6.Дəрістік кешен Лекция1. Тақырыбы:Қылмысты саралаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны 1. Қылмысты саралаудың ұғымы және маңызы
2. Қылмысты саралаудың қылмыстық құқықтағы орны
3. Қылмысты саралаудың сатылары
1.Қылмысты саралау түсінігі мен оның маңызы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне сәйкес, қылмыстық жауапкершіліктің негізі осы Кодексте қарастырылған қылмыстық нышандар құрамының барлық белгілері бар іс- әрекетті жасау болып табылады. Айыптыны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін және жазалау шараларын анықтау үшін, қандай қылмыстық- құқықтық тыйым салу бұзылғанын және қандай қылмыстың құрамына кіретіндігін тура көрсетіп,бекітіп беру қажет. Бұл мақсатқа қылмысты саралау арқылы қол жеткізуге болады. Егер осы түсінікті кең мағынасында қарастырсақ, онда саралау дегеніміз- осы құбылыстың өзінің сапалық белгілері бойынша категориялардың қандай түріне, типіне, разрядына жататындығын анықтау дегенді білдіреді. Құқықтық қатынастар саласында саралау дегеніміз- заңда немесе нормативтік актіде бекітілген белгілі бір құқықтық норманы таңдау дегенді білдіреді, басқаша айтсақ : осы жағдай қандай ережеге ілінетінін анықтау. Жоғарыда айтылғанға сәйкес, қылмысты саралау- осы қылмыстық іс қозғалып және қылмыстық сот ісі жүргізіліп жатқан әрекет қылмыстық- құқықтық нормалардың қайсысына ілігетіндігін шешуді білдіреді, оған Қылмыстық Кодекс тұрғысынан заңдық баға беру және осы норманың тиісті процессуалды құжаттың қай бөлімінде, тармағында, бабында бекітілгендігін нақты, тура көрсетіп беру.
Тергеу органының лауазымды адамымен, тергеуші, прокурор немесе сотпен қылмысты саралау, сол сияқты қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес, осы қылмыстық іс бойынша қадағалаушы немесе бақылаушы функцияларын атқаратын лауазымды адаммен қылмысты саралау ашық немесе ресми деп аталады. Оның заңдық күші бар, қылмыстық істің және айыпталушының тағдыры соған тәуелді. Әрекетті қылмысты- құқықтық саралаудың ресми, ашық сипаты бар, оны қылмыстық сот ісінде өздерінің заңдық мүдделерін қорғай отырып екі жақ айтады. Айыптау жақтан- мемлекеттік айыптаушы, жәбірленуші және оның өкілі, азаматтық талапкер және оның өкілі, ал қорғау жағынан- күдікті адам және айыпталушы, олардың заңды өкілдері, азаматтық жауапкер және оның өкілі. Бірақ та мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының саралауына қарағанда, олардың қылмысты саралауының анықтаушы маңызы жоқ . Тағы да басқа анықтамалар бар.
Қылмысты саралау- нақты өмірлік жағдайдың- қылмыстың- қылмыстық заңның ережесінде тұжырымдалған қылмыс туралы түсінікке ұқсастығы жайлы қорытынды. Қылмысты саралауды оның заңдық мәнін анықтау деп түсіну керек, яғни заң тұрғысынан бағалау. Ғылыми және оқу әдебиетінде қылмыстық құқық саласындағы мамандармен- ғалым –теоретик, практиктермен ұсынылатын қылмысты саралау доктриналық деп аталады. Нақты қылмыстық іс бойынша заңдық маңызы жоқ. Ешқандай құқықтық қатынастарды және ірі құқықтанушы-мамандардың жазбаша қорытындысын тудырмайды, олар ең күрделі жағдайларда қылмысты-құқықтық норманың бланкеттік диспозициясына байланысты тек қылмыстық құқық саласында ғана емес, сонымен қатар банктік, кәсіпкерлік, халықаралық құқық саласынан да білім қажет болғанда қылмысты саралау бойынша өз ұстанымын растау үшін шығады. Мұндай қорытындылар- бір заңгердің басқа заңгермен құпия кеңесінің нәтижесі ғана; қылмыстық процессте оған сүйену мағынасыз; қылмыстық сот ісінде құқықтық сараптама толығымен жоққа шығарылады.
Қылмысты ашық саралау және қылмыстық іс бойынша басқа сұрақтардың шешімі үшін жауапкершілікті дәл осы кезде қылмыстық іс кімнің қарамағында болса, сол артады; бұл жауапкершілікті басқа заңгерлерге артып қоюға оның еш құқығы жоқ. Осы істің барлық елеулі сұрақтарын шешу үшін нақты қылмыстық іс бойынша саралаудың түбегейлі маңызы бар. Оған күдіктіге, айыпталушыға қатысты алдын кесу шараларын таңдау, тергеу формасы (тергеу немесе алдын ала тергеу), қылмыстық істің сотта қаралатындығы және тергеулігі, жазалау шарасы мен түрі, рақымшылық жасау, шартты үкім шығару және жаза кесілген адамды мерзімінен бұрын босату актісін қолдану мүмкіндігі тәуелді. Қылмысты саралаудағы қателік әділетсіз, қате үкім шығаруға апарып соқтырады. Жоғарғы сотпен осындай қателік табылса, онда үкім өзгертіледі және қылмыстық іс сәйкес сот инстанциясында қайта қаралады.
2. Қылмысты саралау процесі. Қылмысты саралаушының ойшылдық, логикалық іс-әрекеті негізгі мәселені шешу жолында бірнеше кезеңдерден өтеді, олардың жиынтығы саралау процесі деп аталады. Бірінші кезең қылмыстық іс бойынша бекітілген барлық фактіге негізделген жағдайлардың ішінен қылмысты-құқықтық маңызы бар жағдайларды бөліп алудан және оларды жүйелеуден тұрады. Тергеудегі құжаттар және қадағалаушы-прокурорлық , қылмыстық іс жүргізудегі құжаттар, яғни қылмыстық іс материалдары қылмыстық нышандар құрамының белгілерін тікелей көрсететін ақпараттан ғана емес, сонымен қатар дәлелдерден және әрбір қылмыстық іс бойынша дәлелдеу тақырыбына енетін жағдайларды бекітуден тұрады.
Қылмысты саралау сотқа жататын іс бойынша болған жағдайда сот материалдарын, көптомды тергеу материалдарын түсіну өте қиын, қылмыстық және қылмыстық істер жүргізу саласында да терең білімді қажет етеді. Құқық қолдану әрекетінің күрделілігі оны кімнің жүзеге асыратындығына, дәлелдерді тексеру (мысалы, тергеуші айыптау қорытындысын шығару алдында дәлелдерді тексереді) және жинау кезінде қылмыстық іс кімнің қарамағында болғандығына немесе тергеу материалдарына жаңадан араласқан басқа лауазымды адамның қатысуына байланысты болады.
Дәлелдерді, аралық және процессуалды акт үшін жеткілікті айыптау мәліметтерін өзі жинаған адам, әрине фактіге негізделген жағдайлардың қайсысының қылмыстықұқықтық маңызы бар екенін түсінеді. Тергеушінің айыптау қорытындысы бар немесе сот үкімі шығарылған қылмыстық істі алған заңгердің жағдайы өте тиімді, яғни ол кұрамына заңдық тұрғыдан маңызды фактілер жүйесі, дәлелдерді талдау, қылмысты саралау енгізілген, қорытынды қылмыстық іс жүргізу актілері бар қылмыстық істі алып отыр. Мұндай заңгерге дайын тұрған қылмыстық саралауды тексеру, қылмыстық құқық тұрғысынан «басқа біреудің» бағасын бағалау ғана қалады.
Қылмыстық істі тергеу ісі аяқталғанға дейін қабылдаған заңгердің жағдайы күрделірек, себебі айыптау қорытындысы әлі жасалмаған. «Биографиясы» күрделі қылмыстық істі қарамағына алған адамның да жағдайы дәл осындай, мұнда қылмысты саралау бойынша бір емес, бірнеше бір-бірін жоққа шығаратын ойлар, пікірлер бар. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Президиумы- қылмыстық іс бойынша ақтық шешім құқығы берілген жоғарғы сот инстанциясы осындай жағдайларға жиі кездеседі. Қылмысты саралау процесінің екінші кезеңі істің жағдайларына «өлшеп көруге» болатын қылмыс құрамының барлық мүмкін құрылымын анықтаудан тұрады. Осы әрекеттің нәтижесінде қылмыстың түрлік объектілерін бейнелейтін ҚК бөлімі, тарауы шамасында құқықтық нормалар шеңбері тарылады: мұны тұлғаға (меншікке, басқару тәртібіне т.б.) қарсы қылмыс деп айтуға болады.
Қылмысты саралау процесінің үшінші кезеңі, осы жағдайға қатысы бар барлық аралас құрамды топтарды анықтаудан тұрады. Егер де автокөлікпен қағып кету салдарынан милиция қызметкері қайтыс болса, онда осы қылмыстық іс кімнің қарамағында болса, сол адам «байқаусызда адам өліміне алып келген, жол қозғалысы ережесін бұзу», «адам өлтіру», «құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қастандық» тұрғысынан істің жағдайларын қарастыруға көңіл бөледі. Осы альтернативаға сәйкес жеткіліксіз белгілерді бекіту бойынша жоспарлау жүргізіледі.
Қылмысты саралау процесінің қорытынды, төртінші кезеңі- барлық объективті, субъективті белгілері бойынша істелген жағдайларға сәйкес келетін бір құрамды таңдау. Қылмысты саралау процесін осылай түсінумен қатар тағы басқа түсінік бар, мұнда осындай процесс кезеңдері құқық қолданушының ойшылдық-логикалық әрекетінің үдемелі дамуымен емес, қылмыстық сот ісінің кезеңдерімен байланыстырылады. Мұндай түсінік те құнды; ол қылмыстық іс жүргізу құқығы және қылмыстық процесс теориясы тұрғысынан осы тақырып бойынша білімдерді толықтырады.
Қылмыстық сот ісі қылмыстық істерді өршіту, тергеу, қарастыру, шешу бойынша соттың және прокуратураның, алдын-ала тергеудің, тергеу органдарының қылмыстық процесс заңы бойынша реттелген әрекеті болып табылады және оқшау кезеңдерден тұрады, олардың әрқайсысы қылмыстық сот ісінің жалпы міндетінен, әрбір кезеңде қылмыстық процесс әрекетінің қорытындысы жүргізілетін қылмыстық процесс актілерінің ерекшелігінен шығатын өзінің жеке міндеттерімен сипатталады.
Мынадай кезеңдерді ажыратуға болады:1) қылмыстық істі қозғау; 2) алдын-ала тергеу; 3) сот отырысын тағайындау; 4) сот ісін қарауды тағайындау; 5) екінші инстанция сотында қылмыстық іс бойынша туындау; 6) үкімнің орындалуы; 7) қылмыстық іс бойынша қадағалаушылық туындау; 8) жаңа және қайта пайда болған жағдайларға қатыстық іс бойынша туындау.
Қылмысты саралау тек үкімді орындау кезеңінде ғана жүзеге асырылмайды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес, қылмыстық істі өршітудің негізі- қылмыстың белгілерін көрсететін жеткілікті мәліметтердің бар болуы. Қылмыстық істі қозғау туралы тергеушінің, прокурордың үкімінде бұл белгілер Қылмыстық Кодекстің нақты нормасына сүйенуі керек. Ол- бастапқы қылмысты алдын-ала саралау болып табылады, оның салдарынан қылмыстық процесс басталады. Кейінгі кезеңдерде ол маңызды өзгерістерге ұшырауы мүмкін, бірақ та мұндай бастапқы саралаусыз қылмыстық істі қозғау мүмкін емес. Әрбір қайғылы уақиғада, сонымен қатар табиғи күштердің әсерімен, техногендік апатпен байланысты уақиғада «адамдық фактор» қаралуы тиіс, яғни жеке тұлғаның әрекеті қаралуы тиіс.
Тергеулік-прокурорлық практика көрсететіндей, қылмысты саралаудың бастапқы кезеңі уақиғаның сипатына байланысты ерекшеленеді. Егер, мысалы, оқпен жаралған дене табылса, яғни мұнда күштеп өлтірудің айқын белгілері бар, онда қылмыстың орын алғандығы туралы қорытынды шығару үшін жүз пайыздық негіз бар, бұл жерде тергеу нұсқаларының ішінде бірінші орынға- өлтіру нұсқасы шығады. Ал өрт немесе кеменің опат болу жағдайы әлдеқайда күрделірек, тергеуші тек саралау туралы ғана емес, сонымен қатар ең алдымен зардаптардың ауырлығынан шыға отырып, толық, дәл емес пайымдаулардың негізінде қылмыстық іс қозғау туралы да шешім қабылдауға тура келеді Алдын-ала тергеудің қорытынды қылмыстық істер жүргізу құжатында осы қылмыс үшін жауапкершілдікті қарастыратын Қылмыстық Кодекстің бөлімі, бабы, тармағы көрсетіліп тағылған айыптың тұжырымдалған ойы болу қажет. Бірақ бұл саралау да соңғы емес. Прокурор, айыптау қорытындысын бекіте отырып, айып көлемін немесе ауырлығы кемірек қылмыс туралы қылмыстық заң бойынша айыпталушы әрекеттерін саралауды өзгертуге құқығы бар. Айып тағылған қылмысты саралау сот отырысын тағайындау кезінде де, соттың істі қарауы кезінде де айыптау жағымен өзгертілуі мүмкін.
Сотпен айып тағылған қылмысты саралау процесі айыптау үкімінде өзінің қисынды қорытындысына жетеді: «әрбір айыпталушы оның кінәсі заң тәртібі бойынша дәлелденіп және заңдық күшіне енген сот үкімімен бекітілгенге дейін жазықсыз деп есептеледі.» Бірақ та бұл саралау да екінші инстанция (апелляциялық немесе кассациялық) сотымен күмән туғызуы мүмкін, мұнда заңдық күшіне енбеген үкімдер қайта қаралады немесе заңды күшіне енген үкімдерді қайта қарауға және төмен тұрған соттармен жіберілген қателіктерді түзетуге құқылы бақылаушы инстанция сотымен қаралады. Сонымен, жоғарыда тұрған сот инстанциялары немесе олардың өздері нақты жағдайға байланысты қылмыстық саралауды өзгертеді немесе қылмыстық іс жаңадан қаралуға жіберіледі. Осылайша, қылмыстық сот ісі кезеңдері бойынша қылмысты саралау процесі осы қылмыс туралы қылмыстық істің «биографиясы», тағдыры қаншалықты күрделі болса, ол да соншалықты күрделі
Қылмысты саралау процесі- құқық қолданушымен табылған жасалған әрекет белгілерінің Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің нормаларына немесе басқа белгілі бір нормаға сәйкестігі бекітілген қылмыстық іс жүргізу құжатымен(прокурор, тергеуші үкімімен, тергеу органының айыптау актісімен немесе тергеушінің айыптау қорытындысымен, сот үкімімен) нәтижеленеді.
Тергеулік және соттық қылмыстық іс жүргізу актілерінде қылмысты саралауда Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің нормаларына ғана сілтеуге болады. Бұған қылмыс сатыларына және қылмысқа бірге қатысу түрлеріне арналған баптар ғана қатысты емес. Бірақ бұл- Жалпы бөлімнің басқа нормалары да қылмысты саралауға қатыспайды дегенді білдірмейді. Біріншіден, қылмыстың жалпы түсінігінің өзі Қылмыстық Кодекстің Жалпы бөлімінде тұжырымдалған. Осыған байланысты теориялық құрылым бар, оған сәйкес «істелген іс-әрекетке қылмысты-құқықтық баға беру екі компоненттен тұрады: 1) қылмыстыны қылмыссыздан айыру; 2) қылмысты саралау». Осы ойды дамыта отырып, құқық қолданушы кейбір ерекше жағдайларда, осы әрекеттің қылмысқа жататындығын анықтаудан бұрын, оның құқық бұзушылыққа жататындығын және тек қана бейморальды әрекетке қатыстылығын анықтап алу қажет. Бұл тұрғыда қылмыстық-құқықтық саралау заңдық саралаудың жеке жағдайы ғана.
Қылмыстық Кодексте қарастырылған қандай да бір әрекеттің белгілері болса да, қоғамдық қауіптілігі жоқ, елеусіз, маңызы аз әрекет Қылмыстық Кодекс бойынша қылмыс болып табылмайды. Ауыртпалығы аз ғана әрекеттерді зерттеуде осыған жүгіну керек. Қылмысты саралауда Қылмыстық Кодекстің Жалпы бөлімінің нормаларын аяқталмаған қылмыстың сатысын (қылмысты іске асыруға дайындық және қылмысқа қастандық) және қылмысты бірге істеген адамның рөлін көрсетіп беру қажет болғанда қолдануға болады. Формальды түрде белгілі бір қылмыстың белгілері бар зерттеліп отырған әрекеттің қоғамдық қауіптілігі бар ма және әрекеттің қылмыстылдығын жоққа шығаратын жағдайлар бар ма (қажетті қорғану, қылмысты іске асырған адамды ұстауда зиян келтіру, аса қажеттілік, физикалық немесе психикалық мәжбүрлік, бұйрықты орындау) деген сұраққа жауап беруде ҚК-тің Жалпы бөлімінің нормаларын талдаудың шешуші маңызы бар. Ғылыми әдебиетте Жалпы бөлімнің кейбір басқа тарауларына сүйену мүмкін- деген сенімді ой айтылған. Мысалы, қылмысты саралауда дәл осы жағдайда қылмыс байқаусыз емес, қастықпен әдейі жасалғанын көрсету үшін Қылмыстық Кодекстің «Қасақана жасалған қылмыс» тармағына сүйенуге болады.
Құқық қолданушы (тергеу органы, тергеуші, прокурор, сот) қылмыстық сот ісінің қорытындысы бойынша адамды қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы шешімді Қылмыстық Кодекстің мынадай тармақтарына сүйене отырып қабылдайды: 1) қылмыстан өз еркімен бас тарту-ол қылмыстық нышандар құрамының жоқтығын білдіреді; 2)әрекетіне өкіну- қылмыстық қуғындауды тоқтатудың негізі ретінде тікелей қарастырылған; 3) екі жақтың татуласуы да қылмыстық қуғынды тоқтатудың негізі ретінде қылмыстық іс жүргізу заңымен қарастырылған; 4) кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану.
Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің кейбір тармақтарына ескерту ретінде қисынға келтірілген заңдық қағида негізінде айыпты адам босатылады. Мысалы, егер де мемлекеттік опасыздық жасаған адам билік органдарына уақытынан бұрын және оз еркімен хабарласып, Қазақстан Республикасының мүдделеріне нұқсан келтіруді алдын алуға көмектессе және оның әрекетінде басқа қылмыстық нышандар құрамы кездеспесе, онда ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Қылмыстық Кодекстің экстремистік қауымдастық құруға арналған қылмыстық жауапкершілік туралы тармақтарында да осындай ескертулер бар. Аталып өткен тармақтарға қосылған ескертулердің негізінде қылмыстық қуғынды тоқтата отырып, тергеуші, прокурор және сот ескертудің өзінен басқа қандай-да бір нормаға сілтеу мүмкіндігі жоқ және осы заңдық қағидалардың қылмыстық іс жүргізу аналогы жоқ.
3. Қылмысты саралаудың философиялық негіздері Қылмысты саралау негізінде жеке, нақты және абстракті, ерекше және жалпылама, абсолютті және салыстырмалы ақиқаттың философиялық категориялары жатыр. Жеке, ерекше, жалпылама философиялық категориялары дүниенің объективті байланыстарын және оларды тану сатыларын білдіреді. Адамның күнделікті практикалық әрекетінде түйіскен кез-келген объект оның алдында жеке категория ретінде шығады.
Кейін объектілер қатарында оларды белгілі бір класстар мен топтарға біріктіруге мүмкіндік беретін қайталанатын белгілері бар екендігі байқалады, олар әрбір жеке объектіге қатысты ерекше болып шығады. Басқа объектілер болса, олардың барлығына да тән белгілер табады- бұл жалпылама категория. Біздің тақырыптың мәнмәтінінде жеке философиялық категориясына нақты қылмыс түсінігі жауап береді: А. Б.-ға тиісті көлікті иелену мақсатында оған қарулы шабуыл жасады. Кез-келген жеке қылмыс сияқты оған тән белгілердің жиынтығымен сипатталады. Қылмыстық сот ісінде қылмысты зерттеу үшін осы барлық жиынтықтың ішінен заң нұсқайтындары ғана таңдап алынады.
Қылмыстық іс кезінде мыналар дәлелдеуге жатқызылады: 1. қылмыс оқиғасы (қылмысты іске асыру уақыты, орыны, тәсілі т.б. жағдайлар); 2. қылмысты іске асырудағы айыптылығы; 3. айыпталушының жеке тұлғалығын сипаттайтын жағдайлар; 4. қылмыстың келтірген зияны мен сипаты; 5. қылмыстылықты жоққа шығаратын жағдайлар; 6. жазаны жеңілдететін жағдайлар; 7. қылмыстық жауапкершіліктен босатуды тудыратын жағдайлар.
Қылмысты іске асыруға алып келген жағдайлар да ашылады. Әрбір қылмыстық іс бойынша дәлелденуге тиіс жағдайлар тізімінің қалай болғанда да қылмысты саралауға қатысы бар болады. Осылайша, қылмыстық құқық тұрғысынан қылмыс оқиғасы- қылмыстық нышандар құрамының объективті жағын және объектісін сипаттайтын белгілерден тұратын түсінік, ал қылмысты іске асырудағы адамның айыптылығы, оның кінәсінің формасы және себептері- бұл қылмыстық нышандар құрамының субъективті жағын сипаттайтын белгілерді бейнелейтін түсінік.
Нақты қылмыстық іс бойынша анықталған осы жағдайлар (нақты қылмыс туралы іс бойынша- ұқсас түсінік) олардың қандай жеке құбылыстарда қайталанатынын анықтауда негізге алынады. Егер А. Кешкі уақытта, алдын ала пышақпен қаруланып, қаруымен қорқытып Б.-ға шабуыл жасап, жәбірленушінің автокөлігін иеленіп, қылмыс орын алған жерден жасырынғандығы тергеумен дәлелденген болса, ал басқа бір жағдайда В. тапа-тал түсте тапаншамен қорқыта отырып Г.-ға шабуыл жасағаны және жәбірленушіден аса көп мөлшерде қаражат тартып алғандығы бекітілсе, онда екі жағдайда да А. және В. қайталанатын заңдық маңызды белгілері бар қарулы, күш көрсету қауіпі бар, жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті, оның иелігін ұрлау мақсатындағы әрекет. Қылмыстық заңда мұндай белгілері бар әрекеттер ерекше ауыр жағдайларда жасалған тонаушылық деп аталады.
Философиялық тұрғыдан екі нақты қылмысқа қатысты бұл түсінік жекеге ерекшелік ретінде, ал екі категорияның өзара қатынасын анықтауды және оның нәтижелерін бейнелейтін логикалық процесс- бірінші жағдайда А.-мен, екіншісінде В.- мен жасалған қылмысты саралау. Мұндай көзқараста жалпылама философиялық категориясы қылмыс түсінігімен теңестіріледі: Қылмыстық Кодекспен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекетті жасау болып табылады.
Қылмысты саралаудың философиялық аспектісі қылмыстық құқық тұрғысынан қылмысты бағалау ақиқат болғандығын талап етуде көрінеді, ал ақиқаттың философиялық категориясы, критериі практика болып табылатын шындықты ойда дұрыс бейнелеуді білдіреді. Қылмысты саралау, егер де ол ақиқат болса, қылмыстық іс бойынша сот төрелігінің міндеттеріне жауап береді, яғни құқық қолданушының түсініктері мен қорытындылары объективті шындықты дәлме дәл бейнелеген жағдайда. Бұл түсініктер мен қорытындылар:
а) дәл осы жағдайда қолданылуы тиіс қылмыстық құқық нормаларының мазмұнына;
б) осы жағдайлар мен қылмысты-құқықтық норма арасындағы байланыстың сипатына қатысты. Егер заңгер қылмысты-құқықтық норманың мазмұны туралы және айыптыға тағылған әрекет пен осы норма арасындағы байланыс туралы дұрыс түсінік құрса, онда қылмысты саралау нәтижесінде объективті ақиқат орнатылды деуге болады, ал егер олай болмаса, онда саралаудың жалған болғандығы.
Қылмыстық іс бойынша дәлелдеудегі объективті ақиқат туралы сұрақ біздің қылмысты саралау туралы тақырыбымыздың шеңберінен тыс қалып қойды. Бұл сұрақ- қылмыстық процесс теориясының ең күрделі сұрақтарының бірі. Барлық күмән айыпталушының пайдасына қарай талқыланады деген ережеге сәйкес, қылмыстық істің анық емес, дәйексіз жағдайлары алынып тасталады және қылмысты –құқықтық бағалауға жатпайды, ал саралау процесіне бар болуы күмән тудырмайтын процесстер ғана енгізіледі. Егер де сараптамалық қорытындыға сәйкес құпия түрде ұрланған заттың құны 900 мың рубльден кем емес және 1 млн.тенгеден көп емес болса, білікті заңгер бұл істі ірі ақша көлемінде емес, тек қана едәуір маңызы бар көлемдегі ұрлық деп саралайды, себебі бұл заттың 1млн тг тұратын құны (ірі өлшем) күмәнді, «екі мың бес жүз рубльден кем болмайтын» жәбірленушіге келтірілген нұқсан күмән тудырмайды.