Сәлима. Ұл-қызың бар шығар?
Сәлім. Бар. Ұлым да, қызым да бар. Бірақ олар қазақ емес, орыс.
Сәлима. Кім де болса, барды айт.
Сәлім. Жоқ, қазақтың баласының қазақ болмағаны – азап!
Сәлима. Қазақ балаңнан көрген азап құрысын бәрінен!
Сәлім. Қайдам-ау! Қазақты қинаса, қазақ қинасын. Жақсылық көрейік, жамандық көрейік, өз қандасымыздан көрейік.
Сәлима. Мынауың, әбден күйзелген адамның сөзі ғой.
Сәлім. Айтпағын!
Сәлима. Қой, бүйтіп шаршай бермейік, үйге жүр, шай іш.
Сәлім. Рахмет, бармаймын.
Сәлима. Неге?
Сәлім. Қайдам?
Сәлима. Несі қайдам? «Қыздың жаманы бір шәугім шайға жарайды» – деген. (Орнынан тұрып). Жүр.
Сәлім. Мейлі, барсам, барайын.
Сәлім мен Сәлима парк аллеясына бет түзейді.
Екінші көрініс
Сәлиманың үйі. Сәлім мен Сәлима шай ішіп отыр.
Сәлім. Үйің келіскен екен. Қалада мынандай пәтерің болуы – үлкен бақыт.
Сәлима. Қайдам, осыны малданып отырған жай бар әйтеуір. Осыдан басқа не қалды бізде енді?
Достарыңызбен бөлісу: |