Лекция №3. Су әкетуші желілер



бет2/2
Дата06.02.2022
өлшемі22,86 Kb.
#81448
түріЛекция
1   2
Байланысты:
Л - 3

Елді мекендерден және өндіріс орындарынан суды әкету.
Тұрмыстық, өндірістік және басқа да мақсатта қолданылу нәтижесінде оның химиялық құрамыннемесе физикалық құрылысын өзгертекет су-ағынды су деп аталады.Ағынды сулар категориясына жауын сулары және еріген қар сулары нәтижесінде пайда болған атмосфералық сулар да жатады.
Ағынды су құрамы әртүрлі болады.Оның құрамындағы органикалық ластанулар шіру нәтижесінде микроорганизмдер,соның ішінде потогенді (ауру туғызатын)көбеюіне үшін жайлы орта болады.Ағын суларында химиялық қоспалар,майлар,мұнай қалдықтары,улағыш және радиоактивті заттардың болуы жер қыртысы мен су қоймаларына үлкен зиян келтіреді.Жер қыртысынта ластанған ағынды сулардың жиналуы қоршаған ортаны ластайды.сонымен қатар суқоймаларды тұрмыстық мақсатта қолдану инфекционнды аурулардың пайда болуына себебін тигізуі мүмкін.Мұның бәрі адамзат үшін үлен қауіптуғызады жәнеластанған ағынды суларды бірден елді мекеннен алып кету және өңдеу қажет.
Шығу тегіне байланысты ағынды сулардың қоспаларын тұрмыстық,өндірістік және атмосфералық деп бөледі.
Тұрмыстық ағынды суларға ас үй,дәретхана,дун, кір жуу бөлмелері,асхана, емханадан және т.б. шығарылған сулар жатады.Табиғаты бойынша тұрмыстық ластанған сулар фекалды,яғни негізі физиологиялық қалдықтармен ластанған, және қожалық ,әртүрлі тұрмыстық қалдықтармен ластанған.Тұрмыстық ағынды сулар құрамында әр түрлі фазалы дисперсиялық органикалық қосылыстардың болуымен сипатталады.
Өндірістік ағынды сулар технологиялық прцесс кезінде су торабынан келетін судың ластануы нәтижесінде пайда болады.Тұрмыстық ағынды сулармен салыстырғанда өндірістік ағынды сулардың ластану концентрациясы мен құрамы біркелкі емес,себебі ол суды қолдану өндірісінің түріне,шығарылатын өнім түріне байланысты.Кейбір өндіріс орындарынан концентрациясы мен құрамы әр түрлі ағынды сулар келіп түсуі мүмкін.Шартты түрде таза,құрамында ластану аз суды өңдеусіз суқоймаға құюға болады.
Жаңбырлы ағынды сулар – жаңбыр және ерiген қар суларын әкетуге арналған жүйе. Жаңбыр каанализациясының негізгі атқаратын міндеттері елді мекендердегі, өнеркәсіп орындағы жаңбыр суын суаттарда алып кету. Үй ішіндегі жаңбыр жүйелері үйдің шатырларында пайда болған жаңбыр суын алып кетуге қолданылады.
Елді мекендерде қоқсықты және қалдықтарды әкету үшін екі түрлі жүйе қолданылады.

  1. Жинап әкететін жүйе. 2. Ағызып әкететін жүйе.

Жинап әкететін жүйеде сұйық ластануларды арнайы қабылдағыштармен жинап,автокөліктермен арнайы санитарлық органдармен келісілген жерге апарып,өңдеуден өткізеді.
Ағызып әкететін жүйе келесідей негізгі элементтерден тұрады:ғимараттың ішкі канализация құрылғылары,сыртқы орам ішілік және көшелік су әкету желілері, сорғы станциялары және ағынды құбырлар,тазарту құрылғылары және тазартылған ағынды суларды суқоймаға шығару құрылғысы.
Сыртқы көшелік су әкету желісі орамішілік желіден лас суды қабылдап,жер асты құбырлар жүйесі арқылы сорғылы станцияларға,тазарту құрылғыларына және суқоймаға жеткізеді.
Су әкетуші желілерді өздігіне ағатын етіп құрады.Ол үшін қала не елді мекеннің барлық аумағын жер бедеріне байланысты төселген өздігінен ағатын көшелік су құбырлары мен коллеторы бар су әкету бассейндеріне бөледі.Су әкету желісі әрдайым бақылауға,тазартуға ыңғайлы болуы керек.Сондықтан оларда қарау құдықтары қарастырылған.Атмосфералық ағынды суларды қабылдау үшін дөңгелек немесе тік бұрышты ,төбесінде метал торы бар құдықтар жауынқабылдағыштар қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет