3.Эконометрикалық модельдеу этаптары
Эконометрикалық модельдеу 6 этаптан тұрады.
Мәселе қою этапы. Бұл этапта зерттеу мақсаты, модельдің экономикалық айнымалылар жиынын анықтау жүргізіледі. Мақсат ретінде зерттелетін экономикалық объекттің анализі, экономикалық көрсеткіштерін болжау, экзогенді айнымалылардың әртүрлі мәндерінде объекттің даму имитациясы, басқару шешімдерін қабылдау алынады. Экономикалық айнымалыларды таңдағанда кез-келген айнымалыны теориялық түрде түсіндіру керек.
Априорлы. Зерттелетін объекттің негізін талдау, априорлы(модельдеуден бұрын белгілі болған) ақпаратты қалыптастыру және формализациялау.
Параметрлеу этапы. Модельдеудің өзі іске асырылады. Яғни модельдің жалпы түрін таңдау. Бұл этапта пайда болатын негізгі мәселелер: бақыланған қатынастарды математикалық формада өрнектеу, эндогенді және экзогенді айнымалыларды анықтау, алғашқы шарттарды және шектерді тұжырымдау.
Ақпаратты. Керекті статистикалық ақпаратты жинақтау.
Идентификациялау этапы. Модельді статистикалық талдау және параметрлерін бағалау.
Верификациялау этапы. Модельдің нақтылығы, адекваттылығы тексеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |