Лекция: 30 сағат Практикалық: 15 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат


Тақырыбы: ХХ ғасырдың бас кезіндегі балалар әдебиеті



бет26/77
Дата11.01.2022
өлшемі1,51 Mb.
#110868
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   77
Байланысты:
Baybolova.BalAdeb

Тақырыбы: ХХ ғасырдың бас кезіндегі балалар әдебиеті

Жоспары:

1. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ балалар әдебиеті.

2. “Сауда Ишан” дастаны

3.Дастанның идеясы.


Лекция мақсаты:

«Сауда Ишан» дастаны-лиро-эпостық жырлар қатарына жататын шығарма. Жас өспірімдерді атеистік тәрбиеге баулуда бұл дастанның тәрбиелік ролі зор.


Лекция мәтіні:

ХХ ғасырдың басы Қазақстан мәдениетінің халық ағарту жұмысының дамуына зор ықпал етті. Өйткені осы кезден бастап Қазақстанда маркстік, лениндік идеялар өріс алды. Ревалюциялық қозғалыстың күшеюі қоғамдық жағдайларға өзгерістерге енгізе бастады. Қазақ арасында орыс білімінің, орыс мәдениетінің таралуы, өріс алуы қазақ халқына зор бақыт әкеледі. Орыс мәдениеті қазақ халқының көзін ашып, көңіл күйін оятты. “1905 жылдан кейін халық ағарту ісінің дамуы қазақ тілінде кітап , газет журналдардың шығарылуы Россиядағы демократиялық қозғалыстың жеңістерінің бірі болды”. Осындай түбегейлі жаңалықтар ХХ ғасыр басындағы ақын-жазушылар ХІХ ғасыр ақын-жазушыларының ой-топшылауларынан әлдеқайда оздырып әкетті.

ХХғасырдың басы Қазақстан мәдениетінің , халық ағарту жұмысының дамуына зор ықпал етті . Ақын- жазушыларды ХІХғасыр қаламгерінің ой-топшылауларынан әлде қайда оздырып әкетті .

М. Сералин, С.Көбеев, С. Торайғыров, С. Дөнентаевтар күрделі мәселелер көтерді . Ана тілінде оқу құралдарын жазуды және балаларға орысша білім берудің қажеттігн жақтады . Дәл осы тұста Абайдың немересі Әубәкір ақынның сол кездегі жеке дыбыстармен байланыссыз , жеке- жеке сөздерді жаттатып оқыту әдісін сынап жазған өлеңдерінің екі шумағын мысалға алайық.

Сөз берсең ,берсең еді мағыналы,

Ондай сөз осы ауылдан табылады.

«Абай» , «ата», « таға» мен « өгіз» , «сегіз» ,

Жаттай беріп бала оны не қылады.

Қайтер еді әуелі «ата» десе ,

Атын жазып тағы да «апа» десе,

Орыстардың үйрен деп азбукасын , -

Ыбырай айтпап па еді күні кеше.

Демократияшыл интеллигенция оқытудың мұндай түрлнріне , діни медреселер оқуына қарсы шықты . Өздері құрастырып , өздері жазған оқулықтар мен хрестоматияларға орыс әдебиетінен аударылған шығармалары енгізілді . Мысалы, С .Көбеев 1910 хылы жарияланған «Үлгілі тәржіме» , 1912 жылы шығарылған « Үлгілі бала» деген оқулық хрестоматияларына орыс классиктерінен 40- тан астам өлең , әңгімелер аударып енгізген .

1912 жылы Тайыр Жомартбаевтың «балаларға жеміс» , 1911 жылы Орынборда Мұхамедораз Нұрбаевтың «Көргенді бала» , « Үлгілі ана» оқу кітабы шықты . 1912 жылы Уфада шыққан М. Малдыбаевтың « Қазақ исаең жаңа әліппе» және 1911жылы Уфада қазақ- қырғыз балалары үшін «әліппе яки төте оқу» деген оқулықтар жарық көрді . Бұларда ай , күн , жыл аттары , санамақтар да қамтылған .

Бастауыш мектептер мен орта мектеп оқушыларына оқулық- хрестоматиялардың қай кезде жазылғандарын алсақ та , қамтылған материалдары балалар әдебиетіне тән , балалар қабілетіне жақын сұрыпталған шығармалар болатын. Мұның үстіне Ыбырай , Абай негізін салған қазақ балалар әдебиетінің дамуына , оның өріс алуына С. Торайғыровтың , С. Дөнентаевтың , С. Көбеевтің шығармалары үлкен үлес қосты.

Шымкенттің Бадам совхозында 1930 жылға дейін өмір сүрген Нұралы ақын оның Сауда Ишан атты қисса-дастаны арналған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет