Күш. Объектілері бар және оларсыз жалпы даму жаттығулары. Гимнастикалық және қосалқы жабдықтарда жаттығулар. Тығыздау және сүйреу жаттығулары, салмақ тасу. Айналмалы тренировкалар әдісі
Күш (лат. fortis) - материалдық нүктеге немесе денеге басқа денелер немесе өрістер тарапынан болатын механикалық әсердің өлшемі.[1] Күш деп дененің басқа денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу алатынын сипаттайтын және осыГимнастика – жан-жақты дене тәрбиесінің негізгі құралдары мен әдістерінің бірі ретінде анықталатын кең ұғым. Кез-келген қозғалыс (өндірісте, үйде және спортта) бұлшықет күшіне жұмысқа қабілеттілікті анықтайтын физикалық қабілеттердің бір түрі ретінде негізделген. Күш көбіне төзімділік пен шапшандыққа байланысты. Бұлшықеттің күші екі негізгі режимде көрінеді: изотоникалық және изометриялық. Изотониялық режімінде бұлшықеттер жиырылу (қысқартылу немесе жиырылу) арқылы қозғалыс жасайды. Күнделікті өмірде біз «күш» ұғымы арқылы бір дененің екінші бір денеге әрекетін сипаттаймыз. Мысалы, қолдың допқа, желдің қайық желкеніне, магниттің темірге, судың жүзгішке әрекеті туралы айтуға болады. Сонымен қатар бұл ұғым ауыспалы мағынада да қолданылады.
Гимнастика – адам ағзасына жан-жақты әсер ететін, оның негізгі функционалдық процестерін күшейтетін, үйлесімді, дамуына көмектесетін, көңіл күйін көтеретін арнайы іріктелген жаттығулар жүйесі. Гимнастикалық жаттығулар жасау арқылы өмірлік қажетті қозғағыш дағды, әсемдік пен қозғалыс дәлдігі қалыптасады, дененің негізгі қабілеті – ептілік, шапшаңдық, күш, төзімділік, икемділік дамиды. Гимнастика жасау барлық сәби кезден басталып, барлық жас кезеңдерінде жалғастырылады.
Гимнастиканың міндеті денсаулықты күшейту, дене күшін жетілдіру және әр алуан іс-әрекетке адамның дене күшінің жан-жақты әзірлігін жүзеге асыру болып табылады. Оның үстіне гимнастиканың мынандай арнайы міндеттері бар: тұлғаны дұрыс қалыптастыру, дененің әртүрлі өзгеруінің алдын алу және оны түзету, жарақаттан кейін қимыл-қозғалыс апараттың жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру, өзіне тән қимылды меңгеруіне баулу.
Гимнастика – дене тәрбиесі әдісі. Гимнастикада жан-жақты дене тірбиесінің міндеттерін шешуге жәрдемдесетін мейлінше әр алуан дене тәрбиесі жаттығуларын пайдаланылуы мүмкін. Онда педагогикалық міндеттер мен ағзаның анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес кез келген қимыл мен қозғағыш әрекетті қолдануға болады.
Гимнастикада ағзаның құрылымы мен қызметіне біршама дәл талғамды ықпал жасауды жүзеге асыруға болады.
Гимнастикаға тән әдістемелік тәсілдер дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен жекеленген мүшелер мен бұлшық ет топтарына, сондай-ақ дененің әр түрлі қасиеттерін дамытуға ерекше ықпал жасауға мүмкіндік береді.
Гимнастикада денеге түсетін күшті біршама дәл мөлшерлеу мүмкіндігі бар: әр алуан жаттығулар гимнастикамен айналысатын адамның дайындығына сәйкес әрі ол жаттығулардың ағзаға әсері қатаң ескеріліп пайдалынады және белгіленеді.
Жаттығу сабақтарының эмоциялығын арттыру, эстетикалық сезімге, ырғақтыққа, дәлдікке баулу және қимылдың мәнерлілігін арттыру мақсатында гимнастика жасау кезінде әуенді қолдану тиімді.
Гимнастиканы үйрету процесі жалпы білім беру сипатына ие: өзінің қозғалыс мүмкіндіктерін бағалай білуге баулиды, қозғалыс әрекеттерінің жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді. Бұл оқу міндеттерін бөлу, қозғалыстың сараптамасы мен синтезін кеңінен қолдану, қозғалысты жаңа қозғағыш әрекетіне ұштастыру және әр алуан дене жаттығуларын зерттеп үйрену арқылы жүзеге асырылады.
Гимнастикада тәрбие беру міндеттерін жүзеге асырудың ерекше құралдары бар. Ол қозғағыш әрекеттердің дәл, алдын ала келісіліп орындауын талап етеді, оның әрекет саналылығы мен дербес тәуелсіздігін талап ететін регламенті белгіленген сабақ кестесі, оқу процесін ұйымдастырудың ерекше стилі бар. Мұның бәрі тәртіпке, зерделілікке баулиды, ерік-жігер мен мінез-құлықтың нығаюына көмектеседі.
Сөйтіп гимнастика тәсілдері жалпы дененің жетілуін қалыптастыру міндеттерін шешуге, жаттығу жасаумен айналысатындардың жасы мен дайындығына сәйкес дене шынықтыру жаттығуларын қолдануға, дене тәрбиесінің сауықтыру және тәрбиелік-білім беру міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыруға мүмкіндік береді. әрекеттің өлшемі болып табылатын физикалық шаманы айтады Гимнастикамен шұғылдану, негізінен екі бағытта жүреді. Біріншісі - гимнастиканың негізін қалайтын жалпы дамыту жаттығулары. Сондықтан, негізгі гимнастика деп аталады. Негізгі гимнастика барлық жаттығулардың негізгі жиынтығы болып табылады. Гигиеналық гимнастика - денсаулықты қалыптастыратын, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы, сондай-ақ өндірістік гимнастика және арнаулы емдеу гимнастикасы. Ырғақты гимнастика - негізгі мақсаты әр адамның дене жағынан дамуына байланысты және жалпы денсаулығына байланысты шұғылданады. Жалпы дамыту жаттығуларының маңсатты түрде белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз орындалуы. Атлетикалық гимнастика - жалпы дамыту жаттығуларының арнаулы мақсатты түрде дене құрылысын жетілдіру үшін қолданылады. Бірақ бұл жаттығулар арнаулы гимнастикалық жабдықтармен орындалады. Айталық батпан, қосшоқпарлы батпандармен орындалатын жаттығулар болса, сондайақ, тренажорлық аспап-құралдарда орындалады. Атлетикалық гимнастика негізінен - жалпы дамыту мақсатында спорт ретінде де қарастырылады. Екіншісі - спорттың гимнастика. Спорттың гимнастика бірнеше жекелеген спорт жаттығуларынан тұрады. Бұл жаттығулар жекеленген спорт түрі болып есептеледі. Ерлердің жабдықтары - керме, шығыршық, қоссырық, кіші және үлкен ағаш ат және еркін жаттығу. Әйелдердің жабдықтары - бөрене, үлкен ағаш ат, әр түрлі биіктегі қоссырық және еркін жаттығу. Дене тәрбиесі бойынша жалпы жаттығулар - бұл біз бастаған кезде көпшілігімізден басталатын жол. Шын мәнінде, бұл сіздің ең жақсы жолдарыңыздың бірі, өйткені сіз өзіңіздің прогресіңізді қолдау үшін күшті іргетас құрғыңыз келеді. Бұл үй салу сияқты; қабырғаларды, шатырды және т.б. қосудан бұрын, сізге негіз қажет