1.2.3. Үшфазалы асинхронды электрқозғалтқыштар. Үшфазалы асинхронды электрқозғалтқыштарда статор мен ротор орамаларының бірнеше түрі, олардың ішінде тұзақты (2.4а -сурет), толқынды (2.4б - сурет) және қысқа тұйықталған (тек қысқа тұйықталған роторлар үшін) орамалар қолданылады.
Қуаттылығы кіші машинелер үшін тұзақты орамаларының бір түрі ретінде, тіркеспелі орамаларда қолданылады. Асинхронды машиненің қуаттылығына кернеуінің мөлшері мен ойықтарының пішініне қарай орамаларының түрін таңдап алады. Бір қабатты тізбекті орамалар қуаттылығы 7кВтқа дейінгі асинхронды қозғалтқыштарда қолданылады. Қуаттылығы жоғары болса, екі қабатты тұзақты орамалар қолданылады. Толқынды орамалар негізінде, фазалық роторлы асинхронды қозғалтқыштардың роторларында қолданылады.
Орамалардың сипатталуы:
ойықтарының санымен (m);
жұп полюстарының санымен (р);
паралель жұп тармақтар саны мен (у);
фазаның қатарлас тармақтарындағы біріне бірі
тізбектей жалғанған орамдарының санымен (w);
К0 = Ку Кр Кс (2.4)
мұндағы Ку–орамды қысқарту коэффициенті; Кр– статордың бойымен фаза орамасының орамдары қалай бөлініп орналасуын ескеретінеселеуіш; Кс–ротордың немесе статордың ойықтарының орналасу қиғаштығы коэффициенті.
2.4-сурет. Асинхронды қозғалтқыштың тұзақты (а) және толқынды (b) орамаларының бірорамды және екіорамды шарғылары.
|
2.5-сурет. Асинхронды қозғалтықыштың қысқа тұйықталған роторы.
|
Ораманың негізгі элементтері: орам, секция және шарғы. Орам (2.5. сурет) – ойықтарда полюстік бөлінуіне бірдей немесе одан кем қашықтықта (r) біріне-бірі жалғастырылған, орналасқан екі өткізгіштің жиынтығы.
мұндағы D –жонылған статордың ішкі диаметрі; 2р–орама полюстарының саны. Плюсті бөлінуді ойық саны Znc арқылы көретуге болады:
(2.6)
Орамасының орамы құрастырылуы жағынан "ажыратылмайтын" бір өткізгіштен арнайы тұрақты пішіндегі қалыпқа оралған (ораманы дайындаудың шарғылық тәсілі) немесе "ажыратылатын" екі өткізгіштен жасалып ойыққа салғаннан кейін біріне-бірін тізбектей қосқан (ораманы өзек арқылы даярлау тәсілі) болады. Орамдарды шарғы әдісімен даярлау тек қана қимасы жіңішке сымдарды пайдаланып және қуаты кіші электрқозғалтқыштардың орамалары ретінде қолданылады. Ажыратылмайтын орамалардың орамаларын орауға арнайы орауыш машиналарды пайдаланады. Секциялық әдісімен даярланған орамалардың қуаттылығы шектелмейді. Бөлім бір-біріне тізбектей жалғастырылған бір немесе бірнеше орамдар (2.6-сурет). Шарғы–ортақ оқшаулағышпен біріктірілген бір немесе бірнеше секциялау (2.6…2.8-суреттер). Мұның бәлендей айырмашылығы жоқ. Ораманың бөлімдері өзінің қадамымен сипатталады (у) деп белгіленеді.
2.6-сурет. Толық қадамды ораманың бөлек алынбайтын орамы (у=); ораманың 1 – және 2- өткізгіштері.
|
2.7-сурет. Ортақ оқшаулағышпен біріктірілген шарғы бөлімдерінің типтері.
|
Ораманың шарғының қадамы жақтарының арасындағы қашықтық. Ол толық, егер у=r немесе қысқарған, егер у< r болса (2.5-сурет). Ораманың орамдары статордың ойықтарының барлық бетіне бірдей тегіс төселеді (2.9-сурет) мұндайда өткізгіштер бір ойықта бір немесе бірнеше қабат болып түсуі мүмкін, осы белгілері бойынша орамалар бір қабатты және көп қабатты болып бөлінеді (әдетте екі қабатты) олар бір немесе бірнеше қатар орналасуы мүмкін. 2.10-суретте сататор ойығына екі қабат орналасқаны көрсетілген.
2.8-сурет. Асинхронды қозғалтқыштың толқынды орамасының бөліктері (шарғы).
|
2.9-сурет. Асинхронды қозғалтқыш статоры ойықтарында орамдардың бөлінуі.
|
Орналасу сұлбасының нұсқаларын таңдағанда маңдайшасын қасбетін және шарғы аралық жалғастыруда өткізгіш аз кететін шарғыны машинемен оралған ораманы ойықтарға орналастыру ыңғайлы және зақымданғанның шарғыны ауыстыру жеңіл болатындай етіп, орналастырғанда оның бір жағы ойықтың жоғарғы қабатына, ал екіншісі басқа ойықтың төменгі қабатында орналастырылады (2.10)-сурет. Екі қабатты ораманың артықшылығы оның шарғысын электр машинесінен тыс жерде даярлау, оларды жақсылап оқшаулау және ойыққа даяр күйінде орналастыру мүмкіндігінің болуы. Бірақта мұндай орналастыру тек қана ойықтар ашық түрінде болғанда болады. Жартылай жабық және жартылай ашық ойықтарға бөлімнің өткізгіштерін саңлау арқылы бір-бірлеп жатқызады. Екі қабатты орамадан тағы бір артықшылығы қадамын қысқарту арқылы мыстың шығынын қысқарту мүмкіндігі. 2.10-суретте қадам қысқарған екі қабатты статор орамасын орналасуы туралы мысал келтірген.
Кернеуі 500 Вольтқа дейінгі қуаттылығы 60 кВттан аспайды асинхронды қозғалтқыштарды жартылай жабық ойықтар және секциялары жұмсақ ойыққа жататын бөлімдері оқшауланған орама қолданылады. Мұндай орамалар тығындау тәсілімен төселеді. 250 кВтқа дейінгі қозғалтқыштарға екі қабатты қатқыл катушкалы орамалар қолданылады, оларда жартылай жабық ойықтарға салады. Қуаттылығы жоғары кернеуді 500 ден 6000 Вольтқа дейінгілерде екі қабатты тұзақты орама қолданылады, олар қысқа қадамды және қатқыл шарғылы болып келеді, ашық ойықтарға орналасады.
2.10-сурет. асинхронды қозғалтқыш статоры ойықтарына екі қабатпен салынған үшфазалы орама: 0 - <>; - <>; + - <> фазасы.
|
2.11-сурет. Асинхронды қозғалтқыш статоры орамасы ұштарының шығатын ұштарын қалқанда ораналастыру және оларды сұлбалар бойынша орналастыру: а – жұлдызша; в – үшбұрыш.
|
Асинхронды қозғалтқыштардың статор ойықтарындағы орамаларының латын алфавиттерінің С1, С2, С3 және С4, С5, С6 қарыптарымен таңбаланған үштары сәйкес қысқыш қалыптарына шығарылады да Y немесе ∆ етіп, 2.11 –суреттегідей бекітіледі. Роторлардың қысқа тұйықталған орамаларда ротор ойықтарына балқыған алюминний құйып бекітіледі. Сонымен қатар түп жағында қысқа тұйықталған сақина мен желдеткіш қалақтар пайда болады, олар қосымша суытуды қамтамасыз етеді. (2.12-сурет).
|
2.13-сурет. Фазалық роторлы асинхронды қозғалтқыштың бөлшектенген түрі: а – статор; в – ротор; с – подшипникты қорғаныс; d – желдеткіш; е – желдеткіш тесіктер; f – қорап ұстағыштары (клемма); g – жанасу сақинасы; h – щеткі құрылғысы.
|
|
2.12-сурет. Асинхронды қозғалтқыштың қысқа тұйықталған роторы.
|
Фазалық роторлардың орамалары, статордың орамаларымен бірдей. Фазалық роторлы асинхронды қозғалтқыштың роторлық орамасы фазасының басжақ ұшы біліктің қуыс ұшы арқылы шығарылады және электроқшауландырылған төлкеге мықтап отырғызылған үш түйіспе сақинасына жалғанады. Щетка ұстағыштар менсеріппелер реттегіш резисторларды жалғап тұруға арналған графит щеткаларды сақиналарға қысып тұрады. Ротор орамалары оларды Y сұлбасы бойынша қосқанда бейтараппен бірігеді де ұштары шығарылмайды. Орамаларды ∆ сұлбасы бойынша қосқанда фазаның басқы ұшы да түйісу сақинасымен жалғасады. Сондықтан мұндай қозғалтқышты фазалы роторлы асинхронды қозғатқыш деп атайды. (2.13-сурет).
Бақылау сұрақтары:
Асинхронды қозғалтқыштар қандай (тұрақты немесе айнымалы) электр машиналарына жатады?
Асинхронды қозғалтқыштарды пайдалану аймағы.
Қысқа тұйықталған және фазалы роторы асинхронды қозғалтқыштардың құрылыстық ұқсастығы мен айырмашылықтары.
Қысқа тұйықталған және фазалы роторлы асинхронды қозғалтқыштардың негізгі конструкциялық бөліктері.
Асинхронды қозғалтқыштардың роторлары неге конструкциялық болаттардан емес электртехникалық болаттардан жасайды?
Асинхронды қозғалтқыштардың статорын электротехникалық болаттан құйып жасамай, неге өзара өқшауланған жұқа қаңылтырлардан жинайды.
Асинхронды қозғалтқыш статоры қаңылтырының қалыңдығы немен шектеледі?
Асинхронды қозғалтқыш статоры ойықтарының саны қанша болуы керек және неге?
Асинхронды қозғалтқыш статоры мен роторы құрылысының ұқсастығы мен айырмашылығы.
Асинхронды қозғалтқыш роторы ойықтарының саны, статор ойықтарының санына неге сәйкес болуы тиіс?
Асинхронды қозғалтқыш орамаларының типтері.
Роторы қысқа тұйықталған асинхронды қозғалтқыш роторы орамаларының ерекшеліктері.
Асинхронды қозғалтқыш орамалық коэффицентінің физикалық мәні
Асинхронды қозғалтқыш орамаларының орамы, бөлігі және шарғысы деген не?
Асинхронды қозғалтқыш орамасының қадамы деген не және оның түрлері!
Фазалы роторлы асинхронды қозғалтқыш неге түйіспелі сақиналы қозалтқышы деп аталады?
Достарыңызбен бөлісу: |