Лекция №1,2 Тақырыбы: Кіріспе



бет20/41
Дата15.09.2023
өлшемі203,47 Kb.
#181149
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41
Байланысты:
Лекция жинағы,Өсім анат-морф

Бұтақтануы. Бұтақтанудың мынандай екі типі бар: төбесінен жіне бүйірінен бұтақтану. Төбесінен бұтақтағанда өсу конусы екі немесе одан да көп бөліктерге(өстерге) бөлінеді.Мұндай бұтақтану төменгі сатыдағы өсімдіктерге (кейбір балдырларға) және аздааған жоғары сатыдағы өсімдіктерге де тән (плуан тәрізділерге, папоротник тәрізділерге). Бүйірінен бұтақтағанда жаңа өстер бұтақтың жоғарғы ұшынан төмендеу орналасады.
Бір немесе бірнеше рет бұтақтанудың негізінде өстердің системасы түзіледі. Бүйірінен бұтақтағанда өстердің системасы моноподиалды (моноподиалды өсіп,ұзарып бұтақтағанда), немесе симподиалды(симподиалды өсіп, ұзарып бұтақтағанда) болуы мүмкін.
Бұтақтанудың тағы бір ерекше формасы, ол түптеніп өсу. Бұл жағдайда өркеннің ең үлкен бұтақшалары, оның тек түп жағынан кетеді(балақтап өседі). Әдетте мұндай бұтақшалар өркеннің жерге жақын орналасқан жіне жер асты бүршіктерінен пайда болады. Өркеннің бұл участогін түптену зонасы деп аталады. Түптеніп өсу бұталарға көп жылдық шөптесін өсімдіктерге, кейде тіптен бір жылдық өсімдіктерге тән.
Кейбір өсімдіктердің бүйірлік бүршіктері, өстің бірінші қатарында толық жетілмейді және бүйірлік бұтақшалар бермейді. Мұндай өсімдіктердің сабағы бұтақтанбайды (пальмалардың көбісі, қауын ағашы, агава).
Өсудің бағыты. Вертикаль бағытта жоғары көтеріліп өсетін өркендер тік өсетін, жабысып өсетін, өрмелеп өсетін б олып бөлінеді. Жердің бетіне төбелесіп өсетін өркендерді жатаған өркендер деп атайды. Егер жатаған өркен қосалқы тамырлар берсе, онда оны сұлама өркен деп атайды. Өркендер өсу барысында өздерінің бағытын өзгеріп отыруы мүмкін, онда оларды көтеріңкі ,жоғары қарай өсетін өркен деп атайды.
Кей жағдайда шөптесін өсімдіктердің жерүстіндегі вегетативтік бөлігі немесе сабағы біршама ықшамдалып, қысқарады. Бұл жағдайда өсімдіктердің жапырақтары тарбиған,топырақ бетіне жайылы орналасады (бақбақ - Taraxacum, бақажапырақ - Planago). Олардың сабағының бар жоғын ажырату қиын. Мұндай өсімдіктердің жер бетіне сойдиып шығып тұрған бөліктері гүлсидам деп аталатын гүл сағағы.
Қысқарған сабақтары ақ капустадан және пияздан да көруге болады. Сыртындағы етженді қабыршықтарының аршығаннан кейінгі қалған капустаның көсеушісі мен пияздың түбіртегі де қысқарған сабаққа жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет