Лекция №2. Жаңа османлы және мешрутиет кезеңІ 1876ж кезеңІ



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата15.02.2022
өлшемі77,25 Kb.
#131858
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
Дәріс 2 (Лекция) 0f6e7a48413f21cc7b12bb5a544bbdc2

І Мешрутиет (1876):
Танзимат жарлығы жарияланса да, Осман мемлекеті ішкі
және сыртқы мәселелерден құтыламады. Танзимат кезеңінде алғаш рет Еуропадан қарыз
алынған еді. Бұл қарыз кейінгі жылдарда арта түсті. Алынған ақшаның бір бөлігінің сарай
салуға жұмсалуы кейбір топтардың наразылығын тудырды. Сұлтан Абдүлазиз тұсында
Ресейге қарсы мықты флот құру үшін де қарыз алынған болатын. Балқан түбегінде
христиандар жиі-жиі көтерілді. Еуропа елдерінің қысымы күшейе түсті. Бұл өзгерістерге
қарсы Намык Кемал мен Зия Паша сияқты бір қатар зиялылар Жас Османдар деген атпен
жасырын ұйым құрды. Олар Танзимат кезеңіндегі басқарушыларды ұнатпайтын. Олардың


пікірінше қалыптасқан жағдайдан құтылудың бір ғана жолы Мешрутиет басқарушыларын
құру болды. Осы пікірлерін халық арасына жаю үшін газеттер шығарды. Ұйым
мүшелерінің кейбірі Еуропаға барып, пікірлерін Еуропадан таратуға кірісті. Олар
Мешрутиет жарияланған соң барлық топтардың мәжілісте өкілі болса, келеңсіздіктердің
жойылатынына сенді. Мұсылман еместердің де осылайша көңлі алынса, Еуропа елдері де
қысым жасамайды деген ойда болды. Митхат Паша сияқты кейбір мемлекет қайраткерлері
Жас Османдардың пікіріне қосылды. Митхат Паша бастаған бір топ көтеріліс жасап,
Абдүлазизді тақтан құлатты (1876). Орнына V Мұрат таққа отырды. Науқас болғандықтан
үш айдан кейін V Мұрат та тақтан түсті. ІІ Абдүлхамит мешрутиетті жариялаған соң, уәде
бойынша таққа отырды. ІІ Абдүлхамит Митхат Пашаны басуәзір етіп тағайындады.
Төрағалығын Митхат Пашаның өзі атқарған комиссия алғаш Осман конституциясын
Канун-ы Эсаси (Негізгі заңдар) әзірленді. Ыстамбұл конференциясы ашылған күні Канун-
ы Эсаси жария етілді (23-Желтоқсан 1876). Осылайша мемлекет мешрутиет басқаруына
көшті. Осман депутаттарының мәжілісі болды. Мешрутиет жарияланған соң 1877-1878
жылдары Осман-орыс соғысы шықты. Мұсылман емес кейбір халық қалаулылары
мемлекетке қарсы іс-әрекетке көшті. Ол себепті ІІ Абдүлхамит Канун-ы Эсасиде өзіне
берілген құқықты пайдалана отырып, мәжілісті жапты (1878). І Мешрутиет түрік
халқының демократияға бастаған алғаш қадамы болды. Бірақ бұл қадам сәтті бола
қоймады. Өйткені жиналған халық қалаулылары мәжілісінде түрік текті депутаттар жалпы
мүшелер санының жартысына жетпейтін. Кейбір мұсылман емес мүшелер Осман
мемлекетінің дұшпаны батыс елдерімен ауыз жаласқан еді. Мешрутиет мемлекетті бөлгісі
келгендерге мүмкіндік берді. Мұндай жағдайда мешрутиеттің өміршеңдігі мүмкін еместін.
Сондықтан да оның өмірі ұзаққа созыла қойған жоқ. Діні мен тегі әр түрлі жандар Осман
халқы деген бір тудің астында бірігуі пікірі шындыққа жанаспайтыны белгілі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет