Лекция: 30 Практикалық: 15 Семинар: Лабораториялық: обсөЖ: 45



бет15/21
Дата22.06.2017
өлшемі32,31 Mb.
#19634
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21



Қазба-4.

Қазба қабірдің шығыс жағына салынды. Көлемі 5х3 метр. 1 метр тереңдікке дейін құланды қабырғалар, кірпіш сынықтары, күл-қоқыс қалдықтары кездеседі. 1 метр тереңдіктен, қазбаның оңтүстік-батыс бұрышына жерленген адам қаңқасы табылды. Қала ХІІ-ХІІІ ғасырларда өмір сүруін тоқтатқан. ХІҮ-ХҮІІ ғасырларда қала төбе орны су баспайтын болған соң зират ретінде пайдаланған. Сыр бойындағы ортағасырлық қалалар құландыларында мұндай адам жерлеу дәстүрі көп кездеседі. Жерлеу ғұрпы мұсылманша. Қаңқа шалқасынан жатқызылып, бағыты солтүстік-батысқа, беті батысқа қаратылған. Ұзындығы 1,60 метр. Сүйегі жақсы сақталған. Қолдары созылып шынтағынан бүгіліп ішіне қойылған. Аяқ сүйектері сақталмаған. Жасы 30-35 шамасында, жынысы әйел (13-сурет).



Қазба-5. Қаланың оңтүстік-батыс жағында, орталығынан 250 метр қашықтықтағы, биіктігі 0,5 метр, диаметрі 20 метр төбешікке салынды. Төбешік үсті қыш кірпіш сынықтарына толы. Төбешікке көлемі 3х3 метр қазба салынды. 20 см. тереңдіктен қыш кірпіштен қаланған қабырға шықты. Қабырғаның шығыс жағында адам қаңқасының қалдықтары табылды. Ол анатомиялық жағынан толық емес, нашар сақталған, тек аяқ жілігінің төменгі қалдығы ғана сақталған. Су түбінде ұзақ жатқандықтан бұзылып кеткен. Қабірдің бір жақ беті ғана сақталған, көлемін анықтау мүмкін емес. Сақталған қабырға көлемі 25х18х2см. қыш кірпішпен қаланған. Қалау әдісі жалпалығынан үш кірпіш, тік қырынан үш кірпіш қойылып, ортасына лай сылақ салынған. Биіктігі 30 см., сақталған ұзындығы 2,6 метр. Қыш кірпіш өте сапалы жасалған (14-сурет).
Археологиялық қазба барысында көптеген бұйымдар: қыштан жасалған түрлі құмыралар, күбілер, дастархандар, түбек, қазан, қақпақтар, кеселер т.б. бөліктері (22,23,24 - суреттер), темірден жасалған найза ұшы, жебе ұшы, қылыш сынығы (25 - сурет) және көгілдір хрустальдан, көк тастан, қызыл түсті сердоликтен, қара пастадан, теңіз ұлу қабыршағынан, мөлдір тастан, сүйектен жасалған түрлі моншақтар, сондай-ақ, өркениеттіктің басты белгілерінің бірі - қыш ыдысқа жазылған жазу табылды (2,3 - суреттер). Бір қызығы, екі табақ сынығынан табылған бұл екі жазу да төрт таңбалы альфавиттен тұрады және олар үш рет қайталанып басылған. Қазіргі кезеңде жазудың мәтіні анықталған жоқ. Ол қалыппен басып салынғандақтан әлі көптеп кездесуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет