Лекция 12-13. Пәндерді оқыту практикасында электрондық портфолионы пайдаланудың мақсаты


Электронды портфолионың құрылымына



бет3/4
Дата08.02.2022
өлшемі66 Kb.
#120588
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
Лекция 12-13

Электронды портфолионың құрылымына:
- студенттің портфолионы жинақтауда өзінің заңдылықтарына сәйкестігі;
- портфолионың түсінігі мен оның пайдалану ауқымы қарастырылады;
- студенттердің ақпараттық және коммуникативтік технологияларды игеру жөніндегі дайындығының деңгейі қаралады;
- электронды портфолионың эволюциялық даму идеясының қолданылуы;
Электронды порфолионы жинақтауда қажетті құжаттар:
Құжаттар портфолиосы – жеке білімдік деңгейдің сертификатталған портфелі. Осы компонентке тиісті талап – құжаттың сенімділігі. Сертификаттар, мақтау қағаздары, дипломдар ережеге сай толтырылады, яғни жауапты адамның қолы және мекеменің мөрі жинақталады. Осы құжаттардың барлығын компьютерде теріліп, белгілі бір файлға жинақталып жазылады.
Жұмыстар портфолиосы – студенттің шығармашылық, ізденістік, жобалық
жұмыстарының жинақталуы, сонымен қатар білім алу мен шығармашылық кезеңдеріндегі бағыттары, ғылыми конференциялар мен конкурстардағы, жеке курстардан білім алғандығы жөніндегі мәліметтер қамтылады. Электронды портфолионың бұл түрі қағаздық портфолионың түрінен ешқандай айырмашылығы жоқ. Қағаз жүзіндегі кез-келген құжатты жеңіл түрде электронды түрге ауыстыруға болады.
Егер портфолио жұмыстары мәтіннен тұратын болса, оны сканерлеу арқылы компьютерге енгізу оңай жүргізіледі. Егер жұмыста кескіндер мен суреттер болса сканерлеуге болады, немесе сандық камераға түсіріп алуға да болады.
Университеттің басқа да құжаттары (қолеңбек жұмыстары, жобалар, шығармашылық жұмыстар) өзіне тиісті көрсеткіштерімен жазылады. Оларды электронды түрге аудару өте оңай.
Шығармашылық жұмыстың көрсеткішінің электронды құжатын интернет сайтына енгізу жеңіл жүргізіледі. Шығармашылық жұмыстардың оқылуы, бағалануы, теңестірілуі оңай болуы үшін көрсеткіштің біркескінді құрылымы көрсетілуі тиіс. Бұл талап ақпараттық жүйені құру технологиясының негізі болып табылады.
Пікірлер портфолиосы – студенттің жеткен жетістіктері, оқудағы және оқудан тыс кезеңдердегі жеткен жетістіктері, резюме, сонымен қатар студентке оқытушының, ата-анасының және жұмыс берушінің пікірлері жинақталады.
Құжаттарды аудару техникасын қарастыра келе, пікірлер портфолиосының құрылымында ешқандай өзгешелікті кездестірмейміз. Тек қандай пікірлерге қол қойылуы тиіс немесе қол қойылмауы тиіс жағдайы қарастырылады. Егер портфолиода арнайы құжат қолы болса, онда осы құжаттың сенімділігі жоғарыда қарастырылған портфолио құжаттарының элементі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет