Моноцитарлы түрдегі лейкемоидты реакциялар - Кездеседі: ревматизм, жұқпалы мононуклеоз, саркоидоз, туберкулез кезінде. Жіті құбылыстар кезінде және реконвалесценция кезінде дизентериямен ауыратын науқастарда кемелденген моноциттердің санының күрт көбеюін атап өтеді. Моноцитарлы түрдегі лейкемоидты реакциялар жиі дәнекер тіннің диффузды ауруларында, жүйелі васкулиттерде, түйінді периартеритте, солидтік ісіктерде, сәулеленуде және т. б. пайда болады.
лимфа және моноцитарлы-лимфа типтері - балалар жасында энтеровирустық инфекциялар, қызыл қызамық, көкжөтел, жел шешек, скарлатин сияқты ауруларда жиі кездеседі. Лимфомоноцитарлы түрдегі лейкемоидты реакция жұқпалы мононуклеоз синдромында пайда болуы мүмкін, ол әртүрлі вирустардан: цитомегаловирус, қызамық вирустары, В гепатиті, аденовирус, Herpes simplex вирустары, Эпштейн-Барр вирусы.
Достарыңызбен бөлісу: |