Президент Н.Ә.Назарбаев қазақ тілінің әліпбиін кирилицадан латын графикасына көшіру туралы , елімізде латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиі 27-қазан күні тиісті жарлыққа қол қойлып бекілуіне байланысты «Қорғас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 24-қаңтар күні «Латын әліпбиінің келешегі кемел» атты 8 «А» сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өтті. Тақырыпқа байланысты оқушылар өз ойларын, пікірлерін білдірді. Жаңа қазақ әліпбиінің әрпінің таңбаларымен танысты. Өз аттарын жаңа алфабит бойынша жазып көріп өте қызықты өтті. Латын әліпбиіне көшу заман талабы екенін, қажеттілігін түсінді . Қорыта айтқанда «Латын әліпбиінің келешегі кемел» деген ой түйдік.