Лекция №1 Тақырыбы: Паллиативтік көмекті ұйымдастыру және жүргізу. Паллиативті көмек көрсету принциптері. Хоспистер


Сонымен, паллиативті көмектің негізгі міндеттері



бет2/2
Дата20.11.2023
өлшемі17,85 Kb.
#191992
түріЛекция
1   2
Байланысты:
Лекция 1

Сонымен, паллиативті көмектің негізгі міндеттері:
1. Талапқа сай ауырсынуды басу және басқа физикалық симптомдарды тоқтату.
2. Науқастарға және оларға күтім жасап жүрген туыстарына психологиялық қолдау көрсету.
3. Адамның өмір жолындағы қалыпты кезең ретінде өлімге деген қатынастарын қалыптастыру. 4. Науқастың және оның жақындарының рухани қажеттілігін қанағаттандыру.
5. Әлеуметтік және заңды сұрақтарды шешу.
6. Медициналық биоэтика мәселелерін шешу болып табылады.


Өмірінің соңында арнайы паллиативті көмекті талап ететін науқастардың үш негізгі тобын анықтауға болады:
1. 4-сатыдағы қатерлі ісігі бар науқастар;
2. Терминалды сатыдағы ЖИТС науқастары;
Дамудың терминалдық сатысындағы онкологиялық емес күшейген ауруы бар науқастар (жүрек, өкпе, бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі декомпенсациясы сатысы, ұмытшақ склероз, ми қанайналымының бұзылуынан болатын ауыр салдар және т.б.).
Паллиативті көмек мамандарының пікірі бойынша іріктеу критерийлері мыналар болып табылады:
• күтілетін өмір ұзақтығы 3-6 айдан кем емес;
• емдеудің соңғы мүмкіндіктерінің мақсатсыз екендігінің анықтығы (соның ішінде қойылған диагноздың дұрыстығына нақты сенімділігі);
• симптоматикалық терапия мен күтім жасау үшін арнайы білім мен дағдыны талап ететін шағымдар
Хоспис деген атауды естігенде, құлаққа түрпі, санаға жат бір мекен келеді көз
алдымызға. Ол түсінікті де. Өйткені қазақ - жақынын қай уақытта да жатқа қалдырмаған халық. Ауыр науқасты болса да ақырғы демі үзілгенше күтіп, жағдайын жасаған, ақтық сапарға өз шаңырағынан аттандырған. Десек те, бүгінде елімізде хосписке деген қажеттілік бар және ол жыл өткен сайын артып келеді. Себебі ол кезгі сана мен бүгінгіні қайтсек те салыстыра алмаймыз. Жалпы, хоспис дегенде, әйтеуір жоғарыда атап өткеніміздей, сұрықсыз мекен ойымызға оралғанымен, оның шын мәнінде, қандай қызмет атқаратынын көпшілік біле бермейді. Жалпы, паллиативтік көмек дегеніміз не? Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының 2002 жылы берген анықтамасы бойынша, ол - емделмейтін ауруға шалдыққан науқастардың және олардың отбасы мүшелерінің өмірін жеңілдету, оларға психоәлеуметтік және моральдық қолдау көрсету болып табылады. Батыс Еуропада хоспистің саны емдеу мекемелерінен де көп шығар, сондықтан олар үшін паллиативтік көмек таңсық емес. Ал Қазақстанда алғашқы хоспис тек 1999 жылы ғана салынған болатын. Ол 2007 жылы Алматы қалалық паллиативті көмек орталығы болып атауын өзгертті. Паллиативтік көмек орталығында төсек-орындық 30-дан 70-ке көбейтілді, бұл жұмысты барынша жеңілдетті. Өйткені науқастар еркіндікті қалайды, оның үстіне орталыққа көмек сұрап келетін сырқаттар саны көбейді. Бүгінде орталықтағы 9 дәрігер мен 40-тан аса мейірбикенің жұмысы - науқастардың өмірден ырзалықпен өтуіне бағытталған. Сол үшін қолайлы жағдай туғызылуда. Ақтық сапарға дайындалған жандар өткен өміріндегі күнәларынан кешірім сұрауы үшін дінге жақындайтыны белгілі. Бұл орайда мешіт пен шіркеумен тығыз байланысты орнатуды маңызды деп есептедік.

Паллиативтік көмектің негізгі мақсаты - емделушілердің соматикалық, психикалық және рухани жағдайларын жеңілдету, дерт азабынан жаны қиналған пендеге тән азабын сездірмеу, ажалды саналы түрде қарсы алуға септігін тигізу болып табылады. Әлемдегі барлық хоспис орталықтарының жұмысы осы ережелер мен міндеттерге негізделген. Өмір мен өлімнің өзара философиялық қарым-қатынасы бар. Оған хоспис мамандары араласпайды. Олар тек ауруын емдеп, өмірден үмітін үзіп, ажал сағатын күтіп жатқан адамдарға жарық дүниенің соңғы сәулесін жан жылуымен сезіндіріп, мейірім сыйлауға міндетті. Мамандар науқастарға қамқорлықпен және толық құқылы азамат ретінде Ал хоспис - емдеу мекемесі емес қой, мұнда ақтық сапарын күткен жандар келеді. Біздің қолдан келетіні - науқасты емдеу емес, оның өмірдегі соңғы күндерін бақытты, өзін де, жақындарын да қинамай, өткізуіне қолдау көрсету, жағдай жасау болып табылады» дейді дәрігерлер. 2 жыл бұрын «Сорос - Қазақстан» қорының қолдауымен «Кредо» қоғамдық бірлестігі Қазақстандағы паллиативтік көмек көрсетілуінің жалпы жағдайы жөнінде есептік еңбек жазып шығарған болатын. Еңбек авторларының айтуынша, Қазақстандағы хоспистердің дамыған елдердегі орталықтардан үлкен айырмашылығы бар. Өйткені біздің елде мұндай орталықтарды мемлекет қаржыландырады. Бұл жағынан алғанда, ел экономикасына тиімділігі төмен, дегенмен моральдық тұрғыдан оның маңыздылығы жоғары. Өйткені паллиативті көмек орталығына түсетін науқастардың дені онкологиялық сырқаттарға ұшырағандар боп келетін болса, Қазақстанның бұл жағынан жағдайы мәз емес екені белгілі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әрбір айықпас онкологиялық дертке шалдыққан жанның қасында 10 шақты адам қызмет етеді екен. Отбасы мүшелері, туыстары, жақындары, достары, әріптестері - әйтеуір, бір науқастың қызметі үшін бірнеше адам жұмыстан қалады. Ал хоспис осы бір келеңсіздіктен құтқаратын бірден-бір мүмкіндік. Әлбетте, ол үшін орталықта науқастарға жағдай жасалуы қажет. «Кредо» қоғамдық бірлестігінің зерттеуінше, науқастардың сұрау салынған 75 пайызы үйінде көз жұмуды артық көрген. Алайда жалғызбасты қарттарда мұндай мүмкіндік жоқ. Соған орай, қазіргі таңда елімізде паллиативті орталықтың жаңа жоба-жоспары жасалуда. Онда орталықтарды мүмкіндігінше үй жағдайына жақындату көзделген. Қарияларға уақытын үйіндегідей өткізу үшін балаларымен, туысқандарымен кездесу уақыты белгіленген, үй тағамдарын қолдануға мүмкіндік бар. Жалпы, паллиативтік көмек - елімізде қажеттілікке ие болып тұр. Бастысы, оны дұрыс түсіну қажет. Бүгінде Қазақстанда хоспистер Алматы, Павлодар, Өскемен, Қарағанды, Қостанай және Семей қалаларында бар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет