Лекция №1 Пәнге кіріспе


ЭКСПО-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңызы. «Нұрлы Жол»



бет48/76
Дата01.05.2022
өлшемі472,51 Kb.
#141659
түріЛекция
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   76
Байланысты:
Лекция №1 П нге кіріспе

3. ЭКСПО-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңызы. «Нұрлы Жол».
Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқысы бола білді.
Елбасы Н.Назарбаевқа 2008 жылы Сарагоса испан қаласындағы көрмені тамашалағанда елімізде ЭКСПО -2017 халықаралық көрмесін өткізу ой келді. 2010 жылы президент шақыруымен астанамызға Халықаралық көрме бюросының бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес келді. 2011 жылы біздің ел көрме өткізуге өтініш білдіріп береді. Бізбен бірге бельгиялық Льеж қаласы, канадалық Эдмантон қаласы және франциялық Лилль қаласы да өтініш береді. Соңғы екі қала кейін бас тартты да бельгиялықтармен ғана бәсекеге түстік. Бельгиялықтардың көптеген артықшылықтары болды. Олардың мықты дипломатиясы, түрлі көрмелер мен форум,симпозиумдар өткізуде тәжірибесі де мол. Бельгия көптеген еуропалық мемлекеттермен ұзақ мерзімді қарым-қатынастарды орнатқан ел еді. 2012 жылы ЭКСПО халықаралық симпозиуымда Қазақстан өз жетістіктерін көрсете білді. Қазақстан экономикасы мықты дамыған және бейбітшілік мемлекет ретінде өзін танытты. 2010 жылы Қазақстан ЕЫҚҰ-ға төрағалық етуі еліміздің әлемдегі абыройы мен орнын жоғарлатты. 2012 жылы 22 қараша күні Парижде ЭКСПО штаб-квартирасында жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Қазақстанды 103 мүше қолдады.
2017 жылы жазда ЭКСПО-2017 көрмесінде Астанада барлық қатысушы мемлекеттер инновациялық, технологиялық, ғылыми және мәдени жетістіктерін көрсетті. Қазақстан ТМД кеңістігінде ЭКСПО көрмесін өткізетін ең алғашқы мемлекет болды. Бұл кездейсоқ таңдау емес. Қазақстан және оның елордасы Астананы бүкіл әлем мойындады. Қазақстан Республикасы Президентінің әлемде абыройы өте жоғары.
Біздің еліміз адамзаттың «Болашақ энергиясы» ең өзекті мәселелерінің біріне шешімдер ұсына алды. ЭКСПО-2017 көрмесіне 3 айдың ішінде 4 млн адам келіп тамашалаған. Бұл өз кезегінде Қазақстанның беделін жоғарылатты. Қазақстан энергетика саласында жаңа технологияларға қол жеткізді. Қазақстан әлемге танымал болғаны да маңызды. Елімізге жаңа инвестициялар, бүкіл әлемнің шағын және орта бизнесі тартылды. ЭКСПО-2017 келешекте бүкіләлемдік іс-шаралар өткізуге мүмкіндігі бар қуатты алаңға айналды. Көрменің өткізілуі дағдарысқа қарсы ірі жоба болғаны да маңызын арта түсіреді. ЭКСПО-2017 елімізге отандық кәсіпорындарды қолдау, жаңа жұмыс орындар ашу, мемлекеттік бюджетке қосымша кірістер әкелуге мүмкіндіктер ашты.
Көрме кешенінің жалпы аумағы – 174 гектар құрайды. Көрме алаңы 25 гектар. ЭКСПО жаңа автовокзалдан 5 шақырым, аэропорттан 2 шақырым жерде орналасқан. Ең орталық нысан - «Нұр Әлем» сфералық павильоны. Әлемдегі ең үлкен сфералық құрылыстың диаметрі 80 метр құрайды. Құрылыстың қасбеті күн энергиясын электр қуатына түрлендіретін элементтер біріктіріліп, көрме тақырыбына сәйкестендірілген. Сфераның жоғары жағында жел және су энергиясын алу технологиялық генераторлар ойластырылған. Туристер үшін Казақстан және Астана туралы арнайы сайт ашылды. Көрме аясында ғаламат шоу, театр қойылымдары, цирк өнері концерттік мәдени шаралар өткізілді. Қала көшелеріне көптеген видеокамералар орнату арқылы қылмыс деңгейін төмендетуге айтарлықтай көмегі болды. «Ақылды аялдама» кешенді жүйе жолаушыларды жедел ақпаратпен қамтамасыз етіп, кызмет көрсетудің сапасын арттырды. Арнайы жасалған бағдарламалық жоба арқасында мәліметтер сарапталып, әрбір 10 секундта жаңартылып отырады. Қала көшелерінде кептелістер мәселесін навигация жүйесін кеңінен енгізумен, қоғамдық көліктік қиылыстарда бағдаршамдарды реттеу арқылы өткізгіштік қабілеті арта түседі. «Болашақ мектептері» жобасы ата-аналарға үйден шықпай балаларының сабақтарға қатысуын және үлгерімін қадағалап отыруға мүмкіндік берді.
«ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу Қазақстан үшін халықаралық деңгейде алға жылжуында үлкен қадам болды. EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге ниетті Қазақстан әлемдік қауымдастыққа «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынғаны белгілі. Қалай дегенде де, EXPO сияқты халықаралық көрмелерге қатысу қай елдің болса да әлеуетін дүниежүзіне паш етуге берілген тамаша мүмкіндік деуге болады. Оның үстіне, әлем алдында өзіңнің даму деңгейіңді іс жүзінде дәлелдей отырып, шараны жоғары жауапкершілікпен өткізу – өте зор құрмет. Өйткені елдерді достастыру, ауызбірлікке шақыру, инфрақұрылымдарды лайықты деңгейде дамыту – жоғары дәрежеде өтетін кез келген іс-шараның мақтанышы.
11 қараша 2014 жылы Елбасы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы экономикалық дағдарысты алдын алып, ел экономикасы өсімнің іске асыруға бағытталған. Әлемдік экономиканың жаңа қауіптері тұрғысынан Қазақстанның экономикалық саясатын қайта бағдарлау қажеттіліген туындаған бағдарламаның өзектілігін ҚР Президенті Н.Назарбаев былай түсіндіреді: «Бүгінде бүкіл әлем жаңа сындармен және қателермен бетпе-бет келіп отыр. Әлемдік экономика әлі де жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс салдарынан айыға қойған жоқ. Қалпына келу өте баяу және сенімсіз қадамдармен жүруде, ал кейбір жерлерде әлі де құлдырау жалғасуда. Геосаяси дағдарыс пен жетекші державалардың санкциялық саясаты әлемдік экономиканы қалпына келтіруде қосымша кедергілер туындатуда».
Сондай-ақ Елбасы бізді таяу болашақта күтіп тұрған қиын жылдар туралы да ескертеді: «Мен өзімнің тәжірибемнен алдына ала сезіп отырғанымдай, таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Әлемнің бүкіл архитектурасы өзгереді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады. Қазақстан, әлемдік экономиканың бір бөлшегі және геосаяси қысымның эпицентріне тікелей жақын орналасқан ел ретінде, барлық осы үдерістердің теріс ықпалына тап келеді. Нәтижесінде не болып жатқанын біз көріп отырмыз: әлемдің нарықтарда баға құлдырауда және тұтастай алғанда, экономикалық өсім баяулауда.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев бірыңғай нарықты қалыптастыруға бағытталған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатты жариялады. Шағын және орта бизнесті, ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге Ұлттық қордан 100 миллиард теңге қаражат бөлінді. Банк секторын сауықтыру және «жаман» несиелерді сатып алу үшін 250 миллиард тенге көлемінде жіберілді. 81 миллиард тенге «құрғақ порттың» бірінші кешені құрылысын аяқтауға, «Қорғас-Шығыс қақпасы» және Атырау мен Таразда «Ұлттық индустриялық мұнай химиясы технопаркі» арнайы экономикалық аймақтары инфрақұрылымдарына жұмсауға жоспарланды. ЭКСПО-2017 кешені құрылысын жалғастыруды несиелеу үшін 40 миллиард тенге бөлуге тапсырылды.
Инфрақұрылымды дамытуда жаңа әдістер тандалып, Елбасы Астанадан барлық бағыттарда сәуле қағидаты бойынша тиімді тасжолдар, теміржолдар, әуе жолдар құрылысын жақсарту жұмыстарын тапсырды: «Инфрақұрылымдық қанқа Астанамен және макроөңірлерді магистральды автомобиль, теміржол және әуе жолдарымен шұғыла қағидаты бойынша өзара байланыстырады. Бірінші кезекте, негізгі автожолдар жобасын жүзеге асыру қажет. Бұлар Батыс Қытай –Батыс Еуропа; Астана-Алматы; Астана-Өскемен; Астана-Ақтөбе-Атырау; Алматы-Өскемен; Қарағанды – Жезқазған-Қызылорда; Атырау-Астрахань.
Ұлт көшбасшысы «Екібастұз –Семей – Өскемен» және «Семей – Ақтоғай – Талдықорған – Алматы» бағыттарында жоғары кернеулі желілер салуға тапсырма берді. Президент айтқандай «бұл қазақстандық электрстансаларының елдің барлық өңірлерін теңдестірілген энергиямен қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді».
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, сумен және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту жоспарланды. Сондай-ақ жаңғыртуға шетелдік инвестициялар мен банктер тартылуын ұсынылды.
Елбасы әлеуметтік жалдамалы баспана салуды ұсынып, тұрғындарға сатып алу құқығын беру мүмкіндігімен қолжетімді ету үшін қосымша 180 миллиард тенге бөлуді қарастыруға тапсырды.
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасы тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің негіздерін одан әрі нығайтуда маңызы зор болды. Жаһандық дағдарыс жағдайында, әлемдік державалардың өзара санкцияларын күшейту, көптеген елдердің ұлттық валюталарының құнсыздануы осы бағдарлама жылдам шешім қабылдауды талап ететін мәселелерді айқындап берді. Елдің инфрақұрылымын нығайту, әсіресе, ЭКСПО-2017 қарсыңында шетелдік инвестицияларды тартуға және туризмді дамытуға мүмкіндік берді. Әлеуметтік мәселелер шешуі, соның ішінде тұрғын үймен қамтамасыз ету, азаматтардың жағдайын айтарлықтай жақсартты. Осыдан 90 жыл бұрын Америка Құрама Штаттары «Ұлы депрессия» жылдары дәл осындай іс-қимылдарды қабылдады да, елдің дағдарыс жағдайынан шығып, одан әрі прогрессивті дамуын қамтамасыз етті.
Ұлт Көшбасшысы айтқандай: «Нұрлы жол» Жаңа Экономикалық Саясаты біздің экономикамыздың таяу жылдардағы өсімнің драйвері болады».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет