Периодтық жүйедегі химиялық элементтердің ядро заряды, атомның электрондық формуласы, валенттілігі, тотығу дәрежесі, радиусы, электртерістілік, химиялық қасиеттері, топ және период бойынша өзгеру сипаттарымен танысу. Білімгерлерді эксперименттік жұмыстарды орындау дағдысына және әртүрлі есептерді шығаруға, эксперимент нәтижелерінің реакция теңдеулерін жазуға, қорытындылауға үйрету. Теориялық білімді практикада қолдану, химияның ғылымдағы орнын, рөлін дәйектеу, оларға қатысты жоба жұмыстарын орындау.