендерінің шекаралары зоналық және азоналық фактордардың, қатар әрекет етуі нәтижесінде қалыптасатын дәлелдеп отыр. Әрбір нақтылы жағдайда белгілі бір фактордың шешуші рөл атқаруы мүмкін. Бірақ бір ғана фактордың әсері нәтижесінде қалыптасатын территориялық табиғат кешені мүлде сирек кездеседі, демек, шекара тіпті бір кешенің өзінде әр түрлі жолмен қалыптасады. Мысалы, Іле тауаралық жазығы ландшафтысының| Іле Алатауы мен Сөгеті тауіші жазығына ұласқан бөліктері өтпелі, ал Капшағай тауларымен көмкерілген бөліктері (күнгей бөлігі.) айқын байқалатын шекарамен межеленеді. Территориялық табиғат кешендерінің құрамдас бөлік-тері бірімен-бірі тығыз байланысты. Олар үнемі өзара әрекеттесіп отырады. Бір құрамдас бөліктің өзгеруі міндет түрде екіншісінің өзгеруін туғызады. Белгілі бір территориялық табиғат кешенінің шекарасындағы өзгеріс геологиялық құрылысы, жер бедері, климат, топырақ, өсімдіктер жамылғысы, жануарлар дүниесі шекарасының өзгерістері арқылы сипатталады. Басқаша айтқанда, территориялық табиғат кешенінің шекарасы жеке құрамдас бөліктер шекарасының заңды үйлесімінен құралады. Алайда әрбір құрамдас бөлігі өз зандылығы бойынша өзіндік ерекшелігі бар кеңістік ауқымымен межеленеді. Климаттық, гидрологиялық және зоогеографиялық құрамдас бөліктердің шекарасы өтпелі, геоботаникалық фактор мен топырақтың түзілуіне байланысты қалыптасатын шекарасы өтпелі әрі сызықты, ал геологиялық және геоморфологиялық факторларға байланысты шекарасы сызықты бөлып келеді. Өтпелі шекараны да, сызықты шекараны да Батыс Қазақстан жерінен айқын көруге болады. Оралдан Атырауға қарай жүрген кісі дала, шөлейт және шөл зоналарының территориялық табиғат кешендерін басып етеді. Олардың шекаралары климаттық белдеу арқылы межеленгендіктен, жай көзге ешқандай байқалмайды. Шекаралар территориялық табиғат кешендерінің да-муына, әсіресе жеке құрамдас бөліктің өзгеру жылдамдығына байланысты болады. Табиғатга барлық құрамдас бөліктер бірдей жылдамдықпен өзгермейді. Ғылыми зерттеулер жер беті геологиялық құрылысы мен жер бедсерінін, өте баяу өзгеретінін дәлелдеп отыр Ал өте тез өзгеретін құрамдас бөлікке климат жағдайы жатады. Онық өзгеруі күн сәулесі сияқты сыртқы күші әсерлерімен бірге территориялық табиғат кешенінің құрамдас бөліктерінің әрекетіне де байланысты. Климат езгерістері ез кезегінде гидро логиялық, биогеографиялық прцестерді, топырақтың түзілу жолдарын өзгертеді. Адам әрекетіне байланысты көбіне өсімктер жамылғысы мен жануарлар дүниесінің ареалдары, жер бедері, езендер мен көлдер және олардың гидрологиялық режимдері өзгереді. Осылай жеке құрамдас бөліктердің түрлі дәрежеде, әр түрлі ауқымда, әр түрлі қарқында өзгеруіне байланысты территориялық табиғат кешендері шекарасының айқындаушы белгілері көмескіленіп кетеді. Территориялық табиғат кешендерінің бірнеше сатылы морфологиялық құрылымдық және таксономиялық бірлік жүйесін құрайтыны мәлім. Олардың қай-қайсысы болсын фацияның занды түрде тізбектелген тіркестерінен құралады. Фация жаратылысына қарай жер бедерінің жеке элементтерінде, немесе микропішіндерінде қалыптасқандықтан, оның шекарасы, сөз жоқ, литогенді негіз бойынша межеленеді де, айқын байқалады. Ал морфологиялық құрылымдық немесе таксономиялық дәрежедегі территориялық табиғат кешендері өзінің құрамындағы фациялардың сан қатынасына, тіркестік сипатына, т.б. байланысты әрі өтпелі, әрі сызықты шекаралармен межеленеді. Шекаралардың қандай түрі болсын нақтылы жерлердегі жаратылыс жағдайларының ерекшелігіне қарай түзу немесе ирек сызықты болып келуі мүмкін.Территориялық табиғат кешеидері ауқымды болғандықтан олардың төменгі және жоғарғы шекаралары болу керек. Осы кезге дейін айтылып жүрген пікірлердің ішінен Ф.Н.Мильконың тұжырымдарына тоқтала кеткен жөн. Ол территориялық табиғат кешендерінің төменгі және жоғарғы шекараларын зат және энергетикалық құрамдас бөліктердің тікелей әрекет етуінен байқалатын географиялық қабық бөлігімен (дандшафттық сфера) мәжелеу керек дейді.Табиғатта шындарын мәңгі мұз басқан сеңгір таулар жазиралы жазықтармен, түгін тартса, майы шыққан құнарлы өңірлер құла түздермен, ит мұрны өткісіз ормандар құм-шағылды шөлейттермен алмасып жатады. Бұл ғылым тілінде жер шары мен оның табиғатын түзген әр түрлі географиялық кешендер деп аталады. Бұлардың құрамдас және құрылымдық бөліктерінен зат пен энергия алмасуы арқылы біртұтас жүйе құрылады. Бір құрамдас бөліктің өзгерісі екіншісінің, бір кешеннің өзгерісі басқаның өзгеріске ұшырауына әкеп соқтырады. Сонымен қатар жергілікті жағдайға байланысты әр түкпірде әрқилы территориялық табиғат кешендері түзіледі. Жер бетіндегі жаратылыс жағдайы әр түрлі территориялық табиғат кешендерінің ерекшеліктерін, олардың құрамын, байланысын, бір-біріне тигізер әсерін, құрамдас бөліктерінің өзара орналасу заңдылықтарын ландшафттану ғылымы зерттейді. Осы ғылымның қалыптасуына алғашқылардың бірі болып орыс ғалымы В. В. Докучаев айтарлықтай үлес қосты. Ол территориялардың табиғат жағдайларын зерттеуге кешендік принцип қолданды. Табиғи процестерді меңгеру үшін табиғаттың жеке бөлігін емес, тұтас бірлігін тани білу керек деп көрсетті. Ғалым табиғаттың геогендік және биогендік құрамдас бөліктерінің арақатынасы мен өзара әрекеттесу заңдылықтарын ашатын ғылымның керектігін ұғынды. Табиғат зоналары туралы 1898—1900 жылдары жазған көптеген мақалалары осы ғылымға негіз қалады. Бұдан кейінгі кезде «ландшафт» ұғымын Л.С.Бергтің еңбектерінен кездестіреміз. Л.С.Берг ландшафтыға кең мағына берді. Ол географиялық кешендердің белгілі бір аймақта қайталана беретін типтерін де (батпақ, құмды шағыл, шыршалы орман, т.б.) немесе нақтылы бір территориямен шектелетін аймақгарын да (Сарыарқа, Бетпақдала, т.б.) ландшафт ден ұқты. Оның бұл тұжырымдары кейін ландшафт туралы теорияның дамуына негіз болды. Сөйтіп, XX ғасырдың 30-жылдарынан бастап ландшафтыны типологиялық және аймақтық мағынада ұғыну география ғылымына берік енді. Ландшафтыны территориялық кешендердің типі деп санаушылар жаратылысы бір текті, бірақ құрылымдық бөліктері әр түрлі болатын жер бөліктерін бір ландшафт түріне немесе территориялар типіне жатқызады. Мысалы, көк терек аралас қайыңды орман шоқтары өскен далалы ойыстар меи қара топырақты жазық жерлердегі астық тұқымдас шөптесінді дала екі түрлі ландшафтыға жіктеледі. Ландшафтылы аймақты жеке-дара территориялық та-биғат кешені деп санаушылар оны бір-бірімен территориялық жағынан тұтасқан қарапайым табиғат кешендерінің өзіндік ерекшеліктерімен сипаталатын, қайталанбайтын күрделі территориялық жүйе ретінде таныды. Демек, жекелеген ландшафтының геологиялық негізі, жер бедерінің түрі, климат жағдайы, гидрологиялық режимі, биоценоздары бір-бірімен үйлесім тауып, көршілес жатқандарынан табиғи шекарасы арқылы межеленеді. Ландшафттану ғылымының дамуы ландшафт картасын жасау ісімен тығыз байланысты. Бұрынғы КСРО-да жаппай ландшафт картасын жасау екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қолға алынды. Кейіннен ірі, орта, ұсақ масштабты ландшафт картасын жасауға Ленинград, Латвия, Воронеж, Львов, т.б. университеттердің ғалымдары мен Қазақстан ғалымдары атсалысты. Ландшафт картасын жасау мен далалық ландшафт зерттеулерінің қарқынды жүргізілуі, ландніафт іуралы теорияның терең талқылаиуы лаидшафттапу гылымы ауқымының кеңеюіне жолашты. Қандай ғылымның болсын дамуында ғалымдар арасындағы пікір-таластың, өзекті мәсслелерді ауық-ауық бас қосып, талқылап отырудың маңызы ерекше. Ландшафттанушы ғалымдардын1963 жылы Алматыда өткен Бүкілодақгық кеңесі, 1965 жылы «Таулар мен шөлді аймақтардың ландшафтарын зерттеу» проблемаларыпна арналған аймақтық ғылыми симпозиум және басқа шаралар Қазақстан ландшафты туралы зерттеулердің өріс алуына елеулі ықпалын тигізді. Бұл орайда қазақстандық зерттеушілерден В.М.Чунахинді, М.Ш.Ишанқұловты, А.В.Чигар-кинді, Г.В.Гельдиеваны, т.б. атауға болады. 70—80-жылдарда Қазақстандағы мұндай зерттеулер «Ертіс—Қарағанды» каналы мен Іле, Ертіс өзендеріндегі су техникалық кешендер құрылыстарына байланысты жүргізілді. Ландшафты зерттеу барысында территориялық табиғат кешендерінің түзілісі, құрамдық және құрылымдық бөліктері, географиялық кешендерді түлетіп, түрлендіру жолдары, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану сияқты мәселелер тиянақты сөз етіліп, Қазақстанның ландшафтық географиясы ғылыми жағынан терең және ауқымды қарастырылды. Оқырмандарға ұсынып отырған осы еңбекте де бұл мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталамыз. Ал кітаптың соңғы тарауында республика территориясындағы ландшафтылардың географиялық таралу заңдылықтарын айқындайтып олардың зоналық жүйесі де, аймақтық және биіктік белдеулік жүйесі де сипатталады.