Лекция №1. Әскери құрылым жүйесіндегі әскери-инженерлік дайындық Сұрақтар


Болашаққа қадам жасау: бомбаларды лазермен іздейтін болады



бет9/33
Дата12.11.2022
өлшемі305 Kb.
#157846
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33
Байланысты:
Далалык фортификациялық құрылымдар

Болашаққа қадам жасау: бомбаларды лазермен іздейтін болады. Принстон университетінің ғалымдары, ауада химиялық заттардың ең ұсақ қосындыларын сезетін және жасырылған жарылғыш құрылғылардың болу мүмкіндігін анықтайтын, лазерлік құрылғыны жобалап жатқандары туралы мәлімдеді. Жобаланған технология тек әскери және лаңкестікке қарсы күрес мақсаттары үшін ғана емес, қоршаған ортаның қауіпсіз заттармен ластанғанын анықтау және қашықтықтан мониторинг жасау үшін пайдалана алады.«Біз лазерлік сәулені жібереміз де, қайырмалы импульсті аламыз, - дейді механикалық және аэроғарыштық инженерияның профессоры Ричард Майлс (Richard Miles). – Қайырмалы сәуле ауада молекулармен өзара ықпалдасып оның құрамы туралы мәліметті әкеледі».Бүгінде қолданысқа енгізілген, қашықтықта зондпен тексерудің замануи лазерлік жүйелері жаңадан ұсынылған түрінен біраз ерекшеленеді. Ескі нұсқасында жарықтың қайырмалы сәулесі шығыс түйіннің шағылысуы ретінде шығады, Майерс жүйесі абсолютті жаңа қайырмалы лазерлік сәулені қалыптастырады. Ол оттегінің атомдарымен өнделеді, оның электрондары жоғары энергиялық лазерлік сәуленің ықпалымен қоздырылады. Ауаның шағын көлемінде бір орынға жинастырылатын, ультрафиолеттік лазерлік ипмульстің қолдануы оттегі атомдарының электрондарын энергияның одан да жоғары деңгейіне апарып қоюға мүмкіндік береді, бұның нәтижесінде, зондпен тексеру құралынан шығатын сәуле бағытына қарсы орналасқан, когеренттік лазерлік сәуле қалыптасады.«Егер де сіз ауада зиянды заттардың бар немесе жоқ екендігін анықтағыңыз келсе, сіз, қызығушылық тудыратын нысанда ауа сынамасын жинап алып, оны зерттеуіңіз қажет, - дейді Ричард Майлс. – Біздің құрылғы көмегімен қашықтықтан зондпен тексеру әдісі, потенциалды қауіпті затқа жақындау қажеттілігінен босатады. Оған сәулені жіберсеңіз – жеткілікті, қауіпсіз қашықтықтан белгілі бір заттардың бар немесе жоқ екендігін біле аласыз».Қашықтықтан жарылғыш заттарды анықтайтын қолданыстағы замануи технологиялар әлі шикілеу болып табылады, аяғына дейін ойластырылмаған. Тек жолда жатқан бомбаларды анықтайтын жүйелер ғана табысты пайдаланады. Бірақ, іс жүзінде оның принципі жерге көмілген нысандарды радардың көмегімен іздестіру әдісін қарастырады немесе бомбаның қойылғанын анықтау үшін белгілі бір төңіректің суретін үнемі түрде салыстырып тұру керек.Ауа құрамын қашықтықтан анықтау әдісі әскерлердің қаупсіздігін қамтамасыз етеді және төңіректің миналауын қиындатады. Атап өту жөн, лазерлік тексеру әдісінің ерекшелігі - оның тек әскери мақсаттарында пайдалануы ғана емес. Ұқсас аппарат НАСА-ның Curiosity жаңа марс бетінде жүруші құралы пайдаланатын болады. ChemCam құралы, 7 м қашықтықтан шағын телімдерді буландырып, мысалы, тауларды және спектрометрдің көмегімен оның құрамын белгілейтін, лазермен жарақталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет