Бақылау сұрақтары:
1.Этнопедагогикалық түсініктемелерге ғылыми анықтамалардың мәні.
2.Этнопедагогика мен этнопсихологияның ортақ белгілері қандай?
3.Қазақ этнопедагогикасының өзіндік белгілерін ата.
4- лекция. Тақырыбы: Халық тәлімінің тарихи кезеңдері.
Жоспары:
Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу жөніндегі тәжірибесі.
Ұлы Түркі қағанаты және оның тәлімділік- танымдық мұрагерлері.
( VI-IX ғ.ғ. ) Араб- шығыс мәдениетінің қазақ даласына тарауы, орта ғасыр
оқымыстыларының тәлімгерлік ой- пікірлері. (X-XVғ.ғ.)
Қазақ хандығы тұсындағы ұлттық тіәлім- тәрбие (Жыраулар поэзиясындағы ойлар). Ресей отаршылдығына қарсы қазақ даласындағы ұлт- азаттық қозғалыстар және ағартушылық- демократиялық идеялардың өркен жаюы.
Кеңестік дәуірлегі қазақ педагогикасының ғылым ретінде дамып қалыптасуы.Егеменді Қазақстан Республикасында ұлттық тәлім- тәрбиенің қайта жандануы.
Лекция мақсаты: Қазақтың халықтық педагогикасының даму кезеңдері туралы түсінікті қалыптастыру.
Лекция мәтіні(қысқаша):
Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу жөніндегі сонау көне ғасырлардан келе жатқан тәжірибесін, қазақ хандығы құралған кезеңнен (14-15 ғ.ғ.) бастап қарастыру, тарихи- әлеуметтік тұрғыдан алып қарағанда дұрыс емес. Өйткені кешегі өткен тарих беттері- Шығыс мәдениетінің қайнар көзі болып саналатын ұлы Даланы мекендеген түркі тектес халықтардың, одан әрі ғұндар мен сақтардың бір елді, бір жерді мекендеп, оны сыртқы жануарлардан қорғап, бір тілде сөйлеп, бір дінге сеніп, әлем мәдениетінің қалыптасуына теңдесі жоқ үлес қосып, бүгінгі түокі халықтарына ортақ мәдениет пен тарихтың көне бастауы болғанын бүгінгі ұрпақ өмір тәжірибелерінен көріп отыр.
Зерттеуші ғалымдар, А. Қасымжанов, Ж. Алтаевтың: “Біз тарихқа 14- ғасырдың басынан бастап қазақ деген етпен енсек те, мың жылдық мәдениеті, философиясы, әдебиеті, тарихы бар халықпыз...” деген ғылыми тұжырымдары жоғарыда айтылып кеткен ойларымызға дәлел болып тұр.
Қазақ халық педагогикасының тарихын адамзат дамуының қоғамдық құрылыс кезеңдеріне сай, біздің ойымызша, 8 кезеңге бөліп қарастыру қажет. Оны мына кестеден көруге болады.
Бірінші дәуір
|
Б.д.д. тас, қола замандары
|
Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі тәрбие
|
Екінші дәуір
|
Б.д.д. VII-II ғ.ғ.-б.д. V ғ. Дейін
|
Сақтар мен гундердің жауынгерлік тәрбиесі
|
Үшінші дәуір
|
VI-IX ғ.ғ аралығы
|
Ұлы түрік қағанаты кезіндегі тәлім-тәрбие
|
Төртінші дәуір
|
X-XV ғ.ғ. арлығы
|
Араб-шығыс мәдениет, орта ғасыр ойшылдарарының тәлімнерлік ой-пікірлері
|
Бесінші дәуір
|
XV-XVIII ғ.ғ аралығы
|
Қазақ хандығы кезіндегі ұлттық тәлім тәрбие көріністері/жыраулар поэзиясындағы тәлімдік ойлар /
|
Алтыншы дәуір
|
XVIII ғ.-дан XX ғ.ғ. 20 ж. дейін
|
Қазақстанның Ресейге қосылу кезіндегі ұлт –азаттық қозғалысы мен ағартушылық-демократиялық бағыттағы тәлім тәрбие
|
Жетінші дәуір
|
1920-1990 жж.
|
Кеңестік дәуірдегі ғылыми педагогиканың қалыптасуы
|
Сегізінші дәуір
|
1991 ж. Кейінгі егеменді ел
|
Тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық тәлім- тәрбиенің өркен жаюы
|
а) Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі тәрбие.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңі тапсыз қоғам болды. Адамдар өздерінің іс-әрекеттерін көпшілік болып топтасып, бірге атқарып отырған. Мұндағы тәрбие жас пен жыныс ерекшеліктеріне қарай қоғамдық сипат алды. Ұл балалр садақ тарта білді, аң аулауға көмектесті, қыз балалр үй жұмыстарына араласты, киім пішті, тұрмыстық салт- дәстүрлердің рәсімдеріне қатысты.
Алғашқы адамдар Қазақстан территориясының Арпаөзен, Қаратау, Тәңірқазан, Шарбақты және Ұлытау өңірлерінде мекен еткендігі туралы.
ә) Сақтар мен ғұндар империяларының мәдени- жауынгерлік тәрбие дәстүрлері.
Сақтар империясы, шамамен, біздің жыл санау дәуірімізге дейінгі VII-III ғасырлар аралығында, қазіргі Орта Азия мен Қазақстан территориясын мекендеді. Сақтар империясының құрамына массагет, исседон, савромат, аримаспы, дайлар, турлар, арийлер, және басқа да тайпалар кірген. Сақтардың көсемдері Африсиап, Томирис сол кездегі ірі мемлекет Парсы империясының патшалары Кирге, Дарийге, Александр Македонскийге қарсы күрес жүргізу барысында әскери- көшпелі тұрмысты қалыптастырған.
Ғұндар б.д.д. ІІІ ғасыр мен біздің дәуіріміздің І-ІІ ғасырлары аралығында сақ тайпалары мекендеген территорияеың мұоагерлері болды. Сол кезеңдердегі үйсін, қаңлы, жу-жу, дунку тайпалары ғұн империясының құрамына кірді. Ғұндар металл игерді, мал шаруашылығымен айналысты.
Ғұндардың Еуропаға жасаған жорығы Шығыс пен Батыс халықтары арасындағы этнолингвистика мен ассимилицияның өзгерістеріне ұшырауына негіз болып, дүние жүзі тарихында Шығыс халықтарының Батысқа жасаған ұлы қоныс аударуын (Великое переселение с востока)атты тарихи оқиға тудырды. Ғұн көсемі Атилла ( Еділ) бастаған қалың қол ұлы Рим империясына қауіп төндіріп, ақыры құуына әкепи соқтырды.
2.. Ұлы Түркі қағанаты және оның тәлімділік- танымдық мұрагерлері.
( VI-IX ғ.ғ. ) Араб- шығыс мәдениетінің қазақ даласына тарауы, орта ғасыр
оқымыстыларының тәлімгерлік ой- пікірлері. (X-XVғ.ғ.)
Ұлы Түркі қағанаты орта ғасырларда адамзат өркениетінің қалыптасуына аса зор үлес қосқан, сол дәуірлердегі дамыған мемлекет болған. Қағанаттың пайда болуы бір-бірінен ыдырап, бөлшектеніп кеткен дала халықтарының , тайпалардың бастарын қосты, тұрақты мәдениеті мен ғылыми дамыған бүгінгі түркі тілдес халықтарға ортақ мәйдениеттің қалыптасуы мен жасалуына, сонымен қатар әлемдегі аса қуатты, саяси империяның қалыптасуына ықпалын тигізді.
Қанағат сол кездегі өркениетті Византия, Араб Халифаты және Қытай империяларымпен дипломатиялық қарым- қатынас жасап отырды.Ұлы Түркі қағанаты бүгінде Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызтан, Түркіменстан, Ресейдегі- Татарстан, Башқұрстан, Якутия (Саха), Чувашия т.б. Қыфтайфдағы Шығыс Түркістан ( Шыңжаң Өлкесі ), Еуропадағы Венгрия, басқа да Шығыс Еуропа территориясын мекендеген батысында Карпат таулары, солтүстігінде Сібір жондары, ал оңтүстігінде Қытай қамалына ( Темір қақпа) дейінгі орасан зор территорияны иеленген.
Ежелгі түркілердің ауызекі поэзия дәстүрі бізге ІХ ғасырда ғұмыр кешкен әнші, әрі сазгер небір тамаша күй шығарған Қорқыт атаның есімін жеткізді. Ол адамзат өмірінің соншалықты қысқалығына наразы болып, пенде атаулыны ажал құрығынан құтқармақ болды. Қорқыт өзінің жанын жегідей жеген ой- сезімдерін- қазалы жанның үрейін, өлімнен қашып құтылудың амалын қобыздың азалы күйімен, поэзиялық көркем тілмен баяндайды.
ІХ-Х ғасырларда ұлы Түркі қағанаты бірнеше мемлекеттерге ( Қарлұқ, Түркеш, Қарахан, Қыпшақ, Ұйғыр, Хазар, т.б.) бөлініп, Араб Халифаты империясының Орта Азия мен Қазақстан территорияларына үстемдік жүргізілуіне әкеліп соқты. Арабтар ислам дінін уағыздаумен бірге ғылым мен білім де әкелді, нәтижесінде түркі халықтарының ұлы ғалымдары: Фараби, фердоуси, Авиценна, Бурини, Низами, Науаи, Иасауи, Қашқари, Баласағұн және басқалары араб тілі мен мәдениетін меңгерді. Бұлт жерде қазақ топырағындағы Отырар қаласында дүниеге келген, Шығыстың екінші Аристотелі атанған ғұлама ғалым Әбу Насыр Әәл-Фарабидің (870-950) еңбегіне ерекше тоқтала кетуге тура келеді. Бірнеше ұлттың білін білген, ғылым-біцлім іздеп, бар өмірін сол жолға сарп етіп, артында қыруар еңбек жазып қалдырған әл-Фараби бабамыздың тәлімдік-ұстаздық еңбегі ұшан теңіз.Оның сан-салалы трактаттарында (“Азаматтық саясат”,”Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері”, “Бақытқа жету жолында”, “Риторика”, “Қайырлы қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат” т.б.) педагогикалық, психологиялық, философиялық, дидактикалық және әдіснамалық ой- пікірлері баяндалған.
X-XV ғасырлар аралығында Орта Азия мен Қазақстан топырағында медресе шәкірттеріне арналып математика, логика, этика пәндері бойынша көптеген оқу құралдары жарық көрді. Тавтазани жазған “Мантик” (логика)
Оқу құралы медреселерде ұзақ жылдар бойы қолданылып келді. Тавтазанидің ізбасарлары ротазиялық ойшыл-ғұламалар Диуани (XV ғ.) мен Жүсіп Қарабағи (XVI ғ.) жазған кітаптарды қазақтың ұлы ағартушысы, ақын Абай Құнанбаевтың пайдаланғаны мәлім болып отыр (45, І том, 50).
Мәдени тарихымыздан ерекше орын алатын “Диуани Хикмет ” атты кітап жетпіс жыл бойы діни-мистикалық еңбек деп біржақты бағаланып, беті ашылмай келген, ал шындығында өзінің ақыл-парасат, өсиеттілігімен бүкіл Шығыс елдерінің ғалымдарын тандандырған, ХІ-ғасырда өмір сүоген әрі ақын , әрі ғалым-философ, тарихшы Қожа Ахмет Иасауи бабамыздың ғылыми еңбегін бүгінде ыстық ілтипатпен ауызға аламыз. Иасауидің еңбектерін белгілі шығыстанушылар А.Вамбери, П. Ахмеров, В. Бартольд, М.Массон т.б. Бұдан әлденеше жыл бұрын зерттеп,өз пікірлерін ортаға салып келсе.
ХІ-ХІІ ғасырларда қазақ жерінде түркі тілінде жазылған этикалық –педагогикалық трактаттар көп тарады. Мәселен Жүсіп Баласағұнидің “Құдатғу білік” (“Құтты білік”) атты кітабы сол кездегі түркі тілдес халықтардың дүнияуи тақырыпта алғаш жазылған ескерткіші еді.
Ілкі орта ғасырдан бізге жеткен тағы бір жазба ескерткіш –түркі тілдерінің сөздігі, халықтың сөз қолданыс үлгілерінің топтамасы іспетті Махмуд Қашғаридың "Диуани лұғат-ат түрік" атты еңбегі болды. Бұл сөздікте этнопедагогикалық және моральдық –психологиялық мазмұндағы қызықты топшылаулыр аз емес.
Осы өңірден шыққан екінші бір ойшыл- Ахмет Жүйнекидің (ХІІ ғ.) "Хибатул хикайқ" ("Ақиқат сыйы") атты шығармасында ілім-білімді игеру ісінің халық үшін пайдасы, оның көзқарасының бұқарашылық сипаты, гуманистік ой-пікрлері айқын сипатталады.
Алтын Орда ммелекетінің кезеңдерінде пайда болған "Бабырнама",("Бабыр дастаны"), ал Хорезмидің "Мухаббатнама", Сайф Сарайдың "Қырық бір батыр жыры", "Гулитан бит турки", Құтыптың "Хусрау Шырын" сияқты туындылары сөзсіз жас ұрпақтарға тәлім-тәрбиелік ықпалын тигізді.
3. Қазақ хандығы тұсындағы ұлттық тіәлім- тәрбие (Жыраулар поэзиясындағы ойлар). Ресей отаршылдығына қарсы қазақ даласындағы ұлт- азаттық қозғалыстар және ағартушылық- демократиялық идеялардың өркен жаюы.
Қазақ хандығының құрылуы-14-15- ғасырларда , Алтын Орда мемлекеті мен Ақсақ Темір (Бабыр) империясының өзара бақталастықтарының нәтижесінде әлсіреп, ыдырай басатаған кезеңдерге тура келеді. Қазақ хандығы-сөзсіз кешегі ата-бабаларымыз сақтар мен ғұндардың, ежелгі түркілердің, Шыңғыс хан мен Алтын Орда империяларының заңды мұрагерлері болып саналады.
Алтын Орда империясының ыдырауы – Русь мемлекетінің отаршылдық бұғаудан босанып, өз тәуелсіздігінің алуына әкеліп соқты. Шыңығысхан мен Алтын Орда империяларынан асяси тәжірибе жинақтаған Русь мемлекетінің тәуелсіздік алуы –қайта өрлеу дәуіріне (14-16 ғ.ғ.) дөп келді.
Қазақ халқының өзіндік мәдени, рухани, әдеби ұлттық дәстүрі қалыптасты. Қазақ ұлтының дамуы мен қалыптасуына зор қосқан хандар мен сұлтандар, билер мен жыраулар, батырлар мен ақындар: Жәнібек, Керей, Асан қайғы, Мұхаммед-Хайдар Дулати , Қадырғали Жалаыри, Қасым, Есім, Хахназар, Тәуекел, Тәуке, Қазтуған, Ақтанберді, Шал, Әнет, Төле, Қазыбек, Әйтеке, Әбілхайыр, Абылай, Бұқар, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек, Сырым т.б. көптеген адамдар болды. Аузы дуалы ақылгөй жыраулар мен шешен билер жалпы жұтқа өнегелі сөздерімен, өлең –жыр толғауларымен зор ықпал етіп, халықты ел болуға, берекелі бірлікке шақырып, қоғамдық өмір сахнасына шыға бастады.
XV –VII ғ жыраулар шоғырынан өздерінің тәлімдік идеяларымен Асан Қайғы, Шалкиіз, Жиенбет, Бұқар жырау секілді дала философтары ерекше көзге түскен еді. Халқының қамын жеп, оның береке- бірлігін, келешеектегі бағытын, көгерер күнін аңсаған Асан Қайғы өз отандастарының алдағы өмірі не болмақ деген толлғаныспен күн кешті.
Тәуке ханның «Жеті жарғысы» - бүгінгі Қазақстан Республикасы қабылдаған Ата Заңымыздың негізгі іргетасы болып саналады. Сондай –ақ сол кезеңдерде дүниеге келген Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих -иРашиди», «Жаханнама», Қадірғали Жалайыридің «Жамиғат Тауарих», халық туандамалары: «Наурыз бәйіті», «Нысабнами казах» т.б. ұрпақ танымы үшін аса зор тәлімдік мәнді шығармалары бар.
1650 – 1730 жылдар арасындағы қазақ –жоңғар соғысы қазақ хандығын өте –мөте әлсіретті. 18ғ басында Тәуке хан өлгеннен кейін қазақ елі үш жүзге бөлініп, үш хан сайлап, біртұтас қазақ хандығының бірлігі мен қуатын әлсіретіп, жоңғарларға жем болды. Кіші жүзді Әбілхайыр, Орта жүзді Сәмеке, Ұлы жүзді Жолбарыс хан билеп, әр қайсысы ұлы хан болуға таласып, ақыры «Ақтабан шұбырынды» атты қайғылы жағдайға ұшырап халықты зор қырғынға ұшыратты.
1730 жылы Кіші жүздің ханы Әбілхайыр өз билерімен келісе отырып, қазақ халқын сақтап қалу мақсатында, Ресей империясына бодан болуға мәжбүр болды. Қазақ жүздерінің басын қосуда қазақ халқының атақты, данышпан ханы –Абылайхан өте үлкен саяси –дипломатиялық күрес жүргізді.
Халық ағартушылары, қоңғам қайраткерлері: А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Қ.Сағырбаевтар ұлттық ғылым мен өнердің, мәдениеттің, философияның негізін салды. Шоқанның ашқан ңғылыми жаңалықтары, Абай өлеңдері мен қара сөздері және Құрманғазының музыка өнері жас ұрпақтарды жетілдіріп тәрбиелеуде зор ықпалын тигізді.
Кеңестік дәуірлегі қазақ педагогикасының ғылым ретінде дамып қалыптасуы.Егеменді Қазақстан Республикасында ұлттық тәлім- тәрбиенің қайта жандануы.
20ғ барысында империялистік патшалы Ресейдегі саяси -әлеуметтік жағдайлар шиеленісе түсті. Халықты қанау басым сипат алды. Ел арасында толқулар басталды. Қазан төңкерісіне дейін шыға бастаған «Дала уәлаяты» (1889 –1902 жж), газеті «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті (1911-1916жж) және басқа да басылымдар қазақ халқының ұлттық ерекшеліктер, мәдениеті, ғылымы, тарихзы мен этнография хахында аса маңызды ой –пікірлер жариялап отырды.
Ұзақ ғесырлардан бері келе жатқан қазақ педагогикасының қоғамдық өмірдің қажеттілігіне айналуына бағытталған туындылар: М.Жұмабаевтың «Педагогика», А.Байтұрсыновтың «Оқу -құралы», «Сауат ашқыш», «Тіл құралы», Ж.Аймауытовтың «Тәрбиеге жетекші», «Психология» атты еңбектері, С.Көбеевтің, Н.Құлжанованың, М.Әуезовтың, М.Дулатовтың, Қ.Жұмалиевтың, М.Ғабдуллиннің, Ә.Марғұланның т.б шығармалары жас ұрпақтың бойына ұлттық сана – сезім көзқарасын қалыптастырды.
1980 жылдардың ортасында Қазақстанда ұлттық сана –сезімнің оянуына тарихи ықпалын тигізген Желтоқсан оқиғасы болды. Оның әсері бертін келе қоғамның барлық салаларын қамтыды.Кеңес Одағының құрамына енген қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында өз тәуелсіздігін ресми түрде жариялап, егемен мемлекет болды. Тәуелсіздіктің әсері қоғам дамуының барлық салаларын қамтып, жаңаша мазмұнды, әлемдегі озық тәжірибелерге негізделген жүйенің қалыптасуына зор ықпал етті.
Мектеп, мектептен тыс мекемелер, балабақшалар мен арнаулы орта және жоғары оқу орындарында ескі педагогикалық тәжірибелердің орнына жаңаша, ұлттық тәлім –тәрбиенің қағидаларына негізделіп жазылған «Қазақтың салт –дәстүрлері», «Қазақтың тәлім –тәрбие тарихы», «Атамекен», «Елім -ай», «Кәусар бұлақ», «Балбөбек» және т.б. ғылыми - тәлімдік бағдарламалар басылып шығып, оқу -тәрбие жұмыстарына енгізіле бастады.
Қ.Р Білім министрлігі 1993 жылы «Тәлім –тәрбие тұжырымдамасы» атты көлемді құжат қабылдады.
1994 – 1995 жж «Рауан» баспасынан қазақтың Білім проблемалары институты даярлаған 14ғ қамтитын «Қазақтың тәлімдік ой –пікірлер антологиясының» орысша –қазақша томдары жарық көрді.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу жөніндегі тәжірибесін тадаңыз.
2.Ұлы Түркі қағанаты және оның тәлімділік- танымдық мұрагерлерін ата.
3.( VI-IX ғ.ғ. ) Араб- шығыс мәдениетінің қазақ даласына тарауы себебін ата.
4.Орта ғасыр оқымыстыларының тәлімгерлік ой- пікірлері. (X-XVғ.ғ.)
5.Кеңестік дәуірлегі қазақ педагогикасының ғылым ретінде дамып қалыптасуы.
6.Егеменді Қазақстан Республикасында ұлттық тәлім- тәрбиенің қайта жандануы.
5-лекция. Тақырыбы: Халық педагогикасының негізгі қағидалары және оның ғылыми педагогикамен байланысы.
Жоспары:
1. Тәрбиенің негізгі қағидалары.
2. Халық педагогикасының мақсаттары мен міндеттері.
3. Қазақстандықтардың ұлттық салт- дәстүрлердің марапаттаудың
әлеуметтік мәні.
Лекция мақсаты: келер ұрпақтың ақылды, намысқой, арлы, азамат болуға
және еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу
Лекция мәтіні(қысқаша):
Тәрбиенің негізгі қағидалараның (принциптері) болуы заңды құбылыс. Халық педагогикасының негізгі қағидалары мыналар:
Келер ұрпақтың ақылды, намысқор, арлы, өміршең азамат болуын тілеу.
Баланы жастайынан еңбексүйгіш, елгезек азамат етіп тәрбиелеу.
Халық педагогикасында “бірінші байлық- денсаулық” деген ұғым өзекті орын алған. “Дені саудың жаны сау”, “Ас адамның арқауы”, “Ауру астан” деп рухани, материалдық байлықтың негізін жеке бастың, яғни тәннің саулығына байланысты қарастырған.
Халық педагогиасында адамгершілік қасиеттердібаланың бойына дарыту, ізгілікке, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу, ар-ожданды қастерлеу басты қағида болып есептелген.
Гуманизм мен патриотизм- халықтық тәрбиенің басты қағидаларының бірі. “Отан от басынан басталады” деп ұққан ата- бабамыз от басының, ананың, рудың , отанның намысын қорғауды, қарттарға, ауру, кемтарларға көмектесуді, басқа ұлт өкілдерін сыйлауды отбасы тәрбиесінің өзекті принципі деп бағалаған.
Елді, жерді қорғайтын, еңбек ететін азамат болу үшін денені шынықтыру қажет.Халық педагогикасында “ шынықсаң шымыр боласың” деп ой қорытқан ата- бабамыз ұлттық ойынға жаттықтырып үйрету.
Тіршіліктің тұтқасы, өмірдің шамшырағы өнер мен ғылым деп түсінген халқымыз жастарға “Өнерлі өлмейді”, “Білегі жуан бірді жығады, білімі жуан мыңды жығады”, “ Білім таусылмас кен, өнер өлмес мұра”, дегенді насихаттап, ертегі, өлең- жыр, мақал- мәтел, аңыз әңгімелер ұсынған.
Адам өмірі мәңгі табиғат құшағында өтетін болғандықтан, ата-бабамыз өз ұрпағын ағаш бесіктен жер бесікке жеткенше табиғи ортаны аялауға тәрбиелеп келген. Ол туралы әлденеше жұмбақ, өлең- жыр, ертегі, аңыздар шығарған.
Енді халықтық тәрбиенің осы басты қағидаларының ғылыми педагогикамен байланысы қандай дегенге келейік.
1. Халық педагогикасында тәрбие ісін баланың жас ерекшелігін ескере отырып жүргізуді талап еткен. Мәселен, «Ұлыңа бес жасқа дейін патшадай қара, онбес жасқа дейін қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдай бағала» деген мәте баланы еркін тәрбиелеудің, көмекшім деп үмітпен қараудың, ақылшым деп тең санаудың қажеттігін мегзейді. Ал бұл ғылыми педагогиканың ынтымақтастық принципімен қабысып жатыр.
2. Халық педагогикасында тәрбие ісін әр баланың жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізуді де ескертеді. «баланы туады екенсің, мінезді тумайды екенсің», «Бір биеден ала да туады, құла да туады», «Балаңа үміт арту -әкенің парызы, ақтау –баланың парызы» деп ой түйіндеген.
3. Халық педагогикасы баланың тәрбиесі туған, өскен ортасына, ата – ананың, отбасы үлкендерінің, ұстазының үлгісіне байланысты деп қараған. Өскен ортаның тәрбиедегі әсері жөнінде А.С.Макаренко, Н.К.Крупская, А.В.Сухомлинский, А.Құнанбаев, ж.Аймауытов, М.Жұмабаев сынды ұлағатты ұстаздардың ой – пікірлері де халық педагогикасының қағидаларымен үндесіп жатыр.
ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ «СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ», «ТОЛЫҚ АДАМ» ТӘРБИЕЛЕУ ҚАҒИДАЛАРЫ.
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
Ақылды, арлы, намысқой азамат болуын қарастыру
|
Еңбек сүйгіш, елгезек етіп тәрбиелеу
|
Тән сұлулығын қарастыру, әсемдікке баулу.
|
Адамгершілік қасиеттерге ізгілікке, имандылыққа, қайырымдылыққа, а далдыққа т.б. тәрби
елеу/.
|
Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа, бүкіл адам баласын сүюге тәрбиелеу
|
«Жігітке жетпіс өнер аз» , «Өнер өрге сүйрейді» деп қарап, өнер мен білімді насихаттау.
|
Табиғатты, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.
|
Денені шынықтыруға тәрбиелеу
|
4. Халық педагогикасының тағы бір принципі балаға үлкен талап қоя білуге, оның жеке басын қадірлеуге негізделген. Баланың жіберген қателіктерін үлкендер дер кезінде бақылап, дұрыс жолға салуды мақұлдаған. «Ата балаға сыншы», «Баланың балалығында әкенің даналығы бар», «Ақырып айтқаннан ақылмен айтқан артық» деген мәтелдер осы ойды құптаудан туған. Яғни, тәрбиешінің жылы жүректіболуын, тапқырлық тәсілмен тәрбиелеуінорынды санаған.
5. Шәкіртті тәрбиелеу, оқыту барысында ақыл –ойывн дамытубүгінгі педагогикада ең көкескесті мәселелерінің бірі. Дамыта оқытып тәрбиелеу ісі асқақ арманмен байланысты. Осыны құптаған ата –бабамыз «Армансыз ұлан – қанатсыз қыран», «Арманы жоқтың пәрмені жоқ» деп, келешекті қиялдай білетін арманға, ой дербестігіне тәрбиелеуді мақсат еткен.
6. Халық педагогикасының негізгі принциптерінің бірі - тәрбиенің біртұтастығы. Халқымыз жас ұрпақты өмірге дайындап «сегіз қырлы, бір сырлы», жан –жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу үшін бар мүмкіндікті сарқа пайдаланған. Кез –келген тәрбие құрамына талдау жасасақ, тәрбиенің түрлері (еңбек, ақыл –ой, адамгершілік, әсемдік т.б.) іштей сабақтасып жатады. Оны бесік жырынан, бата – тілектер мен терме толғаулардан байқауға болады. Тәрбие ісін кешенді жүргізуді ғылыми педагогикалық еңбектер де қуаттайды.
7. Тәрбие ісінің туғаннан өмір бойы үздіксіз жүргізілуін халық педагогикасы да, ғылыми педагогика да құптайды.
8. Халық педагогикасы отбасы үлкендерінен бастап, ауыл ақсақалдары, өнер иелері түгел қатынасатын ұжымдық тәрбие ісіне негізделген. Халықтық педагогикада «Көп талқысы - тез», «көп қорқытады, терең батырады», «Көпке қарсылық – құдайға қарсылық» деп ұжымдық тәрбиені құптаған.
ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ МЕН ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ҚАҒИДАЛАР ҮНДЕСТІГІ.
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
Баланың жас ерекшелік - терін
ескере отырып тәрбиелеу.
|
Баланың жеке бас мінез –құлық ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу.
|
Тәрбиенің өскен ортаның /отбасы,
ауыл –аймақ/ үлгісіне негізделу.
|
Балаға жылы жүректі сезіммен
қарау, ынтымақтастық идеяны
сақтау.
|
Баланы дамыта үйретіп тәрбиелеу, қиялдай, армандай біліуге баулу.
|
Тәрбиенің біртұтастығын сақтау,
тәрбие ісін кешенді түрде жүргізу.
|
Тәрбие ісінің үсдіксіз жүргізілуін сақтау.
|
Тәрбие ісін ұжымдық түрді
жүргізуге негіздеу.
|
Қорыта айтсақ, халық педагогикасы ғылыми педагогиканың ережелері мен заңдылықтарының қалыптасуына бастау бұлақ болған.
Халық педагогикасы бүгінде ғылыми зерттеулердің тек обьектісі ғана емес, сонымен қатар ол педагогикалық теориялардың, әсіресе отбасындағы тәрбиенің дамуына үлкен әсер ететін ынтымақтастық педагогиканың іргетасы болып табылады.
Сондықтан да халық педагогикасының бүгінгі күнде практикалық та, ғылыми теориялық та мәнділігі зор екені даусыз.
Қай ғылымның болмасын, ғылыми тұрақты терминдері болатыны сияқты, қазақ этнопедагогиксының да белгілі терминдері бар. Оларға жалпы алғанда, тыналар жатады; қайта тәрбиелеу, үлгі өнеге көрсету,ақыл -өсиет айту, оқыту әдеттендіру, жаттықтыру, жадында сақтаттыру:
2. Халық педагогикасының мақсаттары мен міндеттері.
1.Қазақ педагогикасының мақсаттары мен міндері:
“сегіз қырлы, бір сырлы”, жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу.
2.Мазмұны:ұлттық салт- дәстүрлер арқылы балаға ақыл-ой, адамгершілік, әсемдік, дене, денсаулық, еңбек тәрбиелерінберу, мінез- құлық дағдыларын қалыптастыру.
3.Әдістер:Әңгімелесу, кеңесу, түсіндіру, сендіру, талап ету, кеңес беру, үйрету, көртесу, үлгі көрсету, өтіну, бұйыру, қарғау, сөгу, кінәлау, айыптау, жазалау т.б.
4. Түрлері:ойындар, тойлар, еңбек мерекелері, ойын-сауықтар.
5. Құралдары:санамақ, жаңылтпаш, өлең-жыр, тақпақ, ертегі- аңыздар, жұмбақтар, айтыстар, сабақтар мен үйірмелер.
6. Нәтижесі:“сегіз қырлы, бір сырлы”, жаны таза, тәні сау адам.
7. Тәрбиеге себепші күштер: табиғат, еңбек, тұрмыс, салт-дәстүр, өнеркәсіптер, дін, ана тілі, ұлттық ойындар.
8. Тәрбие ортасы:отбасы, ауыл-аймақтар, ру, қауым, тайпа, ұлт, мектеп, медресе.
9.Тәрбие объектісі:Бала.
10.Халық тәрбиешілері:Әке- шешесі, атасы мен әжесі, апа, ағалары, ауыл үлкендері, өнер иелері.
3. Қазақстандықтардың ұлттық салт- дәстүрлердің марапаттаудың
әлеуметтік мәні.
Тілі басқа, тілегі бір халықтардың салт- дәстүрлер үндестігі.
А) Үйлену және ұй болумен байланысты салт-дәстүрлер үндестігі.
Отбасы – қоғамның бір бөлгшегі. Үйлену өз алдына отау тігіп, түтін түтету ғасырдан- ғасырға жалғасып келе жатқан салт, қоғамдық құбылыс. Қалындық таңдау, құда түсу, үйленумен байланысты салт- дәстүрлер барлық халықтарда бар және мазмұны жағынан бір- біріне ұқсас рәсімдер.
Неміс халқында көп тараған үйлену дәстүрінің бірі қалындық пен күйеуді қонаққа шақырып алғаш танысқанда әр үй үстелге кесек нан қояды. Жас жұбайлар одан ауыз тиіп, қалған нанды себетке салып әкетеді де, одан ертеңгілік көже жасайды. Тойға келген хылық шіркеуге неке тойына барар алдында сол көжеден ауыз тиіп, табаққа күміс ақша салады. Ол ырызықтарың мол болсын, бар, бай болыңдар деген тілекті білдіру рәсімі болып саналады.
Бақылау сұрақтары:
1.Тәрбиенің негізгі қағидалары қандай?
2. Халық педагогикасының мақсаттары мен міндеттерін ата
3. Қазақстандықтардың ұлттық салт- дәстүрлердің марапаттаудың әлеуметтік мәні қандай?
6-лекция. Тақырыбы: Қазақ ауыз әдебиетінің этнопедагогикалық мәні
Жоспары:
1. Ауыз әдебиеті – тәрбие құралы.
2. Ауыз әдебиеті қасиетті, киелі мұра.
Лекция мақсаты: Қазақ ауыз әдебиеті және салт – дәстүр, әдет – ғұрып түсініктерін нығайту.
Лекция мәтіні(қысқаша):
Жалпы педагогика ғылымының негізі халық педагогикасында жатыр. Халық педагогикасының бұл саласын этнопедагогиканың және жалпы педагогиканың барлық салаларында ғылыми,іс -әрекеттік негізде пайдалануға болады. Ал халықтың мақал –мәтелдері педагогикамен қатар филолсофиялықдәрістердің де түсініктемелеріне арқау болады.
Бесік жыры, тұсау кесу жыры, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама, тақпақ, жырлар мен ертегілер, аңыз әңгімелер бәрі де тілді, ойды дамытып, тәлім-тәрбие беріп, дүние танытатын этнопедагогикалық ғаламат туындылар. Бұл –халық педагогикасының үлкен бір саласы.
2. Ауыз әдебиеті қасиетті, киелі дәстүр.
Бесік жырының тәрбиелік мәні. Тұрмыс – салт әуендерімен айтылатын бесік жыры бөбекті жұбату үшін және оған тілек айту үшін ғана шығарылған емес. Ең әуелі ырғағы бесіктің тербелісіне сәйкес келетін сабырлы екпінде айтылатын қоңыржай әуен бөбектің сезім мүшелері арқылы оған сүйкімді, сүйсінерлік әсер етіп, жан –жүйесін жадыратады, яғни ұнамды, ұнасымды әсермен бөбекті жұбатады. Екіншіден баланың келешегіне үміт артып, тілек айта отырып, оны жұбатушы ана болашақтың шамшырағы мен нұрсәулесінен қуат алғандай әсерленеді. Үшіншіден, ата –ана жатқа айтқан тілектерді тілі шыққан балдырғандарда жаттап, әрі тілі дамиды, әрі сол сөздерден тәлім алады.
Бесік жырларын мазмұнына қарай: шілдехана жыры, бесікке бөлеу жыры, жұбату және тілек айту жыры деп топтауға болады.
Бесікке бөлеу жыры нәрестені нәрестені бесікке салғанда, қуаныш тілек ретінде, көбінесе көңілді, әуезді әуенімен айтылады:
Мойнымдағы маржаным,
Қорадағы мал –жаным:
Бесігіңе жата ғой,
Тәтті ұйқығы жата ғой
...... құтты болсын есімің,
Құтты болсын бесігің.
Мұның психологиялық, медициналық мәні де зор. Әуен бөбек жанына дем береді.
Үміт тілек:
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің?
Бармақтарың майсып,
Түрлі ою ойысып
Ұста болар ма екенсің?
Бата тілек:
Ала биең құлындап,
Алатауға сыймасын!
Қара биең құлындап,
Қара тауға сыймасын ...
Ақылыңмен батыл бол,
Ағайынмен тату бол.
Бағаналы таудай бол,
Жағалалы көлдей бол!
Халық педагогикасының бұл саласы ғасырлар бойы бала тәрбиесіне өз өрнектерімен әсер етіп, қазіргі көркем әдебиет нұсқаларымен дамып келеді.
Бөбектің отыруы. «Бөбек бес айда белгілі отырады, алты айда анық отырады» дейді халық. Баланың әке –шешесін, жақындарын анық танып, күлу, ренжу әрекеттерін көрсете бастауы, оның өздігінше қимыл әрекеттерін жасаумен ұштасады да,отыруға ыңғайлануы байқала бастайды.
Тұсау кесу. Бөбеук туғаннан кейін жеті –сегіз айдан соң, әуелі еңбектеп содан кейінірек қаз –қаз тұрып, жүре бастайды. Бала тәй –тәй басып жүре бастаған кезде, тұсау кесу рәсімі жасалып, тұсау кесу жыры айтылады.
Тұсаукесер жырлары. Тұсау кесу - әдет –ғұрыптық, ырым –рәсімдік қуаныш мәжілісінде айтылатын жыр. Көбінесе бір жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіріп, оның ата –анасы қуанышқа ортақ жақын адамдарды жинайды да, сыйлы адамға балбөбектің тұсауын кестіреді. Баланың тұсауы ала жіппен немесе қойдың тоқ ішегімен байланады да, тұсау кескен соң тұсау кесушіге сый –сыяпат көрсетіліп, сыйлық беріледі. Тұсау кесілген соң баланы ақ жайма үстімен немесе қалың кілем үстімен жүргізіп:
Қаз –қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Тағы –тағы баса ғой,
Тақымыңды жаз, балам.
Қаз баса ғой қарағым,
Құтты болсын қадамың:
Алға қарай баса бер,
Асулардан аса бер! –
деп ата –ана қуаныш білдіріп, арманг тілегін айтады.
Тұсау кесу жырының бір түрі «тәй – тәй» деп аталады:
Тәй –тәй балам, тәй балғын,
Жүре қойшы жәй балғын.
Қарыс сүйем қаз бастың
Қадамыңнан айналдым.
Тәй- тәй –тәй!
Жүре ғой жәй!
Жаңылтпаш - тіл ширату тәсілі. Халық баланың тілін ширату үшін, оған сөз үйретіп, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған.
Балбөбектің тілі шығып, балдырған жасында сөздік қоры молая бастаған кезде, кейбір дыбыстарды айта алмай немесе қинала айтады. Тілін мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу үшін, қиналып айтатын дыбыстары бар сөздерді бала неғұрлым жиі –жиі дыбыстап айтып, жаңылмай жаттықса, сөйлегенде де мүдірмей, өз ойын толық жеткізетін болады. Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың бала ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой –қиялы дамиды, тәлім алады.
Жаңылтпаштарды халық бала психологиясы мен тілінде болатын мүкістерге сәйкес шығарған.
Халық педагогикасының бұл саласын қазақ ақындары дамыта түсті. Олардың бір ерекшеліктері, ол жаңылтпаштар көбіне әрі тіл ширату, әрі дүниеге таныту, әрі білім беру, тәрбиелеу.
Мысалы:
Тілалғыш Бек
- Тіл алғыш - деп
Мақтасақ біз
Біл алғыс деп, -
білімділікке тәрбиелеп, бүлдіршінге сүйіспеншілік білдірсе:
Бөдене бедене
Көбелек көдене
Бедені – беде де,
Көдені –көде де, -
деген жаңылтпаш арқылы әрі «б», «к», «д» дыбыстарын айқын айтуға жаттықтырса «бөдене» «беде» «көбелек» «көде» деген сөздердің мағынасын жақсы ұғындыруды мақсат тұтады.
Кеспе, өссін тал,
Өссе өсімтал,
Өссе өсін тал
Кеспе, өссін тал, -
деген жаңыльпаш баланы табиғатты қорғауға тәрбиелейді, әрі «с» «т» дыбыстарын айқын айтуға жаттықтырып, баланың тілін ширатады.
Санамақтың тәрбиелік мәні. Санамақтарды халық, негізінен жас балаға сан үйрету мақсатымен шығарған. Санамақтар әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтардың түрлері көп, оның үстіне жаңадан қосыла береді.
1. Атау ұйқастырып санау арқылы бала әрі сан үйренеді, оның үстіне санға аты ұйқасқан заттарды танып біледі:
Бір дегенің – білеу,
Екі дегенің – егеу,
Үш дегенің – үскі,
Төрт дегенің – төсек,
Бес дегенің - бесік,
Алты дегенің – асық,
Жеті дегенің –желке,
Сегіз дегенің – серке,
Тоғыз дегенің – торқа,
Он дегенің – оймақ
Он бір қара жұмбақ.
2. Саусақ санау ойыны баланы сан үйренуге ынталандырады, көңілдендіреді.
Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлық бес ешкі,
Қос –қос лақты қос ешкі,
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге ойлап қой.
3. Санамақ айтыста бала санға ұйқас сөз табу арқылы, ақындық қабілетін басқайды. Егер ол ұйқас таба алмаса, айтыста жеңілген болып табылады.
Бір !
Бетің кір.
Екі!
Маңдайынан шекі.
Үш!
Мені жеңбек күш.
Төрт!
Төнбесін өрт.
Бес!
Белгілі жерден кес.
Алты!
Ата – ананың салты.
Жеті!
Жемтік қойдың еті.
Сегіз!
Қойың тапсын егіз.
Тоғыз!
Топас хайуан доңыз.
Он!
Оның кигені тон.
4. Жаңылтпаш, жұмбақ санамақты айту арқылы бала әрі сан үйренеді, әрі жұмбақтың шешуін тауып, ойын дамытады, тілін ширатады.
Құрық – қырық,
Сырық – қырық.
Қанша болды
Құрық, сырық?
5. Ойын санамақтарын балалар «Тоқтышақ», «Жасырынбақ» ойындары үшін пайдаланып, сан жобасын, тақ пен жұп белгілерін ажыратуды үйренеді.
Бірім – бірім,
Екім – екім,
Үшім – үшім,
Төртім – төртім,
Бесім –бесім,
Алтым – алтым,
Алты малтам,
Алтын балтам,
Сары ала қыз,
Саңқылдауық,
Қырмантауық-
Қырқылдауық
Сен тұр –
Сен шық!
Отбасында санамақтың әр бір түрін балаға жаттатып олармен бірге ойнай отырып, ойын дамыту – ата –ананың борышы.
Жұмбақтың дүниетанымдық, тәрбиелік мәні. Нақты бір зат туралы тұспалдау, ұқсатып, бейлеп айту туралы баланы ойлату, танымдық, білімдік ұғымдар мен түсініктерді ой –қиял елегінен өткізіп, тұжырым жасап, шешімге келуде тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесінбайқау үшін, халық ертеден –ақ жұмбақтардың алуан түрлерін шығарған. Ертедегі жұмбақтар.:
Апаң, апаң –
Ескі шапан,
Иір қобыз,
Жарық жұлдыз (түйе)
сияқты көбінесе мал шаруашылығына байланысты және :
Сүмбіл теректі,
Жасыл желекті,
Ерден қалмайды,
Жауға керекті. (найза)
сияқты қару – жарақ, құрал –саймандар туралы болған.
Заман өзгерген сайын халық педагогикасы жаңа мазмұнды жұмбақтармен толыса берді.
Самұрық құс самағады,
Көктен өтіп,
Айға жетіп
Жеңілдеді салмағы (ғарыш кемесі)
Көкшіл айна үйдегі
Көрсетеді киноны (теледидар)
Жұмбақты Аристотель «Жан –жақты жымдасқан метафора» дейді. Яғни затты бейнелеп, баламалап сипаттауарқылы ұқсас заттардың қасиеттері мен түріне, аумағына, көлеміне зер салып, жұмбақты шешуші жұмбақты шешеді, әрі заттарды салыстыра көз алдына елестетіп, дүниетанымдық қабілетін дамытады.
Қара сөзбен жасалған жұмбақтар да бар. «Отқа жанбас, суға батпас» (мұз)
Жұмбақтарды жаттап айтумен қатар, кез –келген айтушы өз ойын да құрастырып айта береді, тек жұмбақтың қисыны, өлеңдік үйлесімі болуға тиіс.
Жұмбақтардың дүниетанымдық, ой дамытарлық мәнімен қатар, тәрбиелік мәні де ерекше. Өйткені жұмбақ айтысу, жұмбақтарды жаттау кезінде тәрбиеленуші өзінің білімін дәрежесін байқап, көп білуге талпынады, ынта –жігері артады, жауапкершілікке бейімделік, өнерге талпынушылығы артады.
Бақылау сұрақтары:
1. Ауыз әдебиеті – тәрбие құралы.
2.Ауыз әдебиеті қасиетті, киелі мұра.
7-лекция. Тақырыбы: Мақал мен мәтелдер мен балалар жырының тәрбиелік мәні.
Жоспары:
Мақал – мәтелдердің тәрбиелік мәні.
Мектепте ауыз әдебиеті туралы бағдарламалық материалдарды оқыту.
Халық педагогикасында балаларға арнап шығарылған арнау – тілек, сұрамақтар, тақпақтар, төрт түлік туралы жырлардың ролі.
Мектепте балалар жырларының бағдарламалық жүйесі.
Лекция мақсаты: Мақал мен мәтел, балалар жырының тәрбие құралы екендігі жөнінде түсініктерін нығайту.
Лекция мәтіні(қысқаша):
Мақалдар – нақыл, өсиет түрінде айтылатын философиялық ой түйіндері, сөз мәйегі. Мақалдар, көбінесе өлеңдік өрнекпен, сабырлы, салмақты ырғақпен айтылады, қара сөзбен, яғни шекшендікпен айтылатын мақалдар да бар.
Мәтелдер, негізінен, тұжырым тұспалы өлеңде сыңар тармақты, қара сөзде нұсқалы сөз ретінде айтылады «Өлең - сөздің патшасы», «Қызым, саған айтам, келінім , сен тыңда» т.б. Мәтелде де тура мағынада «Қадіріңді білгенге жұмса» деп және ауыспалы мағынада «Тікен гүлін қорғайды» деп айтылады.
Қазақтың мақал -мәтелдерінің көбірек қамтитын тақырыптары: елдік, ынтымақ, бірлік туралы мақал –мәтелдер.
Өз елім - өлең төсегім.
Батырлық, ерлік туралы мақал –мәтелдер:
Өжет адам - өлімді жеңеді.
Қару күшті емес – қару ұстаған күшті.
Өнер, білім туралы мақал –мәиелдер:
Өнерлі өрге жүзеді.
Төрт түлікке байланысты мақал –мәтелдер:
Қойдың сүті – қорғасын,
Қойды соққан оңбасын.
Егіншілікке байланысты мақал –мәтелдер:
Жері байдың – елі бай.
Адамгершілікке байланысты мақал –мәтелдер:
Жақсыда кек жоқ,
Кектіде тек жоқ.
Әлсіз ат сүріншек,
Ақылсыз адам еріншек.
Мектеп ауыз әдебиеті туралы бағдарламалық материалдарды оқыту оқушыладыфң мақал – мәел жинап, оқулық пен хрестоматиядағы материалдарды толықтыра түсіруіне бьасшалақ етеді. Әдебиет бөлесінің жарнамаларына “кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы”, “Бьілімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез” , “өнерлі өрге шығар” сияқты мақал – мәтелдер жазылып, ілінеді. Бірінші сыныптан бастап мақал – мәтелдер бірте – бірте үйретіліп, оқушылардың тілі мен ойын дамытудың негізгі бір тәсілі - мақал – мәтелдерді жаттау, мақал – мәтелдерді ел аузынан жинау, оларды түрлі сынып сағаттары мен кештерде, өнер жырыстарында, баспасөзде, радиода қолдана білуге оқушыны бейімдеу мұғалімдердің, әсіресе әдебиет пәні мұғалімдерінің мсіндеті болып табылады.
Қазақтың халық педагогикасында балаларға арнап шығарылған арнау тілек өлеңдері, сұрамақтар, төрт түлік туралы жырлар, тақпақтар ерекше орын алады.
Тырна келді, тұр,
Түндігіңді тұр,
Арқан тарт,
Сандық аш! - дегізеді халық.
Халық педагогикасындағы балалардың бірден жадында қалатын қысқа – қысқа тақпақтар, оларды тқпақ айтуға ынталандырады, еңбекке, адамгершілікке Отанын сүюге, өнерге тәрбиелейді.
Ана – біздің күніміз,
Ананың біз – гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз, -
деген бір- екі шумақтан құралған, баланың жаттапалуына жеңіл тақпақтары жүздеп саналады.
Балаларға өлең –жыр, тақпақ жаттатуда, олардың әрбір сөзді дұрыс айтып, дауыс ырғағын сол сөздің мағынасына құбылта білуін қадағалап, сахнада, жұрт алдында қалай қалай тұруды үйрету қажет.Сөз мағынасын тыңдаушыға толық, әсері жеткізуде дауыс ырғағы мен бет құбылыстың сөзге сәйкестігі үлкен мәнді нәрсе. Дауыс ырғағы арқылы бір сөзбен бірнеше мағына мәнін ұғындыруға болады. Мысалы: «Бол» деген сөзге леп белгісін қою арқылы, зенкіру, асықтыру, қорқыту мәні берілсе оған сұрау белгісін қою арқылы, мәлімсіздк, сұраулық мән берілдеі, бұл сөздерді айтудағы бет құбылыстың кеюлік, таңқалу нышаны арқылы өздің мән – мағынасы есетіп көрушіге айқындала түседі. Яғни балаларға тақпақ жаттатқанда дауыс ырғағы мен бет құбылыс арқылы әрбір сөздің мән – мағынасын тыңдаушығы әсерлі жеткізуге, неғұрлым толық ұғындыруға болады. Бұл баланың тілін, ойын дамытуға да өте қажет.
Бақылау сұрақтары:
1.Мақал – мәтелдердің тәрбиелік мәні қандай?
2.Мектепте ауыз әдебиеті туралы бағдарламалық материалдарды оқытудың әдістері қандай?
3.Халық педагогикасында балаларға арнап шығарылған арнау – тілек, сұрамақтар, тақпақтар, төрт түлік туралы жырлардың ролі мен мәні.
4.Мектепте балалар жырларының бағдарламалық жүйесі қандай?
8-лекция. Тақырыбы: Мазақтамалардың, өтірік өлеңнің, ойын өлеңдерінің тәрбиелік мәні.
Жоспары:
Мазақтамалардың балаларды әдептілікке, әдемілікке, еңбекке тәрбиелеудегі рөлі.
Өтірік өлеңдердің балаларды ой – қиялға тәрбиелеуі.
Ойын өлеңдері балалардың өлең – жырға деген ықыласын, бейімділігін арттырады.
Лекцияның мақсаты: Мазақтамалар, өтірік өлең, ойын өлеңдердің тәрбиелік мәні жөнінде түсінік беру.
Лекция мәтіні(қысқаша):
Мазақтаманы халық балалардың бірін –бірі мінеуі, сынауы, шенеуі, әжуалауы үшін шығарған:
«Асан жақсы баласың,
Айтқан тілді аласың;
Айтқан тілді алмасаң,
Арам қатып қаласың» , -
деп мазақтама айтушы екінші баланың кемшілігін көзіне айтып,ызаландырып, қажырын қайрайды.
Баланың табиғи кемшілігін айтып, тәрбиелеудің орнына, оның сүйегін жасытатын, тәрбиелік мәні керісінше болатын мазақтамаларда бар, соларды қолданудан сақ болу керек.
Мазақтаманың негізгі мақсаты – баланың мінін көрсетіп, сынау, оны тәрбиелеу.
Өтірік өлеңдердің балаларды ой – қиялға тәрбиелеуі.
Өтірік өлеңді дарынды ақындар қиыннан киыстырып, қиялмен әсерлендіріп, қисынды қызықтарға құрып шығарған. Өзгеше әсерлік өтірік өлеңдерді хаолық ықылас қоя жаттап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізді. Авторы белгісіз болғанмен халық аузынан жиналған өтірік өлеңдердің көркемдігі биік, мағынасы терең.
Өтірік өлеңдерді тәрбие ісіне пайдаланудың да тәсілдерін білу керек. Біріншіден: өтірік өлеңдерді көркемдеп оқудың мәнін оқушыларға терең ұғындырып, көркем оқуды ұйымдастыру.
Екіншіден: өтірік өлеңдерді жаттап оны сахнада айтуды ұйымдастырудың тәрбиелік мәні зор.
Үшіншіден: өтірік өлеңді өнер жарыс ретінде екі оқушының кезектесіп айтуын ұйымдастырып, оны сахнада орындаты – оқушының актерлік бейімділігін, өнерпаздығын, ақындық нышанын дамытып, абыройын, білімін арттырады.
Қазақтың халық педагогикасында ойын өлеңдері қызықты ойындардың эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең –жырға деген ықыласын, бейімділігін артырады.
Отбасында ойын өлеңдерін, әсіресе, айтыс ойын олеңдерін балаға айтқызып, олардың тәрбиелік мәнін пайдалана білу – ата –ананың борышы. Ойын баласы ойын өлеңдерін өздерінше де ықыластана жаттапалады, тек олардың ойын сабақтап, үлгі көрсетуді, үлкендер ұмытпау керек.
Ойын өлеңдері балалардың өлең – жырға деген ықыласын, бейімділігін арттырады.
Қазақтың халық педагогикасында ойын өлеңдері қызықты ойындардың эстетикалық әсерін арттырып , балалардың өлең-жырға деген ықыласын , бейімділігін арттырады.
Қуырмаш ойыны әрі баланың көңілін көтеру үшін , әрі еңбекке тәрбиелеп , дүниетанымын арттыру үшін жүргізіледі.
Қуыр-қуыр қуырмаш ,
Бидай қуыр , қуырмаш .
Тауықтарға тары шаш
Бас бармақ ,
Балан үйркек,
Ортан терек ,
Шылдыр шүмек
Кішкене бөбек ,--
деп қуырмаш айтушы балдырғанның саусақтарын санамалап , жүдырыққа түиеді де, одан соң әрбір саусаққа қызмет беріп іске жұмсап , балдырғанның жұдырығын жазады:
Сен тұр - қойыңа бар !
Сен тұр – жылқыңа бар !
Сен тұр - түйеңе бар !
Сен тұр - сиырыңа бар !
деп , төрт саусақты түлік малға жұмсайды да, ең кішкене саусақты жалқау , жатып ішер деп :
Ал сен алаңдамай
Қазанның түбін жалап,
Үйде жат!-
дейді де, оны жатқызып қойып , ойыншы қол бойынан қызық іздейді.
Мына жерде қант бар ,
Мына жерде жент бар ,
Мына жерде қатық бар,
Мына жерде қытық бар !-
деп қытықтап , балдырғанды еріксіз күлдіреді .
Кім керек сиақты қалмақ өлеңді .Ақсерек , көк серек . ойыны үшін шығарылған :
Ақ серек пен көк серек
Шауып алдым бәйтерек .
Бізге сұлу қыз керек ,
Қыз ішінде сіз керек !
Бізге күшті ер керек !
Өзіңе керек - Еркөқбек !
Ойындағы жеке ойыншылардың бейнелік ерекшеліктеріне қарай балалар бұл өлеңді құбылтып , әрлендіріп , әртүрлі етіп айта береді.
Ұшты – ұшты ойыны қызықты өту үшін ұйқас сөздерді тез тауып , оны да бірнеше түрлендіріп айтып , ойын басшысы өзінің ақындық ауқымы арқылы ойыншыларды көңілдендіре біледі:
-Ұшты – ұшты , сұңқар ұшты!
- Ұшты – ұшты , тұлпар ұшты !
- Ұшты – ұшты , қарға ұшты !
- Ұшты -ұшты , арба ұшты !
-Ұшты – ұшты , тарғақ ұшты !
-Ұшты –ұшты , жарғақ ұшты !
Ұшты- ұшты , дауыл ұшты !
Ұшты - ұшты , қауын ұшты !
Ұшты –ұшты , үйрек ұшты !
Ұшты –ұшты , бүйрек ұшты !
Ұшты –ұшты , қыран ұшты !
Ұшты –ұшты, жылан ұшты !
Ұшты –ұшты, қызғыш ұшты !
Ұшты –ұшты , сызғыш ұшты !
Ұшты – ұшты , ұзақ ұшты !
Ұшты – ұшты , түзақ ұшты !
Бақылау сұрақтары:
1.Мазақтамалардың балаларды әдептілікке, әдемілікке, еңбекке тәрбиелеудегі рөлі.
2.Өтірік өлеңдердің балаларды ой – қиялға тәрбиелеуі.
3.Ойын өлеңдері балалардың өлең – жырға деген ықыласын, бейімділігін арттырады деегнді қалай түсінесіз?
9-лекция. Тақырыбы: Шешендік сөздер мен термелердің тәрбиелік мәні.
Жоспары:
Қазақ халқы – шешен халық.
Жастарды өнерге, адамгершілікке тәрбиелеудегі терменің рөлі.
Ертегі, аңыз әңгіменің тәрбиелік мәні.
Лекцияның мақсаты: Билер мен хандардың, ақындар мен шешендердің, данышпандардың аузынан шыққан дуалы, өнегелі, қасиетті, қисынды сөздері туралы түсінік беру.
Лекция мәтіні:
Шешендік сөздер – ел құралып, халық қөалыптаса бастағаннан бері халықтың өнеге тұтып, өмір тәжірибесіне пайдаланып келе жатқан билер мен хандардың, ақындар мен шешендердің, ел ағасы болған жанышпандардың, жастайынан жалындап өскен өткіройшылдардың аузынан шыққан дуалы, өнегелі, қисынды, қасиетті сөздер.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі шешендік сөздерді мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау деп үш топқа бөлуге болады.
Арнау шешендік сөздер: әзіл, сықақ, сын, бата, алғыс, естірту, көңіл айту.
Шешендік толғау: Өсиет, насихат. Шешендік дау: жер дауы, жесір дауы, мал дауы, ар дауы.
Жиын –тойда, мәжілісте, бас қосу рәсімдерінде сөз жүйесіне шешендік сөздерді арқау етіп сөйлеу – қазақ қарияларының дәстүріне айналған құбылыс.
Қазақтың халық педагогикасында ақыл –ой тәрбиесі термелер, ертегілер мен аңыз әңгімелер арқылы да іске асырылады.
Жастарды өнерге, адамгершілікке тәрбиелеудегі терменің рөлі.
Жырдың үлгі -өнеге, насихат ретінде айтылатын түрі – терме деп аталады. Термеде жырау өмір –тәжірибесінен алынған философиялық ой шешімдерін айтады: адамгершілік қарым –қатынасты, өмірдің философиялық мәнін түсінуді, адамгершілік пен әділетті, әсемділік пен әуездікті уағыздайды.
Терме – жастарды өнерге баулудың , адамгершілікке тәрбиелеудің қуаитты құралы.
Ертегілердің тәрбиелік мәні. Алғашқы қауымнан бастап, бала тәрбиесміне ерекше әсер ететін ертегілерді ойлап шығарған адамзат тарихында ертегілердің тәрбиелік мәні зор. Қазақ ертегілері сан алуан. Оларды: хайуанаттар туралы ертегілер (ақ қасқыр, шопан ата, Шек- шек ата, Ойсыл қара, Зеңгі баба т.б.), қиял – ғажайып ертегілер (Ұшқыш кілем), тұрмыс –салтқа байланысты ертегілер, батырлық ертегілер («Күн астындағы күнекей қыз», «Ер төстік», «Керқұла атты Кендебай»), күлдіргі ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге болады.
Ертегі, аңыз әңгіменің тәрбиелік мәні.
Аңыз әңгіменің тәрбиелік мәні. Халық өз ұрпағының ұлағатты, білгір, батыр, батыл, ойшыл, еңбекқор, еңбекқор болып өсуі үшін, оған үлгі -өнеге етіп аңыз әңгілерді де бардан құрап, сары алтындай сақтап келеді.
Аңыз әңгімелер: 1. Аспан әлемі, жан –жануар, жер,су, мекен аттары туралы. 2. Ру, тайпалардың шығу тегінебайланысты. 3. Діни мистикаға. 4. Әлеуметтік утопияға. 5. Тарихи хаһармандық туралы құрылады.
Қанатты сөздер мен даналық сөздер –даналар мен шешендердің ел аузында жатталып өсиет, өнеге, аңыз ретінде айтылатын сөздер.
Қарлығаш жер бауырлап ұшса, жаңбыр жауады; шілде қойыз көп шырылдаса, құрғақшылық болады; мезгілсіз сиыр мөңіреп, ит ұлыса, жер сілкінеді т.б. халық тәжірибесінен түйінделіп айтылған сөздер баланың дүниетанымдылығын арттырады.
Көркемдікке, өнерге тәрбиелеу. «Өнер - өрге бастырады» деп халық көркем өнерді жоғары бағалайды да, «ақын – елдің еркесі», «шебердің- қолы ортақ», «күйші – қиялды, биші -зиялы» - деп, өнер адамдарын ардақтайды.
Тұрмыс – салт жырларының тәрбиелік мәні. Қазақ хаолқының өзінің тұрмыс –тіршілігіне, әдет –ғұрпына, салт –санасына байланысты тұрмыс –салт жырларын шығарып, жер өрнектерін өмір өзегіне пайдаланып, сол арқылы жастарды ұлттық әдет –ғұрып, дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелейді.
Бақылау сұрақтары:
1.Қазақ халқы – шешен халық.
2.Жастарды өнерге, адамгершілікке тәрбиелеудегі терменің рөлі.
3.Ертегі, аңыз әңгіменің тәрбиелік мәні.
10-лекция. Тақырыбы: Батырлық, ғашықтық жырлардың тәрбиелік мәні.
Жоспары:
Батырлық жырлардың дүниетанымдық мәні.
Халық эпостық шығармаларының тәрбиелік рөлі.
Лекция мақсаты: Ел қорғау басқыншыларға қарсы күресу кезінде көрсеткен батырлардың ерліктері, эпостық шығармалар және ғашықтық жырлар туралы
түсініктерін кеңейту.
Лекция мәтіні(қысқаша):
Қазақ халық педагогикасындағы аса бай мұра – батырлық жырлар. Батырлық жырларда ел қорғау, басқыншыларға қарсы күресу кезінде көрсеткен батырлардың ерліктері жырланады, батырлардың от басына, еліне,Отанына деген сүйіспеншілігі - шынайы патриоттығы дәріптеледі.
Батырлық жырлардың дүниетанымдық және тєрбиелік мєні.
Қандай шығарма болса да, оның негізгі мақсаты – тәрбие. Ауыз әдебиеті - халықтың ой-санасы мен мінез – құлқын қалыптастыратын тарихи мектебі. Батырлық жырлар – сол мектептің маңызды құралы.
Батырлық жырлар эмоциялық әсермен тыңдаушының ынтасын арттырып, көріктілігімен көкейге қонады: ол шаттандырады, ондағы трагедиялық және қуанышты жайларды тыңдаушы өміріне, тебірене сезініп, ыстық жаспен, ынталы ықыласпен қабылдайды. Сондықтан ақын болмаса да, асыл жырларды жаттап алушылар көп болған. Жаттампаздық құрғақ жаттау емес, жадына жақсыны сақап, өнегелі өмірге пайдалана білуді халық әрқашан да мақсат еткен. Ел Ер Тарғындай ер болуды, Қобыландыдай батыр болуды, Қамбардай қамқоршы болуды ұрпақтарына үлгі еткен.
Қара түнекті, қайғылы, қасіретті заманда эпостық шығармалар халықтың көңілін сергітті , ерлікке құлшындырды, ойын өрістетті , келешекке сенімін арттырып, намысын қозғады. Жарқын жырлардағы парасатты ой сәулелері жалпы жұрттың жанын жадыратты. Ондай шығармаларды жұрт жалықпай тыңдап, жан азығы етті.
“ Сөз сүйектен өтеді ” деген халық, сөз өнерін тәрбиенің күшті қаруы етіп, өмірге пайдалана білді. Өмірдің өзі түсіндіретін халық философиясы ауыз әдебиеті болды.
“Қара қылды қақ жаратын ” әділдік, арды, намысты аяққа басқан зұлымдық, ел сүйіндірген ерлік, дарқан ойлы даналық, қояннан жаман қорқақтық эпостық жырларда айқын сарапталып, ақылмен екшеленіп, ерекше әсерлерімен тыңдаушыларын баурап отырды.
Қаршадайынан халықтың ауыз әдебиетін сүйе тыңдап өскен әрбір қоғам мүшесі еліне пайда тигізетін ер болуды армандады. Жеке адамдардың жетесіне жеткен қара бастың қамын ойлайтын психологияға эпостық жырлардағы халықтық ойлар қарсы қойылып отырды. Халық ер мен езді, ақылды мен ақымақты, еңбекшіл мен тірліксізді айқын бағалап, ұрпақтарына жақсыны үйретті, жаманнан жирентті.
Тәрбие мүддесіне сай, халық эпостық шығармаларға тыңдаушы сезінетіндей етіп, эмоциялық әсері күшті сюжеттер ендірді, мінездеу мен кульминация неғұрлым әсерлі болуын қарастырды, жеке образдар көркем де шебер жасалынып, есте мәңгі қалатындай әсерлі болды, ой түйіндері өнегелі өрнекпен құрылды.
Халық эпостық шығармаларының тәрбиелік рөлі.
Ғашықтық жырларда мөлдір махаббат қастерлене жырланады. Әйелдерде зорлық неке мен қорлауға қалың малға сатуға /әйелдің шашы ұзын –ақылы қысқа/ деп кемітуге қарсы, махаббат беріктік, адалдық жырланады. Онда ескілікке қарсы күресіп, махаббат еркіндігін, әйелдің бас бостандығын аңсаған жалынды жастар бейнесі суреттелінеді. Олар ескіліктің шырмауын бұзып, жаңаша өмір сүруді армандайды, сол арманға жету үшін аямай күреседі, күрес үстінде махаббат құдіреті ,ерлік салтанаты, жан қиарлық достық көрінеді, заман ағымына байланысты, олар қаншы күрессе де, көпнесе өз мақсаттарына жете алмай мерт болады.
Ғашықтық жырлардың трагедиямен аяқталуына да халықтық азатшылдық арман – мүддесі бар.
Мөлдір махаббат иелері Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу.
Батырлық жырлар мен ғашықтық жырлар – эпостық шығармалар деп аталады. Халық эпостық шығармаларды тәрбие ісінің аса маңызды құралдары деп қарайды, ол жырларды қастерлеп, жаттап алып, ұрпақтан –ұрпаққа мұра етеді.
Бақылау сұрақтары:
1.Батырлық жырлардың дүниетанымдық мәнін түсіндіріңіз?
2.Халық эпостық шығармаларының тәрбиелік рөлі.
11-лекция. Тақырыбы:Қазақ этнопедагогикасының бастау бұлағы және тарихи даму кезеңдері.
Жоспары:
1. Халық педагогикасы – этнопедагогиканың зерттеу объектісі.
2. Қазақ этнопедагогикасының туып қалыптасуы және даму кезеңдері.
Лекция мақсаты: Халықтық педагогиканың ерекшелігі, қазақ этнопедагогикасының туу кезеңі және оның белсенді қайраткерлері туралы түсінік беру.
Лекция мәтіні(қысқаша):
Адам баласы әу бастан өз ұрпағын өмірге, еңбекке икемдеп, тәрбиелеп келгені көпке аян. Бүгінгі қалыптасқан белгілі ғылыми –теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмірге келгеше де адамзат тәрбите ісімен айналысып бақты.
Халықтық педагогика салт –дәстүр, жол –жора, ырымдар, тағам дайындау, қонақ күту рәсімдері мен ауыз әдебиеті үлгілері, ұлттық ою -өрнек, өнер түрлері, спорт ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден басталып ауыл –аймақ, ел- жұрт, ру –тайпа, қала берді бүкіл халықтық қарым –қатынастан берік орын алған тәлім –тәрбиенің түрі, адам мінезін, іс -әрекетін қалыптастырудың белгілі нормасы болып табылады.
Академик Г.Н.Волковтың пікірінше, халықтық педагогиканың ерекшелігі: оның адам баласының дүниеге келген күннен бастап бірге жасасып келуінде; адамдардың қоғамды құруда, қоршаған ортаны- табиғатты өзіне икемдеп игеруінде; еңбек тәрбиесінің алғашқы адамдар өмірінде басты рөл атқарғаны, тәрбиенің басқа түрлерінің кейін туғандығы , халықтық тәрбие жөніндегі қағидалары өмірлік тәжірибеге негізделген эмпирикалық білім болып келуі; тәрбие тәжірибесінің ғексырлар бойы жалғасып келуі, алғашқы тәрбие түрлерінің қоғамда бөлінбей, синкретті тұтас түрде берілуі деп саралай саралай көрсетіп келеді де, «халық педагогикасы ру, тайпа, ұлттар мен ұлыстардың ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесіне негізделіп халықтың тәрбие құралдары арқылы іске асыруға құрылса, ал зтнопедагогика теориялық ойларға, ғылымға негізделеді» .
Халық педагогикасында тәрбие мәселесі бірінші орынға қойылып келді. Ол заңды да енді. Себебі, халық педагогикасы ғылым мен мәдениеттің жетілгмеген кезінде пайда болғандықтан, тәрбиені еңбек пен өнерге, оның ішінде қол өнеріне негіздей жүзгізуді уағыздайды. Біртіндеп келе оқу –білім дамып ғылым мен техника өрістей бастаған кезде, XVIII ғасырдағы ұлы чех педагогы Я.А.Коменскийдің атымен байланысты ғылыми педагогика пайда болды. Ғылыми педагогиканың теориялық заңдары қалыптасып өмірге келді. Я.А.Коменский өзінің атақты «Ұлы дидактика», «Ағайын чехтарды тәрбиелеу» атты еңбектерінде тұңғыш білім беру ісі мен тәрбие ісін біртұтас процесс деп қарау идеясын ұсынды. Тәрбие мен білім беруді біріктіру тенденциясы оқу –тәрбие ісінің тұтастығынан туындады. Тәрбие -әлеуметтік процесс, ал адамның жеке басының өсіп жетілуі, өсіп қалыптасуы – ол әрі әлеуметтік, әрі биологиялық процесс.
И.Г.Песталоцци: «Бала тәрбиесі оның дүниеге келгенінен басталуы керек. Баланың дұниені түсінуі отбасынан басталып, мектепте әріқарай жалғастырылуы шарт » - деген қағиданы ұсынды.
Ал әйгілі орыс педагогы К.Д.Ушинский халықтық тәрбиенің мақсаты мен мазмұнына және тәрбие мен оқыту әдістеріне тоқтала келе: «Орыс халқының бала тәрбиесі сол халықтың сан ғасырлық тарихымен байланысты, тәрбиенің негізін халықтың жақсы –жаман дәстүрлерінен іздестіру керек» - деді. К.Д.Ушинский бала тәрбиелеудегі ауыз әдебиетінің рөліне де ерекше тоқталды. Ол: «Ертегілер халықтық педагогиканың алғашқы және тамаша үлгілері. Ертегілердегідей халықтың асқан даналық тәрбиесімен тепе –тең келетін бірде - бір құрал жоқ» - деген еді.
Кеңістік дәуірдің 1970-1990 жылдарында ғана халықтық педагогиканың погрессивтік мәнін ғылыми тұрғыда қарастырып, зерттеу ісі біртіндеп қолға алына бастады.
Халық педагогикасын кеңістік дәуірде ғылыми –теориялық, методологиялық жағынан жан –жақты тұңғыш зерттеуші академик Г.Н.Волков болды.
2. Қазақ этнопедагогикасының туып қалыптасуы және даму кезеңдері.
Этнопедагогика ғылымы орыс, батыс елдерінде XVII – XVIII ғасырлардан бастап қолға алынған болса, қазақ этнопедагогикасының зерттелу жайын, ғылым ретінде қалыптасу тарихын сөз еткенде оны үш кезеңге бөліп қарастырамыз.
Бірінші, ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп, қазақтың ұлттық тәлімгерлік ой –пікірлері мен салт –дәстүрлері жайында тұңғыш еңбектер жазған Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты демократ ағартушылар мен орыс, батыс саяхатшысы, этнограф ғалымдарының (Э.С. Вульфсон, П.С. Паллас, А.Вамбери, А.Левшин, В.Радлов, А.Янушкевич, Н.Г.Потанин, Н.Л. Зеланд т.б) жолжазбалары десек,
екінші – ХХ ғасырдың алғашқы 20-30 жылдарын да бұл істі ғылыми тұрғыда арнайы қарастырып сөз еткен Ә.Диваев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, Х.Досмұхамедов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, М.Әуезов т.б. болды. Яғни бұл кезеңді қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде туып, қалыптасу кезеңі деп қараймыз. Үшінші кезең – 35 –40 жылдық үзілістен кейін қазақ этнопедагогикасының қайта жанданған, даму дәуірі деп аламыз.
ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ТУЫП, ҚАЛЫПТАСЫП ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ.
Қазақ этнопедагогикасының туу кезеңі /ХІХ ғ. 2- жартысы/, оның белсенді қайраткерлері.
|
Қазақ этнопедагогикасының қалыптасу кезеңі /1920 –1930/ және ол кездегі қайраткерлер
|
Қазақ этнопедагогикасының даму кезеңі
/1970-2000/
|
1. Қазақ демократ
ағартушылары:
Ш.Уәлиханов
Ы.Алтынсарин
А.Құнанбаев
2. Орыс, батас саяхатшы
ғалымдары:
П.С. Паллас
Э.С. Вульфсон
А.Вамбери
А.Левшин
А.Янушкевич
Н.Г.Потанин
Н.Л. Зеланд
В.Радлов
|
Қазақтың зиялы оқымыстылары:
С.Торайғыров
Ә.Диваев
А.Байтұрсынов
Ш.Құдайбердиев
М.Дулатов
М.Жұмабаев
Ж.Аймауытов
Х.Досмұхаметов
Н.Құлжанова
М.Әуезов
С.Сейфуллин
|
М.Ғабдуллин
Б.Момышұлы
Б.Адамбаев
Ш.Ахметов
М.Әлімбаев
Қ.Жарықбаева
С.Қалиев
Ә.Табылдиев
С.Ұзақбаева
М.Балтабаева
М.Бөлеев
З.Ахметова
М.Құрсабаева
М.Смайылова
М.Оразаев
К.Қожахметова, т.б.
|
Қазақ этнопедагогикасының бастау бұлағы ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақтың оқымысты демократ - ағартушылары: Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың ғылыми еңбектерімен тығыз байланысты.
Бақылау сұрақтары:
1.Халық педагогикасы – этнопедагогиканың зерттеу объектісі не?
2. Қазақ этнопедагогикасының туып қалыптасуы
3.Қазақ этнопедагогикасының даму кезеңдері.
12-лекция. Тақырыбы. Ы.Алтынсарин мен Ш.Уәлихановтың тәлімгерлік мұралары.
Жоспары:
1. Ш.Уәлихановтың қазақ халқының салт –дәстүрлері туралы ой –пікірлері.
2. Ы. Алтынсариннің тәлімгерлік мұралары.
Лекция мақсаты: Фольклорлық шығармалардың шығу тарихын зерттеген Ш.Уәлиханов пен Ы.Алтынсариннің педагогикалық және тәлімгерлік мұралары туралы түсінік беру.
Лекция мәтіні(қысқаша):
Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының, фольклорлық шығармаларының шығу тарихы мен тәлімдік мәнін тұңғыш зерттеп, ғылыми еңбек жазған, қазақ мәдениетінің орыс, батыс, ғалымдарының тануда ерекше еңбек еткен ғалым Шоқан Уәлиханов (1835-1865) болды.
Кадет корпусында оқып, шығыс халықтарының әдет-ғұрып, тұрмыс-тіршілігі мен тілін, дінін жақсы білетін осы саясатты іске асыруға қолайлы кеді. Шоқан Уәлихановтың батыс-сібір генерал губернаторының тапсырмасымен 1856-1857 жылдары ұлы жүз қазақтары мен қырғыздар арасында, қыайдың Жонғария даласына бару сапары да осы саясаттың жалғасы еді. Ол өз халқының тарихына, мәдениетіне, ауыз әдебиетіне,діни көзқарасына терең көз жібере зерттеп, он орыс, батыс зиялыларына таныстыруды мақсат етті.
Шоқанның қазақтың салт-дәстүрлері мен Діни наным-сенімдерін зерттеу еңбектерінің құндылығы: біріншіден, ғылыми ауқымының кеңдігімен көзге түсті. Ол XII-XIXғ.ғ. арасында өмір сүріп, бүкіл Шығыс халықтарының мәдени мұралары туралы еңбек жазып, пікір айтқан: Марко Поло, Бабыр, Рашиди, Махмуд Хайдари, Мейндорф, А. Левшин, т.б. батыс, шығыс ғалымдарының еңбектерін оқып, салыстыра отырып тарифи шындықтың бетін ашуга тырысқан. Екіншіден, Шоқан қазақ мәдениетін көрші өзбек, қырғыз, турікмен, қарақалпақ, монғол, қытай, татар мәдениетімен байланыстыра қарастырып, олардың бір-біріне тигізетін игі әсерін жан-жақты сөз еткен.Қай халықтың болмасын, жалғыз өзіне ғана тән салт-дәстүрінің болмайтынын, шаруашылық кәсібі мен мәдени тұрмыс-тіршілігі аралас елдердің бір –біріне тигізер әсерінің сөзсіз болатынын мұқият ескерген. Үшіншіден, Шоқан көне тарихи мұраларға сын көзімен арап бағалаған, сал-дәстүрлердің озық үлгілерін тозығымен ажырата талдаған. Шоқан еңбектерінің тағы бір құндылығы салт-дәстүрлер мен фольклорлық шығармалардың тәлімдік мәніне баса көңіл бөліп, он халыққа білім-беру ісімен байланыстыра зерттеген.
Әсіресе, қазақ халқының төрт түлік малды киелі жануарлар ретінде қасиеттейтініне, соның ішінде жылқы малын жеті қазынанаң бірі деп танып өте-мөте қадірлей тіліне сүйене арап, ұрпаққа беретін ұлттық тәрбиенің осы бір қасиетті бөлімін қастерлей білуді уағыздайды. Тіпті, мал сатқан қазақтың өз малының “ сілекейін сүртіп алып қалуы” малды сүю ғана емес, он киелі деп. есептеп мал. күту шаруашылығына келешок ұрпақты тәрбиелеудің белгілері деп. көрсетеді. Сон дай-ақ “аққуды атпа” , “үкіні үркітпе” “көк қарғаның ұясын бұзба”, “құстың жұмыртқасын жарма”деген тыйымдардың зор экологиялық-патриоттық тәрбиелік мәні бар екенін жастарға үлгі өнеге тұтады.
Шоқан Уәлиханов ел ішіндегі діни наным сенімдердің күшті кезінде өмір сүргеніне қарамастан, қараңғылық пен надандыққа қасты күрес ашты, қай халықтың болмасын салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарындағы озық үлгілерін ортақ мұра етюді мақсат тұтты. Ол мәдениет пен ғылымды бүкіл адам баласының бәріне бірдей ортақ рухани байлықтың қайнар бұлағы деп қарады. Ол бодандықтан құтылу жолдарын халыққа білім беру ісінен, ұлттық мәдениетті дамытудан іздеді. “Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп, тез сөнген ” қазақ ғалымы өз халқының болашағына сеніммен қарап, әсіресе, қазақ халқының ауыз әдебиеті мен игі дәстүрлерін бағалай біліп, ұлттың ұлы қасиеттерін дамыта беру қажет екендігін дәйекті материалдар арқылы дәлелдеп берді.
2. Ы.Алтынсариннің тәлімгерлік мұралары.
Қазақ халқының Әл Фарабиден кейінгі ұлы педагогы қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы ұстаз, ақын жазушы Ыбырай Алтынсарин 1850-1857 жылдары Орынбор шекаралық комиссиясында оқып, ол оқуды үздік бітірді де, қазақ даласындағы ағарту жұмысын қолға алуға бел байлады.
Жаңашыл педагог батыс, шығыс әдебиеті мен мәдениетін жан-жақты зерттеп, оны қазақ халқы үшін пайдаланды. 1860 жылы ол қазақ балалары үшін мектеп ашуга (Торғайда) рұқсат алды. Ол: “ Мен қазақ жастарының классикалық гимназияларында ауыл шаруашылық академияларында оқып, білім алуын өз халқына қызмет етуін, жаңалықты іс жүзіаңалықты іс жүзіін жоғары мұрат деп білемін” деп. жазды.
Ұлы педагог мұғалім болу үшін әрбір ұстаз ұстаздық қасиеттерін қалыптастыра білу керек екендігін өнеге етуді. “Мұғалім баланы тәрбиелеуші, оның қамқоршысы, егер бала бір нәрсені білей галса, ол баланың кінәсі емес, оған кінәлі балаға түсіндіре алмаған ұстаздың өзі. Ұстаз балаға сыбырмен, салмақты қысқа сөйлеу керек, ол әрбір пәнді балаға түсіндіргенде ықыласымен қарапайым тімен, бос сөзін нақты түсіндіруге тиіс”- дейді.
Ы.Алтынсарин қазақ әліппесін ұлттық ерекшеліктерге сәйкес құрып, қалыптастыруды арман етті. Ұстаз- ақын, жазушы бала оқыту мен тәрбиелеуде ауыз әдебиетін жалғастырытын балалар әдебиетінің негізін қалады.
“Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы”деген еңбегінде тәжірибелі ұстаз тіл үйренудің нақтылай әдістемесін түзді.
Ы.Алтынсарин өзінің біраз еңбектерін қазақ халқының салт-дәстүрлеррінің ерекшеліктерін зерттеп, этнографиялық очерктер жазуға арнады. Ол 1870 жылы Ресей георграфия қоғамының “Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды жерлу және оған ас беру дәстүрлерінің очеркі” мен “ Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очерктері” атты екі еңбегін жазып тапсырды. Бұл еңбектер орыс зиялы қауымына қазақ қоғамының әр алуан тұрмыс-салт ерекшеліктері туралы түсінік берген тұңғыш жазба еңбектері еді.
Сондай-ақ бұл еңбектерінде ас беру де ат жарысы, палуан күресі, көкпар т.б. ойындар болатыны, ас беру рәсімі 63 жастан (пайғамбар жасынан) асып өлген атақты, бай адамдар құрметіне жасалатыны, ал, ас тартар кезде, үй иесінің жылына арналған тұл ат сойылып, қаралы белгілер алынып, ауыл бұрынғы қалпына келтірілетіні, өлген адамның ұстаған заттары(ертұрман, сауыт-сайманы, сәнді-киімдері) құда –құдағилар мен құрбы-құрдастарына таратылып берілетіні, бұл өлген адамның жақсы қасиеттері көпшілік жұртқа тарасын деген ырымнан шыққаны баяндалады. Сон дай-ақ, қызды өте шастай күйеуге беру немесе он жасар ұлды, әменгерлік заңымен, күйеуі өлген ағайынның өзінен екі-үш есе үлкен балалы әйеліне де үйлендіре беретін әдеттерін сынайды. Өлген адамның жас інісі болмаса күйеуінің алпыс-жетпістегі шал ағайынына тиюге тиіс болғанын, “жесір ерден кетсе де, елден кетпейді” деген әмеңгерлік заңға бағынып келгенін әшкерелейді. Ал жас жесір әйел бас бостандығы үшін күресуге талпыныс жасап, өз сүйген жігітімен қашып кетсе, оның аяғы дау-жанжал төбелес, шабысқа, тіпті кісі өліміне дейін баратын болван. Сондай – ақ әйелі өлген шалдар немесе бала көру үшін тоқал алатын байлар жас қыздың өмірін ойыншыққа айналдырып, қызды еріксіз қалың малға сатып ала беретінін айыптайды.
Ыбырайдың қазақ халқының сал –дәстүрлерін зерттеудегі мақсаты дәстүрдің озығы мен тозығын ғылыми түрде талап өзінің көзқарасын білдіре отырып, мән- мағынасын ашу, озық дәстүрді тәрбиенің құралы ету еді.
Халқы үшін жар құлағы жастыққа тимей, оқу азарту жолында аянбай еңбек еткен Ы. Алтынсариннің ғылыми және әдеби мұраларының бүгінгі жастарға берер ғибраты мол, асыл мұра екені даусыз.
Бақылау сұрақтары:
1.Ш.Уәлихановтың қазақ халқының салт –дәстүрлері туралы ой –пікірлерінің тәрбиелік мәні.
2. Ы. Алтынсариннің тәлімгерлік мұралары қандай?
13-лекция. Тақырыбы: Қазақ этнопедагогикасы жөніндегі А.Құнанбаевтың педагогикалық ойлары.
Жоспары:
1. Абай Құнанбайұлының ағартушылық идеялары.
2. Қазақ этнопедагогикасын зерттеп дамытудағы А.Құнанбаевтың ролі.
Лекция мақсаты: Қазақ этнопедагогикасы жөніндегі А.Құнанбаевтың ғылыми көзқарастары туралы түсініктерін нығайту.
Лекция мәтіні(қысқаша):
Қазақ халқының жазу әдебиетінің негізін қалаушы ұлы ақын Абай халықтың азарту ісін өркендету үшін шығыс және батыс мәдениетін Жан-жақты зерттеп, сол мәдениет негіздерін өз халқына үлгі-өнеге етіп көрсете білді.
Абай Шығыс мәдениетінен ақындық пен шешендік өнерін, мұсылмандық ғақлияларды танып, он халыққа ұсына білді.
Абай Батыс мәдениетінен ғылым негіздерін, көркем әдебиетті үйренуді уағыздады. Абай өлеңдерінің эстетикалық тәрбиелік мәні зор. Абай шығармаларындағы табиғат лирикаларында табиғат пен адамның бейнесі, іс-қимылын ақын үйлестіре жырлап, әрі табиғат көркемдігіне оқушы мен тыңдаушыны қызықтырады, әрі сол кездергі адам бейнесін суреттеп көркемдікті, адамгершілікті сезіндіре, әсерлендіре тәрбиелейді.
Абай өлеңдері еңбекке, ғылым, өнер үйренуге, адамгершілікке тәрбиелейді.
2.Қазақ этнопедагогикасын зерттеп дамытудағы А.Құнанбаевтың ролі.
Ұлы Абайдың қара сөздері қазақтың ұлттық педагогикасына асыл арна болып қосылған педагогикалық (тәлім-тәрбиелік) тұжырымдар. Данышпан ақын көсем сөз арқылы да өзінің дүниетанымдық, тәрбиелік ойларын оқушыларына қарапайым баяндап, әсіресе ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, іршіліктен іс-әрекеттік кемшіліктерді кесіп айтып, елді түзеп, ерді тәрбиелеуге терең ой жұмсаған. Бірінші сөзінде ойшыл адам отты ойларын қағаз бетіне түсірсе, ол да тәрбие десе, екінші сөзінде халықтың қасіретсіз өмір сүруі үшін басқа халықтардан үлгі алып, ұрпағын еңбекке тәрбиелеуін уағыздайды. Абай үшінші сөзінде қазақ халқының “бірінің –біріне қаскүнем болатынын, бірінің тілеуін бірі тілдеспейтінін, рас сөзі аз болатынын, қызметке таласқыш, өздерінің жалқау болатындарының себебі не” деп оның ұлттық кемшіліктерін атап көрсетеді, мұның бәрі тек малды ойлап, малға бейімделіп бара жатқан халықтың достықты ойлап, бірлікке бейімделіп, еңбекке дағдыланып, жағымпаздық пен жалқаулықтан аулақ болу керек екенін уағыздайды.
Абай қазақтың салт-дәстүрін сөз қылғанда белгілі мақсат көздеген дәстүрдің озығын дәріптеп, дәурені өткен тозығын үнемі айыптап отырған. Мысалы, “Аса, тойға баратұғын” деген он ауыз өлең жолында қазақтың қыз айттыруы, ел шетіне жау шапты дегенде ел намысын қорғауға аттанған ердің қапыда жау қолынан қаза табу, оң жақта отырған қалыңдықтың зар еңіреп жесір қалуы, адал махабаттың иесін арудың сүйген жарының қазынасына шыдай алмай өлуі жырланады. Ақын осы арқылы жастарды елді, жерді сүюге тәрбиелеуді, шынайы махаббат жолында жанын пида еткен жастарды өзгеге үлгі-өнеге етуді мақсат тұтады.
Бұл Абайдың, біріншіден, ақындық шеберлігін білдірсе, екінші-халық дәстүрін дәріптеп, ел жақсысының жақсылығын кейінгі ұрпаққа өнеге-үлгі етіп ұсынуының айғағы.
Бақылау сұрақтары:
1.Абай Құнанбайұлының ағартушылық идеялары жөніндегі ой- піікрлеріңіз қандай?
2. Қазақ этнопедагогикасын зерттеп дамытудағы А.Құнанбаевтың ролі.
14-лекция. Тақырыбы: Шетел ғалымдарының қазақ этнопедагогикасы туралы ой-пікірлері.
Жоспары:
1. Мәдени, тәліми, рухани мәселелер.
2. Қазақтар жөнінде жазылған монографиялық еңбек.
Лекция мақсаты: Қазақ мәдениеті жөніндегі орыс, батыс ғалымдарының ой –
пікірлері жөніндегі түсініктерін қалыптастыру
Лекция мәтіні(қысқаша):
Сталиндік зұлмат пен тоқырау жылдарында ұлт саясатының бұрмалануы қазақ тарихын баяндауға да кері әсерін тигізіп келгені анық.Соңғы 60-70 жыл бойы “келешектің нұрлы сарайы- коммунизмді орнатамыз, бірыңғай тіл, бірыңғай мәдениет болады” деген коммунистік қағиданы басшылыққа алған тарихшы, педагог ғалымдарымыз кең-байтақ дала халқының елдік тарихын бұрмалап, “қазақ халқы ғасырлар бойы қараңғы, надан, көшпелі, мешеу дәуірді бастан кешірген, олардың қазан төңкерісіне дейін екі-ақ проценті сауатты болған, осынау көшпелі, надан халықты Октябрь шұғыласы, коммунист партиясы ғана құлдықтан құтқарды”-деп, тек жалаң жамандаумен болды.
Кеңестік дәуірдегі Коммунистік партияның ұлт саясатында үздіксіз марапатталып келген ұлы орысшылдық пен тоталитаризм идеясынан адам психологиясында әбден қалыптасқан, бірінші сортты “ұлы халық”, екінші сортты “кіші халық” деген жаңсақ пікірдің түп тамыры бұдан 270 жыл бұрын қазақ даласына орнай бастаған орыс патшасының отаршылдық саясатының әсерінде жатқанын айқын аңғаруға болады.
Олар қазақтарды “үйренері жоқ, тағы халық”- деп үнемі кемсітіп, қорлап келді. Мәселен , патша үкіметі қолдаған осындай жексұрын саясаттың мәнін бұлтартпай әшкерелейтін бізге жеткен түпнұсқа құжаттардың бірінде жоғары мәртебелі бір шенеуніктің орыс патшасына жазған хатында былай делінген: “Мен қырғыздарға, жағдай туғызып, көзін ашып, оларды Еуропа халықтары көтерілген деңгейге жеткізу қажет дейтін кейбір филантроптардың ниетінен аулақпын. Менің барынша тілейтінім- қырғыздардың, мәңгі- бақи көшіп жүретін малшылар болып қалуы, олардың ешуақытта егін екпеуін, ғылымды ғана емес, қолөнерді де білмеіун шын ниетіммен тілеймін ...”,- дейді.
Н.Ильминский ұсынған оқу құралында оқудың білімдік мәнінен гөрі, діни насихат жағы басым болды. Ильминский өзінің миссионерлік пиғылын жақтас-шәкірттері арқылы жасырын насихаттап отырды. Оған бір мысал Ильминскийдің бұрынғы шәкірті, Орскідегі мұғалімдер курсының директоры А.Г.Бессеновтың үстінен Ы.Алтынсариннің 1889ж. 20 ақпанда Орынбор шекара комиссиясының председателі профессор В.В.Катаринскийге жазған шағым хатында былай делінген:
“Сізге өте бір қайғылы хабар білдіруіме тура келіп отыр. Бақсам, ол оқытушылар мектебінің 3-ші және 4-ші кластарында оқушылардың қарсылығына қарамастан, бір ай бойы інжіл мен оның парыздарын уағыздай бастапты. Осының нәтижесінде, бір жағынан ол оқушыларға өшігіп, қатал қарай бастапты да, екінші жағынан оқушылар оқудан бас тартыпты. Тіпті ол шәкірттерін залым деу сияқты сөздермен сөгіп, оларды кластан желкелеп шығуға дейін барыпты. Мұндай іспен орыс-қазақ мектептерінің келешегін мүлде бүлдіріп алуымыз мүмкін ғой.
А.Г.Бессоновты масқара жанжал көтеріліп кетпей тұрып басқа жерге аударуды, орнына басқа біреуді тағайындаудың жәйін қарастыруыңызды өтінемін”.
ХІХ ғ. екінші жартысында қазақ даласы саяси сенімсіз адамдардың жер ауып келген екінші отанына айналды.А.Герцен,Б.Белинский, Н.Чернышевский,Н.Добролюбов сияқты орыстың революционер-демократтарының ықпалында болған Т.Г.Шевченко, Ф.М.Достоевский, В.Н.Майков, С.Ф.Дуров, Е.П.Михаелис, т.б. орыс, украин халқының демократ ұлдары қазақ даласында айдауда болып, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин,А.Құнанбаевтардың ағартушылық демократиялық көзқарастарынң қалыптасуына игі әсер етті. Орыстың алдыңғы қатарлы демократ-ағартушы зиялы қауымы қазақ мәдениетіне шынайы достық көзқараста болды. Мәселен, орыстың М.Вяткин сияқты атақты тарихшылары қазақтар туралы осындай үстірт пікірдің шындыққа сай келмейтін айта келіп, “Дұрысын айтсақ, қазақ халқының мәдениеті Қазақстанның тереңіне әкетеді”.
Батыс ғалымдарының ішінде бұдан жеті ғасыр бұрын қазақтар туралы ең алғаш қалам тартып, жылы лебіз білдіргендердің бірі жазушы, әрі саяхатшы Италия ғалымы Морко Поло (1245-1324) болды. Ол өзінің “0 разнообразии мира” деген кітабындадүние жүзіндегі әр түрлі халықтардың тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрлерін әңгімелей келіп, қазақтардың бие сүтінен қымыз ашытатынын, ұзақ жолға жарақтыат мініп, жол азық алмай ет асыпжейтін шөңкесі мен баспана шатырын алып, “Ер азығы мен бөрі азығы жолда” деген тәуекелмен жүре беретінін, атына жіне өзіне қажетті азықты жол-жөнекей тауып жейтінін, малға ен, таңба салатынын, жоғалса немесе ұрланса, сол белгілер арқылы тауып алып, ұрланған адамға жеті қамшыдан үш жүз қамшыға дейін дүре соғу айыбын кесетінін сөз етеді.
Ұлт ойындары қоғамның өзгеруімен байланысты әлеуметтік- 'экономикалық жағдайдың негізінде дамып ,жаңарып , жетіліп отырған . Мәселен Қазақстан жерінде алғашқы қауымдық құрылыста: аң аулау , таяқ жүгірту ,садақ ату , қақпатас , қара тас ойындары пайда болса, келесі дәуірде қайталау – жаттығу нәтижесінде0 бұл ойындар аң аулау , бүркіт салу , құс салу , садақ тарту , жамбы ату , карачие- найза лақтыру , қақпан – тұзақ құру т.б. спорттық ойындардың аттары өзгеріп , мазмұны байый түскен .
Неміс ғалымы Александр Гумбольд 1829 жылы орыс өкіметінен арнайы рұхсат алып Каспий теңізінің бойына, Орал мен Алтай, Орынбор ,Семей, Өскемен қалаларына саяхат жасайды. А . Гумбольд қазақ жерінде жүріп , көшпелі халықтың өмірі жайындағы ойға түйгенін , Канкрин мен Шеллерге жазған хатында: « Мен қазақ ауылында болған кезімді аса құрметті кезең деп есептеймін . Мен өмірімде осындай қысқа уақыт ішінде мұндай үлкен тарихтан осыншама мол материал жинап көрген емес едім . Бірақ бұл кең дүниенің ортасында болғандықтан да солай болу керек » дейді .
Француздың атақты жазушысы А. Дюма «Из Парижа в Астрахань» деген еңбегінде ұлына жазған хатында «Қымбатты ұлым , сенің хатың мені Астраханьда қуып жетті . Менің саяхаттағы өмірімнен мағлұмат алғың келсе , алдымен қолыңа Россияның картасын ал, Астрахань қаласын тап. Біздер мұнда келгеннен кейін Каспий теңізінің жағасында аң ауладық, құс салдық. Бұл күндері мен үлкен тойдың, ойын- сауықтың куәсі болдым. Келген қонаққа сый көрсетумен мұндай ойындар өткізуді әзірше мен көрген елде, жүрген жерде кездестірмедім. Мұндай ойын-сауықтың өтуіне себепші болғандықтан, маған қаракөлден тігілген тон кигізді» дейді.
Ал ұлты француз, өзі Ресей Ғылым академиясының мүшесі П.С.Палластың «Ресей империясының түрлі аймақтарына саяхат» атты кітабында жалпы қазақ тұрмысына көз салып, оның ішінде бақсы балгерлерді әр жікке бөле қарастырса, венгер ғалымы А.Вамберидің «Орта Азия очерктері», «Орта Азияға Саяхат» деген еңбектерінде Бұқар хандығындағы қазақтарға байланысты ой қозғалады.
«Ел кезген сапарларымда,- деп жазады А. Вамбери ,-олардың тұрақ –мекендерін кездестірдім, халқының сан мөлшері туралы сауалыма үнемі «әуелі даладағы құмды, сонан соң ғана қазақтарды сана »-деп күле жауап береді.
Француз ғалымы Элизе Рекло (1830-1905) “Арал-Каспий көлбеуін мекендеуші халықтар” атты еңбегінде қазақтар туралы жоғарыда айтылған пікірлерді қуаттай отырып, ол: “... бүкіл Ресейдің көлеміндей жерді , Еділ жағалауынан Алатауға дейін, Амударияның ағымынан Ертіске дейінгі өңірді алып жатқан екі миллиондай адамы бар (халық саны ол кезде 4 миллионнан астам болатын.-СҚ) Қазақ ұлты Азияның көшпелі нәсілінің ішіндегі ең өсіп өнген ел, бірақ бөлшектенуі де шексіз: қазақтар өздерін қанша жел ұшырса да мұрты сынбайтын теңіз құмына теңейді. Белгілі шығыстанушы ғалым Г.клапорт 1825 жылы желтоқсанда Париждегі “Азия журналы” бетінде француз тілінде жарық көрген “Қазақ тілі жайлы” деген мақаласында қазақтарды манғол тегіне жатқызуға байланысты жаңсақ пікірге ғылыми тойтарыс беру мақсатын көздесе , Р. Карутстың “Маңғышлақ түрікмендері мен қазақтардың арасында” атты кітабы сол кездегі қазақ тұрмысын біршама байыпты қарастырылған.
Ал Э.С.Вульфсон деген дат ғалымы өзінің “қазақтар ” атты очеркінде (М.,1901ж) қазақтың қыз қуу, ат жарыс , жаяу жарыс т.б. ұлт ойындарын сипаттай келіп, “тап қазақтардай бүкіл өмірінде әнді қастерлеп өтетін халықты табудың өзі неғайбыл...” деп, олардың өнерді қастерлеуін кең сахарада көшіп-қонып еркін жүрумен байланыстырады.
2. Қазақтар жөнінде жазылған монографиялық еңбек.
Қазақтар жерінде Ресейде алғаш монографиялық еңбек жазған адам Алексей Ираклиевич Левшен (1792-1879ж) болды. Оның “Қырғыз-Қайсақ ордаларының даласының сипаттамасы” (1832ж) атты еңбегінің бірінші бөлімінде Қазақстанның географиялық жағдайына сипаттама берілсе , екінші бөлімі қазақтардың тарихының, ал үшінші бөлімі этнографиясына арналған.
А.Левшен – “қазақ” деген атқа тұңғыш рет ғылыми тұрғыдан анықтама беруге тырысқан ғалым (осы еңбекке дейін Ресейдің баспасөз беттерінде , сондай –ақ ресми құжаттарда қазақтарды “киргиз-кайсак” деп келген . – С.Қ). Ол қазақ халқының Ресейге бодан болуынана бастап ХІХ ғасырға дейінгі Орынбор әкімшілігі және орыс өкіметімен арадағы сауда , ресми және саяси қарым – қатынастарынан көптеген мағлұмат береді.
Левшин қазақ әйелдерінің инабатты, шаруақор , іске шебер , еріне адал болатынын да дұрыс бағалай білген “Қырғыз әйелдері , - деп жазды Левшин , - түйе жетектеп келе жатып та жасы үлкен ерлерге ізеттілік көрсетуді ұмытпайды. Олар ерлерден гөрі бейнетқор , малға қарайды , киім тігеді , ері үшін бәрін жасап , оны кетерде атына мінгізіп , аттандырып салады. Қазақта балаға әкеден гөрі ана көп қарайды, қыздарын үй ішіндегі өнердің бәріне үйретеді” (44,231), -дейді.
ХІХ –ғ. екінші жартысында Қазақстанға жер ауғандардың ішінде С.Гросс, Б.Заыинскийлер де болды.
Адвокат С.Гросс та А.Янушкивич сияқты саяси сенімсіздігі үшін Сібірге жер аударылып , Семейде сегіз жылдай тұрып “Материалы для изучения юридических обычаев киргизов” атты еңбегін жазған. Қазақ халқының этнографиялық материалдарын жинауда еңбек еткен тек Россия үкіметінің Қазақстан жеріне арнайы жіберілген экспедициялары ғана емес , сонымен қоса көрші отырған екі ел арасында кездесетін кейбір қақтығыстарда қазақтардың қолына түскен орыс тұтқындарының да қосқан үлесі баршылық. Осындай тұтқындардың бірі орыс офицері Ф.С.Эфремов көшпелі халықтың өмірі жайында көптеген материалдар жинаған.
Қазақ халқының этнографиясы жөнінде еңбек жазғандардың бірі орыс армиясының капитаны И.Г.Андреев еді. Оның “Описанием средней орды киргиз - кайсаков” атты еңбегі алты тараудан тұрады. Соның “обряды” деп аталатын бесінші тарауында шілдехана тойындағы өтілетін ойындар мен нәрестені тәрбиелеп күту мәселесі сөз болады, ал сол тараудың бесінші бөлімінде үйлену тойындағы ойын- сауықтар туралы айтады.
Қазақ халқының этнографиясы мен фольклорлық шығармаларын көбірек жинап , зерттеп , аса құнды еңбек жазған ғалымның бірі – академик Василий Васиьевич Радлов (1837-1918ж). Ол 1860 жылы Гамбург университетін бітіргеннен кейін , ішкі істер министрлігінің жолдамасымен Барнауылға келеді. 1860-1880 жылдары Алтай өлкесімен қазақ даласында болып , қазақ ауылдарын атпен , кейде өгіз арбамен аралайды, қариялардан аңыз әңгімелерді, батырлар жырын , мақал- мәтелдер мен тұрмыс- салт жырларын жазып алып , кейін “Из Сибири” атты бір томдық зерттеу еңбегін жазады. Бұл еңбек тұңғыш рет неміс тілінде 1884 жылы Лейпципте басылады, кейінірек орыс тілінде 1986 жылы Мәскеуде баспа бетін көреді. Осы еңбектің IV тарауы (44,237-240) түгелдей қазақтар мен қырғыздардың шаруашылық кәсібі салт – дәстүрі , ауыз әдебиеті мен ұлттық мәдениетіне арналған.
Бұратана халықтардың тілі , діні , оқу- ағарту мәселесі жөнінде келелі пікір айтқан публицист ғалым, белгілі қоғам қайраткері Николай Михайлович Ядринцев (1842-1849ж) Томск гимназиясын бітіргеннен кейін Петербург университетіне түседі. Осыдан оқып жүріп, Шоқанның досы Г.Н.Потанинмен танысады. 1862 жылы Петербургтегі студенттердің толқуына қатынасқаны үшін унивкрситеттен шығарылады. 1865 жылы Омбы қаласында саяси насихат жұмысын жүргізгені үшін түрмеге қамалып, тоғыз жыл айдауда болады. Н.М.Ядринцев Сібірді зерттеу экспедициясына қатысып , Сібір халықтарының ауыз әдебиеті мен мәдени тарихи мұраларын зерттеу ісімен шұғылданады. Ол аты аңызға айналған Қарақорымның қираған жұрты мен Орхон- Енесей таңбалы жазуы атанған көне түркі жазу – ескерткішін ашады.
Белгілі этнограф, фольклорист, өлкетанушы Григорий Николаевич Потанин (1835-1920ж) көп жылдар бойында Орталық Азия мен Қазақстанды зерттеу экспедицияларына қатысады, Қытай мен Орталық Монғолияның Тибет аймағын зерттеп , көптеген этнографиялық еңбектер жазды. Ресей империясына екі жүз алпыс жылдай бодан болған дала халқының жәм тұзын татқан , шын тілеулес болып, жылы жүзбен қараған осынау жат жұрт зиялылары (И.Ганвей, М.Готовицкий, А.Брем, В.Аничков, А. Васильев, С.Рбаков , Ф.Шербина т.б) кең байтақ өлкені тек тамашалап қана қоймай , мұны мекендеген елдің салт-дәстүрі мен әдет- ғұрпы , өнері мен мәдениеті , әдебиеті мен ем –домы жайлы бағалы еңбектер жазып, өздерінің нағыз демократ, гуманист екендіктерін көрсете білді.
Батыс жұрты мен орыс зиялыларының қазақ халқының тәлім – тәрбиелік ойлары туралы айтқандарын ғылыми тұрғыдан жіктеп , саралау - әлі де болса зерттеуді аса қажет ететін психологиялық, педагогикалық мәні бар проблема.
Бақылау сұрақтары:
1.Мәдени, тәліми, рухани мәселелер
2. Қазақтар жөнінде жазылған монографиялық еңбектердің тәрбиелік мәні.
3.Қазақ мәдениеті жөніндегі орыс, батыс ғалымдарының ой –пікірлері жөніндегі түсініктері қандай?
15-лекция. Тақырыбы: Қазақ этнопедагогикасының қалыптасып даму кезеңдері.
Жоспары:
1. Қазақ этнопедагогикасының негізін салушы көрнекті педагог-
ғалым Ә.Диваев мәдени мұраларды жинаушы және зерттеуші.
2.Ш. Құдайбердиевтің педагогикалық көзқарастары.
Лекция мақсаты: Этнограф, мәдени мұраларды зерттеуші Ә.Диваев пен қазақ психологиясының негізін салған Ш.Құдайбердивті этнопедагогикалық ой – пікірлекрі жөнінде түсінік беру.
Лекция мәтіні(қысқаша):
Белгілі ғалым Орынбор қаласында башқұрт шаруасының отбасында дүниеге келген. Ол 16 жасында Орынбордағы Неплюев кадет корпусының Азия бөліміне оқуға түсіп, оны 1876 жылы бітіріп шығады да, Түркістан өлкесінің Ташкент қаласына әскери қызметке жіберіледі. Кейін Сырдария губерниясының генерал-губернаторы Скоблевтің тілмәші қызметіне ауысады. 1883 жылдан бастап, үздіксіз елу жыл бойы Ә. Диваев Орта Азия, Сырдария, Түркістан далаларында қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының этнографиялық бай мұрасы – ауыз әдебиетін жинап бастыру, зерттеу ісімен шұғылданады.
Ә. Диваев халықтық мәдени мұраларды жинауда екі түрлі мақсат көздеді. Біріншіден, қазақ халқының асыл мұрасы- ауыз әдебиеті үлгілерін келешек ұрпақ үшін, тарих үшін қажетті дүние деп қарастырса, екіншіден, жинаған материлдарын орыс тіліне аударып бастыру арқылы қазақтың мәдени мұраларын басқа халықтарға таныстыруды мұрат тұтты.
Ә.Диваевтың халықтың мәдени- әдеби мұраларын қажымай- талмай жинап, зерттеген еңбекқорлығы Ресейдің ориенталист-ғалымдарының назарын өзіне аударды. Түрлі ғылыми қоғамдар оны өзіне мүшелікке тартуға келісімін сұрап, хаттар жаза бастайды. Мысалы, 1896 жылы 22 қаңтарда Ә.Диваев ТКЛА-ға ( Туркестанский кружок любителей археологий ) толық мүшелікке сайланады. Бұл ұйірме 1995 жылы 11 желтоқсанда Ташкентте ашылып, 1917 жылға дейін өмір сүрген. Үйірме “Орта Азияның өткен дәуірлері жайлы көптеген деректер мен жекелеген фактлерді жинауға аса зор қызмет көрсеткен ”.
Үйірменің 1896 жылы 26 тамыздағы мәжілісінде Диваев Ташкент уезі Ақжар болысындағы бір сайдан табылған мүліктер, Ташкенттен 50 шақырым жердегі Шорбұлақ маңынан табылған “Хазрет Ысмаил ата” мөрдесі, молда Көбей Тоқболатұлының бейіті, төртқұлақ тамдарға байланысты халық арасындағы аңыз- әңгімелер жайлы хабарлама жасайды. Осы мәжілісте ол Ташкент уезінің Жетісу болысындағы Қаратас қыпатының етегіндегі бейіт туралы да деректер айтып береді.
Ә.Диваев мұсылман халықтарының озық Еуропа мәдениетіне, көркемөнеріне баулушы, өз заманының прогресшіл идеяларын насихаттаушы болды. 1904 жылы тікелей Диваевтің қатысуымен Ташкентте мұсылман зиялыларының әуесқой театры ұйымдастырлады. 4 сәуірде “ Махаббат машақаты ” атты тұңғыш спектклын көрсетті. 1906 жылы Ә. Диваев әскери қызметтен біріңғай халық ағарту, ғылыми жұмыстарға ауысады. 1916 жылға дейін татар мектебін басқарады.
Ә.Диваевтің ұзақ жылдық ғылыми еңбектерінің құрметіне Орта Азия басмұражайы сол жылы (1923) қазақ этнография бөліін ашып, оны Диваевтің атымен атауды ұйғарды. Мұнда Ә.Диваевтің достары, тәжік тілімен этнографиясының маманы М.С.Андреев, атақты шығыстанушы, өнертанушы М.Е.Массон, т.б. қызмет істеді. Олар Әбубәкірдің 40 жылдық мерей тойына арнап, суретімен почта маркасын шығарған.
Науқас әлсіреткен Диваев 1925 жылдың 5 қазанында өз өтініші бойынша “Денсаулығының нашарлап, жасының ұлғаюы себептен” қызметтен босанады.
Атақты этнограф, фольклорист, шығыстану ғылымының қарт өкілдерінің бірі- профессор Ә.А.Диваевтің жүрегі 1933 жылы 5 ақпанда тоқтады.
Ә.Диваевтің досы М.Е. Массонның сөзіне қарағанда, Әбубәкір көзінің тірісінде көлемі 75 баспа табақ еңбек берген екен.Ал Диваев материалдарының мұрагері Х.Т. Зарифовтың жазуынша, ол 100-ден астам ғылыми еңбек қалдырған. Қазақ кітаптарының шежірешісі Ә.Жиреншиннің дерегінше, Ә.Диваевтің “... жалпы еңбегі жарияланған кітаптардың саны 115 ” деп жазды.
Ол жинаған батырлар жыры 1922 –1923 жылдары Ташкентте тұңғыш рет 9 том болып басылды. 1924 жылы Ташкентте қазақтың тұрмыс-салт өлеңдерінен құрастырылған “Тарту” атты жинағы, 1926ж Қызылордада “Балаларға тарту ” жинағы шықты.
Диваев Әулиеата, Шымкент, Қазалы, Сыр бойынан жинаған мұралардың тіл жағынан өзбек,шағатай тіліне жақындығын, діни сөздердің молдығын айта келеді де, мазмұны жағынан ақыл айту, өсиет- өнегелік сарынның басым болуы бұл өңірде діннің ұзақ уақыт үстемдік етуіне байланысты болса керек деп ой қортады.
Ә.Диваевтің фольклористтік еңбектерінің біразы Қазақ төңкерісінен кейін кеңесиік дәуірде жазылды. Онда ауыз- әдебиеті материалдарын жүйелеу, түсініктер жазу, батырлар жырына алғысөз жазу, т.б. еңбектері кеңестік дәуірдегі фольклор тануға сіңірген еңбегі болып саналады.
Ә.Диваевтің қоғамдық көзқарасы мақал-мәтелдерге берген түсініктемелерінен, алғысөзінен айқын сезіледі. Ол мақалдарға халықтың тәлімдік ақыл-ойының жемісі деп қарайды. “Мақалдарға еңбекші халықтың тұүрлі заттарға, өзін қоршаған әлемге көзқарасы тұжырымдалған . Мақалдардың көбі өзінің дәлдігі, өткірлігі жөнінен суретшінің қылқаламына ілінуге сұранып тұрғандай. Өйткені онда қазақтың көшпенді де еркін өмірін қамтитын тірі келбет тұр.”- дейді.
Ә.Диваевтің ауыз әдебиетін жинауда ерекше көңіл бөлген саласы- ертегілер. Ол қазақ ертегілерді жинауды 1883 жылдан бастаған. Оның алғаш ертегілерді жинаған елі Әулиеата уезі болды.Кейін қызметіне байланысты ел аралап, Шымкент, Сыр бойында болып, көне құлақ қарттардан қыруар ертегі жинайды.
Ә.Диваевтың фольклорды жинап бастырудағы тағы бір ерекшелігі – ол әр сөздің мағынасына мұқият қарап, дұрыс беруге тырысқан, кейбір түсініксіз сөздерге түсініктемелер жазып отырған. Ертегі -аңыздар мен батырлар жырыларының қанша нұсқасы бар екеніне де көңіл бөліп қараған.
Диваев алғаш рет Алпамыстың атымен 1896 жылы баспа бетінде айтады. Ғалым өзінің 1922 ж бастырып шығырған “Батрылар жыры” еңбегінің кіріспесінде: “Алпамыс батыр” шын қазақ халқының төл туындысы болса да, Бұхараға қонсы отрыған қарақалпақ ақыны тарапынан жазылғандықтан, ішінде араб, парсы сөздерін көп сұрайды.
Ә.Диваев ең алғаш жариялап, пікір айтқан батырлар жыры жалғыз “Алпамыс батыр” ғана емес. Ол 1897 ж. “Қамбар батыр”, “Қобыланды батыр” жырларының негізгі нұсқаларын жариялатқан.
Диваев мұраларының ішінен көлемі 8 том “Манас” дастаны да кездеседі. Диваев “Манас” жырына түсініктеме бере келіп, “Жыршылар “ Манасты” төрт ай бойы, ал басқа мәлімет бойынша, жеті ай жырлайды екен ”,- дейді.
Ғалым қазақтың балаларды жас ерекшеліктеріне қарай жіктеп, бір жастан жеті жасқа дейінгілерді “нәресте”, жетіден он беске дейінгілерді “бозбала”, он бестен отызға дейінгілерді “жігіт” деп айтатынын келтіріп, адамның жас ерекшеліктеріне қарай ұлттық ойын түрлеріне түсініктер беріп, талдау жасаған.
Ә.Диваев Г.П.Потаннин еңбектеріне сүйене отырып, қазақ ойындарының мазмұны Орал-Алтай халықтарының ойындарымен үндес келетіндігін де сөз етеді.
Әр ұлттың мәдени – тұрмыстық және тілдік ерекшеліктерімен ұқсастықтарын, тұрмыс- тіршілігімен, шаруашылық- кәсібімен байланыстыра (мал бағу, аң аулау, келін түсіру, өлікті жөнелту, көшіп- қону, т,б,) салыстыра зерттеуде Ә.Диваевтың өзінен бұрынғы Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин сияқты қазақтың ағартушы-ғалымдарын үлгі еткенін байқаймыз.
Ш. Құдайбердиевтің педагогикалық көзқарастары.
Ақын, шешен, аудармашы, данышпан философ, сазгер Ш.Құдайбердіұлы өзінің шығармаларында оқу, білім алу, тәрбие, тәлім туралы өрнекті өнеге қалдырды.
Ұлы ойшыл: “... алдында Абай марқұм болған соң, содан ғибрат алып, менде адамшылықтың, адалдықтың жолын қуғаным жөн деп басымды шытырман шатақтан ерте босатып алып, білім жолына түстім... өз бетіммен ізденіп, оқып, білгендерден сұрап, барлық өмірімді жазумен өткіздім, ... өз мақтаным үшін жазғаным жоқ ... Кейінгілер үлгі алып, өнеге үйренсін дедім ”,- деп, білімді алу, оны үйрету мақсатын көздеді.
Білім алу үшін , оны іске асыру үшін еңбек ету қажет, бірақ еңбектің де еңбегі бар, орнына жұмсалмаған еңбек, зұлымдыққа жұмсалған ақыл- отқа түскен көбелекпен бір есеп дейді. Гуманист ақын жастарға білім беруде олардың жақсылықты ойлау белсенділігін, ақыл-парасаттылығын дамытуды басты мақсат етеді, білім берумен тәрбие ісінің бірлігін сақтай білуді ұстаздық нұсқа етіп ұсынады.
“Арлы, ақылды адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтанды білмейді және істемейді”,- деп ол ар мен ақылды адам санасының биік сапасын көрсететін қасиет екенін дәріптейді.
“Көңіл көзін аш- тағы ақылға сал,
Құр құлақпен тыңдама, қалқатайым ”-
деп дарқан дарынды ақын білімді үйрену үшін әрбір жасқа зейінділік пен пайымдылық керек екенін ерекше ескертеді.
“Жас баланы ұрғанмен шырылдатып,
Ойы толмай тұрғанда ақыл өнбес”,-
деп тәрбиелеуде, білім беруде баланың жеке басының ерекшеліктеріне, жан жүйесіне, шамаларына қарай, тәрбиелеудің сендіру тәсілін қолданумен қатар, білім берудің мақсатын іске асыруды ұсынады.
“Мұғалімнің өмірі ” деген дастаны арқылы ой дамытып данышпандыққа, білім дамытып ғұламалыққа жету үшін әрбір адам өмірге жаупкершілікпен қарап, талпынып, талаптанып, ықылас қоя еңбек етіп, өздігінен білім алуға ұмтылу керек екенін өз өмірінен мысалдап баяндайды, халықтың мәдениетін өркендету үшін әрбір ақ ниетті адам оқуға ұмтылып , білім алуға міндетті деп ол шын пейілмен, бар ықыласымен ұмтылса, білімге деген қызығушылығын арттыра білсе, әрбір талапкер өздігінен білім алып та ғылыми мақсаттарына жете алатынын дәлелдеп көрсетеді.
“Сөзбен де, өлеңмен де сабақ беріп,
Алсын деп керектісін өзі теріп,”-
деп, ғұлама ақын өз шығармаларымен ұлағатты ұстаздық мақсаттарды орайымен орындады.
Ұлы ойшыл, дарынды ғалым, жаңашыл сазгер Шәкәрім қазақ халқының мәдениетін дамытудың кілті- білімде, тәрбиеде, өнерде деп насихаттаумен қатар, өзіде білім алу жолдарын көрсетіп, тәрбие беру тәсілдерін үйретіп, өнерден өнегесін көрсете білді.Ол баланы тәрбиелеуде жалпы адамзаттық мақсат-мүдделерді алға тартып, тәлім-тәрбие ғылымының әлемдік мәніне зор көңіл бөлді.
Бақылау сұрақтары:
1.Қазақ этнопедагогикасының негізін салушы көрнекті педагогтарды ата
2. ғалым Ә.Диваев мәдени мұраларды жинаушы және зерттеуші дегенді қалай түсінесіз?
3.Ш. Құдайбердиевтің педагогикалық көзқарастары.
16-лекция. Тақырыбы: А. Байтұрсыноытың педагогикалық көзқарастары мен ағартушылық қызметтері.
Жоспары:
1. А.Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі және ағартушылық ой -пікірлері.
2. А.Байтұрсыновтың мұғалім кадрларын даярлауға қосқан үлесі.
Лекция мақсаты: Қазақ тілі ғылымының негізін салушы А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары жөнінде түсінік беру.
Лекция мәтіні(қысқаша):
Белгілі қоғам қайраткері, ғұлама түрколог, жазушы, публист, ағартушы – педагог А. Байтұрсыновтың өмір жолы Қостанай облысында басталды.
1882 – 1884 жылдары ауыл мектебінде, 1891 жылы Торғайдағы орыс – қазақ училищесін, Орынбор мұғалімдік мектебін бітірген. 1895 – 1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде мұғалімдік қызмет атқарады.
1913 – 1917 жылдары “Қазақ” газетінің редакторы, 1918 – 1919 жылдары Алашорда қатарында, 1919 жылдан қазақ өлкесін басқаратын әскері – революциялық комитеттің мүшесі, 1922 – 1925 жылдары Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы Ғылыми әдеби комиссияның төрағасы, халық ағарту комиссары, Қазақ АССР Орталық атқару комитетінің мүшесі, 1925 – 1929 жылдары Қазақ Халық ағарту институтында (Ташкент) және КазПи- де оқытушылық қызмет атқарады. 1938 жылы халық жауы ретінде ұсталып, өлім жазасына кесілді.1988 жылы ел –жұрт алдында ешқандай кінәсі жоқ екендігі анықталып, толық ақталды.
А. Байтұрсынов барлық саналы өмірін қазақ қоғамында білім – ғылымның дамуына, мектеп ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады. А.Байтұрсыновтың алғаш ағартушылық ой – пікірлеріне 1913 – 1917 жылдары Орынборда шықан “Қазақ” газетінде жариаланған мақалаларынан айқын көріне бастады.
2. А.Байтұрсыновтың мұғалім кадрларын даярлауға қосқан үлесі.
А.Байтұрсынов туған халқының ғылым – білімге ұмтылуын, әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім алуын аңсады. А. Б айтұрсынов “Қазақ”газетінің 1914 жылғы 62 – санында “Мектеп керектері” деген мақаласында Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, әдістемеден хабардар оқыта білетін мұғалім.
Екінші – оқыту ісіне керек құралдар қолайлы болуы.
Үшінші – мектепке керегі белгіленген бағдарлама.
А.Байтұрсынов қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына да көп күш жұмсады. 1902 жылдан бастап ашылған үш жылдық бастауыш мектептерде шәкірттер сауатты алдымен орыс тілінде ашатын. 1912 жылы А.Байтұрсынов қазақша оқу құралы әліппені жазды.
А.Байтұрсынов 1926 жылы “Әліпбидің ” жаңа түрін осы күнгідей суреттермен берілген әліппе кітабын жазды. 1912 жылы мектеп балаларына сауаттандыратын “Оқу құралын” жазғаннан кейін көп ұзамай мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1- ші бөлімі “Тіл құралы” деген атпен 1915 жылы жарық көрді. Осы кітаптың морфологияға арналған 2 – ші бөлімі 1914 жылы, синтаксиске арналған 3 – ші бөлімі 1916 жылы басылып шығып, 1928 жылға дейін әлденеше рет қайта басылып, пайдаланылып келді. “Тіл құралы” қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс.
Оқулықтың тағы бір құндылығы қазақ тілінің грамматикалық басты салалары – фонетика – дыбыс туралы ғылым, морфология – сөз құрамын зерттеу, ал синтаксис – сөйлем құрылысын зерттеу т.б. деп саралап тұңғыш ғылыми жол салуында болып отыр. А.Байтұрсынов қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы. Ол қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды. Осы салада бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 жылы Қазанда “Баяншы” деген атпен әдістемелік кітапша шығарды. Ол алдымен қазақша сауат аштыруды көздеп “Оқу құралды” жазды, онан соң қазақ тілінің ғылыми грамматикасы “Тіл құралын” ұсынды, тілді дұрыс жұмсай білу тәртібін көздеп “Тіл жұмсарын”, 4 – ші сауат аштыру, тілді оқытудың әдістемесі “Баяншыны” жазды.
2. “Әдебиет танытқышының” өзінде ғана психологияға қатысты ой – пікірлер баршылық. Мұндағы “Көрнек өнері”, “Сөз толғау”, “Лұғат әуезділігі”, “Жан жақтау”, “Жан қоштау”, “Көріктеу”, “Ес ұғымы”, “Іс ұғымы”, “Зейіндеме”, атаулар мен ұғым – түсініктерде, жұмбақ, жаңылтпаш, айтыс, толғау, терме, тақпақ, жарамазан, бата, мақал т.б. әдебиеттану ғылымына қатысты пікірлерінде халықтың психологиялық көзқарастары мол.
А.Байтұрсыновтың психология ғылымының төңірегінде ой қозғаған пікірлері “Әліппе – таңбалар жұмбағы” – дейтін еңбегінде елеулі орын алған.
А.Байтұрсынов адамда жазу дағдысының қалыптасу жолын да психологиялық тұрғыдан түсіндіреді.
Бақылау сұрақтары:
1.А.Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі және ағартушылық ой -пікірлері.
3. А.Байтұрсыновтың мұғалім кадрларын даярлауға қосқан үлесі.ата
17-лекция. Тақырыбы:1930 – 1970 жж педагогикалық ойдың дамуы.
Жоспары:
1. 1930 – 1970 жж Қазақстанда ұлттық педагогиканың дамуы.
2. Ә. Сыдықов, Ш.Әлжанов, Ә.Сенбаев, Т.Тәжібаев және Қ.Бержановтардың
педагогикалық көзқарастары.
Лекция мақсаты: 1930 – 1970 жж Қазақстанда ұлттық педагогиканың дамуына үлес
қосқан ғалымдардың педагогикалық көзқарастары жөнінде түсінік беру.
Лекция мәтіні(қысқаша):
30- жылдардың басында кеңестік Ресейде педология ғылымы өріс алды. Педология гректің ( педос – бала, логос – оқыту) бала туралы ғылым деген сөзінен шықты. Педология ғылымының пайда болуы бала психологиясы мен педагогикасына терең бойлауға байланысты. Бұл туралы ойлар өткен ғасырдың 20- жылдарында Бастыс Европада С.Холл, Дж.Болдуин, Э.Мейман, В.Прейер т.б. ал Ресейде В.М.Вахтерев, Г.И.Россолимо, А.П.Нечаев т.б. еңбектерінде жарық көрді.
Мектептің жойылуы жөнінде педологтардың көзқарастарын әшкерелеуге арналған ВКП орталық Комитетінің 1931ж 3 қыркүйектегі қаулысында бұл көзқарас қатаң сынға алынды. Баланы тәрбиелеудегі тектілік мәселесін ғылыми негізсіз леп қарап, қоғамдық тәрбиеге, тәрбиедегі ортаның рөліне баса көңіл бөлінді.
1993 жылы «Мектеп оқуллықтары туралы » Бүкілодақтық Орталық партия комитеті арнаулы қаулы қабылдады. Партияның Орталық комитеті 1936 жылы шілдеде «Оқу - ағарту Халық комиссарияты жүйесіндегі педологиялық бұрмалаушылықтар туралы» атты арнаулы қаулы қабылдап, онда «өзгермейтін орта мен нәсіл қуушылықтың негізінде биологиялық және әлеуметтік әсермен келешегінің алдын ала белгіленіп қойылуы туралы педологияның негізгі заңдары марксизмге жат, реакциялық заң» деп табылды. Шын мәсінсінде, тәрбие ісінде қоғамдық ортаның белгілі рөл атқаратынын мойындай отырып, ақыл – естің дамуы тұқым қуалаушылыққа байланысты екенін бүгінде медицина, педагогика ғылымдары толық дәлелдеп отыр. Мысалы, анаша тартушы, маскүнем әке-шешелерден ақыл –есі кемтар балалардың дүниеге келетіні ғылыми дәлелденген факт. Ал, оларды қалай тәрбиелесе де, ақыл - есі дұрыс адамдармен бірдей дамуы мүмкін емес. Олай болса, 1930жылдардағы педологтардың теориясында ғылыми қателіктер орын алмағаны байқалады.
Ұлт мектептеріінде оқитын балдар үшін латын алфавитінен орыс алфавитінен орыс алфавитіне ауысудың да прогресшіл зор мәні болды. Бұл олардың орыс тілін меңгеруін жеңілдетті.
Ұлт мектептірінің тарихы мен оқу –тәрбие ісінің проблемалы мәселелерін зерттеу ісімен айналысушы Ш.Әлжанов, Ә.Сыдықов, Ш.Қоқымбаев, Ә.Сембаев,Т.Тәжібаев, Қ.Бержанов сынды ондаған ғылым доктарлары мен профессорлар шықты. Олар Қазақстан мектепрі мен оқу –ағвариту істерінің тарихын, әлемдік ипедагогика классиктері: Ж.Ж.Руссо, Я.А.Коменский, М.В.Ломоносов, И.Т.Песталоцци, К.Д.Ушинский, сондай –ақ Қазақтың ойшыл –ағартушылары: Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың педагогикалық ой –пікірлері туралы монографиялық зерттеу еңбектерін жазды. Олардың кейбірі КСРО халықтарының мектеп ісі мен педагогиканың тарихын баяндайтын оқу құралдарына енгізілді.
1933 ж ашылған Педагогика ғылымдары ғылыми –зертеу институтының Қазақстанда педагогика ғылымын дамытуға қосқан үлесі ерекше. Бұл институт 70 жылдам астам уақыт ішінде республикадағы ұлт мектептері мен балабақшаларына бағдарламалар мен оқу –әдістемелік құралдар комплексін жасау ісімен айналысуда.
1930- 1970 жж арасында педагогикалық институттар мен иниверситеттерде педагогика және психология кафедралары ашылып, педагогикалық ғылыми – зерттеу істерімен айналыса бастады.
Қазақстанда педагогика ғылымын дамытуға «Қазақстан мектебі», «Бастауыш мектеп», «Қазақ тілі және әдебиеті», «Отбасы және балабақша», «орыс тілі», «Қазақстан тарихы», «Ұлағат» жерналдары да елеулі үлес қосып келеді.
1930- 1970 жж арасында Қазақстанда ұлттық педагоиканы кеңестік саясатқа бейімдей жазған бірнеше монографиялық еңбектер жарық көрді. Оның бастылары Ш.Әлжанов пен Ә.Сыдықовтың «маркстік педагогика жөнідегі хрестоматия», «Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі», Ш.Әлжановтың «Оқу кітабы – коммунистік тәрбие берудің үлкен құралы», «Абайдың педагогика туралы көзқарасы», Ә.Сембаевтың «Қазақстанда кеңестік мектептің даму тарихы», Т.Тәжіюаевтың «Жалпы психология», «Абайдың психологиялық және педагогикалық көзқарасы», Қ.Жарықбаевтың «ХІХғ 2 жартысындағы педагогиукалық ойлар», Қ.Бержановтың «халық ағарту саласындағы орыс –қазақ ынтымағы», Қ.Бержанов пен с.Мусиннің «Педагогика тарихы» атты оқулығы т.б. ондаған көлемді еңбектер.
Ұлттық тәрбие таңғылымдарынан қол үзгеніне қарамастан, 1930 – 1970 жж арасында педагогика ғылымы қалыптасып, дамуға толық мүмкіндік алды.
2. Ә. Сыдықов, Ш.Әлжанов, Ә.Сенбаев, Т.Тәжібаев және Қ.Бержановтардың педагогикалық көзқарастары.
Әміржан Сыдықов (1898 – 1984). Көпке танымал ғалым –ұстаз, педагогика ғылымдарынынң кандидаты,Қазақстанда кеңес үкіметі тұсында халық ағарту ісі мен педагогика ғылымының іргетасын қалаушылардың бірі Әміржан Сыдықұлы ұстаздық жолын 1918 ж бастауыш мектеп мұғалімінен бастады. 1924 жылы халыққа білім беру Орталық институтын тәмамдады. Оның тағылым алған ұстаздары А.Блонский,Н.К.Крупская секілді аса көрнекті ғалым – педагогтар болды.
Ә.Сыдықов халық ағарту саласындағы жұмысын педагогика және мотодика жөніндегі шығармашылық қызметімен орайлы ұштастыра білді.
Оның тұңғыш ғылыми мақалалары «Темір қазық» және «Таң» журанлдарында жарық көрді. 1932 жылы ппрофессор Ш.Әлжановпен бірге «маркстік педагогика жөніндегі хрестоматия» деген еңбекті құрастырды. 1949 ж «Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі» атты монографиясын жазып республикадағы педагогика ғылымы тарихына елеулі үлес қосты.
Ә.Сыдықовтың оқыту методикасы саласынлдағы еңбегі де айтарлықтай. Ол бастауыш мектептерінде ана тілінде сауат ашуға баулу жөнінде әдістемелік құрал жазып шығарған, осы проблема бойынша республикалық «Халық мұғалімі», «Қазақстан мектебі» журналдарында көптеген мақалалар жариялады.
Педагог ғалымның педагогика және психология оқулықтарын ана тілімізге аударудағы еңбегі зор. Атап айтқанда, профессор В.М.Тепловтың, профессор К.Н.Корниловтың оқулықтары оның аударуымен жарық көрді. Ғалфм ғылымға кадрлер әзірлеуде де көп еңбек сіңірді.
Шәрипа Әлжанов (1901 – 1938). Қазақ педагогика ғылымының тұңғыш профессоры С.Әлжанов Көкшетау облысының Еңбекшілер ауданында дүниеге келген. Жасынан пысық, еті тірі, білімгі құштар, әрі алғыр Шәрипа сауатын ауыл мектебінен ашады. Есейген сошң әскер қатарына алынып, Алтай губерниясында аз ұлттар жастарынан құралған әскери жасаққа жіберіледі.
Ш.Әлжанов 1927 ж Мәскеудегі Жоғары әскери курсқа қабылданып, 1932 жұлттар ағңарту ғылыми - зерттеу институтының педагогика ғылымы саласындағы аспирантурасын бітіреді. 1932 жылдан бастап, Абай атындағы қазақ педагогика институтында әуелі доцент, кейіннен профессор болып ұстаздық етеді. Оқытушылық іспен қоса, 1933- 1937 жылдары Қазақстан Оқу халық комиссарияты жанынан тұңғыш ашылаған педагогика ғылымдарыын зертеу институтының директоры қызметін атқарады.
2.Ш.Әлжанов педагогиканың теориясы мен тарихына, сондай –ақ педагогикалық психологияның мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. Ол педагогика мен психология проблемаларын сабақтастыра зерттеп, мұғалімдер мен тәрбиешілер үшін ғылыми ұсыныстар жасап отырды.
Педагог ғаолым педагогика тарихында да бірнеше еңбектер жазды. Бұлардың қатарына әлемдік педагогика ғылымының классигі Я.А.Коменский, сондай –ақ қазақ ойшыл – ақыны А.Құнанбаев туралы жазған мақалаларын жатқызуға болады.
Бақылау сұрақтары:
1.1930 – 1970 жж Қазақстанда ұлттық педагогиканың дамуы.
2.Ә. Сыдықовтың педагогикалық көзқарастары.
3. Ш.Әлжановтың педагогикалық көзқарастары
4.Ә.Сенбаевтың педагогикалық көзқарастары.
5.Т.Тәжібаевтың педагогикалық көзқарастары.
6. Қ.Бержановтардың педагогикалық көзқарастары.
18-лекция. Тақырыбы: 1970 – 2000 жылдардағы қазақ этнопедагогикасының даму жайы.
Жоспары:
1.1970 – 2000 жылдардағы қазақ этнопедагогикасының дамуы.
2.Б.Момышұлы еңбектерінің әскери – патриотық тәрбиедегі рөлі.
3.Қазақ этнопедагогикасының ауыз әдебиеті үлгілерін зертеудегі М.Ғабдуллиннің, Б.Адамбаевтың, М.Әлімбаевтың еңбектері.
Лекция мақсаты: 1970 – 2000 жж Қазақстанда ұлттық педагогиканың дамуына үлес
қосқан ғалымдардың педагогикалық көзқарастары жөнінде түсінік беру.
Лекция мәтіні(қысқаша):
1935 – 1937 жылдары сталиндік жеке жеке басқа табыну науқаны кезінде қазақ этнопедагогикасының іргетасын қалап, ғылым ретінде қалыптастыруда арнайы еңбектер жазып, зерттеу жұмыстары мен айналысқан А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов, М.Дулатов, М.Әуезов сияқты қазщақтың біртуар заматтары “ұлтшыл” деген атпен қуғынға ұшырады. Көпшілігі түрмеге жабылып , жер аударылды. Ал олардың еңбектері пайдаланудан алынып тьасталды. Осымен байланысты ұлт мәдениетін зерттеу ісі 1940 – 1970 жылдардың арасында тоқырауға ұшырады. Әкімшіл - әміршіл, тоталитарлық заманның ұлт мәдениеті жөніндегі мұндай біржақты көзқарас И.Сталиннің “марксизм және ұлт мәселесі” теген теориялық еңбегіне негізделген еді. Сталиннің бұл еңбегі бойынша “келешек комунизм қоғамында дүние жүзінде біріңғай тіл, біріңғай мәдениет болады, ұлт тілі кірігіп жоғалып кетеді” деген жалған қағидасы идеологиялық майданында үстемдік алған болатын.
Сталин өлгеннен кейін жеке басқа тадынудың зардабы айыпталып оның қаһарына ұшыраған, жазықсыз жапа шеккендер біртіндеп ақтала бастады.
70 – жылдардың басында КСРО халықтарының мәдениетін қайта жинау, зерттеу істері қолға алынып, бұрынғы КСРО елдерінің бір топ ғалымдары этнопедагогика проблемаларымен айналысты. 1970 – 1990 жылдардың арасында этнопедагогиканың даму заңдылықтары мен ұлттық тәлім – тәрбиенің өзіндік ерекшеліктеріне, тәлімдік мәнін ашуға арналған Ресейде Г.Н.Волков, В.Ф.Афанасев, Татарстанда А.Т.Чайчинов, Чешенстанда А.Г.Тамбиева, ӘжірбайжандаА.Ш.Гашимов, Тәжікстанда М.Сейфуллин, С.Исаев, Өзбекстанда Б.Қыдыров, Р.Рахманова, Т.Убайдулаев, Н.Сафаров, Түркменстанда Қ.Прлиев, Қырғызыстанда Н.И.Имаева, Ж.Бешимов, А.Э.Измайлов т.б. зерттеу еңбектері жарық көрді. Қазастанда осы жылдары этнопежагогиканың ауыз әдебиетіндегі көрінісіне ерекше мән беріп, зерттеу ісімен аадемик – профессор Н.Ғабдуллин, жауынгер жазушылар Б.момышұлы, М.Әлімбаев, фольклорист – ғалым Б.Адамбаев, педагог – ғалымдар Қ.Б. Жарықбаев, С.Қалиевтар айналысы.
М.Ғабдуллиннің “Қазақ халқының ауыз әдебиеті” (1974), Б.Адамбаевтың “Халық даналығы (1976)”, М.Әлімбаевтың “халық – қапасыз тәрбиеші” (1977), Қ.ждарықбаевтың “Аталар сөзі ақылдың көзі ” (1980),С.Қалиевтың “Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі” (1987), “15 – 19 ғасырдағы ақын – жыраулары поэзиясындағы педжагогикалық ойлар” (1990), Б.Момышұлының “Соғыс психологиясы” (1990) сынды т.б. еңбектерде ұлттық тәлім – тәрбиенің үлгілерінен, ақын – жыраулары поэзиясы мен халық салт – дәстүрінде, шешендік өнерде өзекті орын алуы арнайы сөз болды.
М.Горький “Халқтың ауыз әдебиетін білмейінше, екңбекшгі халықтың мәдениет тарихын білу мүмкін емес” деген болатын.
Қазақ этнопедагогикасының кең өрі алуы 1991 ж Қазстан Республикасының егеменді ел болуымен, мемлекттік Констиитуция қабылданып, ана тіліне мемлекеттік мәртебе берілуіне байланысты, ұлт тілі мен ұлт мәдениетінің өркендеуіне толық мүмкіндік туды. Қазақ тілі - ғылым тіліне айналып, кондидаттық, докторлық диссертациялардың ана тілінде қорғалуы осының айқын дәлелі болып отыр. 1991 – 1996 жылдардың арасында қазақ этнопдагогикасының проблемаларына арналған 3 докторлық, 20 тарта кондидаттықдиссертациялар қорғалды. 1994 – 1995 жылдары Қазақстанда тұңғыш рет педагогикалық ойдың 14 ғсырлық Антологиясының көп томдығы шыға бастады.
Ы.Алтынсарин атындағы қазақтың білім проблемалары институт жанынан этнопедагогика және тәрбие лабораториясы ашылып, 1994 жылдан бері ғлыми – зерттеу жұмыстарымекн айналысуда. Сондай – ақ 1994 жылы этнопедагогика мен этнопсихологияның ғылыми-әдістемелік мәселелерімен айналысатын республикалық“Ұлағат” журналы, ал 1996ж.
Қазақ этнопедагогикасының ғылыми-теориялық және әдістемелік-практиқалық мәселелерін арналған бірнеше облыстық. Республикалық, халықаралық конференциялар өткізілді. Сөйтіп, қазақ этнопепедагогикасының ғылыми – теоиялық, әдістемелік – практикалық мәелелері жан – жақты зерттеліп, тәжірибелер жинақталып, терминдері айқындалып, ғылыми жүйеге келтірді. Қазақ этнопедагогик ғылым ретінде қалыптасып, дамып жетелді, бір арнаға келтірді.
Бауыржан Момышұлы (1910 – 1982) . б.Момышұлы 20 жылдық өмірін әскер қатарында өткізіп, өмірінің соңына дейін әскери – патриоттық тақырыптарға шығармалар жазып кеткен жауынгер жазушы, тәлімге, педагог. Ол 1935 жылы Қызыл армия қатарына шақырылып, Қиыр шығыта шекара күзеінде офицер болды. Ұлы отан соғысы кезінде атақты генерал И.В.Панфиловтың 8 гвардиялық девизиясында рота, ботальон, полк, кейін дивизия командирі қызметтерін атқарып, неміс – фашист басқыншыларына соққы берді. Ботальонды бірнеше рет жау қоршауынан аман алып шығады. Осы ерліктеріне арнап, жазушы Александр Бек “Волоколам тас жолы” атты роман жазды. Романның басты кейіпкері Бауыржанның аты кеңес Одағы халықтарына кеңінен тарап, ерліктің, батырлықтың үлгісіне айналады.
Б.Момышұлының “Соғыс психологиясы ” жайындағы әңгіме – лекциясында Ұлы Отан соғысының тарихы, сегізінші дивизия – гвардиясының Мәскеуді жаудан қорғаудағы ерлігі, генерал Понфиловтың соғыс ісін бсқарудағы шеберлігі мен солдат психологиясын жақсы меңгерудегі бірлігі, адамға деген ізгі жүрегі, әкелік қомқорлығы, солдаттар мен офицерлер арасныдағы қарым – қатынас жайы ғылыми – психологиялық тұрғыда сөз болады.
Тәрбие жұмысының мақсаты - адамның бойындағы жауынгерлік қасиеті, жауынгерлік өнегелілікті қалыптастыру . Бұған адамды иландыру арқылы қол жеткізіледі. Отбасына, халқына, Отанына, мемлекетіне берілгендік, үлкенді, заңды, тәртіпті, дәстүрді сыйлау, сақтау арқылы жеңіске жетуге болатынына сендіру қажет. Ал “сендіру саналы түрде іске асқанда ғана мінез – құлықта қалыптасып жауынгердің адамгершілік келбетінен тұрақты орын алады” деп қарайды.
Бауыржанның этнопедагогикалық еңбектерінің біразы терме, толғау өлеңдер мен мақал – мәтел, бата – тілек, афоризм сөзтіркестеріне құралған. Оның терме өлеңдері жыраулар поэзиясындағы ақыл - нақыл, термелерге ұқсас болып келеді. Ақын өзінің “Ана тілін ардақта” деген үш ауызөлең жолында көшеде қол, ауызды, тырнақты бояп, шашты күзеп, темекі тартып, орысша шатып – бұтыпжүрген мінезі, іс - әрекеті өзгеше қыздарға арнайды.
Көшеде бояу ерін сылқылдаған,
Былдырлап орысшылып жырқылдаған,
Ұмытып ана – тілін, салт – санасын,
Не қалды тілімізде жыртылмаған, -
деп өкініш білдіреді.
Мәлік Ғабдуллин (1915 – 1973) Ұлағатты ұстаз, көрнекті пдагог философия ғылымдарының докторы, профессор, ауыз әдебиетін ұзақ жылдар зерттеген ғалым, акдемик, халық батыры, қоғам қайраткері М.Ғабдуллин “сегіз қырлы, бір сырлы” елін сүйген азамат, шынайы халық педагогы болды. Ол халықпеждагогикасының қайнар көзі - халқымыздың бай мұрасы – ауыз әдебиетін зерттеу ісімен үздіксіз отызбес жыл айналысты.
М.Ғабдуллин 1935 ж Абай атындағы Қазақ пежагогиа институтын үздік бітіріп, осы институттың аспирантурасына қалды.
1938 ж КСРО Ғылым академиясының қазақ филиялында ғылыми қызметкер болып істегеннен бастап, қазақ ауыз - әдебиетінің ғылыми – теоиялық мәселелерін жан – жақты терең зерттеу ісіне белсене кірісті.
1945 ж.Ұлы Отан соғысын жеңіспен аяқтаған М.Ғабдуллин Қазақ КСР Ғылым академиясының мәдебиет және өнер институтына ғылыми қызметке қайта оралып 1947 ж. “Қобыланды батар жырының халықтық сипаты” деген тақырыпта кондидаттық диссертация қорғайды. Кейін “Қазақ хлқының ауыз әдебиеті” атты көлемді монография жазып, осы еңбектің негізінде докторлық дисертация қорғайды.
М.Ғабдуллин жоғарғы оқу онында келешек мұғалімдер даярлау сімен ұзақ жылдар айналысып, республикалық пеадгогика қоғамының төрағасы, КСРО Педагогикалық ғылымдар акдемиясының олық мүшесі бола жүріп, жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне зор үлес қосты.
Балтабай Адамбаев (1919 – 1990). Б.Адамбаев 1939 жылы Кеңес армиясы қатарына шақырылып, 1941 – 1945 жылдардағы отан соғысы кезінде гвардиялық атқыштар ротасының командирі қызметін атқарады. Ол майдандағы ерліктері үшін бірінші дәрежелі Отан соғысы орденімен екі рт, оннан аса жауынгерлік медалдармен наградталады.
Б.Адамбаев 1962 ж академик М.О.Әуезовтың басшылығымен “шешендік сөздердің шығу тарихы” деген тақырыпта философия ғылымының кондидаты атағын қорғайды.
Б.Адамбаев “жазушы” баспасынан шыққан “алтын сандық” атты кітабында бұрынғы естеліктерінде айтылған ойды жалғастыра түсіп, толғау – жырлар мен шешендік сөздердің түп төркінін теориялық тұрғыда қарастырып, ол халқымызға аты мәшһұр Майқы, Әнет баба, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Сырым шешендерден бастап , күні кеше өмір сүрген халық ақындары : Шашубай, Қалқа,Үмбетей, Әсет, Орынбайлардың ел аузынан жазып алынған мол мұраларына сүйене отырып , жоғарыдағы пікірдің ратығын мойындатады.
Мұзафар Әлімбаев (1923 ж туған.) Көрнекті ақын, жауынгер, жкрналист, тәлімгер жзушы, Қазақстанның халық жазушысы М.Әлімбаев өмір жолын ұстаздықтан бастап, ұстаздықпен өткізіп келдеі. Олай дейтініміз, ол 1948 жылы Кеңес Армиясы қатарынан қайтқаннан кейін үздіксіз жрты ғасыр бойыбалалар әдебиетімен айналысуда. Оның өлеңдері мектеп оқулықтарына, хрестоматияға, жас өнерпаздар репертуарларына еніп, тұрақты орын алған. Ол ұзақ жылдар бойы “Балдырған ” журналының бас редакторы болып, балаларға арнап жүздеген өлең, ондаған қысқа әңгіме жазумен бірге қазақ халқының тәлімгерлік бай қазынасы - мақал – мәтелдерді жинау, зерттеу иісмен айналысқан.
М.Әлімбаев 50 – жылдық жазушылық, журналистік өмірінде Қазақстанның қала, даласын жалықпай аралап, үлкенмен де, кішімен де, ғалыммен де, малшымен де, диқанмен де, өпті көрген көнекөз қарттар мен де, үй шаруасындағы аналар мен де сұхбаттасып, жылт етер жылуы бар сөз болса, жинай берген. Халықтық мұраны жинай жұріп, Әдеби тілді байытқан. Жиған - тергенін де оқырманға үйреткен, өзі де сол халықтан үйренген. М.Әлімбаев халвқ мұрасын ерінбейжинаушы және оған өз жағынан үлес қосушы ғана емес, фольклрлық шығармаларды жан – жақты теең зерттеп, тың пікір айтушы ғалым да. Оған жазушының “Көңіл – күнделігі”, “Абайды қайталап оқығанда” деген эселері мен тіл тазалығы, ұлт мәдениетінің проблемалары төңірегінде жазған мақалалары, 19994 жылы “Рауан” баспасынан шыққан “Халық - ғажап тәлімгер” атты педагогикалық ой түйіні, халық педагогикасының қыр мен сыры туралы тебірен жазған ғылыми еңбегі куә.
Қазақ халқының ежелден ұлт тәрбиесі мне қыз тәрбиесін бөліп қарауы, бала тәрбиесіндагі отбасының, жолдас – жораның рөлі де автордың назаынан тыс қалмаған. Мұзағаң көп бала тәрбиелеп, шынайы ұстаз бола білген ата- аналардың өмір тәжірибесінен орынды мысалдар келтіре, оын иянақтап түйе білген.
Қара өлеңдерде кездесетін тәлімгерлік афоризм сөздердің көптігін және олардың нәрлілігін автор дөп тауып, терең талдай білген.
Мысалы:
Орынды, өнерге, білім дәсін тату,
Жігітке жараспайда қарап жату.
Бүгінгі күн еңбекпен өткізбесең,
Ертеңгі күнге қиындау жауап қату.
Ақылсыздың еш сөзі мақұл болмас,
Екі туып болсаңда бір қалғаның
Еңбегіңдей өзіңнің жақын болмас, -
деген өлең жолдары тұнып тұрған ақыл, таптырмас нақыл екенін дәлелдеген.
Достарыңызбен бөлісу: |