Јлдихан Ќалдыбаев


Ақбөпе. Сауыт, бар енді, бара ғой. Айырылысудан басқа амал жоқ екен бізге. Сауытбек



бет362/371
Дата06.02.2022
өлшемі5,93 Mb.
#37241
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   371
Ақбөпе. Сауыт, бар енді, бара ғой. Айырылысудан басқа амал жоқ екен бізге.
Сауытбек (Ақбөпеге иегін бір қағып, зарлай жөнеледі.)
Ақбөпеден айырылып қалғаным ба,
Көз жасына тұншықты зарлады да.
Кері заман кедейге кесір екен,
Жете алмадым жоқтықтан арманыма.

Енді сені, Ақбөпе, көремін бе,


Қорлығына – тағдырдың көнемін бе?
Сенен қалып не болар көрген күнім,
Енді маған жылаудың керегі не?

Күн бар ма екен, Ақбөпе, көретұғын,


Жан сүйерім сен едің сенетұғын.
Өкпе-бауырым езіліп, ішім күйіп,
Көрінемін қайғыдан өлетұғын.
Бұл қайғыны кім тыңдар құлақ салып,
Өлейін мен бүйткенше Шуға ағып,
Енді тірі жүріп мен кім боламын.
Керегі не өмірдің аман қалып?
Сауытбек күңіреніп кетіп барады. Шошаладан Тантайдың шешесі Әсел шығады.
Әсел (шошалаға қарап). Сен қаншық өліп тынарсың! Алас-алас! «Сүйдім-күйдім!»-деген не пәле ол?! (Сауытбек кеткен жаққа қарап). Ана Мәжнүніңнен көрмегеніңді Тантайдан көресің.
Ақбөпе (есік көзінен көрініп). Апа, айтыңызшы, сіз өзіңіз ғашық болып көріп пе едіңіз?
Әсел (кергіп). Ол не пәле? Ноқаңмен есіктен еніп ерніміз сүйіскен, төсекке жатып төсіміз түйіскен сәттен бастап білгенмін мен бай керек екенін. Содан бері қырық жыл өтті, «ғашық-машық» демей-ақ ерлі-зайыпты болып, тату-тәтті өмір сүріп келеміз атаң екеуміз.
Ақбөпе. Сіз бақытты екенсіз ғашықтықтың не екенін білмеген: Ғашық болу – ішке өрт түсу. Мен Сауытбекке ғашықпын, ішім толған жалын, күйіп барамын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   371




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет