«БАТЫР ҚЫЗ» ӘҢГІМЕСІНДЕГІ МӘНШҮК ОБРАЗЫ
Қазақ кеңес балалар әдебиетінен елеулі орын алатын Сәбит Мұқановтың тағы бір шығармасы ол—Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметованың өзіне арнайы жазған «Батыр қыз» атты әңгімесі. Бұл әңгіме балаларды кеңестік патриотизм рухында және отаншыл етіп тәрбиелеуде ең басты елеулі роль атқарады. «Батыр қыз» әңгімесінде коммунизм идеясымен қаруланған жас өспірімнің үздік сипатта қалыптасқан өзіндік ерекшеліктері мен оның сондайлық қайсарлығы, тапжылмас өжеттігі көрінеді. Әңгіменің композициясы да басты кейіпкердің өз халқы мен Отаны алдында саналы түрде аянбай қызмет етуге кіріскенін көрсетуге құрылған. Әңгіме құрылысының қызықтығы, тартымдылығы сондай, оның әрбір елеулі кезендерінде майданға араласқан Мәншүктің рухани өскені, қажырлы қайратына мініп, жауға деген қаталдығының арта түскені айқын көрініп отырады.
Әңгіменің алғашқы бет алысында Мәншүкке әлі де таныс емес майдан оқиғасы сөз болады. Таудай талабы еш нәрседен қайтпаған жауынгер Мәншүк майданның алдыңғы шебіне амалсыздан сумен жүзіп өтпек болған отрядка: «Менің де қосылғым келеді, жолдас капитан» деген өтінішін орындамаған Ушаковқа қатты ренжігенде Ушаков оған: «Сен бекінісін бермегенді батыр деп ойла»1—деп, оған ақыл айтады. Осының өзі Мәншүкке үлкен сабақ болады да, бұл қағида оның жүрегінен берік орын алады. Мәншүк үшін ендігі мақсат бір қадам да шегінбеу, жаудың шабуылын тойтарыл тастап, оларды артына қарайлатпай, батысқа үздіксіз жөңкілте куып отыру болады. Міне осы сертінде түрған Мәншүк кескілескен шайқас, оқты сұрапыл үстілде жалғыз өзі фашистердің шабуылына карсы тұрып, оларды шетінен жусатып салады. Жазушы өзінің кейіпкерін осындай қатал сыннан өткізе отырып, қиын-қыстау кезеңдерде одан оның өз шешімін, өзінің тапқырлығы мен сұрапыл шайқас үстінде көрсететін қайсарлығын, табандылығын талап етіп отырады.
Әңгіменің орта шені сұрапыл соғыстың қиян-кескі шабуылын суреттеуге арналған. Сәбит Мәншүктің қатал сыннан өткен әлденеше ерлік істерін көтеріңкі серпінмен мақтаныш ете, оны үлгі ете суреттейді.
«Бурқыраған шаңның арасында ұйпа-тұйпа бола калған Мәншүк мина денесінің қай жерін жараласа да ауыр жараланғанын сезді, өйткені, қай тамыры қырқылса да, жүрегін тартып әкетіп барады... Сонда да есінен танбаған Мәншүк жалма-жан тұра берді де, қиран ете калды. Тағы ұмтылып еді, тағы құлады. «Апырау, не болған маған» деген оймен ауырған аяғын ашып көрсе, тізеден төменгі жағы былқылдап бос жатыр... Жирыл-ған еттен қан сорғалап ағып түр жүрегі дір ете қалған ол, жау жаққа қараса, жапырлай ұмтылған жау жақындап қапты. Сасқан Мәншүк жарасын байларлықтай еш нәрсе табылмаған соға, белдемшесінін оң жақ етегін дыр еткізіп қақ айырды да, жаралы аяғың шымқай орап, ағытқан қайыс белбеумең тас қып байлады. Содан кейін бір тізе, екі шынтағымен жылжып пулеметке жетсе, айналасында сөреге жайған құрттай қаз қатар тізбектеле жатқан оқтаулы ленталар. Мәншүк есінен жаралануы шығып кетіп, жапа-тармағай жақындап қалған жауға лулеметтен оқ шашып қоя берді. Жау шапқан шөптей оталып кеп түсті.» Жау еселенген армиясын канша төксе де өз сертінде берік тұрған Мәншүк өз бекінісінен бір адым да кейін шегінбейді. Бұл коллектив ортасында, совет мектебіде тәрбиеленген өнегелі жастың өз намысын, арын қорғай біліп, Бүкіл әлемге өзінің патриоттық күшің танытқан Сәбит әңгімесінде жасалған ең бірінші типтік образ. Мәншүк те Зоя Космодемянская, Олег Кошевой, Уля Громова, Лиза Чайкина, Әлия Молдағұлова сияқты өз Отанын фашист басқыншыларынан азат етуде үздік көрінген жас өспірімдер арасынан шыққан батыр азаматтардың бірі. Сонымен қатар, Сәбит бұл әңгімесінде кеңес армиясының солдаттарын фашистермен шайқаста ұлы жеңістерге қарай бастаған.
Әбілқайыр Байдялдин, генерал Галицкийдің басшылық рольдерін көрсетуге де көп көңіл бөлген. Мәншүк пен , Ибрайым сияқты жас өспірімдерді батырлыққа баулыған, олардың қолын ұлы жеңістерге жеткізіп, атағын, даңқын Бүкіл әлемге таратқан алдарындағы аға басшыларының көрсеткен ерлік істерін де әсерлі суреттеген. Өйткені автор бұл әңгімеде кеңес офицерлері мен солдаттарының арасындағы қарым-қатынастың ең бағалы жері — олардың Интернационалдық бірлік пен бірін-бірі қолдау сезімінің күшті екенін де және олардың жалпы мақсаттары жексұрын жауды талқандау үшін, Отанын жаудан босату үшін бар күш-куаттарымен ынтымақтаса кіріскендерің өзі ең басты роль атқарғаны деп түсіндіреді.
Социалистік реализм әдісімен жазылған әңгіменің осындай терең идеясы жас өспірімдерге Отан соғысы тұсындағы коммунистік моральдың ең жоғарғы түрде насихатталғанның жемісі еді деп ұқтырады. Жас өспірімдерді отаншылдыққа, патриоттыққа тәрбиелеуде мұндай әңгімелер балалар әдебиетінде үлкен роль атқарады.
Жазушы балаларға өзінің озат тәжірибесін, халық өмірін және еңбек адамдарынын үздік табыстарын үлгі етіп ұсынады. Жас өспірімдерге әр алуан мамандықта істейтін адамдардың еңбегін, ісін бағалауды, оларды сыйлай білуді үйретеді. Өздерін де еңбекті сүйе білуге, еқбек етуге құмартып отыруға баулиды. Отан алдында адал қызмет ету— әрбір жас азаматтың рухани азығына айналған, қанына сіңген патриоттық рух болуы керектігін естеріне салады. Сәбит Мұкановтың балалар әдебиетіндегі биік нысанасы жас өспірімдерді өз Отанына берілген патриот етіп тәрбиелеу идеясын іске асыру міндеті болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |