УП «ШАР-ҚОРШАУ» ТІЛДІК ТАҢБАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СӨЗЖАСАМДЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ КЕЙБІР СИПАТТАРЫ Жоғарыда айтып өткеніміздей, «УП» тілдік негізі жалпы адамзатқа ортақ ғаламтанымдық ойлау нәтижесінде пайда болған, сондықтан оның пайда болу негізінде «ҒАЛАМ» ұғымы тұр. Ғаламды шартты түрде «Ұлы қоршау» ретінде тану – жалпы адамзатқа ортақ ғаламтанымдық түсінік. Кейбір ғылыми еңбектерде ең ілкі тілжасам дәуірі адамдарының ойлау қабылетіне күмән келтірген пікірлер кездесетіні белгілі, бірақ, біз айтып отырған ғаламтанымдық ұғымдар тілдік деректер арқылы толық дәлелденеді, яки тілден айқын көрінеді. Сондықтан, біздің пікірімізше: