3. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕГІ РОЛІ
Курстың мақсаты: Әдебиеттi оқыту әдiстемесi пәнiнiң мақсаты болашақ мұғалiмдердi өз кәсiбiнiң сырларын терең меңгерген, шәкiрттерге бiлiм берiп, тәрбиелеуге әзiр, көркем шығарманы талдау бiлiмiн терең меңгерiп, оны оқушыларға түсiндiре алатындай етiп дайындау. Әдебиетттi оқытуда мұғалiм жұмысының әдiстерi мен тәсiлдерiн принциптiк жолмен негiздеп беру - әдебиетттi оқыту әдiстемесiнiң негiзгi мiндетi болып табылады.
Студенттер әдебиеттi оқыту әдiстемесiнiң ғылыми пән екендiгiн, оның басқа ғылым салаларымен байланысын, әдебиеттi оқытуда қолданылатын әдiс-тәсiлдердi, әдiстеменiң зерттеу әдiстерiн, көркем шығарманы талдау, ауызша, жазбаша тiл дамытуға төселдiру амалдарын жалпы меңгерген теориялық және тарихи - әдеби бiлiмдерiн, оқу дағдыларын өздерiнiң мұғалiмдiк қызметiнде дұрыс пайдалана бiлуге үйренедi.