Лекция №3. Инженерлік бөгеттерден өту



Дата16.02.2023
өлшемі22,05 Kb.
#168991
түріЛекция
Байланысты:
Лекция 3


Лекция №3. Инженерлік бөгеттерден өту
Сұрақтар:
1.Инженерлік бөгеттерден өту тәсілдері.
2.Миналық-жарылатын бөгеттерді залалсыздандыру тәртібі.
3. Мина далаларынан өту тәсілдері.
4. Өткелдердегі коменданттың қызметі.
Жауап: Инженерлік бөгеттерден өту тәсілдері. Жарылмайтын бөгеттерден өту инженерлік бөлімшелер, сондай-ақ инженерлік техниканы, бульдезерлік жабдықтар мен жарылғыш заттарды қолданып әскер түрлері бөлімшелері орнатқан өтпелер мен өткелдер арқылы жүзеге асырылады.
Елді мекендегі үйінділер бульдозерлер мен жол төсегіш техникалар арқылы тазартылады. Өтпеге жақын жерде құлағалы тұрған және жартылай қираған ғимарат қалмауы керек. Мұндай ғимаратты жару арқылы немесе механикалық тәсілмен бұзу керек. Ірі кесектер мен тұтас құйылған элементтерді 2-5кг-дық қосымша зарядты жару арқылы сындырады. Үйінді биік және терең болғанда, оны тазалап, үстін тегістейді, кіру және шығу қақпалары бар өтпе жасайды. Таулы жолдардағы үйінділерден де осылай өтеді.
Ормандағы кедергілер мен бөгеулерден өту үшін ағаштарды қопарып, тасу жолымен өтпе жасайды. Бөрене сынықтарын, тастар мен топырақты бульдозермен өтпе сыртына тастайды.
Сым бөгеттерде өтпелерді танкілердің көмегі арқылы жару әдісімен немесе қайшы және саперлік құралдарды пайдалана отырып, қол күшімен жасайды.
Сым бөгеттерде жару әдісімен өтпелер жасау үшін ұзартылған зарядтарды қолданады. Зарядтарды қазықтар түбінде сымның астына не сымға салып жарады. Жару нәтижесінде ені 4-5м өтпе жасалады.
Сым бөгеттерден, сондай-ақ оның үстіне буылған бұта не сабан, тақтайлар, сатылар, шинелдер тастау арқылы да өтеді.
Онша елеусіз және ауыстырмалы сым бөгеттерден өтпелер жасағанда, арқанмен танкілерге, тартқыштарға сүйреткен тарбақтар мен ілмектерге байлап, бөгеттерді жан-жаққа тасу арқылы жасауға болады.
Электрленген бөгеттерден өтпелер арқылы немесе тоқсыздандырып барып әдеттегі сым бөгеттерден өту тәсілі қолданылады.
Мина далаларын өту тәсілдері. Бөлімшелермен шешілетін мейлінше маңызды және күрделі міндеттердің бірі – мина-жарылғыш бөгеттерден өту.
Ұрыс жағдайы мен мина-жарылғыш бөгеттердің орналасуы орнына байланысты міндеттер мынадай тәсілдер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: бөгеттердегі өтпелерден өту; жеке миналанған аландарды түсіру; жолдарды, елді мекендерді және жекеленген нысандарды минадан тұрақты тазарту, жергілікті жерді тұтастай минасыздандыру.
Бұлардың ішінде едәуір кең таралған түрі – бөгеттерден өтпелер жасау.
Миналанған аландардағы өткелдер мынадай тәсілдер арқылы жасалуы мүмкін:
--- механикалық тәсілмен – миналарды жарып жою тәсілі немесе коллеялық мина тралдары (КМТ -5М, КМТ -6) көмегімен өткелдер шегінен алып тастау тәсілі;
--- жару тәсілімен – реактивті қозғалтқыштар көмегімен немесе тралы бар танкімен сүйреу арқылы ұрыстың миналанған алаңдарына берілетін ұзартылған зарядтар көмегімен оларды қопару жолымен миналарды жою;
--- қолмен жасалған тәсілмен – мина іздеуішпен және түрткішпен іздеу, оны көмілген жерінен тармақты ілгекпен суырып алу және өткелдерден аулақта жою.
Бөгет жолағы (полоса заграждений)- қарсыласты титықтату, оны шығынға ұшырату, оның жылжуын бәсеңдету мақсатында бөгеттер қойылған жергілікті жердегі жолақ. Кенес армиясының Ұлы Отан соғысына дейінгі жарғыларында қорғаныстың алғы шебінің алдында 10-12км қашықтықта бөгет жолақтарын дайындау қарастырылған. Онда артиллериялық-минааралық және пулеметтер атыстарымен тасаланатын табиғи бөгеттермен үйлестіре отырып, әр түрлі бөгеттер орнату көзделген. Бөгет жолағындағы көпірлер мен жолдар қиратуға дайындалатын болған(4).
Бөгеттер мен кедергілерден өту. (Преодоление заграждений и препятствий) - әскерлердің бөгеттер мен табиғи кедергілер арқылы жылжуы. Бөгеттер мен кедергілерден өту тәсілдері жауынгерлік дайындықтың нақты жағдайына, қойылған міндетке, командир шешіміне, қолда бар күш пен құралға, жыл мен тәуліктің мезгіліне байланысты анықталады. Әскерлердің қозғалысы жолындағы кездесетін кедергілер, әдетте, айналып өтідеді, ал ол мүмкін болмағанда тура өтіледі. Тралдарды қолданатын танктер мен ЖҰМ-дар ұрыстық ретті жинамай-ақ миналы аландардан өздігінен өтеді; тралсыз танктер мен ЖҰМ-дар және басқа әскери техника өтпелер бойымен жылжиды; жаяу әскер жаяуланған ретпен өтпелер бойымен немесе танктермен тралданған іздермен жылжиды. Табиғи кедергілер (орлар, шағын енді өзендер, каналдар, бұлақтар және т. б.) жабдықталған өткелдер арқылы өтіледі. Ұрыс қимылдары кезінде көпірлік өткелдерді тез тұрғызу үшін танктік және автомобильдік көпір салғыштар кеңінен қолданылады. Құрғақ жыралар мен орлар арқылы өту үшін бульдозерлік жабдық орнатылған танктер, жолсалғыштар және сүйремелер көмегімен топырақ себіліп, топырақты өткелдер жасалады. Аз сулы бұлақтардан сүзгілі торырақ үйінділері жабдықталады немесе жол құбырлары орнатылады. Шағын енді, бірақ терең және мол сулы кедергілерден өту үшін бір ізді механикаландырылған көпірлер қолданылады немесе алдын ала дайындалған элементтерден (бөліктерден) және жергілікті жер материалдарынан ағаш көпірлер тұрғызылады. Тегіс, қатты, тастақ немесе түбі құмды сулы өңірлерде кешпелі өткелдер жабдықталады. Дөңгелекті және шыңбыр табанды машиналарды өткізу үшін кешпелі өткелдер, әдетте жеке дайындалады. Жарылыс нәтижесінде пайда болған кедергілерден әскерлердің айналып өту мүмкіндігі болмаған жағдайда оларды аршу жұмысы барынша аз болатын бағытта өтіледі(4).
Бөгеттердегі өтпелер (проходы в заграждениях) – бөгеттерден тазартылған немесе өз әскерлерін (кемелерін, десанттық көліктік құралдарын) түрлі ұрыс қимылдары кезінде міндеттерін орындауға өткізу үшін бөгеттерде арнайы бос қалдыратын жергілікті жер (су кеңістігі) долағы. Өтпелер саны ұрыстық (жорықтық) ретке, бөгеттердің сипаты мен олардан өту әдісіне, қолда бар күш-құралдарға байланысты болады. Мина жарылғыш бөгеттерде өтпелер жару арқылы, механикалық тәсілдермен және қолмен жасалады. Жару жеке механикалық әдістер негізгі әдістер болып табылады, олардың аралас қолданылуы да мүмкін. Жару тәсілі миналы алаңға реактивті қозғалтқыштар немесе тралды танкті сүйреу арқылы жеткізілген, ұзартылған зарядтар көмегімен миналарды жоюдан тұрады. Қарсылас қорғанысының алдыңғы шебінің алдындағы бөгеттерден өтпелер, әдетте, шабуылға атысқа дайындық кезінде жару тәсілімен жасалады. Механикалық әдіс миналарды жоюдан немесе оларды белгіленген өтпе сыртына шығарудан тұрады. Танкіге қарсы миналы алаңдарда өтпелер миналық тралдармен тазартылады, ал жаяу әскерге қарсы мина алаңдарында танктерге және басқа шынжыр табанды машиналарға орнатылған бульдезерлік жабдық көмегімен немесе арнайы құрылғыларды («мысық») қолдану арқылы тазартылады. Тралды танктер ұрыстық ретпен жылжи отырып, мина алаңдарында ізді өтпелер жасайды, содан соң олар ұрыстық және көліктік техниканы өткізу үшін жарғыш заттарды жару жолымен немесе басқа тәсілдермен кеңейтіледі. Өз мина алаңдарында өтпелер алдын ала қолмен жасалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет