Лекция №1 Пәнге кіріспе


Ішкі көші-қон ерекшеліктері



бет58/76
Дата01.05.2022
өлшемі472,51 Kb.
#141659
түріЛекция
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   76
Байланысты:
Лекция №1 П нге кіріспе

Ішкі көші-қон ерекшеліктері. Тәуелсіздік жылдары ішкі көші-қонның негізгі бөлігі ауылдық жерлерден ірі қалаларға қарқынды көшумен жалғасты. Еңбек мигранттардың едәуір бөлігін қазақ жастары құрады. 1994 жылдан 1998 жылға дейін ауыл округтер саны 2522–ден 2042-ге қысқарды. Ұжымшарлар мен кеншарлар таратылды, ауыл инфраструктурасы өзгеріске ұшырады. Жұмыссыздық күшейе түсті.
Экономикалық дағдарыс нәтижесінде қалалардың пайда болып, өсіп дамуына жол ашқан завод, фабрикалар тоқтап калды. 1989-1999 жылдары осындай қалаларда тұрғындардың саны азая бастады. Мысалы, Лениногорск – 13,7 мың, Зыряновск – 18,4 мың, Арқалық – 20,3 мың, Шахтинск – 41,8 мың адамға қысқарды.
Осы кездері халқымыздың демографиялық және әлеуметтік дамуы ірі бетбұрыстар мен күрделі өзгерістерге ұшырады. Қазақстан үкіметі 2008 жылы 2 желтоқсанда көші-қонды басқару жөніндегі «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасын бекітті.
1991 жылдан бастап миграцияда жаңа құбылыс ТМД елдерінен және алыс шетелдерден қазақ ұлты өкілдерінің келе бастағаны көрініс берді. 1991-1992 жылдары Моңғолиядан – 41 мың қазақ келді. 1993 жылы алыс шетелдерден 23 мыңнан аса қазақ келген. Ресейден, Прибалтикадан, Украинадан, Закавказьеден, Тәжікстаннан 50 мыңға жуық қазақ елге оралды. 1991-1995-жылдардың арасында республикадан кеткендердің саны келгендерден 1 млн.-ға жуық және жыл сайын өсіп отырды. Осы жылдары Қазақсанға көшіп келгендердің саны 2240,8 мың адам болса, кеткендері 32210,3-тен асып кетті. Кетушілердің ұлттық-этникалық құрамы жағынан көбі орыстар – 52,3%, украиндар – 7,2%, белорусьтар – 1,4 %. Алыс шетелге кетушілердің құрамында немістер – 78%, орыстар – 13%, украиндар – 3%, еврейлер мен гректер – әрқайсысы – 1%-дан.
Осындай миграциялық процестердің нәтижесінде республиканың ұлттық құрамында өзгерістер жүрді. Олардың ең бастысы - өзінің Отанында, туған жерінде жарты ғасырдай азшылыққа айналып, талай демографиялық апаттарды басынан кешірген қазақтар көп ұлтты халықтың енді басым көпшілігіне айналды. 2002 жылдың 1 желтоқсанындағы еліміздегі халық саны алдын - ала деректер бойынша – 14830 мың адамды құрады, соның ішінде 8376,5 мыңы (56,5%) – қалалықтар және 6453,5 мыңы (43,5%) – ауыл тұрғындары. 2002 жылғы қаңтар-желтоқсанда республикадан тыс жерлерге 113,6 мың адам көшкен, соның ішінде 80,4 мыңы – ТМД елдеріне, 33,2 мыңы – ТМД елдерінен тыс жерлерге көшкен. 2002 жылғы қаңтар-желтоқсанда республикаға көшіп келгендер саны 53,8 мың адам болды.
2008 жылдың 11 айында Қазақстанға белгіленген тәртіппен шет мемлекеттерден 1 264 546, соның ішінде ТМД елдерінен 1 137 214 азамат келген және тіркелген. Олардың белгіленген келу ережесін бұзғаны үшін 121 мыңнан астамы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың негізгі бөлігін еңбек мигранттары құрайды.
Халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстан халқының саны 2009 жылғы ақпанның 24-нен 25-не қарағандағы түнгі сағат 24:00-де 16004,8 мың адамды құрады. Сөйтіп, 1999 жылғы санақпен салыстырғанда халық санының өсімі 6,8%-ды құрап, республика халқының саны – 1022,9 мың адамға өскен. Қала халқының саны 8639,1 мың, ауыл халқы 7365,7 мың адамға сәйкес келген. Атап айтқанда, қала халқы 2,3%-ға, ауыл халқы 12,7%-ға көбейген. Ерлер саны 7722,8 мың, әйелдер саны 8282,0 мың адамға жеткен. Он жыл бұрынғы санақпен салыстырғанда ерлер саны 507,1 мың, әйелдер саны 515,8 мың адамға өскен. 1999 жылғы халық санағы бойынша әрбір 1000 әйелге 929 ер адамнан келсе, 2009 жылғы санақ бойынша ол 932-ні көрсетті. Қазақтар саны өткен санақпен салыстырғанда 26,1%-ға өсіп, 10098,6 мың адамды құрады. 2002 жылдың 1 желтоқсанындағы еліміздегі халық саны алдын - ала деректер бойынша – 14830 мың адамды құрады, соның ішінде 8376,5 мыңы (56,5%) – қалалықтар және 6453,5 мыңы (43,5%) – ауыл тұрғындары. 2002 жылғы қаңтар-желтоқсанда республикадан тыс жерлерге 113,6 мың адам көшкен, соның ішінде 80,4 мыңы – ТМД елдеріне, 33,2 мыңы – ТМД елдерінен тыс жерлерге көшкен. 2002 жылғы қаңтар-желтоқсанда республикаға көшіп келгендер саны 53,8 мың адам болды.
2008 жылдың 11 айында Қазақстанға белгіленген тәртіппен шет мемлекеттерден 1 264 546, соның ішінде ТМД елдерінен 1 137 214 азамат келген және тіркелген. Олардың белгіленген келу ережесін бұзғаны үшін 121 мыңнан астамы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың негізгі бөлігін еңбек мигранттары құрайды.
2.«Нұрлы көш» бағдарламасы 2008 жылдың 2 желтоқсаны күні Үкімет қаулысымен бекітіліп, үшжылдық бюджеттің есебіне енгізілді. Аталған мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты – шеттегі қандастарымызды, сондай-ақ еліміз аумағының қолайсыз аудандарында тұратын тұрғындарды басқа аймақтарға қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу.
1995 жылы 1-наурызда Президент Қазақстан халықтары ассамблеясын құру туралы жарлыққа қол қойып, ол туралы ерекше бекітті. Барлық облыстарда кіші республикалық ассамблеяның 260 делегаты сайланды.
Ассамблея төрағасы болып Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаев, орынбасарлары болып, Ассамблея мүшелерінің ұсынысы бойынша, Қазақстан республикасы әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Ә.Бәйменов пен Алматы сәулет-кұрылыс институтының ректоры, Белорус ұлттық-мәдени орталығының жетекшісі П.Атрушкевич сайланды. Ассамблея кеңесі құрылып, оның құрамына ұлттық-мәдени орталықтардың, ардагерлер кеңестерінің, кіші ассамблеялардың және басқаларының 63-өкілі кірді.
2000 жылдың басында Ассамблеяның кезекті отырысы болып өтті. Жылдан жылға, осылайша оның жұмысы қарқын алып келеді, оның істеп жатқан жұмысына баға берер болсақ, жеміссіз емес. «Біздің басты бағытымыз,- деп көрсетті Қазақстан Президенті,- мәмілемелер іздестіру және біріктіретін негіздерді нығайту арқылы барлық ұлттық топтарды дамытуға негізделуі тиіс. Қоғамымызды топтастыру мехнизмдерінің бірі Қазақстан халықтарының ассамблеясы болуға тиіс.
Ассамблея-диаспоралар арасьндағы ұйымдастырушылық жұмыстың орталығы. Оның органдарына мемлекеттік статус берілуінің арқасында ұлттық-мәдени бірлестіктердің мәселелері жедел қаралады, олардың бірқатары бойынша үкімет деңгейінде шешімдер қабылданды.
Қазақстанның тек көп ұлтты ғана емес, көп конфессиялы мемлекет екендігі де елеулі факт болып табылады. Қазақстан басшылығы діни конфессияларды тұрақты қоғамдық саяси ахуалды сақтауға жәрдемдесетін фактор деп біледі. Мұсылмандармен және православиеліктермен бірге мұнда протестанттар, буддистер, католиктер, баска да дін өкілдері тұрады. Республикада негізгі екі конфессия-ислам мен православие. Республикадағы,қоғамдағы тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізудегі табыс солардың өз қарым-қатынасын қалай құратыыа байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет