Лекция 15 Мектеп жасына дейінгі балалармен психодиагностикалық жұмыс жүргізудің негізгі ұстанымдары


-7 жас аралығындағы балалардың танымдық әрекеттерін зерттеуге арналған әдістемелер



бет4/5
Дата02.01.2022
өлшемі30,5 Kb.
#107844
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
лекция Танабаева Г. куратор

6-7 жас аралығындағы балалардың танымдық әрекеттерін зерттеуге арналған әдістемелер

Жоспар


  1. «Қиынсыздықтар», «Суретті таңдау», «Дуал құру», «Не салғанын тап»

  2. «Интеллектінің көрініс беруін өлшеу шкаласы» әдістемесі, «Косаның кубиктері»

  3. «Суреттерді жүйеге келтіру», «Орнын табу», «Фигуралардың қойылуы» әдістері


1. Психологиялық қызмет моделін қалай құру қажет екенін анықтап алу оңай емес. Бұл мәселені дұрыс шешу үшін бұрынғы Кеңес мектептерінде психологиялық қызметтің мазмұнын анықтағандар Н.Р.Битянова, И.В.Дубровина, А.И.Прихожан ұсынған үлгілерді қолдануға, немесе басқа елдерде қалыптасқан тәжірибені үлгі ретінде қолдана отырып балабақша психологі қызметін келесі бағыттарда ұйымдастыруға болады:

- психодиагностикалық жұмыс;

- психопрофилактикалық жұмыс;

- психологиялық кеңес беру;

- психокоррекция жүргізу;

- ата-аналарда психологиялық-педагогикалық білім беру және біліктілігін арттыру;

- психологиялық қызмет көрсету жүйесі қызметті насихаттау;

- әлеуметтік-диспетчерлік қызмет көрсету;

- педагогикалық ұжымға психологиялық қызмет көрсету.

Осы аталған бағыттардағы іс-шаралар бір-бірімен үйлесімді ұйымдастырылуына кепілдік болатын мақсат пен міндеттер жоғарыда көрсетілген.

Ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:


  1. Ойын-саяхаттар. Олар ертегіге ұқсас, фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді. Бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетеді, қарапайым жұмбақ арқылы, қимылдық-оңай жолмен, қажеттілер-қызық жолмен беріледі.

  2. Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттер мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.

  3. Ойын-болжамдар. Бұл ойындар, «Не болар еді...?», «Мен не істер едім, егер...?» деген сұрақтарға негізделеді.

Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда қалыптастыра байланыс есептерін тағайындауды талап етеді.

Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі логикалық астарын болуында, олар баланың есі әрекетін белсендіреді.



2. Мектепке даярлық тобындағылардың танымдық әрекеттерінің қалыптасқандығын бағалау үшін «Жасап көру және корректура», «Фигураны тап» әдістемесі, «Мүсін өнері», «Не салынғанын тап», «Мейлидің «Интеллектуалдық талдау тесті», «Карточкалармен жүргізілетін» әдістемелер, дидактикалық ойындар көмегімен диагностикалық зерттеулер жүргізілді. Балалардың мектепке даярлығын жетілдіру жұмысын ұйымдастыруға олардың жетекші іс-әрекеттерін ұйымдастыру «Бояуға арналған диктанттар», «Түспен, ажырату», «Баға беру», «Сандар құрамыз», «Бояуға арналған диктант», «Суреттік диктант», «Геометриялық диктант» т.б. танымдық әрекеттерді ұйымдастыру ойындары мен әдістемелері көмегімен жүргізілді.

3. Бала ес біле бастағаннан-ақ өзі жете түсінбес жарқын, тартымды нәрсенің бәріне ұмтыла бастайды, мәселен, жылтыраған ойыншықтарды, әдемі гүлдер мен заттарды көрсе қуанады. Осының бәрі оның рахаттану, қызығу сезімін туғызады. Жиі, ән, ертегі тыңдап, суреттерді қараған балалардың өнері қуаныш сезімдерінің қайнар көзіне айналады. Эстетикалық тәрбие алған балалар жарқын, әсем атаулының бәріне жәй ғана ұмтылып қана қоймай, сұлулықты жан дүниесімен қабылдайтын болады.

Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.

Бейнелеу өнері-көркемдік талғам қалыптастырудың өзекті құралы ретінде баланы өз халқының эстетикалық мұраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге, сүйе білуге баулиды.

Бейнелеу өнерінде балалардың сурет салуға, өнерді қабылдауы тұрғысынан білім деңгейлерінің әр сатылы болуына байланысты, сурет салуға мүмкіншіліктерін анықтай отырып, сапалы білім беру. Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциалық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.

Сурет салу өнерін үйретуге төмендегідей мақсат қойдым:


  • Сурет салу өнері арқылы мектеп жасына дейінгі баланың сезімдік эмоционалдық ортасымен эстетикалық талғамын және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

Алдымызға қойған бағытымыз:

  • Сурет салу іс-әрекеті арқылы, балаларды жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу;

Балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері:

  • Сурет салу оқу іс-әрекеті арқылы;

  • Күннің екінші жартысында бейнелеу өнері бойынша жеке жұмыстар жүргізу.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері:

  • Әңгімелесу, кеңес беру, жиналыс, көрмелер ұйымдастыру, ашық есік күндері;

Тәрбиешілермен жүргізілетін жұмыс түрлері:

  • Кеңестер беру;

  • Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінт өткізу;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет