Лекция 3 Мақтаны зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғаудың кешенді жүйесі


Тамыр шіруіне қарсы тұқымдық шитті дәрілеу



бет2/6
Дата03.02.2017
өлшемі1,16 Mb.
#8739
түріЛекция
1   2   3   4   5   6

Тамыр шіруіне қарсы тұқымдық шитті дәрілеу. Жалпы мақта шаруашылығындағы ең күрделі мәселелердің бірі мақта зиянкестері мен оның аурулары. Олар мақта өніміне айтарлықтай шығын келтіреді.

Мақта өсімдігін (қозаны) әр түрлі – ақ ұсақ микроорганизмдер – уақ саңырауқүлақтар мен бактериялар қорек етеді.

Мақта шаруашылығында неғүрлым көп тараған, әрі қауіпті ауру – тамырдың шіруі.

Тамырдың шіруін топырақта тіршілік ететін саңырауқұлақ – Rhizoctonia solani Kuhn, тұқымдас түрлері Fusarium және басқада бактериялар туғызады.

Кей жылдары тамыр шіруі қоза өскіндерін тым қатты зақымдағандықтан, алқаптың едәуір бөлігіне қосымша шит себуге, ал жекелеген алқаптарда мүлде қайта себуге тура келеді. Бұл аурумен зақымданған өскіннің тамыры мойын жағынан қоңырқайланып, жіңішкеріп кетеді, саңырауқұлақ түтікшелері қадалған тіндер ыдырайды. Өскін шиті жарнағынан ажырап үлгермей ақ солып құлайды да, құрғап қалады. Ауру өсімдіктердің қолайлы жағдай туғанда бойын көтеріп, түзеліп келетін кезі де аз болмайды, алайда олар дамуы барасында сау өсімдіктерден қалып қояды.

Тамыр шіруі ауруының өріс алуы көктемгі ауа-райына байланысты. Көктем суық, жаңбыр көп жауған жылдарда тамыр шіруі де мақта өскіндерін көбірек зақымдайды. Өйткені мұндай жылдарда қоза да әлжуаз болып, саңырауқұлақтар мен бактериялардың жегісіне оңай ұрынады. Әсіресе, өніп – шығу қуаты аз, әлсіз шиттің өскіндері тамыр шіру ауруына көп ұшырайды. Сондай–ақ топырақты егіске дұрыс дайындамау, топырақтың қабыршақтануы, ондағы ауаның аздығы, шитті тым терең сіңіріп қою да бұл аурудың белең алуына себеп болады.

Соңғы жылдары осы ауруға қарсы көптеген препараттардың тұқымды дәрілеу арқылы тиімділігі зерттеліп келеді.

Осыған байланысты отандық М-4005 және М-4007 сорттарына тұқым дәрілейтін препараттардың тиімділігі, өндеу арқылы төмендегідей мөлшерде зерттелді.

1. Витавакс – 3,5 л/тн; 2. Сұңкар-3 – 2,0 л/тн; 3. Максим XL – 1 л/тн; 4. ТМТД – 9 кг/тн.

Осы жүргізілген тәжірибелерді негізге ала отырып «Сұңқар-3» және «Максим ХL» дәрілерін (2,0 л/тн, 1,0 л/тн) мөлшері, мақтаның тұқымдық шитінің тіршілік әрекетіне үлкен белсенділік көрсетіп мақтаның вегетация кезеңінде өсуіне, ықпал жасайтынын шаруа-дихандарға ұсынамыз.



Гоммоз. Бүл — мақтаның кең таралған ауруы. Аурудың қаншалықты зиян әкелетіні жылдың, белгілі бір аймақтың ауа райына, арготехника жағдайына байланысты.

Гоммоздың белең алуына, әсіресе көктемнің суық әрі жаңбырлы болуы, жаздағы мезгілсіз жаңбырлар қолайлы жағдай жасайды.

Гоммоз өсімдіктің барлық органдарын - шиттің жарғақтарын, жапырақтарын, сабақтарын, гүл жапырақшаларын және жас көсектерін зақымдайды.

Шит жарғақтарында әртүрлі көлемдегі дөңгелек, майда жарық дақтар пайда болады. Жарғақтар көбінесе кеуіп қалады. Нағыз жапырақтарда гоммоз талшықтардың арасына дақ түсіреді, ол бұрыш түрінде болады.

Гоммоз жапырақтың талшық жіпшелері арқылы сабақтарына таралып, сонда сопақтау келген майлы дақтар түрінде жайылады. Қатты меңдеген кезінде гоммоз дағы сабақты сақинадай орап алады. Мүндай жағдайда сабақтың зақымданған жері жіңішкеріп, көбінесе бұралып кетеді, өсімдік дұрыс жетілмейді немесе қурап қалады.

Гоммоз бактериялары топырақтың өзінде 12-30 сағаттың ішінде қырылып қалады. Бактериялары мақтаның ірі, шірімеген қалдықтарында — сабақтарында, көсектерінің жармаларында т.б. жерлерінде қыстап шыға алады. Бактериялар мақта шитінде (тұқымында) жылдан-жылға сақталып қала береді.

Түқымдық шиттің сыртқы қабықшасы алқапта ғана емес, оның түгін тықырлау кезінде, мақта тазартатын зауыттарда да гоммозбен залалдана береді.

Солма (вилт). Верициллиоздық солу - әртүрлі дөрежеде мақталы аудандардың бәріне де тараған. Бүл өте қауіпті ауру, қатты белең алса, өнімнің 50 пайызына дейін жойып жібереді.

Солманың қоздырушысы мақтаның шит жарғағы ашылуынан бастап, өсіп-жетілуі кезеңінің аяғына дейін зақымдай береді. Вилт әсіресе бұрынғы өсімдіктерде, гүлдің түйнектеу кезінде және кейінірек алдымен төменгі, содан соң үстіңгі жапырақтарда ашық-жасыл, біраздан кейін сары дақтар түрінде анық байқалады, дақтар дөңгеленген немесе бұрыштылау болып келеді, жапырақтардың шетінде және оның талшық жіптерінің арасында орналасады, бір — біріне жете жайылып, жапырақтың бүкіл бетін жауып кететін кезі де аз болмайды. Жапырақтар қурап, төменнен жоғары қарай біртіндеп түсе бастайды, өсімдік сабақтары жалаңаштанып қалады. Ауру өсімдік жетілуінің бастапқы кезеңінде-ақ жапырақтарынан айрылады, өсуін тоқтатып, мүлде қурайды. Кейбір сабақтары қайтадан жапырақтайды, алайда бұл өсімдікті бүрынғысынан да нашарлатып жібереді.

Солманың белгісі — ауруға шалдыққан мақтаның тіні қарайып кетеді, бұл оны үзынынан және көлденеңінен кесіп көргенде байқалады.

Өсімдік бұл ауруға негізінен тамыр жүйесі арқылы шалдығады. Бүған тамырдың кез-келген жерінің зақымдануы себеп болады. Өсімдіктің бойына еніп алған саңырауқүлақ немесе вирус сабақтардың, бұтақтардың, сабақшалардың, жапырақтардың су жүретін жолдары арқылы тарайды. Алқаптағы немесе топырақтағы өсімдік қалдықтарында сақталып қалған ауру қоздырушы саңырауқүлақ пен вирус ауру таратудың түрақты көзі болып табылады. Мақтаны бірнеше жыл бойы бір алқапқа еге беру аурудың ошағын тез, әрі кең ауқымда ұлғайтып жібереді.

Саңырауқүлақ спорасының дамуына қажетті ең төменгі температура 5-7 градус, оңтайлысы — 23-26 градус, жоғары шегі — 31 градус. Оңтайлы ылғалдылық 60-70 пайыз. Ылғалдылығы мұнан жоғары болған жағдайда саңырауқүлақ спорасының көбеюі тежеледі. Жоңышқа, пияз, сарымсақ сияқты өсімдіктердің тамырлары топырақты солма ауруын қоздырушыларға қарсы элементтермен байытады. Азоттық тыңайтқыштар және көп суару аурудың белең алуына жағдай жасайды.

Мақта қозасы бұл ауруға негізінен тамыр жүйесі арқылы шалдығады. Бұған тамырдың кез – келген жерінің зақымдануы себеп болады. Өсімдіктің бойына еніп алған саңырауқұлақ бактериясы, сабақтардың, бұтақтардың, сабақшалардың, жапырақтардың су жүретін жолдары арқылы тарайды. Алқаптағы немесе топырақтағы өсімдік қалдықтарында сақталып қалған уақ саңырауқұлақтары ауру таратудың тұрақты көзі болып табылады.

Егістікті өсімдіктер қалдықтары мен қозапаядан тазалау вертициллездық солма ауруымен күресуде маңызды роль атқарады. Уақ саңырауқұлақтар алғашқыда ауырған өсімдікте көбейеді. Егістікті күзде сүдігер жыртқан кезде, ауырған өсімдік топырақ астынна түседі де барлық инфекция сонда қарқынды түрде көбейеді. Солма ауруының көбейуіне жол бермеу үшін, күзде сүдігер жыртудан алдын егістікті қозапаядан тазалап, егістіктен тыс жерге шығарып өртеп жойып отыру олармен күресудің бірден-бір шарасы.

Солма ауруымен қарсы күресудің экономикалық тиімді шараларының бірі, ауыспалы егіс тізбектеріне жоңышқа және агромелиоративті алқаптардан тұратын дәнді дақылдарды енгізу.

Ауыспалы егістік нұсқаларының мақта қозасының солма ауруына шалдығуының тигізетін әсері кестеде көрсетілген.

Бұл 1-ші кестедегі мәліметтерге қарағанда: 3-жылдық жоңышқадан кейін 1-ші жылғы мақта егістігінде ауырған өсімдіктің саны 1,0 пайызды ғана құрады, 3-жылдық жоңышқадан кейін егілген 2-ші жылғы мақта егістігінде, ауырған өсімдік саны 1,8 пайыз болса, 3-жылдық жоңышқадан кейін, қатарынан 5 жыл егілген мақта егістігінде, ауырған өсімдіктің саны 3,6 пайызды құрады. Ал бақылау нұсқасында ауырған өсімдіктің саны 6,5 пайыз шамасында болды.


Кесте 1 - Ауыспалы егіс тізбектеріне байланысты солма ауруының көрсеткіштері


Нұсқалар


Есептеу жүргізілген өсімдіктер саны, дана

Солма аурумен ауырған

өсімдік саны, дана



Залал

дануы %


1

2

3

4

жалпы

1

2

3

4

жалпы




1

«Бақылау»

М-4005


47

50

40

45

182

3

4

3

2

12

6,6

2


М-4005 3-жылдық жоңышқадан кейін 1-жылғы мақта

40

30

40

55

185

1

-

-

1

2

1,0

3

Сорт М-4005

3-жылдық жоңышқадан кейін 2-жылғы мақта



60

55

40

65

220

1

2

-

1

4

1,8

4


Сорт М-4005

3-жылдық жоңышқадан кейін 5-жылғы мақта


60

55

40

65

220

2

3

1

2

8

3,6


Сонымен, кестедегі салыстырмалы мәліметтерден байқағанымыздай, солмамен күресудің ең тиімді жолы, 3-жылдық жоңышқадан кейін 1-ші жылғы мақта егістігінде солма ауруына төзімді М-4005 сорты егілген мақта егісі болып табылды.

Мақта қозасының солма ауруына қарсы күресудің және бір жолы мақта қозасының қатараралығын сапалы баптау.

Қатараралық өңдеуді тым терең жүргізу қозаның тамыр жүйесіне зақым келтіре отырып, оны кесіп кетеді. Соның себебінен мақта қозаның тамыр арқылы минералдық қоректік заттармен және сумен қамтамасыз етілуі төмендейді.

Сонымен бірге тамыры қиылған, бүлінген қоза солма ауруын жұқтыруына барынша бейім тұрады, және өсіп жетілу жағынан көп кешеуілдеп артта қалады. Қозаның өсіп жетілуінің алғашқы кезеңінде бірінші қатар аралықты өңдеуді 6-8 сантиметр тереңдікте жүргізе отырып кейінгі қатараралық өңдеуде, шеткі органдады 10 сантиметрге тереңдікте, ортасындағы органдары 14-16 сантиметр тереңдікте қопсытса оң нәтиже береді. Мақта шаруашылығында қозаның қатараралығын өңдеудің тиімді және сапалы жүргізілуі, егістіктің арамшөптерден таза болуын қамтамасыз етеді, сонымен бірге мақта қозасының өсіп жетілуіне және жоғары сапалы мол өнім алуға игі ықпалын тигізеді.

Мақта қозасының солма ауруымен залалдануына суару жиілігі мен мерзімдері белгілі дәрежеде әсер ететіндігі анықталды. Әр түрлі суғару жүиелерінің мақта қозасының солма ауруына шалдығуының тигізетін әсері 2-ші кестеде көрсетілген. Суару мөлшері барлық нұсқаларда бірдей-1300 м3/га.

Кесте 2 - Мақта қозасының солма ауруына, суару ережесінің әсері





Нұсқалар

Суару ережесі

Суару мөлшері

Өсімдіктің ауруы. %

1


«Бақылау»

М-4005


1-1-1

1300

3,8

2


Сорт М-4005. 3-жылдық жоңышқадан кейін 1- ші жылғы мақта

0-1-0

1300

-

3


Сорт М-4005. 3-жылдық жоңышқадан кейін 2-ші жылғы мақта

0-1-0

1300

1,3


4

Сорт М-4005. 3-жылдық жоңышқадан кейін 5-ші жылғы мақта

0-1-1

1300

1,5

2-ші кестеден байқағанымыздай 0-1-0 суару кестесінде солмамен тек 1,3 пайыз залалданса, 4-ші нұсқада 0-1-1 суару кестесінде солмамен залалданған өсімдіктердің мөлшері 1,5 пайыз, бақылау нұсқасында 1-1-1 суару ережесінде 3,8 пайызға көтеріледі, мақта қозасының вертициллездік солмамен ауру дәрежесі суару жиілігі, және суару мерзімдері сияқты факторларға да байланысты екені ғылыми тұрғыда айқындалды.

Мақта қозасы қанша көп суарылса, сонша көп өсімдік солмамен залалданғандығы байқалды.

Жүргізілген ғылыми–зерттеу нәтижесіне сүйене отырып агротехникалық іс шаралардың солма ауруына қарсы күресуде, ең әсерлі және тиімді факторлардың бірі болып саналатыны анықталды. Сонымен агротехникалық іс шараларды дер кезінде, сапалы және тек дұрыс қолданылған жағдайда ғана, мақта қозасының, солма ауруымен залалдануын, төмендете отырып шитті- мақтаның өнімділігімен талшық сапасын көтеруге және жыл сайынғы өнім шығындылығын азайтуға болады.
Өсімдікті қорғаудың биологиялық әдісі
Қоза алқаптарында зиянкестердің саны өнімге нұқсан келтіретін деңгейге жетіп, олар жаппай тарала бастағанда, күрестің химиялық әдісі қолданылады.

Ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы күресте химиялық әдіспен және қозалық алқапты алдын-ала өңдеуде мақташылар мұнымен қатар неғұрлым арзан, қолы жетімді әрі экологиялық жағынан қауіпсіз күрес әдісін де қолданып келеді. Зиянкестерге қарсы күрестің бұл әдісі ерте бастан, олар жаппай таралып кетпей тұрғанда қолданылады.

Өсімдіктерді қорғаудың биологиялық әдісі – ауыл шаруашылығы зиянкестерінің еңсесін көтертпеу және олардың санын шаруашылықтың егістігіне елеулі зиян келтірмейтіндей мөлшерде азайту үшін тірі организмдерді пайдалану болып табылады.

Бұл әдістің мәнісі – ауылшаруашылық дақылдардың зиянкестері мен олардың паразиттерінің, жыртқыш жәндіктердің арасында қалыптасқан бітіспес қарама-қайшылығын мақсатты түрде пайдалану.

Күрестің биологиялық әдісі дегеніміз – пайдалы жәндіктерді қолдан өсіру арқылы көбейтіп, оларды табиғат аясына – мақта егістігіне жіберу.

Оңтүстік Қазақстан облысында мақта егістігіндегі ауылшаруашылығы зиянкестеріне қарсы күресте трихограмма және габрабраконды өсіру неғұрлым кеңінен тараған.

Трихограмма кеміруші және жер үстінде тіршілік ететін көбелек-құрттарға қарсы қолданылады. Тұрқының ұзындығы 0,3 – 0,4 мм. Бес, тоғыз мұрт қылшасы жеке орналасқан, қанаттарының жіп-талшықтары жеңіл. Еркектері көбінесе қанатсыз немесе қанаты жетілмеген болып келеді.

Трихограмма несекомның 200 –ден астам түрінің жұмыртқасын бүлдіреді. Мұндай паразиттікпен тек личинкалары айналысады. Ересектері гүл шырынымен және шықпен қоректенеді. Ұрғашылары жұмыртқаларын басқа жәндіктің жаңа қалдырған жұмыртқасының ішіне салады.Трихограмманың жұмыртқадан шыққан личинкасы бірден мақта көбелегінің, тағы басқа зиянкес жәндіктердің жұмыртқасымен қоректеніп, соның ішінде өсіп жетіледі. Мақта көбелегінің зақымданған жұмыртқасы қарайып кетеді, кейде қаракөк түске енеді. Трихограмма басқа жәндік (мақта көбелегі) жұмыртқасының ішінде қуыршаққа айналады. Осы қуыршақтан шыққан ересек трихограммалар жұмыртқаны кеміріп теседі де, жарыққа шығады. Ұрғашы трихограммалар жыныстық жағынан жетіліп шығады да, бірден еркектерімен шағылысып, жұмыртқа салуға кіріседі.

Трихограмманың өсіп-жетілуінің ұзақтығы ауаның температурасы мен ылғалдылығына байланысты 7 күннен 35 күнге дейін созылады. Ересектері 3-18 күн аралығында өмір сүреді. Осы уақыт ішінде бір ұрғашысы 25-тен 92-ге дейін жұмыртқа салады. Мұның көпшілігін өмірінің алғашқы күндерінде табады. Табиғи жағдайда трихограмма 14 – 15 ұрпақ береді. Личинка және қуыршақ кезінде басқа жәндіктің жұмыртқасы ішінде қыстап шығады.

Мақта егістігіндегі кемірушу көбелектермен күресу үшін ересек трихограмма құртын әр гектар алқапқа 200 мыңнан келетіндей етіп үш рет көбейтіп шығару ұсынылады.

Трихограмма өсіріп шығаруды зиянкес көбелектің жұмыртқа салуының алғашқы кезеңінде тұстас келтірген, ал егістікке күн ыси қоймаған таңертеңгі немесе кешкі мезгілде жіберген дұрыс. Олар егістікке біркелкі тарау үшін бір гектарға кемінде 100 жерден, яғни әр 10 метрден кейін жіберіледі.

Трихограмманы биологиялық лабораторияларда, қамба зиянкесі – астық күйесінің жұмыртқасында көбейеді.

Габрабракон мақта көбелегін азайтуда едеуір роль атқарады. Бұған қоса ол карадрина, жүгері көбелегі, құлқайыр күйесі, мақта сабағының күйесі, диірмен көбелегі сияқты зиянкес жәндіктерден қоректенеді.

Габрабраконның тұрқының ұзындығы 2-5 мм. Аяқтары түзу, қарны сабақты болып келеді Ұрықтанған ұрғашы габрабракондар оралып қалған жапырақтарда, ағаш қабығының астында, қуыстарда қыстайды. Бір ұрпағының дамуы жазда 9-11 күнге, көктем мен күзде 12-16 күнге созылады. Мақта егістігінде пайда келтіретін жәндіктерге бұларға қоса жарқырауық зерде қоңыздар, кенеқоректі трипс т.б. жатады.

Қозаның өнімдік элементтерін сақтап қалу – мақташылардың аса маңызды міндеттерінің бірі. Өйткені агротехникалық тұрғыдан күтіп-баптау төмен қозаның салған өнімдік элементтері түрлі зиянкес жәндіктер мен аурулардың зардабынан ысырапқа ұшырайды.

Осы бөлімде сөз болған агротехникалық, биологиялық, химиялық тәсілмен оларға қарсы жүргізілген күрес шаралары мен олардың алдын-ала сақтандыру әрекеттері шаруа қожалықтары үшін мақта шауашылығы практикасындағы аса пайдалы көмек құралы бола алады.


Биологиялық әдіс – халық денсаулығын қорғау кепілі

Дамыған елдерде химиялық пестицидтерді қолдануға және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің құрамындағы токсикологиялық қалдықтарға деген талаптарды күшейтіп, ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге биологиялық әдісті кеңінен қолданып, өсімдікті қорғауға мәжбүрлейді. Мұнымен қатар мемлекеттің және жеке сектордың қаржылай көмектесуінің арқасында бұл бағытта іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізілуде.

 Көптеген елдер өсімдік қорғауда экологиялық таза технологияларға белсенді түрде өтіп жатса, ал Қазақстанда керісінше, өсімдікті зиянкес­терден қорғау – бұл тек улы химикаттармен (пестицидтермен) өңдеу ғана деген ұғым қалыптасқан.

Қазақстанда 1991 жылға дейін бірнеше ондаған биозертханалар жұмыс істеген, биоәдісті қолдану көлемі 400 мың гектардан астамды құраған, соның ішінде мақтада – 250 мың га, жеміс дақылдарында – 20 мың га, көкөніс дақылдарында – 35 мың га. Мысалы, 1987 жылға дейін бір ғана Алматы облысында трихограмманы (энтомофаг – пайдалы бунақдене) 25 мың гектардан астам жерге, ал биопрепараттарды 7,5 мың гектарға қолданып, улы химикаттарды қолдану көлемін айтарлықтай төмендеткен. 1960-80 жылдары өсімдік қорғауда био­әдісті қолдану бойынша ғылыми зерттеулер белсенді түрде жүргізілді.

Республикамыздың аграрлық секторында пестицидтерді бақылаусыз қолданудың артуы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарын қатты алаңдатады. Бұл қоршаған ортаның (ашық су қоймалары және жер асты сулары, топырақ, атмосфера) ластануына, пестицидтерге төзімді зиянкестердің пайда болуына және улы химикаттар табиғи экобиожүйенің (құстар, балықтар, жабайы аңдар және пайдалы бунақденелілер) жойылуына әсерін тигізеді.

Адам денсаулығына улы химикаттардың кері әсер етуінің ең аса қауіпті фак­торлар­дың бірі – ол бүрку кезінде адамдардың улануы, өсімдік және жануарлар, азық-түлік өнімдерінде токсикологиялық қалдықтар­дың жинақталуының әсерінен әртүрлі онко­логиялық және аллергиялық аурулардың, еркектер мен әйелдердің бедеулігі, түсік тас­тауы және жаңа туылған балаларда пато­логиялық белгілерінің пайда болуы. Мы­салға, біздің мәлімет­тері­міз бойынша, Оң­түстік Қазақстан облысы­ның мақта егетін аудандарында жылдан-жылға әлеуметтік шиеленіс артуда, ол мақтада улы химикаттарды жөн-жосықсыз және шамадан тыс артық қолдануымен байланысты.

Бізге, яғни ғалымдарға осы мақта егетін ауданның фермерлері мен тұрғындары мақ­таны аса қауіпті зиянкестерден, атап айт­қанда, мақта көбелегі мен өрмекші кенеден қорғау үшін мемлекет қаражаты есебінен берілген пестицидтерді жауапсыз қолдану­ды тоқтату жөнінде көмек сұрайды. Мысалы, тек қана мақта көбелегіне қарсы мемлекет бюджетінен жыл сайын орта есеппен химиялық күреске (инсектицидтерді сатып алу бүрку үшін) 200 млн. теңге бөлінеді.

Мақ­та егістіктерінде тонналап пайдаланған улы химикаттардың миллиардтаған шығы­ны жергілікті халықтың денсаулығы мен экологиясына орны толмас зақым келті­руде. Жергілікті халықтың наразылығына қарамастан, инсектицидтердің зиянкестерге әсері болмаса да, мемлекет бюджетінің қаржысы есебінен әлі де сатып алу жалғасып келеді.

Сөйтіп адам денсаулығына әсерін тигі­зетін тиімсіз улы химикаттар ауыз суға, мал жейтін өсімдіктерге, одан әрі адам организміне түсуі әлі де жалғасуда, бұдан басқа мақта егістіктерін өңдеу барысында ауылға жақын тұратын тұрғындар тұнып тұратын химиялық тұманмен дем алады.

Мақтаарал ауданының құрметті азаматы, мақташы-фермер Сабыров Елемес осы мәселе бойынша біздің ғалымдарға, аудан әкіміне, депутаттарға, Үкіметке қайта-қайта үндеу жасады. Ақырында, оның пестицидтермен адам организмінің улануына алаңдаушылығы және олардың мақта шаруашылығының арқасында жеткен экономикалық табыстары үшін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі оларды қолдап, 2010 жылы мемлекет-жекеменшік әріптестігі орталығы негізінде Мақтаарал ауданының Жетісай қаласында бір биоло­гиялық зертхана ашты. Пайдалы бунақ­де­нелілерді (энтомофагтарды) жаппай кө­бейту үшін механи­каландырылған желіні осы биозертханаға Өзбекстаннан сатып әкелді. Алайда бұл әрекеттер «теңізге тамшыдай» ғана болды, себебі бір биозертхана өзекті мәселені шешу үшін тым жеткіліксіз.

Бұл өңірге мүмкін болса, Қазақстанда шыққан,­ ғылыми қолдаудағы, технология­лық желілерімен жабдықталған кем дегенде 30 биозертхана қажет. Бұл өзекті мәселемен біздің ғалымдар жұмыс жасап жатыр. Сонымен қатар, өсімдікті биоло­гия­лық әдісті қолданып, қорғап жатқан ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер­дің субсидия алуына көмек жасауда.

Адамдардың пестицидтермен улануынан, қоршаған ортаның ластануынан сақ­тау үшін биологиялық тәсіл химиялық тәсілден басымырақ болып, болашақта ол «негізгі» тәсіл болмақ және субсидия мемлекеттік бюджеттен берілуі тиіс. Біз­дің институттың ғалымдары АШМ-ге бір­неше мәрте өтініш білдіріп пестицидтерді сатып алу үшін, мемлекеттік бюджеттен бөлінетін субсидияның ең болмағанда 10 пайызын биологиялық тәсілді дамытуға бөлуді сұрады. Ақырында біздің бастамамызды ауыл шаруашылығы министрлігі құптап, 2010 жылы ведомстволық бөлім­ше­лерге биологиялық әдіспен жұмыс істеу үшін Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтында «биометод» бөлімін және толығымен жабдық­талған тәжірибелік зертханалар ашуға рұқсат берген.

Бүгінде Қазақтың өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты және Ауыл шаруа­шылығы министрлігінің қолдауы­мен био­агентті зиянкестерге қарсы қол­дануға қа­тысты кең көлемде үгіт насихат жүргізуде. Осы жағдайлардың арқасында ОҚО әкім­дігінің биопрепаратпен, энто­мофагтарға сұранысы өсіп отыр, мақ­ташы фермер­лер­дің егістігінде зиянкестерге қарсы қолда­нылған инсектицид­тердің тиімділігі төмен болып, эконо­ми­калық тұрғыдан алғанда оларды қолдану тиімсіз болып шықты.

Елбасы қойған міндеттерге орай біздің институт инновациялық өсуге ғылыми ауқымды технологияға көшуге бет бұруда. 1990 жылдары әлемге белгілі голландық энтомолог Ван Лентерннің энтомофагтармен биопрепараттарды өсіріп-баптау технологиясы, химиялық пестицидтерді өң­деп шығарып, қолданудан әлдеқайда арзан екенін дәлелдеген. Ол биологиялық әдіс­тің қоршаған ортаға тигізетін әсерінің әлдеқайда жоғары және адам денсаулы­ғы­на зиян келтірмейтінін, ал пайдасын ақш­а­мен есептеп жеткізу қиын екенін айтады.

Қазақстанда ғалымдар биологиялық әдісті өсімдік қорғау саласында қолдануды әрі қарай дамытуы керек пе? Әрине, керек. Елбасымыздың ғалымдарды жан-жақты қолдауының арқасында ғылымды респуб­ликаның бюджетінен қаржыландырудың өзі бізді осы бағытта жұмыс істеуге жігерлендіреді.

Биологиялық әдісті Қазақстанның оң­түстік және оңтүстік-шығыс – мақта, көкөніс, картоп, жеміс-жүзім, жылыжай шаруашылықтары дамыған өңірлерінде өркендету қажет. Болашақта жылыжай көлемі жүздеген гектарға жететін болады. Аталмаш дақылдардың көбі, әсіресе көкөніс, жеміс жүзім өнімдері өңделмей, пісірілмей тамаққа тікелей қолданатын­дықтан, зиянкестерден қорғау жұмысын жүргізгенде негізгі тәсіл биологиялық тәсіл болуы керек.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, экологиялық таза, нақты әдісті және зиянды организмдермен күресу технологиясын жетілдіру, соның ішінде пайдалы бунақ денелілер биоагенттерді және биопрепараттарды зиянкестерге қарсы қолда­ну ғылымның ең негізгі бағыты болып отыр. Сондықтан бұл жұмысқа Үкімет тарапынан, әсіресе Ауыл шаруашылығы, Ден­саулық сақтау және Қоршаған ортаны қор­ғау министрліктерінің қолдаулары қажет.

Бұл ғылыми зерттеулердің нәтиже­сін­де зиянкестерден болатын шығынның тө­мен­деуіне және ауылшаруашылық өнді­рісінде қолданылатын пестицидтердің көлемінің қысқаратынына, қоршаған ортаны қорғау, халықтың денсаулығын сақтау және Қа­зақстан Республикасының азық-түлік және экологиялық қауіп­сіз­ді­гін қамтама­сыз етуге қосылған ғылыми үлес болмақ.


Мақта дақылы егістігінің арамшөптері және олармен күрес шаралары

Мақта және бақша дақылдары егістіктерінде арамшөптердің көбейуі аталған дақылдардан сапалы өнім алуға айтарлықтай кері әсерін тигізетіні белгілі. Арамшөптерге қарсы күрес дер кезінде жүргізілмей, тиісті шаралар қолданылмаса ол шаруашылыққа экономикалық орасан зор зиян келтіреді. Арамшөптердің мақта және бақша дақылдарының өніміне келтіретін зияны 25-30 пайызға жетіп, кейде одан да асады.

Мырзашөл өңірінің байырғы суармалы жерлерінде арамшөптер орасан көп зиян тигізуде. Бұл аймақтардың мақта егістік жерлерінде құмай, ажырық және шырмауық сияқты өте зиянды арамшөптердің көп болуына жол беріліп келеді. Жоғарыда айтылған бұл арамшөптер тез өсіп, көбейетін өсімдік болып табылады. Арамшөптер ерекше жағдайды қажет етпейді және олар өсімтал, өмірге бейім келеді, сондықтан оларға қарсы күрес үнемі және қатаң түрде жүргізілуі керек. Арамшөптер әсіресе мақта далаларында тез өсіп, тез жетіледі. Мұндай жағдайда жоғары не болмаса тіпті орташа да өнім күтуге болмайтындығы өзінен-өзі түсінікті.

Қазақстанның мақта және бақша дақылдары егілетін аймақтарындағы топырақ-климат жағдайындағы арамшөптердің сан және тұр құрамын білу, оларға қарсы күрес шараларын, негізгі ең қауіпті арамшөп түрлеріне қолдануға жағдай жасайды. Егістік алқаптарда бір ғана арамшөп түрінің болуы өте сирек кездеседі, көбнесе мақта және бақша дақылдары егістігінде арамшөптердің көптеген түрі болады. Біздің егістік жерлерде арамшөптердің жиынтығы кездейсоқ емес, олар осында байырғыдан өскен арамшөптермен, мәдени дақылдармен бәсекелесу нәтижесінде үйлескен түрлерді құрайды.

Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Соңғы жылдары өсімдік шаруашылығын әртараптандыруға байланысты Оңтүстік Қазақстан облысында бақша дақылдарының егіс көлемінің жыл сайын арту үрдісі байқалуда. Біздің жағдайда бақша дақылдарының үлес салмағының артуының бірнеше себептері бар, олар: ағын су тапшылығына байланысты егін шаруашылығын әртараптандыру, сонымен қатар Қазақстан, Ресей және Беларус мемлекеттерінің арасында Кедендік одақтың түзілуіне байланысты, өзімізде өсірілген бақша дақылдарын Ресей және Беларус мемлекеттеріне кедендік төлемсіз тікелей шығаруға мүмкіндік туындауы.

Республикада бақша дақылдарының ішінде үлес салмағының басым бөлігін қауын иелейді – 60-80%. Қауынның негізгі өндірушілері және Қазақстанның ішкі және сыртқы нарығына жеткізушілері – Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл облыстары. Өкінішке орай соңғы жылдары қауын егісінің аумағы күрт қысқарып кетті. Мұның себебі мақта қозасының, дәнді дақылдардың, мал азықтық шөптердің егістіктер аумағының кеңейтілуі болып табылады.

Қауынның ең жақсы сорттарында қанттың мөлшері 12-14 %-ды, ал жеке жағдайларда – 18 %-ды құрайды. Қанттардың ішінде ең көп мөлшерін сахароза, содан соң глюкоза және фруктоза иелейді. Қауындарда көп болмаған мөлшерде В1, В2, В6, РР, Н (биотин) дәрумендеріне ие және едәуір көп мөлшерде С дәрумені кездеседі – еуропалық және АҚШ қауындарында оның мөлшері 3,4-9,8 мг% болса, біздің қауындарда ол – 10,0-26,0 мг% мөлшерінде кездеседі.

Қауын жемісін жаңа үзілген күйінде пайдаланады, құрғатады, тосап, цукаттар, мармелад, повидло, бекмес, қауын балы дайындалады. Қазіргі кезде қауын ассортименті көп емес, жергілікті және еуропалық түрлері қолданылады.

Қазіргі таңда облысымызда бақша дақылдарын оның ішінде қауын егістігін арттырып, халықты қауын өнімімен қамтамасыз ету үлкен маңызды іс-шаралардың бірі.

Осы аталған жұмыстармен қатар әр гектардан алынатын қауын өнімділігін арттыру мақсатында, жер асты суы 1,5-2,0 м деңгейде жайласқан, топырағы орташа сортаңданған суармалы аймақтың топырақ-климаттық жағдайындағы қауын егістігінің негізгі арамшөптерінің түр құрамына да зерттеулер жүргізілді.

Суармалы егіншілік жағдайындағы агрофитоценоздарда мәдени өсімдіктер мен арамшөптер арасындағы бәсекелестік қарым–қатынас ерекшелігінде белгілі бір өзгерістер бар.

Күтіп бапталатын алуан түрлі дақылдар, олардан жоғары және тұрақты өнімнің алынуы үшін, нақты тек соларға ғана тән агротехникалық іс-шаралардың қолданылуын талап етеді. Алайда, бұл шаралар арамшөптердің алуан түрлілігіне біркелкі ықпал етпейді. Негізгі, егістен алдын және егістен кейінгі өңдеулер арамшөптердің жалпылама санының азаюына алып келеді, алайда мұндай жағдайда кейбір арамшөптердің түрлері, әсіресе ылғалдың жеткілікті болған жағдайында дамып жетіле түседі.

Мақта және қауын егістерінде арамшөптермен күресудің іс-шараларын жүзеге асыру, егістерді арамшөптердің әртүрлі биологиялық түрлерінің басуының сипатын жан-жақты біліп алған жағдайда, мүмкін болмақ. Нақты мәліметтер мен түрлік және сандық құрамды жалпылау, арамшөптермен күресте әртүрлі агротәсілдер мен іс-шаралар арқылы ғылыми негізделген және экономикалық тұрғыдан тиімді амалдарды айқындап береді.

Жоғарыда аталған дақылдардың егістігінде әсіресе, арамшөптердің дамуы үшін қолайлы жағдай суару жағдайында қалыптасады. Оңтүстік Қазақстан облысының байырғы егістік жерлерінде арамшөптер кездейсоқ жиынтықты емес, осында өсетін түрлердің арасындағы (соның ішінде мәдени өсімдіктердің) бәсекенің нәтижесінде қалыптасқан кәдімгі заңды түрдегі қауымдастықты білдіреді.



Мақта егістігіндегі негізгі арамшөптер
Оңтүстік Қазақстан облысының байырғы суармалы жерлері жағдайындағы мақта егістігіндегі арамшөптердің түр құрамы мен олармен залалдану дәрежесіне 2010-2015 жылдары гербологиялық мониторинг жүргізілді. Ботаникалық зерттеулердің негізгі нысаны Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу иститутының тәжрибелік алқаптары болды.

2010 жылы егіске дейінгі агротехникалық іс шараларға дейін тәжрибелік алқаптың әр 1 м2 –де 51-ден 122-кі дана арамшөп болса, ал 2015 жылы 1 м2 –де 55-тен 118 данаға дейін арамшөптер болды. Бұл әрине үлкен және өте үлкен ластану дәрежеіне жатты. Сонымен қатар бақылаулар нәтижесінде жоғарыда көрсетілген арамшөптердің 75,4 %-ы біржылдық, 24,6 %-ы көп жылдық арамшөптер екендігі анықталды.

Бақылаулардың нәтижесінде анықталғандай ең жиі кездескен көпжылдық арамшөптер: саусақты қара шойыр (cynodon dactylon), алеп құмайы (soryhum halepense), кәдімгі қамыс (Phragmites austraiis Cav), егістік шырмуық (convolvulus arvensis) және жатаған бидайық (elytrigia repens), ал бір жылдық арамшөптерден көп кездескендері: тауық тарысы (Echicochloa crus-galli), қызылша гүлжәжі (Amaranthus retrofiexus), кәдімгі жұмыршақ (Capsella bursa-pastoris Medic), кәдімгі қара сұлы (Avena fatua L.), ақ алабота (Chen album L.).

Ендігі жерде біз олардың негізгілеріне кішірек сипаттама бере кетейік.



Саусақты қара шойыр (1-сурет) – көпжылдық, тамырсабақты, астықтұқымдас арамшөп, көбнесе шалғындықты аз сорланған топырақтарға тән. Мамыр айының ортасы мен маусым айында гүлдейді, гүлдеу мен өнім беру күздің соңына дейін жалғасады. Мақа егістігінде саусақты қара шойырдың көктеуі наурыз айының аяғы мен сәуір айының басында басталады. Тағы бір айта кететіні, тұқымнан өсіп шыққан арамшөп сол жылы ақ гүлдеп өнім беруі мүмкін. Ал көбнесе бұл арамшөп вегетативтік жолмен, тамырсабақтары арқылы көбейеді. Тамысабақтары салыстырмалы түрде жердің беткі қабатында, 20-25 см тереңдікте жатып, тығыз жерасты торын құрайды. Әр өсімдік 2000 дейі тұқым беріп, мақтаға өте көп зиян келтіреді.







1-сурет – Саусақты қара шойырҚұмай (2-сурет) -бұл да көпжылдық, тамырсабақты, астықтұқымдас арамшөп. Мақтада көп кездеседі. Тұқымы мен тамыр сабақтары арқылы көбейеді. Жер бетіне өскіндері сәуір айынан көктеп шығады, ал гүлдеуі маусым айынан бастап күздің соңына дейін жалғасады. Вегетациалық кезеңі күздің бірінші суықтарында аяқталады. Жер бетіндегі өскіндері 00 температурада өсуін тоқтатады. Бір өсімдіктің өзі қолайлы жағдай болғанда бірнеше мың тұқым береді. Тұқымдары жоғары температурада (20-25 0) көктеп шығады. Сондықтан табиғатта олардың тұқымдары топырақ жетерліктей қызғанда сәуір айында көктейді. Дегенменде құмайдың көбейуі кәдуілгі жағдайда вегетативтік мүшелерімен жүреді. Тамырсабақтары топырақтың 40-60 см тереңдігінде дамиды, ал негізгі тамырсабақтары топырақтың 20 см тереңдігінде шоғырланады. Ал кейбір қосымша тамырлары топырақтың 150-200 см тереңдігіне дейін барады.

2-сурет - Құмай



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет