Лекция №11 саяси сана және мәдениет


Ф. Гидденс және француз әлеуметтанушысы және психологі Г. Тар



бет3/4
Дата21.05.2022
өлшемі107,5 Kb.
#144408
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
Лекция № 11

Ф. Гидденс және француз әлеуметтанушысы және психологі Г. Тар ғылыми айналымға енгізді. Олар әлеуметтену деп тұлғаның әлеуметтік ортаға байланысты қалыптасуын айт-ты. XX ғасырдың 50—60 жылдарында осы ұғым негізінде Америка әлеуметтанушылары және саясаттанушылары "саяси әлеуметтену" деген ұғымда ойлап шығарды.
Г. Алмонд, С. Верба, Д. Истон еңбектерінде бұл ұғым кеңінен пайдаланылды. Олар бұл ұғымға жеке адамдардың осы қоғамдағы саяси құндылықтарды, қалыптарды, ережелерді өз бойларына сіңіріп, іс-әрекетінде басшылыққа алуын жатқызды.
Ресей саясаттанушысы Е. Б. Шестопал саяси әлеуметтену деп тұлғаның саяси санасы мен іс-әрекетінің қалыптасу, саяси рөлдерді қабылдау және орындау, саяси белсенділік таныту процесінің барлық жиынтығын айтады.
Саяси әлеуметтену мәселесі XX ғасырдың 50 жылдары кеңінен көтерілді. Оған себеп болған Батыс саяси жүйесінің дәстүрлі институттарының дағдарысқа түсуі еді. Бүл кезде сыбайластык жемқорлық көбейді, нәсілдік кемсітушілік әлі жойыла коймаған, саяси билік адамдардың қажеттіліктерін канағаттандырмады. Сондықтан билік институттарына сенімсіздік кебейді, саяси абсентеизм (саясатқа селкос қарау), билікке жаппай қарсы шығу және т.б. көбейді. XX ғасырдын, 70— 80 жылдарында Батыс елдерін негрлер, соғысқа қарсы, экологиялық, феминистік қозғалыстар дүр сілкіндірді. Бұрынғы дәстүрлі материалдык құндылықтарға (жеке табыс, байлыққа тырысу) қарсы шықкан субмәдениет пайдд болды. Мысалға XX ғ. 60 жылдары дамыған хиппилер қозғалысын алайық. Оған ірі саясаткерлердің, бизнесмен, заңгерлер сияқты ауқатты отбасыларының балалары қатысты. Олар жеке адамның өзін-өзі толық көрсетуіне жағдай жасалмағандығы, адамдар арасында теңсіздіктің, алалаушылықтар бар екендігіне сол кездегі қоғамдық тәртіпті кінәлады. Сондықтан қоғамдағы әлеуметтік тәртіпке қарсы шықты. Мысалы, дәстүрлі мәдениетте адам өзін-өзі ұстауы, шектеуі керек, бүтін, таза киінуі, сақал-шашын алуы, мәдениетті сөйлеуі, нашақорлықпен айналыспауы керек болса, олар, керісінше, шаштарын жалбыратып өсіріп жіберді, жыртық-тесік киім киді, өз диалектілерінде сейледі, нашақорлықпен айналысты және т.б. қоғамда үстемдік еткен адамгершілік қалыптарына қарсы шықты. Мұның бәрі америка қоғамын катты толғантты. Ғалымдар бүл құбылыстың себептері мен сырын ашу үшін зертгеулер жүргізді. Сөйтіп саяси әлеуметтену мәселесі бүл кезде күн тәртібіне қатты қойылды.
Саяси әлеуметтену процесі үш негізгі мәселені шешуге бағытталады:
— қоғамның жаңа мушелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу;
— қоғам мүшелеріне кажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс-әрекет етуге жөне шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау;
— саяси мөдениеттін элементтерін өзгерту.
Адамның саяси әлеуметтенуі үздіксіз өмір бойы жалғасады. Әлеуметтік-саяси тәжірибе жинақтауына қарай оның саяси белсенділігінің түрі әрқашан өзгеріп немесе бекіп отырады.
Сонымен саяси әлеуметтену деп адамның саяси ілімдерді, ережелерді, құндылықтарды бойына сіңіріп, оларды өзінің рухани ішкі дүниесіне айналдырып, сол аркылы өзінің саяси санасы мен мәдениетін қалыптастыру, саяси іс-әрекетке дайындалу процесін айтады. Саяси әлеуметтену барысында адам қоғамның толықкднды мүшесі боларлық саяси ережелерді, салт-дәстүрлерді, білімді меңгереді.
Саяси әлеуметтену саяси тәжірибені ашық және қосалқы түрінде жүргізуі мүмкін. Ашық түріне мәліметтерді, сезімді, құндылықтарды тікелей беру жатады. Мысалы, қоғамдық пәндерді оқыту арқылы жастарды оқытып үйрету. Қосалқы түрінде саяси емес ережелерді саяси қатынастарға телу жатады. Мысалы, балалардың саяси билікке қатынасы жас кезінен (демократиялық тәсілмен, қатаң жазалау арқылы мәселені шешу әдісімен немесе саясатқа селқос қараушылық) қалыптасуы мүмкін.
Саяси әлеуметтену институттарына мыналар жатады: отбасы, білім жүйесі, ақпарат құралдары, мемлекет, партия, діни ұйымдар және жеке саяси оқиғалар.
Саяси әлеуметтену ен, алғаш отбасынан басталады. Америка ғалымдары Д. Истон мен Дж. Деннис 12 мың Америка балаларын сұрак-жауап арқылы зерттеген. Соның нәтижесінде олардың саяси әлеуметтенуінің 4 кезеңін көрсетеді: 1) саясаттану, яғни балдырғанның ата-ана билігінен де жоғары саяси билік барын ұғынуы; 2) жекелеу. Мұнда бала саяси билікті президент, полицейский түлғасы аркылы жекелеп сезінуі; 3) дәріптеу, яғни саяси қайраткерлерге тек жақсы қасиеттерді таңу; 4) институционалдандыру, саяси билікті жеке тұлғалар аркылы емес, иесіз институттар аркылы (партия, сот, парламент, әскер және т.б.) қабылдау.
Сонымен, адам жас кезінен әлеуметтене бастайды. Бала биліктің не екенін түсінеді. Үйде ол әкесі немесе шешесі, бала бакшада тәрбиеші, мектепте мұғалім аркылы әлеуметтенеді. Ол дау-жанжаддың калай шешілетінін байқайды, бағыну немесе бағынбауға үйренеді.
Қазақтар "ұяда не керсең, ұшқанда соны ілесің" деп тегін айтпаған, үйде калыптаскдн кезкарас көбіне өмір бойына жадында қалады.
Саяси әлеуметтенудін келесі сатысы — мектеп. Бұл кезде жалпыға бірдей негізгі саяси қазыналар мен көзқарастарды оқушы-лар оқып біледі, алғашқы әлеуметтік тәжірибелер алады. Жастар ұйымдарына катыса басталды. Д. Истон мен Дж. Деннис зерттеген 12000 оқушының 95%-ы "Америка — әлемдегі ен тандаулы ел"," Америка жалауы — дүниедегі ең жаксы жалау " деген тұжырымдаманы мақұлдаған. Өйткені мүғалімдердің 99%-ы оқушыларға күнде америка жалауын көрсетсе, 91%-ы ол туға берілгендігін дәлелдеуді талап етіпті, 60%-ы "Тамаша Америка" деген отан-сүйгіш әнді орындатып отырған.
Саяси әлеуметгенудін келесі кезеңі 16—40 жастар аралығы. 16 жастан адам сайлауға қатыса бастайды, азамат атанады, іс-әрекетіне толык жауап береді. Көбісі жоғары оқу орнына түсіп, терең саяси білім алады. Саяси партияларға мүше болулары да мүмкін. Жастардың әлеуметтік мәртебесі өзгереді.
Саяси әлеуметтенудің келесі кезеңі 40—60 жастардағы аралық. Бұл — адамның есейген шағы. Адамдардың саяси іс-әрекетіне әмір тәжірибесі, балалары мен немерелері, тұрақты көзқарастары әсер етеді.
Ең соңында зейнеткерлердін саяси әлеуметтенуі. Олардың кейбіреулері қолдары босаған соң саяси мәселелермен белсенді айналыса бастайды. Қайсы бірі коғамдық өмірге аз да болса катысқанына риза болады, көңіліне медет табады.
Саяси өлеуметтену институттарына, жоғарыда атап керсетілгендей, отбасы, білім жүйесі, сонымен қатар мемлекет, партия, діни ұйымдар жатады. Кейде оған жеке саяси оқиғалар да қатты әсер етуі мүмкін. Мысалы, 1986 ж. Желтоқсан окиғасы қазақ халқының саяси санасына сілкініс жасап, көп нәрсеге көздерін ашып тастады. Саяси әлеуметтенуге акпарат құралдары көп ыкпал жасайды. Баспасөз, радио, теледидар, кино адамға тікелей ықпал етеді және саяси кұндылықтарға деген қатынасын қалыптастырады, бір идеалды негіздеп, корғап, екіншісіне тойтарыс береді, адамзаттың ғасырлар бойы калыптастырған қазыналары, алдыңғы ұрпақтың саяси тәжірибесін соңғы ұрпаққа жеткізіп, саяси тұлғаны тәрбиелейді.
Адамдардың саясатқа араласуы мен оған етер әсері әр түрлі келеді. Сондықтан ғалымдар саяси әлеуметтенуді мынадай типтерге бөледі: үйлесімді, гегемонистік, плюралистік, дау-жанжалдық.
Саяси әлеуметтенудің үйлесімді түрі адам мен билік институттарының арасында адам сияқгы қолайлы психологиялық қатынастар қалыптасқанда пайда болады. Мұнда құқықтық тәртіп орындарына, мемлекетке, езінің азаматтық міндеттеріне құрметпен қарайды. Жеке адам мен билік органдары арасында сыйластық, туындаған саяси мәселелерді өзара келісім арқылы шешетін жағдай қалыптасады. Бұл үшін әдетте мәдени біртектес орта, дамыған демократиялык дәстүр, азаматтық қоғам болуы керек. Мысалы, мұндайға АҚШ, Ұлыбритания елдерін жаткызуға болады.
Саяси әлеуметтенудің

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет