Лекция №1 Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері Лекция жоспары


Әлеуметтену контекстіндегі тәрбие



бет28/106
Дата10.03.2023
өлшемі220,22 Kb.
#171834
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   106
Байланысты:
Лекция №1 Педагогиканы теориялы - діснамалы негіздері Лекция ж

5. Әлеуметтену контекстіндегі тәрбие.

Әрбір дүниеге келген адам қоғамның бір мүшесіне айналады және әлеуметтенуге тартылады, яғни тұлғаның қалыптасуы қоғамның талаптарын біртіндеп қабылдауынан, қоғамдық сана мен мінез құлықтың қалыптасуынан тұрады және ол қоғаммен өзара қатынасты реттейді. Әлеуметтену үрдісі жанұяда, мектепте, жұмыста жүзеге асады. Сонымен қатар БАҚ-та әлеуметтенудің күшті құралы болып табылады. Әлеуметтену үрдісіне адамның әлеуметтік тәжірибесін ұрпаққа жалғастыру енеді. Тұлғаның әлеуметтенуі еңбекпен, қоғамдық –саяси және адамның танымдық әрекетіне тығыз байланысты болып келеді.
Алғашқы әлеуметтену институты мен агентіне адамның жақын ортасы жатады, тұлғасының қалыптасуына күшті және маңызды әсер етеді, олар жанұя, достар, мұғалімдер.
Әлеуметтенудің екінші агенттеріне оқу орнының әкімшілігі, өндіріс орындары, полиция, әскер, мешіттер, мемлекет, БАҚ қызметкерлері жатады.
Алғашқы әлеуметтену үрдісі – тұлғаралық қатынастар сферасы, екінші үрдіс - әлеуметтік қатынастар сферасы болып табылады.
Біріншіден, әрбір іс - әрекет түрлері мен оның әртүрінің арасындағы байланыстар жүйесінде бағдарлану. Ол әрбір жеке тұлға үшін маңызды іс -әрекет аспектілерін айқындаумен қатар, оны игеру арқылы іске асырылады, немесе мұндай бағдарлануды – іс - әрекеттің жеке тұлғалық атауы деп атауға болар еді.
Екінші – қарым – қатынас сферасыда іс - әрекетпен тығыз байланысты болғандықтан, оны кеңею және тереңдету бағытында қарастырады. Қарым – қатынастың кеңеюін, адамның басқалармен контактілерінің көбеюі, әрбір жас кезеңінде осы контактілер ерекшеліктері тұрғысынан түсіну қажет. Қарым – қатынастың тереңдеуін, ең алдымен монологтық қарым – қатынастан диалогтыққа көшу, партнерге бағытталуы, оны неғұрлым дәл қабылдауымен байланысты. Эксперименттік зерттеулердің міндеттері: біріншіден, қарым –қатынас байланыстарының көбеюі қандай жағдайларда және қалай іске асырылатынын, екіншіден, жеке адам осындай процесте қандай нәтижеге жететінін анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет