Олардың мөлшері атмосфераның ауасының мөлшерінен өзгешеленеді. Ремезовтың зерттеулер нәтижесінде ауаның мөлшерін проценттік көлемін ұсынған:
ГАЗ
АТМОСФЕРА АУАСЫ%
ТОПЫРАҚ АУАСЫ%
Азот
78
78-80
Оттегі
21
0,1-20
Көмірқышқыл газы
0,03
0,1-15
Атмосфера ауасының құрамы тұрақты ал, топырақ ауасының құрамы үздіксіз өзгереді. Әртүрлі климат зоналарында әртүрлі топырақтарда әртүрлі өсімдіктер өсетін топырақтарда топырақ ауасы әртүрлі құрады болады. Топырақ ауасында азоттың мөлшері аз өзгешеленеді, ол оттегі мен СО2 көп өзгешеленеді. Топырақ ауасында атмосфералық ауамен салыстырғанда оттегі мөлшері аз болады, СО2 мөлшері көп болады. Мұндай өзгерістердің негізгі себебі болып топырақта жүретін биологиялық процестер саналады.