жатаған өсетіндер (казацкий аршасы) мен төселіп өсетін (сібір
аршасы) әдемі гүлдейтін өсімдіктермен көркем композиция
береді.
Бақ-саябақ композициясында
жылдам-өсетін ағаштар мен
бұталарды баяу өсетіндермен қосып отырғызса, қысқа мерзімде
әсем құрылымдар пайда болады. Уақыт
өте келе баяу өсетіндер,
жылдам өсетіндерді (балқарағай мен самырсын, шынар мен жөке)
ығыстырып шығарады.Көгалдандырылатын аумақта қысқа
мерзімде пайдалану үшін, баяу өсетін үлкен
ағаштармен қатар,
жылдам өсетін әрі қысқа ғұмыр кешетін өсімдіктерді пайдаланса,
уақытша тік жасыл және топтасқан құрылым құрылады.
Болашақта ұзақ жасайтындарға ауыстыруға болады.
Жылдам өсетін түрлерді жасыл құрылыста келесідей
кеңістіктерді жақсы көркейтуге пайдалануға болады:оларды ағаш
тобы мен шоғырының шетіне орналастырса,
композицияға
кедергі келтірмей, болашақта сол ағаштардың орнын басады. Бұл
түрлерді уақытша басты түр ретінде ағаш шоғыры мен пейзажды
топтарда (мысалы, терек) пайдалану кезінде, олар баяу өсіп ұзақ
жасайтын түрлерге көлеңке түсіріп, өсуіне кедергі келтірмейтін
жерге отырғызады.
Достарыңызбен бөлісу: