Лекция 12-13. Пәндерді оқыту практикасында электрондық портфолионы пайдаланудың мақсаты



бет4/4
Дата08.02.2022
өлшемі66 Kb.
#120588
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
Лекция 12-13

Мұғалім портфолиосы
Портфолио-мұғалімнің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсібиқызметінің әртүрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы.
Портфолио-белгілі бір уақыт шеңберінде әртүрлі іс-әрекетте мұғалімнің жеке жетістіктерінің жинақталуы, бағалануы және өзіндік іріктеулері.
Портфолио-мұғалімнің түрлі іс-әрекеттерде (оқу, шығармашылық, әлеуметтік, коммуникативтік) жетістіктерінің нәтижелері.
Портфолио-мұғалімнің жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері.
Қазіргі кезде ондай инновациялар көптеп кездеседі. Соның бірі – портфолио әдісі. Дегенмен, оқушылардың және мұғалімдердің портфолиосы туралы зерттеулер аз.
Мектеп тәжірибесінде соңғы жылда-ры «портфолио» сөзін жиі естуге болады. Тек оқушыларға ғана емес, мұғалімдерге де қатысты болып табылатындықтан, портфо-лио оқу-тәрбие үрдісінде қарқынды дамып келеді. Бірақ барлық ұстаздар портфо-лионың мақсаты мен міндеттері, түрлері, құрылымы, оны қолдану реті туралы мағлұматтардан хабардар емес. Сондықтан да, біз төменде портфолио туралы біраз мағлұмат беруді жөн көрдік.
Портфолио сөзі қолданысқа француз тілінен енген. Жалпы шет тіліндегі сөздік-терді саралай отырып, оның төмендегідей мағыналар беретінін анықтадық:
1) мазмұндау, алып жүру, құрастыру;
2) бет, қағаз;
3) дәйек, белгілі бір мағлұматтар жинағы, жетістіктер жинағы.
Ал, біз осы мағыналарды сараптай отырып, портфолио ұғымына ортақ бір анықтама беруге тырыстық. Яғни, портфо-лио дегеніміз тұлғаның қандай да бір ерекшеліктерін уағыздайтын, нақты бір мақсатты жүзеге асыруға байланысты құ-жаттармен безендірілген, оның жетістік-терінің дәлелі бола алатындай мағлұматтар жинағы. Оқу-тәрбие үрдісінде оқушы портфолиосымен қатар мұғалімдердің портфолиосы да маңызды рөл атқарады. Сондықтан, ең алдымен, педагог портфо-лиосы туралы сөз қозғайық.
Мектептегі мұғалімдердің портфолио жүргізудегі мақсаты – әр мұғалімнің өз еңбегіне, атқарған істеріне талдау жасауы арқылы кәсіби шеберлігі мен біліктілігін арттырулары, жоғары нәтижелерге жету-лері.
Жалпы педагог портфолиосын құру идеясында терең мағына жатыр. Оларды үш топқа бөлуге болады:
- Философиялық;
- Әдістемелік;
- Практикалық.
Бірінші, философиялық мағынасына тоқталатын болсақ, бұл кез-келген мұғалім-нің өзінің педагогикалық іс-әрекетін ұдайы талдап,талқылап, жай-күйін ойланатынын, рефлексияға бейім екенін білдіреді. Сон-дықтан, осындай ой-толғаныс нәтижелерін мұғалім қандай да бір форма арқылы сыртқа шығарады.
Екінші, әдістемелік мағынасы, мұ-ғалімнің өз іс-әрекетін қандай деңгейде шеберлікке жеткізгендігін дәлелдеуі болып табылады. Яғни, педагог кәсіби іс-әрекетінің нәтижелілігінің куәсі бола ала-тын кестелер мен диаграммаларды, графи-каларды, сонымен қатар, ғылыми-әдісте-мелік және тәжірибелі-эксперименттік жұ-мыстарының материалдарын, сыныптан тыс шаралар мен авторлық сабақтарының жоспарларын тұтастай жинақтай беріп, безендіреді.
Ал, практикалық мағынасы, педагог-тың жұмысының мәнділігін дәлелдеуі. Ол сертификатталған құжаттарды мақтаныш-пен жинай отырып, толтыруды меңзейді.
Осындай маңызды мағыналары бар портфолионың бірнеше типтері бар. Олар:
1. Құжаттар портфолиосы.
2. Еңбек, жұмыс портфолиосы.
3. Пікірлер портфолиосы.
4. Кешенді портфолио.
Құжаттар портфолиосына педагог-тың кәсіби әрекетінің маманы екенін дәлелдейтін дипломы, біліктілігін арттыру курстарында, семинарларда болғандығын растайтын куәліктері, оқу-тәрбие ісі бойынша қандай да бір жеткен жетістіктері үшін алған мақтау қағаздары кіреді.
Педагогтың оқу-тәрбие ісіне, иннова-цияны мектепке енгізуге байланысты жаса-ған жобалары, қандай да бір педагогикалық мәселе бойынша өңдеген рефераттары мен зерттеу жұмыстары, видеожазбалары, элек-тронды құжаттары еңбек, жұмыс портфо-лиосын құрайды.
Ал, пікірлер портфолиосына педагог-тың атына бағытталып жазылған ұсыныс хаттар мен мінездемелер жинағы кіреді.
Ең соңғы кешенді портфолио құры-лысы өзінің аты айтып тұрғандай ком-плекстен тұрады. Бірі, үш бөлімді де қамтыған жинақ, яғни, оған еңбек, жұмыс портфолиосы, құжаттар портфолиосы және пікірлер портфолиосы кіреді. Бұл басқала-рымен салыстырғанда бірталай кешенді, көлемді болып келеді. Енді бірі, екі бөлімнен құралған кешенді портфолио, яғни, олар:
- еңбек, жұмыс портфолиосы + құжаттар портфолиосы.
- құжаттар портфолиосы + пікірлер портфолиосы.
- еңбек, жұмыс портфолиосы + пікір-лер портфолиосы.
Осы жіктелуге қарай педагог өзіне ыңғайлысын таңдап алып, портфолио толтырады. Портфолио жүргізудің реттел-ген ережесі бар. Кез-келген мұғалім соны ескеруі керек.
Портфолионы жүргізудегі ережелер:
1. Портфолиоға кіретін материалдар құр біреудің тәжірибесінің көшірмесі бол-май, керісінше сол педагогтың барлық сала бойынша атқарылған шығармашылық жұмыстарын танытуы керек.
2. Ондағы жұмыс нәтижелері арқылы мұғалімнің құзыреттілігінің деңгейін баға-лау мүмкіндігі болуы қажет.
3. Портфолио арқылы мектеп әкім-шілігі мұғалімнің педагогикалық шебер-лігінің, жетістіктерінің өзгеру динами-касын бағалай алуы керек.
Әрине оқу-тәрбие мекемелерінің көптігі, мұғалімдер қауымының әрқилығы портфолио құрылымының әртүрлі болуына әсерін тигізеді. Осы мәселе төңірегінде көптеген авторлар өз ойларын білдірген. Солардың ішінде Т.Г. Новикова, А.С. Притченков, М.А. Пинская, Т.Н. Макарова, В.А. Макаров сияқты ғалымдарды атап өткен жөн. Бір топ ғалымдар (Т.Н. Макарова, В.А. Макаров) портфолио құры-лымының төмендегідей үлгісін ұсынады:
- Сытқы өң беті, немесе титульді бет.
- 1 бөлім. Педагог туралы жалпы, толық мәлімет.
- 2 бөлім. Педагогикалық іс-әрекет нәтижелері.
- 3 бөлім. Ғылыми-әдістемелік іс-әрекет нәтижелері.
- 4 бөлім. Сыныптан тыс жұмыстар туралы мағлұмат.
- 5 бөлім. Оқу-материалдық базасы.
Ал, Т.Г. Новикова, А.С. Притченков, М.А. Пинская сияқты ғалымдар портфо-лионың мынандай үлгісін береді:
- Сытқы өң беті, немесе титульді бет.
- 1 бөлім. Арнайы құжаттар (концеп-циялар, ережелер, нұсқаулар, Заңдар т.с.с.).
- 2 бөлім. Шығармашылық жұмыстар.
- 3 бөлім. Пікірлер, ұсыныстар, өздік есеп берулер т.б. жатады.
Ендігі кезекте, біздің мектеп тәжірибесіндегі педагог портфолиосының құрылымы туралы айта кетуіміз керек деп ойлаймыз. Ол төмендегідей:
- Сыртқы өң беті, немесе титульді бет. Бұл бетте әр мұғалім міндетті түрде портфолионы жүргізу мақсатын жазады.
- Мазмұны.
- Резюме. Мұнда мұғалім өзі туралы толық мәлімет береді.
- Мұғалімнің шығармашылық жұ-мыстары.
- Мұғалім өзекті зерттеу тақырыбын жүзеге асыру жобасы мен бағдарламасын ұсынып, оның теориялық сипатын ашады.
- Мониторинг (мұғалім өзі сабақ беретін сынып бойынша оқушылардың тәр-бие және білім сапаларының көрсеткі-штерін мониторингтейді).
- Компьютерлік сауаттылығы туралы мәліметтер.
- Мұғалімнің өзінің білімін көтеру жоспары.
- Жетістіктері.
- Қосымша құнды мағлұматтар.
Осындай жүйелілікпен құрылған портфолионы тексеру жылына екі рет жүзеге асырылады. Мектепте қаңтар айында портфолиолар көрмесі ұйымдасты-рылса, сәуір айында портфолиолар презен-тациясы өтеді. Оған мұғалімдер үлкен жауапкершілікпен, ұшқырлықпен, белсен-ділікпен дайындалады. Әрине, портфолио-ны толтырып, безендіруде педагог шығар-машылық танытуы қажет. Презентация біткеннен кейін портфолиоға сын пікір жазылып, мұғалімнің кәсіби деңгейі мен құзыреттілігі бағаланады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет