Лекция 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері



бет2/2
Дата05.02.2022
өлшемі168,76 Kb.
#1405
түріЛекция
1   2
Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи Монтескье (1689 – 1775) әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айыршашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға (ауа райына, топырағына, жер бедеріне, көлеміне, т.б.) байланыстырды. Бостандық – заң неге ерік берсе, сону істеу. Саяси бостандық экономиканың, өндірістің, сауданың дамуына әсер етеді. Ол сөз, баспасөз, ұждан бостанлығын жақтады. Мемлекет азаматтары өмірге қажетті қаражаттармен қамтамасыз етуге міндетті. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын, атқарушы және сот билігі етіп бөлу керек деді.
Францияның ойшыл-ағартушысы Жан Жак Руссо (1712 – 1778) ұсақ буржуазияның, шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен теңдікті ең жоғарғы игілік деп санады. Еркіндіктің кепілі теңдік, ал теңдік саясатта ғана емес, мүлікте де болуы тиіс. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей, адамдар арасында теңдікті сақтауы керек. Руссо тікелей халық билігін ұсынды. Егер елдің жері үлкен болса, халықтың өкілдігін қолдануға болады. Бірақ бұл ретте депутат халық қызметшісі болуы тиіс. Руссо оқтын – оқтын халық жиналысын өткізіп, онда үкімет есеп беруін талап етті.
Жаңа заманды сөз еткенде ең алдымен Америка Құрама Штаттарындағы тәуелсіздік үшін күрес кезіндегі саяси ілімнің алатын орны зор. XVII-XVIII ғасырларда Солтүстік Американың Атлантикалық жағалауы Британия колонияларына айналды. Колониялар метрополиялардан толық тәуелді болатын. 1775 – 1783 жылдары Америка халқының ағылшындарға қарсы тәуелсіздік үшін азаматтық соғысы болды. Бұл соғыс демократиялық идеялардың дамуына қуатты түрткі болды.
АҚШ-тағы қиян-кескі таптық күрес идеологияда да жаңғырық тапты. Алдыңғы қатарлы саяси пікірді Т. Джефферсон, Т. Пейн жақтаса, ірі буржуазияның саяси көзқарасын А. Гамильтон қорғады.
Америка халқының демократия жолында азаттық күресі Томас Джефферсонның (1743-1826) атына баланысты. Ол со кездегі ұлы ревалюциялық құжат – Америка Құрама Штаттарының «Тәуелсіздік Деклорациясын» жазды. Мемлекеттік өкіметті құрап, оны бақылау құқынан еш адамды шеттеуге болмайды. Егер өкімет халық құқын қорласа, ондай үкіметті ауыстырып, өзінің қалауына сай өзгертуіне болады. Мұнда Джефферсон рақымсыз билеушіге қарсы халықтық көтеріліс жасауға құқы барлығын дәлелдеп, халық егемендігін жақтады. Бұл дүниежүзілік прогресстің рөлі АҚШ-тың Тәуелсіздік деклорациясында одан әрі дамытылды. Онда теңдік, бостандық, көтеріліс жасауға құқы барлық халықтың ажыратылмайтын табиғи құқы деп есептелінді. Адамдардың табиғи құқымемлекет белгілеген заңдардан жоғары тұруы керек. Деклорацияда жаратушы барлық адамдарды тең етіп жаратты және олардың өмірге, бостандыққа, бақытқа тырысуына құқы бар делінген.
Джефферсон үкімет тарапынан жеке адамның құқын бұзү қаупі тумауы үшін мемлекеттің биліктің міндеттерін шектеуді талап етті. Ол ұсақ өндірушілердің мақсатын көздеп, фермерлердің демократиялық республикасын аңсады.
Тәуелсіздік үшін күрес кезінде өзінің батыл идеяларымен Томас Пейн (1737–1809) көзге түсті. Ол Америка халқын азаттық күреске, отаршылдардан бөлініп шығуға шақырды. Адамның табиғи құқына еркіндікті, теңдікті,сөз, баспасөз, дінге сенуге бостандығын, рақатқа, бақытқа жету, т.б. жатқызды.
Пейн бірінші болып қоғам мен мемлекетті ажыратты. Мемлекетті қоғам тудырады. Үкіметтің мақсаты – қауыпсіздік пен бостандықты қамтамасыз ету. Оның саяси мұраты – жалпыға бірдей сайлау құқы, тең өкілдігі бар демократиялық республика.
Пейн соғысқа қарсы болды, бейбітшілікке шақырды. Бейбітшілікті сақтамайтын үкімет құлатылуы керек. Бірақ ол әділетті соғысты, азаттық үшін соғысты қолдады.
Т.Джефферсон мен Т.Пейннің қажырлы еңбегінің арқасында жазылып, 1776 жылы 4 шілдеде бекітілген Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік Деклорациясының негізгі қағидалары мынандай: барлық адамдардың жаратылысынан өмір сүруге, бостандыққа, меншікке, бақытқа және қауыпсіздікке құқы бар; халық - өкіметтің қайнар көзі және егемендік соған тән, үкімет – халықтың қызметшісі; барлық мемлекеттік билік халықтың пайдасына жұмыс істеуі керек, егер олай болмаса, халық өзіне ұнамсыз үкіметті жоюға еркі бар; билік заң шығаратын, атқарушы және сот өкіметі болып бөлінуі керек және т.б.
Жаңа заманда саяси санада айтарлықтай із қалдырған немістің классикалық философиясының негізін салушы Иммануил Кант (1724-1804). Оның саяси пікірлері «Космополиттік көзқарас жөнінде жалпы тарихтың идеялары», «Өмірлік бейбітшілікке» деген еңбектерінде баяндалған.
Канттың әлеуметтік көзқарасының негізгі қағидалары: әрбір адам ар – намысының, шексіз құндылықтың иесі; қандай игілікті жоспар болмасын адам оны жүзеге асыру жолында әдіс, айла, құрал болуға тиіс емес. Адам бір іс істегенде өнегелік, адамгершілік заңын басшылыққа алуы керек. Кант мұны «категориялық императив» деп атайды. Оның мәні - әрбір адамның іс-әрекеті басқаға үлгі боларлықтай болуға тиіс.
Кант басып алушы, тонаушылық соғысты, оған дайындықты әшкерелейді. Ол әр түрлі мемлекеттер үшін өзара пайдалы халықаралық сауда мен өзара қарым – қатынасты, бейбітшілікті орнату мен сақтаудың құралы деп біледі.
XVIII ғ. аяғы-XIX ғ. бірінші жартысында Батыс Еуропада капиталистік мәдениет заманалық екі қозғаушы күштің әсері мен дамыды. Оның біріншісі-капиталистік қатынастарға жол ашқан Ұлы Француз революциясы. Екіншісі – алдымен Англияда, сосын Франция және басқа Батыс Еуропа елдеріндегі күрделі өнеркәсіп өзгерістері (ірі машиналы индустрияның мануфактуралық өндірісті алмастыруы) капитализмді одан әрі нығайтты. Бұған орай жаңа қоғамдық құрылыс пайда болды. Өсіп келе жатқан буржуазия еркіндікке, жылдам алға дамуға, заңдылыққа тырысты. Сондықтан бұл кездегі буржуазиялық саяси идеологияның бас бағыты либерализм (ерікті, азат деген латын сөзінен шыққан) болды. Сонымен қатар капиталистер мен пролетариаттың арасындағы таптық күрестің үдеуіне байланысты кертартпалық пікірлер де туа бастады.
Пролетариат күресінің алғашқы кезеңінде өз үмітін Сен-Симон, Фурье, Оуэн сияқты утопиялық социалистердің іліміне артты. Олар буржуазия орнатқан тәртіптерді қатты сынады. Жұмысшы табының өмірі қаншалықты ауыр екенін сипаттады. Сен-Симон бірінші болып әркім қабілетіне қарай жұмыс істейтінін және еңбегіне қарай ақы алатын қоғамдық құрылымның болу мүмкіндігі туралы пікіп айтты. Фурьеге дейін еңбекті адамға жіберілген қарғыс, жаза деп санайтын. Ал Фурье еңбекті адам үшін рақатқа айнала алатыны және айналуға тиіс екені жайында мәселе көтерді.
Ол еңбек ету құқын бірінші орынға қойды. Оуэн өнеркәсіп революциясының маңызын жоғары бағалады. Утопист – социалистер қала мен деревня арасындағы, дене еңбегі мен ой еңбегі арасындағы қарама-қарсылықты жоюдың қажеттілігін ұсынды. Олар материалдық игіліктерді әділ бөлу мәселесіне баса назар аударды.
Утопист – социалистердің озық ойларымен қатар кемшіліктері де болды. Олар қоғамдық дамудың заңдылықтарын түсінбейді, қоғамдық өмірді қайта құрудың шынайы жолдарын көрмеді, жұмысшы табына тек жапа шегуші тап деп қарады.
XIX ғасырдың бірінші жартысында капиталістік өндіріс әдісінің қарқыны дамуы, бужуазиянық қоғамның тап қайшылықтардың шиеленісуі, пролетариаттың тез өсуі және оның тарихи күрес майданына шығуы марксизм теориясын тудырды.
Карл Маркс (1818 – 1883) философия мен саяси экономия саласында екі жаңалық жасады. Біріншісі – тарихты материалистік тұрғыдан түсіну. Оның мәні мынада. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі болып табылатын материалдық тұрмыстың өндіріс әдісі қоғамдағы әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызатындығын дәлелдеді. Капиталистік құрылыстың өндіргіш күштері үздіксіз дами отырып, өндіріс құрал – жабдықтарына жеке меншікке негізделген буржуазиялық өндістік қатынастармен сөзсі қайшылыққа келеді. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы тереңдеп келе жатқан антолгонизмді тек пролетарлық революция ғана шеше алады, ол жұмысшы табының өкіметін орнатуға жеткізеді және қоғамды социалистік жолмен қайта құру үшін жол ашып береді деді. Екінші жаңалығы – капиталістік қанаудың сырын әшкерелеген қосымша құн туралы ілім болды.
Маркс пен Энгельс капитализмнің орнына социализм келеді, ол міндетті орындайтын қоғамдық күш – жұмысшы табы деп үйретті. Себебі, пролетариат – буржуазиялық қоғамның ең революцияшыл, ең ұйымдасқан, ең саналы және интернационалдық табы.
Маркс пен Энгельс тап күресі, социалистік революция және пролетариат диктатурасы туралы ілімді жасады. Олар пролетариаттың өзінің маеншікті саяси партиясы – Коммунистер партиясы болуы тиіс, ол жұмысшы қозғалысына басшылық жасауға тиіс деген қағиданы негіздеді.
Маркс пен Энгельстің ізбасары В.И. Ленин (1870-1924) болды. Ол капитализм дамуының импералистік сатысының заңдылықтарын зерттеді. Жаңа тұрптты партия туралы ілімді жасады және осындай партияның ұйымдастырушысы болды.
Ленин Маркс пен Энгельс жасаған социалистік революция теориясын дамытты. Буржуазиялық – демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуын негіздеді. Социализмның алдымен бірнеше елде немесе тіпті жеке бір капиталистік елді жеңу мүмкіндігі туралы тұжырымдама жасады ( бұған дейін марксистер социолизмнің жеке бір елде немесе елдердің шағын тобында жеңуі мүмкін еместігі, дүниенің дамыған елдерінің көпшілігінде социализмнің бір мезгілде жеңуінің міндеттілігі туралы тезиске сүйенген болатын).
Ленин әр түрлі елдердің капитализмнен социализмге өту түрлерінің сан алуан болатындығы туралы қағиданы қолдады. Пролетариат диктатурасының мемлекеттік түрі ретінде Кеңестерді ашты.
Жаңа қоғамдық құру ісін Ленин елді индустрияландырумен, ауыл шаруашылығын кооперациялаумен және мәдени революцияны жүзеге асырумен байланыстырды. Ол социализм орнатуда пролетарлық мемлекттік рөлін айқындап, өтпелі дәуірдегі тап күресінің ерекшеліктерін көрсетті. Марксизм–ленинизм коммунизм кезінде мемлекет, саясат болмайды деп ұқты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет