Бақылау сұрақтары:
1. Сәбит Дөнентаевтың алғашқы өлеңдер жинағы қандай атпен, қай жылы жарық көрді?
2. С.Дөнентаевтың өлеңдерін атаңыз
3. Балалықты сағыну өлеңінің мазмұны
4. «Балалық» өлеңінің тәрбиелік мәні
5. «Көзі тоймаған ит» өлеңінің мәні
6.«Қожа» өлеңін жатқа айту
7.«Екі теке» өлеңінің балаларға тәрбиелік мәні
16-лекция
Тақырыбы: 1917-1940 жылдардағы қазақ балалар әдебиетінің дамуы
Жоспары:
1917-1940 жылдары жазылған шығармалардың идеялық, көркемдік ерекшеліктері
Кедей балаларын оқуға тарту, оларға өнер-білім алуға ақын-жазушылардың еңбектері
Осы тұста балалар әдебиеті жайлы мен міндеттері туралы мақалалар
Лекция мақсаты:
Коммунистік партия өнеркәсіп және халық шаруашылығы кұрылыстарын жолға коюмен қатар, халық мәдениетін одан әрі өркендете беруді кезектегі мәселе етіп қойды. Республикамызда бастауыш мектептер мен орталау және орта мектептер саны арта түсті. Библиотекалар мен қызыл отаулар ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: |