Лекция 12 Айнымалы ток электр машиналарының құрылысы мен жұмыс жасау принципі



бет6/7
Дата18.12.2021
өлшемі60,74 Kb.
#102441
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
12 лекция

Синхронды машиналар құрылысы.

Синхронды машиналарда ротордың айналу жиілігі статордың магнит өрісінің айналу жиілігіне тең, сондықтан ол желі тогының жиілігімен және полюстер жұбының санымен анықталады, яғни п =60f/p; f=pn/60.



Барлық электр машиналары сияқты синхронды машина да қайтымды, яғнн ол әрі генератор, әрі қозғалтқыш ретінде жұмыс істей алады.

Электр энергиясы синхрондьі генератормен (өндіргішпен) өндіріледі. Оның бастапқы қозғалтқышы су (гидравликалық), не бу трубинасы, не іштен жану қозғалтқышы т. с. с. бола алады.

Өткізгіштегі ЭҚК осы өткізгішті тұрақты магнит ерісінде орнын ауыстыру арқылы да және керісінше, магнит өрісін жылжымайтын өткізгішке қарағанда қозғалту арқылы да алуға болады, Бірінші жағдайда, магнит өрісін қоздыратын полюстер, яғни машинаның индукцияланатын бөлігі машинаның қозғалмайтын бөлігінде (статорда) орналасады, ал индукцияланатын белігі (якорь), яғни ЭҚК пайда болатын өткізгіштер машинаның айналмалы бөлігінде (роторда) орналасады. Екінші жағдайда полюстар , роторда, ал якорь статорда орналасады.

Полюстері роторда, ол якорі статорда орналасқан синхронды генераторлар кеңінен қолданылып отыр. Қоздыру тогы қоздыру орамасымен жүреді. Қоздыру орамасы ротор полюстерінде орналасқан, тізбектеп қосылған орауыштардан тұрады. Қоздыру орамасының ұштары машина білігіне бекітілген түйіспелік сақиналармен жалғанған. Сақиналарға қозғалмайтын щеткалар орнатылған. ІЦеткалар арқылы қоздыру орамына басқа энергия көзінен — қоздырғыш деп аталатын тұрақты ток генераторынан тұрақты ток беріледі.



Қоздырғышты синхронды генератордың жалпы көрінісі 6.6-суретте көрсетілген. Синхронды генератордың статорының құрылысы асинхронды машинаның статорының құрылысына ұқсас. Синхронды генераторлардың роторы полюстері айқын кескінделген, не айқын кескінделмеген, яғни полюстері шығып тұрмайтын түрінде жасалынады.

6.6-сурет. Синхронды генератордың құрылысы:

1-синхронды генератор, 2-қоздырғыш.
Полюстері айқын кескінделген генераторлардың алғашқы қозғалтқыштары ретінде, әдетте, шапшаң жүретін машиналар қатарына жататын, бу турбиналарын қолданады.

6.7-сурет. Синхронды машинаның роторы: а — айқын кескінделген полюстармен, б — айкңн кескінделмеген полюстермен





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет