Лекция: 0 Семинар: СӨЖ: 97 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылау (АБ): 60


- лекция. Тақырыбы: Шолу тақырыптарын оқыту



бет46/75
Дата24.04.2022
өлшемі1,07 Mb.
#140636
түріЛекция
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   75
Байланысты:
Abenova.KazAd

22- лекция. Тақырыбы: Шолу тақырыптарын оқыту


Жоспары:

  1. 9-11 сыныптарда шолу тақырыптарын ұйымдастыру жолдары.

  2. XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ әдебиеті.



Лекция мақсаты: 9-11 сыныптарда шолу тақырыптарын ұйымдастыру жолдары жайлы мәліметтер қарастыру. XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ әдебиеті және алатын орны.


Лекция мәтіні: Шолу тақырыптары 9-11 сыныптар бойынша беріледі.
Бағдарламада берілетін сағат санының аздығы, бірақ шолулардың ауқымдылығы, маңызы оны оқытудың өзіндік күрделілігін көрсетеді. Шолуларда ең алдымен тарихи-саяси мәселелер, қоғам дамуының жалпы сипаты беріледі, ары қарай мәдениет, әдебиет, өнерге олардың әсері сөз етіледі. Әдеби бағыттар, жанрлар, ағымдар туралы айта отырып, ақын-жазушылар шығармашылығы (сол кезеңдегі), олардың негізгі жетістіктері әңгімеленеді. Қай ақын-жазушы болмасын, ол - өз дәуірі, өз қоғамының бел баласы, соның өкілі. Олардың еңбектері, өздері өмір сүріп отырған қоғамды, оның тыныс-тіршілігін, бейнесін сөз өнерімен берулері, сол кезеңге байланысты әдебиетке қосқан үлесі шолу түрінде беріледі.
Шолу тақырыбында қамтылатын материал ауқымы кең де, керісінше, оны өтуге бөлінген уақыт тапшы. Әдебиетті оқытуда шолу тақырыптарының бір маңызы сол, ол бүкіл бір кезең әдебиеті туралы оқушыларға алдын ала хабар береді, жан-жақты түсінік жасайды.
Осы мол да маңызды материалдарды мұғалім іріктеп, саралап, ең негізгі, ең маңызды мәселелердің дәнін, түйінін бөліп ала білу керек. Сабақ алдында «Бүгінгі сабақтың ең маңызды мәнді мәселелері», «Нені міндетті түрде білу керек?» деген кесте-плакатты пайдалануға болады.
Үлгі:
19 ғасырдың 2 жартысындағы қазақ әдебиеті
Бүгінгі сабақтың ең негізгі, мәнді мәселелері – сол кезеңдегі тарихи-әлеуметтік жағдайлар.
а) Кең-байтақ қазақ өлкесі Ресей империясының құрамында, Қазақстан Ресейге өз еркімен қосылды ма? Соңғы кездегі тарихи шындықтар туралы жаңалықтар;
ә) Әлеуметтік, мәдени, әдеби байланыстар, оның прогрессивтік маңызы;
б) Әдебиетте ағартушылық, демократтық, гуманистік, азаматтық бағыттың өрістеуі. Реализм әдісінің, сыншыл реализмнің қалыптасуы. Өрлеу дәуірінің басталуы (әдебиетте).
Ғылымның, педагогиканың, мәдениеттің өрістеуі, олардың ірі өкілдері:
а) Ш. Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы, қазақтың төл ғылымының негізін салушы, этнограф, тарихшы, тілші, әдебиетші, фольклорист, суретші, заңгер, географ, саяхатшы, ағартушы, демократ;
ә) Ы. Алтынсарин – қазақ педагогі, жаңаша оқыту саласының негізін салушы. Жазушы, ақын, аудармашы, балалар әдебиетінің атасы, ұлы гуманист, демократ-ағартушы;
б) А. Құнанбаев – қазақтың классикалық әдебиетінің шұғылалы шыңы, көркем, жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін салушы, Батыс, Шығыс, орыс әдебиеті, мәдениетін халқына таратушы, ойшыл-философ, ғажап аудармашы, қазақ әдебиетіне түбірімен өзгеріс әкелген жаңашыл ақын, сыншыл реализм әдісінің негізін салушы, гуманист, демократ-ағартушы.
Халық ақындары: Шортанбай, Мұрат, Кердері шығармашылықтары:
а) халықты қанаушылар, байлықтың құлдарын өлтіре сынаулары;
ә) патшаның отарлау саясатына қарсы ұлтжанды үндері, Ресейге қосылудың шынайы, көлеңкелі жақтарын ашына жырлауы;
б) осы ақындар туралы әр түрлі пікірлер. Соңғы кездегі тарихи шындыққа негізделген бағалар, ойлар.
Абайдың ақындық мектебінің қанат жаюы (Ақылбай, Мағауия, Әсет ақындар туралы).

  • Әнші, ақын композиторлардың бір тобы. ән өнері, музыка мәдениетінің дамуы. Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса шығармашылығы.

  • Әдеби бағыт, реализм, сыншыл реализмнің көркем әдебиет әдісі ретінде дамуы. Реализмнің сыншылдық, ағартушылық, гуманистік, азаматтық сипаттары. Прогрессивтік романтизмнің де бой көрсетуі, оның маңызы.

Тақырыптың түйіні жазылған бұл кестені үлестірме-нұсқау ретінде балалардың алдына беру тиімді болмақ, себебі, үйде дайындау кезінде де пайдалануларына қолайлы келеді.
2.Шолу тақырыптарын өтуде көрнекіліктің маңызы. Мысалы, осы «19 ғасырдың 2 жартысындағы әдебиетті» өтуде Абай, Шоқан, Ыбырай туралы көрме-витрина, олар туралы ұлылардың бағалары, пікірлері жазылған кесте-плакаттар, альбомдар, карта-сызба, көркем туындылар (Абай, Шоқан, Ыбырай туралы жазылған), оқу фильмдерін орынды пайдалану оқушылардың қызығушылығын арттырады, көлемді тақырыптардан жалығып кетуден сақтандырады.
Міне, осылайша оқушылардың қызығушылығын арттырып, алғашқы мәліметтерді сөзбен емес, осы көрнекіліктермен беруге болады.
Хронологиялық кесте жасап, басты-басты мәселелерді топтап, жинақтап, оқушылардың көз алдына қою да тиімді.
Шолуларды өтуде оқушылардың өзіндік жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Мұғалім көмегімен олар әр түрлі тақырыптарға шағын хабарламалар әзірлейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет